Ғылыми жетекші: Токсеитова А. С. «Микро және макро экономика»



Дата14.06.2016
өлшемі62.5 Kb.
#136002
М. Қанатұлы, С.Н. Нұрланова

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей қ.

Ғылыми жетекші: Токсеитова А.С.

«Микро және макро экономика» кафедрасының аға оқытушысы
МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ЕҢБЕК БИРЖАСЫНЫҢ РОЛІ
Еңбек биржасы – жұмысшы күші нарығының пайда болғанынан бері жетілген ұйымдастырушылық форма, ол жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы делдалдық қызмет ететін мекеме. Еңбек биржасы жұмыс берушілерге, жұмысшыларға, жұмыс іздеушілерге қызмет көрсетеді. Жұмыс берушілер еңбек биржасының бос жұмыс күші туралы ақпарат алады, оның саны, сапасы және кәсіптік құрамы т.б. Ал, жұмысшылар, жұмыс іздеушілер және жұмысын ауыстырушылар бос жұмыс орындары, орналсқан мекені, еңбекақысы туралы мәлімет алады.

Еңбек биржасының мақсаты жұмыс күшіне дегн сұраныс пен ұсынысты сәйкестендіру, жұмыс іздеушілерге жұмыс тауып беру, мүмкіншілігінше жұмыссыздықты жою. Дәлірек, ол ереже бойынша Еңбек министрлігіне бағынатын және реттелетін мекеме, барлық жұмыс күші мен оған деген қажеттілік туралы мәліметтеді жинақтайды.

Еңбек биржасының қалыптасуының жаңа кезеңі 90 жылдардың басын құрайды, еліміздегі жұмыссыздықтың етек жайуымен байланысты. Қазіргі кездегі еңбек биржалары халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға және азаматтарға еңбектегі құқықтарының сақталуына кепілдік беру үшін құрылады.

Мемлекеттік еңбек биржасы мынандай қызметтерді атқарды:



  • еңбек күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды және ңбек нарығындағы жағдайын мағлұмат береді;

  • бос жұмыс орындары мен азаматтардың жұмысқа орналастыру жөніндегі сұрауларға есеп жүргізеді;

  • азаматтар мен жұмыс берушілерге мүмкіндігінше жұмысқа қабылдау жұмыс күшімен қамтамасызету туралы мағлұмат береді;

  • кәсіптік бағыт-бағдар береді, арнайы оқыту орталықтарында азаматтарды кәсіптік оқыту және қайта оқытуын ұйымдастырады;

  • жұмыссыздарды тіркеп және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы беруін қамтамасыз етеді.

Жұмыспен қамту әрекеті – еңбек биржасына қатынасқан жұмыс іздеушілер немесе кеңес алушылар және ңбек биржасының қызметкерлері арасындағы қарым-қатынас арқылы анықталады. Азаматтардың жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы алу құқықтар, жұмыспен қамту орталығына қатынасқаннан кейін оны жұмысқа орналастыру сұрағының шешімі 11 күнге дейін қабылданады, сонымен қатар жәрдемақының төлену мерзімі 12 айдан аспауы керек.

Еңбек биржасы жәрдемақы төлеумен қатар адамдарға қолайлы жұмыс тауып беруіне міндетті. Қолайлы жұмыс болып жұмысшының кәсіптік біліктілігіне, денсаулығының жағдайына, жұмыс орнының орналасуына жұмыстың сәйкес келуі. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу 3 ай мерзіміне дейін кейінге қалдырылып немесе тоқтатылуы мүмкін, егер азамат қолайлы жұмыс ұсынысынан екі рет бас тартатын болса.

Мемлекеттік еңбек биржасы мемлекеттік орган жүйесіне кіреді, халықты жұмыспен қамту сұрағын шешуді қамтамасыз етіп, жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсынысты реттеп, жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және олардың кәсіптік біліктілігіне, жұмыссыздарға әлеуметтік қолдау көрсетуді ұйымдастырады.

Мемлекеттік жұмыспен қамту орталығының алғашқы бөлімі ретінде жоғарғы органдардың және жергілікті аудандағы, қаладағы басқарма шешімдері арқылы аудандық, қалалық жұмыспен қамту орталықтары құрылады. Жұмыспен қамту орталығы заңды тұлға ретінде өзіндік шығын сметасын, сонымен қатар банктікс ұйымдарда шоттары мен мөрі болады. Қазақстандық еңбек нарығы қазір қалыптасу жағдайында. Онда жұмыспен қамту қоры құрылған, еңбек биржасы қызмет етеді, соған сәйкес актілер қабылдау арқылы Үкімет белсенді саясат жүргізеді.

Еңбек биржасының негізгі мақсаты – жұмыспен қамту мәселелерін шешу, өзара байланысқан компьютерлік моделдік жүйені еңбек нарығына сәйкес зерттеу жүйесін жасау, басқару шешімдерініңмүмкіншілігіндей моделдерді дайындау және тексеру, еңбек нарығын болжау. Осындай жүйені қолданушылар сәйкес жұмысшылар болу қажет. Соған байланысты мемлекеттік жұмыспен қамту ағымдағы жағдайға көңіл бөлу және орта мерзімдегі жұмысшы күшін қолдануды болжауға мән беруі керек. Осындай міндеттерді шешу үшін сенімді құрал ретінде компьютерлік моделдер қолданылады. Алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асыру үшін еңбек нарығының қалыптасу мәселелерін фундаментальды зерттеп, осы салада дамыған елдердің тәжірибесін үйерну және Қазақстандық нарық ерекшеліктерін талдау. Сонымен қатар екі өзара байланысқан мүдде: ақпараттық және техникалық ұйымдастырушылық, яғни жұмыспен қамту орталықтары техникамен жарақтануы және жұмысқа білікті мамандарды дайындауы қажет. Білім деңгейі, маманның біліктілігі, жұмыс орынның техникалық жарақтануы ерекше жұмыстарды жүзеге асырғанда маңызды болмауы да мүмкін. Сондықтан бағдарламада басқарудың кешенді қызметтерін қарастырып отырып, сәйкесінше мамандарды дайындау.

Қазіргі кезде Қазақстанда еңбек бирдасы іс-әрекетін нәтижелі арттыру бойынша жұмыстар жасалуда. 2009 жылдың басынан мемлекеттік еңбек биржасына 6245 адам өтініш білдірген, оның 2511-і жұмысқа орналастырылды. Еңбек биржасы мамандарымен жұмыс берушілерден бос орындар жайы туралы мәліметтер жинау жұмыстары әлі де жалғасуда. Алматы қаласы бойынша ай сайын «Жан» баспасымен бірігіп «Қалай жұмыс табуға болады?» мастер-класс өткізіледі, сондай-ақ басқа да ҰЕМ-мен жұмыс берушілердің әр сала бойынша өкілдерімен ҚР Еңбек Кодексін түсіндіру семинарлары өткізіледі. Қазақстан-Норвегиялық «СИСЛАБ» жобасы қатысушыларының үшінші тобы оқуын аяқтады.

Осы жылдың басынан жұмыс іздеуші азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін елді мекендерде мамандандырылған және көшпелі бос орындардың 7 жәрмеңкесі өткізілді. Жастар мен оқу орнының бітірушілері үшін Азаматтық авиация академиясы мен Қазақ экономикалық университетінің негізінде екі мамандандырылған бос орындар жәрмеңкесі, Еңбек биржасы негізінде жұмыссыздарға арналған үш жәрмеңке, «Шаңырақ» ықшам ауданында көшпелі екі жәрмеңке өткізілді. Барлық бос орындар жәрмеңкесі не 167 жұмыс беруші қатысып, шамамен 2,3 мың бос орын, 8 оқу орны ұсынылды. 3,5 мыңнан аса жұмыс іздеуші азамат өтініш білдірді. Жәрмеңке қорытындысы бойынша 552 адамға жұмысқа жолдама беріліп, 192 адам кәсіби оқыту курсына жіберілді, 205 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 32 адам жастар тәжірибесіне жіберілді.

2009 жылдың 9 шілдесінде Алматы қаласында алғаш рет телевизиялық бос орындар жәрмеңкесі Алматы телеарнасында өткізілді. Телевизиялық бос орындар жәрмеңкесіне жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламасы, қалалық Еңбек биржасы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламасы бөлімдері, 12 жұмыс беруші қатысты. Барлығы 1200 аса бос орын ұсынылды. Бос орындарды таңдау, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік жұмыс орны мен жастар тәжірибесіне жіберу туралы 24 телефонс қоңырауына жауап қайтарылған тікелей желідегі телефон жұмыс істеді.



2008 жылдың және 2009 жылдың 1 жарты жылдағы бойынша Алматы қаласы әкімдігі, Алматы Кәсіподақтар Одағы және Алматы қалалық өнеркәсіпшілер және жұмыс берушілер Одағының арасындағы үш жақтық келісімінің орындалуы туралы жинақтық мәліметтер жасалды. 2009 жылға арналған әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үш жақты комиссия жұмысының жоспары жасалды және бекітілді.

Жұмыспен қамтылмаған халықтың жұмыс іздеу туралы ақпаратты алуы үшін жұмыс іздеуші азаматтар үшін интернетте сайт ашылды. Кез келген ниет білдіруші бос жұмыс орындарымен танысып, өз түйіндемелерін орналастыра алатын «Алматы қаласының еңбек нарығы» газеті ай сайын шығарылды. Жыл басынан бері газеттің төрт номері шықты. Елбасының «Дағдарыстан дамуға» (Жол картасы) Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша қабылданған шаралар туралы халықты, жұмыс берушілерді ақпараттандыру үшін БАҚ-та сұхбаттар, радио мен телеарнада бейнекөріністер жарияланады және жұмыс берушілермен, халықпен кездесулер өткізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет