Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2015 жылы атқарылған жұмыстар туралыаны қ т а м а



Дата01.07.2016
өлшемі48.47 Kb.
#170214
Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша

2015 жылы атқарылған жұмыстар туралы

А Н Ы Қ Т А М А

Аудан бойынша 88 денешынықтыру ұжымдары есепке алынған. Оларда 19 250 адам (барлық аудан халқының 25,07%) дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Оның: 6 194-і мектеп оқушылары (аудан бойынша барлық мектеп жасындағы балалардың 40,7%).

Статистикалық есеп бойынша ауданда 227 спорт объектісі тіркелген. Оның: 1-уі стадион, 46-сы спорт залдар, 18-і бейімделінген спорт бөлмелері, 4-уі спорттық ату тирлері, 158-і жазықтағы спорт алаңдары: 31 жасанды төсенiшiмен алаңдар, 1 спорт ядросы, 16 футбол алаңдары, 110 стандарттық емес спорт алаңдары. Аталған барлық спорт объектілері (тек аудандық «Спорт клубы» МКҚ-қ кәсіпорыны ақылы қызмет көрестеді) ақысыз негізде қызмет етеді.

Аудан көлемінде спорт саласында барлығы 272 маман (225-і арнайы білімімен 82,7%) жұмыс атқарса, оның ішінде 50 жалпы білім беретін мектептерде 182 мұғалім дене шынықтыру пәнінен сабақ береді, олардың 160-ы арнайы білімді (87,9%).

Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған дене тәрбиесі мен сауықтыру және бұхаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізудің арнайы жылдық жоспары бекітіліп жүзеге асырылады. Жоспарға аудандық, салалық спартакиадалардан бастап, құқық бұзушылық профилактикасы бойынша, даталы күндерге, ауданға аты мәлім азаматтарды еске алуға арналған іс-шараларға дейін қамтылған.

2015 жылдың 1 наурызынан бастап аудан көлемінде бұқаралық спортпен жүйелі шұғылданушылар санын арттыруға бағытталған Қазақстан «Спартак» дене тәрбиесі-спорт қоғамы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Арал филиалы өз жұмысын бастады. Облыстық бюджеттен берілген 27 спорт нұсқаушысы штат бірлігіне келісім-шарт негізінде 36 адам жұмыспен қамтылды. Оның 9-ы 9 елді мекендерде, қалғандары Арал қаласы бойынша жұмыс атқаруда. Бұл спорт нұсқаушылардың қарамағында 4860 адам жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен айналысуда.

Сондай-ақ, Арал қаласының маңынан ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында ипподром құрылысы бюджеттен тыс қаражат есебінен толық аяқталды.

Үстіміздегі жылдың 10 сәуір күні аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің жоспарына сәйкес мәжіліс өткізілді. Жиналысқа ауданда жұмыс жасайтын спорт мекемелері (№19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі, №20 Арал ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, аудандық «Спорт клубы» МКҚ кәсіпорны, Қазақстан «Спартак» дене тәрбиесі-спорт қоғамы Республикалық қоғамдық бірлестігі Арал филиалы) қызметкерлерімен аудандық орталық мұсылмандар мешітінің имамы С. Евилхан катыстырылды. Жиында қоғамымызда дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға келтіріліп жатқан кері әсерлері, діни экстремизммен, терроризмге қарсы әрекеттер жолдары талқыланды. Алдағы уақыттарға бөліммен аудандық орталық мұсылмандар мешітінің бірлескен жұмыс жоспар бекітілді.

Жыл көлемінде спорттық іс-сапарларға бару және спорттық іс-шаралар өткізуге аудан бюджетінен 16 464,0 мың теңге (465006015) қаржы бөлінді. Оның: спорттық іс-сапарларға бару және спорттық іс-шаралар өткізуге 15, 091 мың теңге (169) құрап 12 963,0 мың теңгесі қазіргі таңда толығымен игерілді. 1 045,0 мың теңге (149) қаржыға аудан құрама командаларына спорттық киімдер мен спорттық құрал-жабдықтар алуға бөлініп, бұл қаражатта толығымен игерілді. Сонымен қатар медальдар, табличкалар, билбордтар жасатуға 328,0 мың теңге (159) бөлініп 298,0 мың теңгесі игерілді.

Үстіміздегі жылы аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 132 спорттық іс-шара, оның 9-ы облыстық, 8-і қалааралық, 102-і аудандық, 13-і мекеме, кент, ауылішілік өткізілді. Бұлардың 41 спорттық іс-шарасы ауылдық жерлерде өткізілді және де осы спорттық іс-шараларға 19 864 адам қатыстырылды.

Жыл басынан бері аудан спортшылары біршама жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан Республикасының ресми (ҚР чемпионаттары мен біріншіліктері) жарыстарында аудан спортшылары 27 медальға ие болды. Оның 5-уі - алтын, 12-і - күміс, 10-ы - қола. 1 спортшы «Спорт шебері» нормативін, 5 спортшы «Спорт шеберлігіне үміткер» нормативін орындады.



Сақташова Үміт, СШҮ - тоғызқұмалақтан ересектер арасында ҚР-ның Кубогінде І орын. Алматы қ. 9-14.02.2015 ж. «Спорт шебері» нормативін орындады.

Әбілов Сабыржан, СШ - бокстан жастар арасында ҚР-ның чемпионатында І-орын (60 кг). Қарағанды қ. 8-15.02.2015 ж.

Рахманов Оңталап, СШҮ - бокстан жастар арасында ҚР-ның чемпионатында ІІІ-орын (91 кг.). Қарағанды қ. 8-15.02.2015 ж.

Жаңабаева Жаннұр - әйелдер күресінен 1998-2000 ж. т. жасөсп-р арасындағы ҚР-ның чемпионатында ІІІ-орын (43 кг.). Қарағанды қ. 21-22.03.2015 ж.

Бармағамбетов Мейіржан - шахматтан (классика) 12 жасқа дейінгі жасөсп-р арасындағы ҚР-ның чемпионатында ІІІ-орын. Қызылорда қ. 20-28.03.2015 ж.

Шамаранов Жандос - волейболдан 1999-2000 ж. т. жасөсп-р арасындағы ҚР-ның чемпионатында ІІ-орын. Өскемен қ. 20-28.03.2015 ж.

Сақташева Үміт, СШ - тоғызқұмалақтан (классика) әйелдер арасында ҚР-ның жекелей чемпионатында ІІІ-орын. Ақтөбе қ. 23-28.04.2015 ж.

Сақташева Үміт, СШ - тоғызқұмалақтан (классика) ересектер арасында ҚР-ның чемпионатында - І орын (командалық есепте). Қостанай қ. 11-17.05.2015 ж.

Садуақасов Сұлтан - бокстан 2001-2002 ж. т. жасөспірімдер арасында ҚР-ның чемпионатында ІІ-орын. Степнагорск қ. 19-23.05.2015 ж.

Сәлімгереев Нұрым, СШ - қазақ күресінен ересектер арасында ҚР-ның чемпионатында І орын (100 кг). ШҚО, Аягөз қ. 7-9.06.2015 ж.

Сағыбаев Нұрбол - еркін күрестен 1998-2000 ж.т жасөспірімдер ауыл спортшылары арасында ҚР-ң чемпионатында ІІІ-орын. ШҚО, Қалбатау ауылы. 12-14.06.2015 ж.

Шамаранов Жандос - волейболдан 2000-2001 ж. т. жасөспірімдер арасындағы ҚР-ның чемпионаты ІІ-орын. Орал қ. 22-29.06.2015 ж.

Қармысбаев Қуаныш - асық ату спортынан ересектер арасында ҚР-ның чемпионатында ІІ орын. Қостанай қ., 25-28.06.2015 ж.

Керімбердиев Самат, Көбелов Азамат, Қармысбаев Қуаныш, Сәрсенбаева Айгерім - асық ату спортынан ересекетер арасында ҚР-ның чемпионатында командалық есепте ІІІ орын. Қостанай қ., 25-28.06.2015 ж.

Бармағамбетов Мейіржан - шахматтан (классика) 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ҚР-ның Кубогінде ІІ-орын. Павлодар қ. 1-9.08.2015 ж.

Бармағамбетова Сақыпжамал - шахматтан (классика) 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ҚР-ның Кубогінде ІІ-орын. Шымкент қ. 27.09-5.10.2015 ж.

Бармағамбетова Сақыпжамал - шахматтан (блиц) 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ҚР-ның Кубогінде ІІ-орын. Шымкент қ. 27.09-5.10.2015 ж.

Сәлімгереев Нұрым, СШ - қазақ күресінен 23 жасқа дейінгілер арасында ҚР-ның біріншілігінде ІІ орын (+100 кг). Жаңақорған кенті. 15-18.10.2015 ж.

Ақбалаев Берекет, СШҮ - грек-рим күресінен 2001-2003 ж. т. жасөспірімдер арасындағы ҚР-ң чемпионатында І-орын. Ақмола обл., Жақсы кенті 22-24.10.2015 ж.

Қабылов Нұрбол - грек-рим күресінен 2001-2003 ж. т. жасөспірімдер арасындағы ҚР-ның чемпионатында ІІ-орын. Ақмола обл., Жақсы кенті 22-24.10.2015 ж. «Спорт шеберлігіне үміткер» нормативін орындады.

Кенжеев Аяр - еркін күресінен 2000-2001 ж.т. жасөспірімдер арасындағы ҚР-ның чемпионатында ІІ-орын. Шымкент қ. 27-29.10.2015 ж.

Шамаранов Жандос - волейболдан 2000-2001 ж. т. жасөспірімдер арасындағы ҚР-ның чемпионаты ІІ-орын. Павлодар қ. 4-10.11.2015 ж.

Оразымбетов Бекарыс - грек-рим күресінен 2000-2001 ж. т. жасөспірімдер арасындағы ҚР-ң чемпионатында ІІ-орын. Шымкент қ. 3-7.12.2015 ж. «Спорт шеберлігіне үміткер» нормативін орындады.

Сыдықов Дөңес - таеквондодан 1999-2000 ж. т. жастар арасындағы ҚР-ның чемпионатында ІІ-орын. Ақтау қ. 11-13.12.2015 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет