Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2014 жылдың 12 айында атқарған жұмыстары жөнінде мәліметтер.
Халықты жұмыспен қамту бойынша:
2014 жылдың 12 айында бөлімге жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны - 3191 адам. Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 1422 адам. Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 2032 адам тартылды.
2014 жылдың 12 айында ауданда 1370 жаңа жұмыс орындары ашылды. Олардың ішінде, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер салалары бойынша 100 орын, білім беру саласы бойынша 197, өнеркәсіп саласы бойынша 120, басқа салалар бойынша 710 және уақытша және маусымдық жұмыстар бойынша 243 орын.
Нысаналы топқа жататын жұмыссыздар қатарынан мүгедектік топтағы 2014 жылдың 12 айында 109 мүгедек жұмыссыз ретінде тіркеуге алынған, олардың ішінен 47 мүгедек тұрақты жұмысқа орналастырылып, 9 мүгедек әлеуметтік, 55 мүгедек қоғамдық жұмыс орындарына, 1 мүгедек жастар тәжірибиесіне жолданды және 1 мүгедек «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына сәйкес шағын несие алды.
Жыл басынан жазасын өтеп келгендер қатарынан 14 азамат хабарласып, олардан 14 адам жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылды. 7 адам тұрақты жұмыстарға орналасып, 7 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Жыл басынан бөлімде 11-рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері өткізілді. Өткізілген жәрмеңкелерде барлығы 221 адам тұрақты жұмыстарға жіберілді. Олар негізінен аудандық мәдениет үйіне, «Аралтұз» АҚ-на, аудандық ветеринариялық стансаға және «Арал–Сарбұлақ топтық су құбыры» мекемесіне жұмысқа орналасты.
2014 жылдың 12 айында тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайызды құрады. 2013 жылдың 12 айында да бұл көрсеткіш 0,1 пайыз болған.
Жергілікті бюджеттен жүргізілетін төлемдер бойынша:
Аудандық бюджеттен аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 15043,0 мың.теңге, республикалық бюджеттен 9806,0 мың теңге, барлығы 24849,0 қаржы қаралған.
2014 жылдың 12 айында атаулы әлеуметтік көмек 35 отбасының 189 отбасы мүшелеріне 1835,0 мың. теңге тағайындалып, төленді.
2014 жылға аудан бюджетінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсетуге 25147,0 мың. теңге қаржы қаралған.
2014 жылдың 12 айында 987 отбасындағы 5487 адамға 27824,2 мың.теңге көмек тағайындалып, оның 25147,0 мың теңгесі төленді.
2014 жылға бюджеттен аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге 135616,0 мың. теңге қаражат қаралған.
2014 жылдың 12 айында 2372 отбасындағы 7624 балаға 135710,5 мың.теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып, оның 135616,0 мың теңгесі төленді.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша:
Аудан бойынша мүгедектер саны 2644 адамды құрайды.
Олардың ішінде: І-топ мүгедегі – 211 адам, ІІ топ – 1150 адам, ІІІ топ- 955 адам, 18 жасқа дейінгі бала мүгедектер саны – 328 адам.
2014 жылдың 1 желтоқсанына 126 жүріп-тұруы қиын І топ мүгедектеріне - 113 жеке көмекшілер қызмет жасады; 33 тіл-құлақ кемістігі бар мүгедектерге - 3 ымдау тілі маманы қызмет көрсетті;
Мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес 2014 жылдың 12 айында мүгедектерге: Санаторий-курорттық емделу – 53 адамға; протездік-ортопедиялық көмек– 300 адамға, тифлотехникалық құралдар– 55 адамға, сурдотехникалық құралдар– 44 адамға, кресло-арбалар – 45 адамға; міндетті гигиеналық құралдар - 320 мүгедек азаматтарға таратылды.
2014 жылдың 12 айында Қызылорда қаласында орналасқан «Талсуат-мүгедектерді оңалту орталығына» ем алуға 51 мүгедек және 48 қарт азамат жолданды.
2014 жылдың 12 айында үйде тәрбиеленіп оқуға 75 мүгедек бала қамтылып, 3147,0 мың теңге бөлінген қаржы игерілді.
Сонымен қатар, мүгедектерді тасымалдау (инватакси) қызметін ұйымдастыруға 2014 жылдың сәуір айынан бастап облыстық бюджеттен 1888,0 мың теңге бөлініп, 1618,0 мың теңгесі игерілді.
Жекелеген санаттар бойынша жүргізілген әлеуметтік төлемдер:
2014 жылы 9 мамыр- Жеңіс күніне орай:
Облыстық бюджет есебінен:
14 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне – 1 037 120 теңге;
16 ҰОС жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталғандарға – 592 640 теңге, барлығы 1 629 760 теңге әлеуметтік көмек төленді.
Аудандық бюджет есебінен:
14 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне – 1 037 120 теңге; 16 ҰОС жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталғандарға – 888 960 теңге;
2 ҰОС қатысушыларына теңестірілгендерге – 111 120 теңге; 33 Ауған соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне – 1 833 480; 13 Чернобыль апатына қатысушылары мен мүгедектеріне – 722280 теңге; 35 Семей ядролық сынақтарына қатысушылары мен мүгедектеріне – 1 944 600 теңге;
Барлығы 6 537 560 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмектер көрсетілді.
1941 -1945 жылдар аралығында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген азаматтарға: Облыстық бюджет есебінен 54 223 000 теңге, Аудандық бюджет есебінен 8 948 720 теңге,Барлығы 1 137 адамға 63 171 720 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлемдер жүргізілді.
Сондай-ақ, ҚР-ның «Отан», «Данқ» ордендерімен мапапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 9 азаматқа 2014 жылға 370,0 мың теңге қаралып, қазіргі таңда 7 азаматқа (2 адам қайтыс болған) 327,0 мың теңге төленді.
Достарыңызбен бөлісу: |