Қарағанды облыстық әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу мәселелері жөніндегі Кеңестің Ережесі



Дата03.07.2016
өлшемі37.15 Kb.
#174998
Әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның шешімімен БЕКІТІЛГЕН

2015 жылдың 31 наурызындағы № 2 хаттама



Қарағанды облыстық әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу мәселелері жөніндегі Кеңестің

Ережесі

1. Жалпы ережелер

1.1 Қарағанды облыстық әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу мәселелері жөніндегі Кеңестің (әрі қарай Кеңес) жұмысы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің негізінде жүзеге асырылады және жақтардың өкілдерінің отырыстары түрінде өтеді, ұжымдық еңбек дауларын қарауда делдал ретінде қатысады.

Кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да актілерімен және үнемі жұмыс жасаушы Қарағанды облыстық әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның (әрі қарай Комиссия) Ережелерін басшылыққа алады.

1.2 Кеңес жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында өзара сенімді нығайтуды көздейді, ұжымдық келіссөздерді жүргізу бойынша нәтижелі ақпарат алмасу мен ақыл-кеңес беруді ұйымдастырады, еңбек дауларын реттеу бойынша жұмыстарды жүргізеді.

1.3 Кеңес ұжымдық даулардың пайда болу жағдайларын болжау жұмыстарын жүзеге асырады және оларды уақтылы шешілуіне мұрындық болады.

1.4 Кеңес ұжымдық еңбек дауларының жақтары арасында байланыс орнатуға көмектеседі.

1.5 Кеңес Комиссияның шешімімен атқару билігінің органдары, кәсіподақтар бірлестіктері және жұмыс берушілер арасында еңбек дауларының алдын алу және реттеу бойынша ұтқыр өзара іс-әрекет жасау мақсатында құрылады.

Жақтардың қатысушылары облыстық үшжақты комиссияға өздерінің шешімдерімен тұрақты өкілдер, сарапшылар Кеңесінің жұмысына қатысу үшін жолданады. Кеңес құрамыдағы өкілдерді бекіту немесе ауыстыру жақтардың, бірлестіктердің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Кеңес құрамына жіберіледі: әрбір әлеуметтік серіктестік жағынан 2-3 өкіл- облыстың атқару билігінің органдары, кәсіподақ бірлестіктері (жұмысшылар), кәсіпкерлер асоциациялары, облыстың жұмыс берушілер ассоциациясынан, сонымен бірге, облыстық әкімдіктің мемлекеттік-құқықтық бөлімінен өкіл қатыса алады.Қажет болған жағдайда Кеңес жұмысына құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері де тартылады.

1.6 Кеңестің ұйымдастырушылық жұмысын үйлестіруші және Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы жүзеге асырады.

1.7 Кеңес басшысы болып Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы табылады.

1.8 Кеңес отырыстары хаттамалармен рәсімделіп, Кеңес басшысы мен үйлестірушінің қолы қойылады, еңбек даулары жақтарының өкілдерімен виза қойылады.

2. Кеңес құқықтары
2. Кеңес құқыққа ие:

2.1 ұжымдық еңбек дауларын шешу бойынша алдын ала келіссөздер жүргізуге;

2.2 пайда болған еңбек даулары мәселелері бойынша өз отырыстарындап алдын ала қарауды;

2.3 жақтардың бірінің өтініштері бойынша келісім комиссиясының және еңбек арбитраждық комиссиясының жұмыстарына делдал ретінде қатысуға;

2.4 жұмыс берушілерден, қызметкерлердің өкілдерінен және атқару билігінің органынан еңбек дауына қатысты материалдарды сұрауға;

2.5 Кеңес отырыстарына жұмыс берушілерді, жұмысшылардың өкілдерін және атқару билігі органдарын , сонымен бірге тәуелсіз сарапшылар мен медиаторларды шақыруға;

2.6 комиссия үйлестірушісі мен жақтардың өкілдерімен біргелікте ұжымдық еңбек дауларын реттеу бойынша Комиссия шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;с

.

3. Жұмысшы тобының отырысын өткізу тәртібі


3.1 Кеңес мүшелері тарапынан белгіленген тәртіпте және келіссөздер мен талқылаулардың көрсеткіші бойынша қолдағы материалдар негізінде Комиссия отырысында қарау үшін шешім жобасы құрылады.

Комиссия отырысына материалдарды құрастыру үшін Кеңес шешім жобасын (ұсыныстар), Комиссия отырысына шақырылған тұлғалардың тізімін береді.

3.2 Кеңес Комиссия басшысына пайда болған еңбек дауы және пайда болған еңбек дауын реттеу барысы туралы ақпарат береді, Комиссия отырысында мәселені қарау қажеттілігі туралы ұсыныс білдіреді;

3.3 Кеңес отырысына жұмыс берушілер, кәсіподақтар бірлестігі және атқару билігінің органдары шақырылуы мүмкін, Комиссия құрамына кірмейтін сарапшылар, медиаторлар, сондай-ақ, басқа да ұйымдардың мамандары мен өкілдері де шақырылуы мүмкін.

3.4 Кеңес отырыстары Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма тарапынан берілген бөлмелерде өтеді.

3.5 Отырыс барлық жақтардың өкілдері болған жағдайда және Кеңес құрамының үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.

3.6 Отырысты Кеңес жетекшісі жүргізеді, ал егер ол болмаған жағдайда еңбек инспекциясы жөніндегі Басқарма басшысының орынбасары жүргізеді.

Хабарлама, ақпарат, сөзге шығуға арналған уақыт отырыс регламентіне сәйкес белгіленеді.

Кеңес қатысушылары және шақырылғандар Кеңес отырыстарында төрағалық етуші сөз бергеннен соң сөз сөйлейді.

3.7 Кеңес қатысушылары жақтардың өкілдеріне пайда болған еңбек дауларын реттеу нәтижелері туралы ақпарат береді.



3.8 Кеңес қатысушылары жақтар алдында және олардың мүддесін қорғауға өкілеттік берген органдардың алдында жеке жауапкершілікті алады.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет