Арал аудандық денсаулық сақтау саласы бойынша 2015 жылыдың 4 айында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
Халыққа медициналық көмек көрсету мақсатында есепті мерзімде аудандық орталық ауруханаға қарасты аудандық емхана, перзентхана, жүйке аурулар диспансері, жедел жәрдем стансасы, 3 ауылдық емхана, 11 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік акушерлік пункт, 38 медициналық пункт және туберкулезге қарсы күресу диспансері қызмет жасады.
Ауданда 127 дәрігер, 580 орта буынды медициналық қызметкерлері бар. Ауылдық емханалар мен дәрігерлік амбулаториялар бастапқы медико -санитарлық көмек және аудандық емхананың маман дәрігерлері мамандандырылған медициналық көмектің 25 түрі бойынша , аудандық орталық ауруханада 7 бөлімше тәулік бойы мамандандырылған стационарлық қызмет көрсетеді .
2015 жылдың 4 айында амбулаториялық – емханалық мекемелерге барлығы 132516 тұрғын келіп қаралды. Олардың науқасы себепті қаралғандары 64214, алдын ала медициналық тексеруден өткендері 68302. Аудан бойынша 746 адам диспансерлік есепке алынды. Үйге барып қызмет көрсету 18779 болды. Аудан бойынша күндізгі стационарда емделіп шыққандар саны 1135 адам болды.
Есепті кезеңде жылжымалы медициналық кешен аудан бойынша 3 елді мекеннің 7048 халқына медициналық тексеру жұмыстарын жүргізіп анықталған науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетті.
2014 -2015 ж 4 айымен салыстырғанда 15 1 жасқа дейінгі балалар өлімі 2 бірлікке азайып отыр. Жалпы өлім жітім 32 бірлікке азайып отыр, 1-ана өлімі тіркелді. Жүрек қан тамыры ауруынан қайтыс болғандар саны былтырғы жылмен салыстырғанда биыл 8 адамға азайған , ал өкпе ауырынан былтырғы жылмен салыстырғанда бір деңгейде.
2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында амбулаториялық жағдайда науқас түрлеріне қарай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде халыққа бастапқы медико - санитарлық және мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді. Амбулаториялық деңгейде ауру түрлеріне қарай тегін дәрі дәрмекпен қамтамасыз етілді және 0-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер, халықтың мақсатты топтары аурудың 10 нозологиялық түрі бойынша скринингтік тексеруден өтті.
ДСӘДМ-нің ақпараттық жүйесі бойынша ЭРДБ, ЭРСБ , РПН, БГ, ИСЛО, СПКН, РБЖФВ АПП порталдары мен жұмыстар атқарылды.
ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың нысаналы индикаторлары бойынша атқарылған жұмыстың қортындылары:
-
Халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 2014 жылы 69,0, 2015 жылы 70,0 жасты құрады.
-
Ана өлім жітім көрсеткіші: 2014жылы-0, 2015жылы- 262,4 просантимилле
-
Нәрісте өлім жітімі көрсеткіші 1000 тірі туылғанға шаққанда 2014 жылы (6) 12,7, 2015 жылы (4) – 10,5 құрады.
-
Жалпы өлім жітім бойынша 1000 адамға шаққанда 2014 -2,6 , 2015 жылы 2,1 болды.
-
Туберкулезбен аурушаңдық 100 000 тұрғынға шаққанда 2014 жылы 23,8 2015 жыл 24,9 болып отыр.
-
15-49 жасқа дейінгі халықтың арасында АИТВ инфекциясының таралуы 2014 жылы да 2015 жылы да болған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |