1-сұрақ. Қылмыстық процестік заңның қайнар көздері



бет1/22
Дата08.12.2022
өлшемі96.89 Kb.
#466788
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
РУБЕЖКА ОТВЕТ ЮР-31


1-сұрақ. Қылмыстық процестік заңның қайнар көздері.
Қылмыстық процестік құқықтың қайнар көзі – қылмыстық процестік нормалардың заңда бекітілуінің сыртқы нысаны, яғни жалпы міндетті ережелер бекітілген нормативтік сипаттағы құқықтық актілер. ҚП –тің қайнар көзі ҚР ҚПК нің 1- бабында айқындалған. Онда ҚР аумағына қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібі ҚР-ның Конституциясымен, конституциялық заңдарымен, ҚР-ның Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген ҚР- ның ҚПК айқындалады деп көрсетілген. Қылмыстық процестік құқығының негізгі қайнар көзі заңды күші бар ҚПК болып табылады.
ҚП заңнамаларына мынадай нормативтік актілердің жиынтығы енеді:
-ҚР Конституциясы
-ҚР ҚПК
Конституциялық заңды күші бар ҚР Президентінің Жарлығы:
-ҚР-дағы сот пен сот мәртебесі туралы;
-ҚР-ның прокуратурасы;
-ҚР-ның ішкі істер органдары туралы;
-Жедел іздестіру қызметі туралы;
-Адвокат қызметі туралы; т.б.
ҚПК 2014 жылы 4 шілдеде қабылданды\күшіне енді. Ол Жалпы және Ерекше бөліктерден тұрады. Жалпы бөлік 5 бөлім, 22-тарау, 178-баптан тұрады. Ерекше бөлік 11 бөлім, 51-тарау, 496-баптан тұрады.
Бірінші бөлім жалпы ережелерді сипаттайды, екінші бөлім қылмыстық процеске қатысатын мемлекеттік органдар мен адамдардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды, үшінші бөлім дәлелдемелер мен дәлелдеу ұғымдарын, төртінші бөлім процестік мәжбүрлеу шаралары мен тәртібін айқындайды, бесінші бөлімде қылмыстық процестегі мүліктік мәселелерді шешу ережелері белгіленген.
ҚПК-нің Ерекше бөлігі алтыншы бөлімнен басталады, онда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу ережелері реттеліп берілген, жетінші бөлімде бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу әрекеттері көрсетілген, сегізінші бөлім соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау мәселелерін шешеді, тоғызыншы бөлімде сот шешімдерін орындау мәселелері қарастырылады. Оныншы бөлім соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу тәртібі туралы түсінік береді, он бірінші бөлімде есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібін және қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері( кәмелетке толмағандардың, артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден имунитеттері бар адамдардың, яғни ҚР Парламенті депутаттары, соттар, дипломаттар,т.б.) берілген. Он екінші бөлімде қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың жалпы ережелері, адамдарды ұстап берудің ( экстрадициялау)ережелері және шет мемлекеттердің қылмыстық істер бойынша құзыретті мекемелермен,лауазымды адамдармен өзара іс қимылының тәртібін анықтауға арналған. Он үшінші бөлімде процестік келісім және оны жасасудың ерекше тәртібі баяндалған. Он төртінші бөлім алқабилердің қатысуымен іс жүргізу тәртібін , ал он бесінші бөлім үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізу тәртібін көрсетеді. Өтпелі және қорытынды ережелер он алтыншы бөлімде баяндалған.
Кеңістіктегі Қылмыстық процестік заңнама бұл оның ҚР-ның барлық аумағында әрекет етуі. ҚР-ның аумағында қылмыстық сот ісін жүргізу қылмыс жасалған жерге қарамастан ҚПК-ке сәйкес жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет