Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2014 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары жөнінде мәліметтер
Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықпен күрес жұмыстары қызметі бойынша.
2014 жылдың 6 айында бөлімге жұмыс іздеуші ретінде 1812 адам хабарласты. 2014 жылы жұмысқа 625 адам орналасты.
Жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен 2014 жылдың 6 айында 2002 адам қамтылып отыр.
2014 жылдың 6 айында қоғамдық жұмыстарға 1377 адам тартылып, осы кезеңге қаралған 30 млн. 666 мың теңге толығымен игерілді.
Сонымен қатар нысаналы топқа жататын жұмыссыздар қатарынан мүгедектік топтағы 87 адам хабарласып, олардан 82 (мүгедек), жазасын өтеп келгендер қатарынан 6 азамат хабарласып, олардан 5 адам жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылды.
Жыл басынан бөлімде 5-рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері өткізілді. Өткізілген жәрмеңкелерде барлығы 104 адам тұрақты жұмыстарға жіберілді. Олар негізінен аудандық мәдениет үйіне, «Аралтұз» АҚ-на, аудандық ветеринариялық стансаға жұмысқа жіберілді.
2014 жылдың 6 айында тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,4 пайызды құрады.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес 2014 жылға аз қамтамасыз етілген отбасыларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге 15043,0 мың. теңге қаржы қаралған. 2014 жылдың 6 айында атаулы әлеуметтік көмекке 22 отбасынан құжаттар қабылданып, олардағы 108 отбасы мүшелеріне 871,6 мың. теңге тағайындалып, төленді.
18 жасқа дейінгі балалы отбасыларына берілетін жәрдемақыға 2014 жылға 115308,0 мың. теңге қаржы қаралған. 2014 жылдың 6 айында 2142 отбасынан құжаттар қабылданып 6833 балаға 68237,9 мың.теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып, оның 2141 отбасына 6832 балаға 64362,0 мың теңгесі төленді.
Тұрғын үй көмегі 2014 жылы аудан бюджетінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсетуге 25147,0 мың. теңге қаржы қаралған. 2014 жылдың 6 айында 856 отбасының 4766 отбасы мүшелеріне 15175,0 мың.теңге тағайындалып, оның 14666,0 мың теңгесі төленді.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы және ардагерлермен жұмыстар бойынша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 Қаулысымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына» сәйкес бөлім жанындағы мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі – 2014 жылдың 6 айында 80 қарт азаматқа және бөлім жанындағы балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі - 135 мүмкіндігі шектеулі балаға әлеуметтік қызмет көрсетті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» №754 қаулысына сәйкес 2014 жылға жеке көмекшілер және ымдау тілі мамандарының қызметтеріне 17705,0 мың теңге қаралып, 2014 жылдың 6 айында аудан бойынша 128 жүріп-тұруы қиын І топ мүгедектеріне 116 жеке көмекшіге және 33 мүгедекке 3 ымдау тілі маманына қызмет жасағаны үшін 8854,0 мың теңге жұмсалды.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес 2014 жылдың 6 айында мүгедектерге:
протездік-ортопедиялық көмек– 186 адамға,
тифлотехникалық құралдар– 19 адамға,
сурдотехникалық құралдар– 38 адамға,
кресло-арбалар – 27 адамға таратылды.
Үйде тәрбиеленіп оқытылатын 60 бала мүгедегіне 2014 жылға материалдық көмек үшін 3030,0 мың теңге қаржы қаралып, үстіміздегі жылдың 6 айына 1800,0 мың теңгесі тағайындалып, төленіп отыр.
2014 жылы міндетті гигиеналық құралдар алуға (памперс) 12406,0 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алудан памперске 12405,4 мың теңге қаржы игерілді, 280 мүгедек азаматтарға таратылуда.
Қызылорда қаласында орналасқан «Талсуат-мүгедектерді оңалту орталығына» ем алуға 37 қарт және 30 мүгедек азамат жолданды.
Ерекше тәртіпті қолданумен мүгедектерді тасымалдау (инватакси) қызметін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік сатып алулар бойынша 2014 жылдың сәуір айынан бастап облыстық бюджеттен 1888,0 мың теңге бөлініп, 420,0 мың теңгесі игерілді.
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы бойынша берілетін әлеуметтік көмектер бойынша 2014 жылға 370,0 мың теңге қаралып, 2014 жылдың 6 айында ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 9 азаматқа 179,4 мың теңге төленді.
Ұлы Отан соғысының 69 жылдығына орай облыстық бюджеттен 2014 жылға 1876,6 мың теңге көлемінде қаржы қаралып, 14 - ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және 16 - мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендері мен медальдарымен марапатталғандарға 1629,7 мың теңге көлемінде қаржы есепшоттарына аударылды.
2014 жылға Ұлы Отан соғысының 69 жылдығына орай аудандық бюджеттен 6840,0 мың теңге қаржы қаралып, 14 - ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және 16 - мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендері мен медальдарымен марапатталғандарға, 2 – ҰОС қатысушыларына теңестірілгендерге, 33 – Ауған соғысы қатысушыларына, 13 – Чернобыль апатына қатысушылар мен мүгедектеріне, 35 – Семей ядролық сынақ полигонына тікелей қатысқандарға бір жолғы материалдық көмек ретінде 6537,6 мың теңге жеке есеп шоттарына аударылды.
Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнінің 69 жылдығына байланысты Ұлы Отан соғысы жылдарында Арал ауданы бойынша тылда кемінде 6-айдан кем емес еңбек еткен 1140 тыл ардагерлеріне 63338,4 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек жеке есеп шоттарына аударылды.
Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға, қосымша тамақтануға әлеуметтік көмекке облыстық бюджеттен мамыр айынан бастап 2014 жылға 11868,0 мың теңге бөлініп, 77 адамға әлеуметтік көмекке 2685,4 мың теңге жеке есеп шоттарына аударылды.
Достарыңызбен бөлісу: |