Арал ауданындағы білім саласы бойынша ағымдағы 2014 жылдың 6 айлығында атқарылған жұмыстары. Жалпы білім беру ұйымдары туралы мәлімет



Дата23.02.2016
өлшемі267.58 Kb.
#7736
Арал ауданындағы білім саласы бойынша ағымдағы

2014 жылдың 6 айлығында атқарылған жұмыстары.
Жалпы білім беру ұйымдары туралы мәлімет: Бүгінгі таңда ауданда 38 орта, 6 негізгі, 8 бастауыш, 23 балабақша, 17 шағын орталық, 38 жарты күндік шағын орталықтар, 3 мектептен тыс мекеме және 1 кешкі мектеп бар. Мектептерде 14580 оқушы, шағын орталықтар мен балабақшаларда 4097 бала, мектептен тыс мекемелерге 1272, кешкі мектепке 74 оқушы қамтылған. Оларға биылғы оқу жылында 1957 мұғалім (1736 – жоғары, 221 – арнаулы орта білімді), ал балабақшаларда 461 (223 – жоғары, 238 – арнаулы орта білімді) педагогикалық мамандар дәріс береді. Мектептердегі мұғалімдердің 20 – жоғары, 569 – бірінші, 784 – екінші, ал балабақшалардағы 21 – бірінші, 164 – екінші санаттағы мамандар болып табылады.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары туралы мәлімет:

2012-2015 жылдар аралығында мектеп дейінгі жастағы балалардың қамтылуы:

2012ж-мектепке дейінгі мекеме саны-77, қамтылған бала-3612, пайызы-72,4.

2013ж-мектепке дейінгі мекеме саны-79, қамтылған бала-4097, пайызы-83,7.

2014ж-мектепке дейінгі мекеме саны-82, қамтылған бала-4202, пайызы-85,8.

2015ж-мектепке дейінгі мекеме саны-93, қамтылатын бала-5581, пайызы-100.

Үстіміздегі жылы №22 орта мектеп жанынан 25 орын 1 топтық толық шағын орталық, Арал қаласынан 40 орындық 2 топтық «Еркемай» жеке балабақшасы, Сексеуіл 40 орындық 2 топтық «Ернұр» жеке балабақшасы ашылды.Сонымен аудан бойынша балабақшаларға және мектептің шағын орталықтарына 82 мектепке дейінгі мекемеге 4202 бала қамтылды. 85,8 пайызды құрайды.2015 жылы 100 пайыз қамту жоспарланып отыр.

2014 жылы қаңтар айында Арал қаласынан республикалық бюджеттен 12 топтық 280 орындық балабақша, Сексеуіл кентінен демеушілік есебінен 12 топтық 280 орындық балабақша (демеуші мекеменің («Базис») атқарушы директоры М. Көпесов), Аманөткел елді мекенінен 1 топтық 25 орындық шағын орталық ашу жоспарлануда.

2015 жылы Қамыстыбас елді мекенінен 140 орындық, Аққұлақ елді мекеніндегі №76 негізгі мектебінің жанынан 20 орындық, Көктем елді мекеніндегі №227 негізгі мектебінің жанынан 20 орындық, Үкілісай елді мекеніндегі №265 негізгі мектеп жанынан 20 орындық, Ерімбетжаға елді мекеніндегі №18 негізгі мектеп жанынан 20 орындық, Құланды елді мекеніндегі №77 орта мектеп жанынан 20 орындық, Аманөткел елді мекенінен 90 орындық, Қарашалаң елді мекенінен 50 орындық, Арал қаласынан 140 орындық, Арал қаласынан 90 орындық балабақша ашу жоспарланып, қадамдық жоспарға енгізілді.

Жалпы орта білім беру ұйымдарының құрылысы туралы мәлімет: Арал ауданы бойынша 2016 жылға дейін құрылысын салуға жататын білім нысандарының кезектілік тізбесінде 26 жалпы орта білім беретін білім мекемелері мен 22 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары енгізілген.

Биылғы 2014 жылы Арал ауданы бойынша №65 Бекбауыл орта мектебіне 200 орындық мектеп құрылысын салуға 463 086,0 мың теңге бөлінді, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды, №230 Жіңішкеқұм орта мектебіне 100 орындық мектеп құрылысын салуға 365 652,0 мың теңге бөлінді, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды, №74 Жаңақұрылыс орта мектебіне 200 орындық мектеп құрылысын салуға 432 939,0 мың теңге бөлінді, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде, №20 Бөген орта мектебіне 200 орындық мектеп құрылысын салуға 446 787,0 мың теңге бөлінді, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды, №237 Ақеспе орта мектебіне 50 орындық мектеп 20 орындық балабақшасымен қосы құрылысын салуға 324 300,0 мың теңге қаржы бөлінді, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде. Сонымен қатар №77 Құланды орта мектебінің жоба сметалық құжаттамасын дайындауға 5 357,0 мың теңге қаржы қаралды.

Қазіргі таңда №265 Үкілісай негізгі мектебіне құрылысына жоба сметалық құжаттамасы дайындалды, құрылысты жүргізуге 326 287,0 мың теңге қаржы, №18 Ерімбетжаға негізгі мектебіне 348 144,0 мың теңге, №76 Аққұлақ негізгі мектебіне 336 045,0 мың теңге, №227 Көктем негізгі мектебіне 344 554,0 мың теңге. Арал қаласындағы «Жазира» балабақшасына 391 531,0 мың теңге, «Толқын» балабақшасына 393 718,0 мың теңге қаржы қажет.

Арал ауданы Қосаман елді мекеніндегі №68 орындық 100, Тоқабай елді мекеніндегі №248 140 орындық, Арал қаласындағы №64 орта мектептеріне 300 оррындық құрылыс жұмыстары өткен жылы басталды.



Қысқы маусымға дайындық мәселесі туралы мәлімет:

Аудандық білім бөліміне 74 мекеменің, оның ішінде 37 орта, 6 негізгі және 8 бастауыш мектептер, 19 бала бақша, 3 мектептен тыс мекеме (кешкі мектеп, өнер мектебі, оқушылар үйі) және «Ұландар» лагері бар. 74 мекеменің ішінде 34 мекеменің ғимараты бу қазандықтарынан жылу алады, яғни 7-де қатты (көмір) және 27-де сұйық отын (солярка) жағылады, 2 мекеме (Сексеуіл кентіндегі «Жауқазын» бала бақшасы мен № 87 орта мектебі) орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, қалған 38 мекеме пешпен (көмір) жылытылады.

2014-2015 жылдардың жылу беру маусымына 3479 тонна көмір сатып алуға аудандық бюджеттен 36386,3 мың теңге, 2426 тонна сұйық отын сатып алуға 225421,7 мың теңге және орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 2 мекемеге (Сексеуіл кентіндегі «Жауқазын» бала бақшасы мен № 87 орта мектебі) 6799,0 мың теңге, барлығы 268607,0 мың теңге бөлінді. Қатты және сұйық отынның мемлекеттік сатып алулары өткізіліп, келісім шарттар жасалды. Бөлім мекемелері 2014 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығындағы отындарын толық алды. Үстіміздегі жылдың қазан-желтоқсан айларында отын жеткізу кестесіне сәйкес тиісті отын қорымен жабдықталады.

Жөндеу жұмыстары: «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2014 жылға аудандық білім бөліміне қарайтын 3 мектептерде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 235178,0 мың теңге, қалған нысандардағы ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджеттен 24789,0 мың теңге қаржы бөлінді. Атап айтсақ, 59000,0 мың теңгеге Арал қаласындағы Т. Г. Шевченко атындағы № 13 орта мектебі ғимаратын (жаңадан 2 бу қазандығы салынады, толық жылу жүйесіне жөндеу жүргізіледі), (мердігер мекеме - «Майдан құрылыс» ЖШС, Қызылорда қаласы) және № 220 орта мектебінде 60593,0 мың теңге (қосымша 4 жылу беру батареялары салынады) («Рустем Тех-строй» ЖШС, Алматы қаласы), 115585,0 мың теңгеге Шижаға елді мекеніндегі Е. Көшербаев атындағы № 57 орта мектебіне күрделі жөндеу («Арал-су-құрылысы» ЖШС), сондай-ақ 5006,0 мың теңгеге Мойнақ елді мекеніндегі бастауыш мектебінде (ЖК «Жалғасбаев»). Жөндеу жұмыстары басталып, ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін аяқтау көзделуде. Бөлімге қарайтын басқа нысандарға ағымдағы жөндеу жүргізу межеленуде. Осы бөлінген қаржыларға жоғарыда көрсетілген нысандардың бу қазандықтары, жылу жүйелері және пештері және т. б. жөндеуден өткізілетін болады.

Ағымдағы жөндеу есебінен пештері жаңартылатын білім беру ұйымдары:

- Арал ауданының Сапақ елді мекеніндегі № 69 орта мектепте 3 пеш, Мойнақ бастауыш мектебінде 1 пеш, Атанши бастауыш мектебінде 1 пеш, Жіңішкеқұм елді мекеніндегі № 230 орта мектебінде 2 пеш, Көктем елді мекеніндегі № 227 негізгі мектебінде 3 пеш, Бекбауыл елді мекеніндегі № 65 орта мектебінде пештерге ішкі мүмкіндіктерді пайдаланып жөндеу жұмыстары жүргізілуде.



Білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық базасы туралы мәлімет: Білім сапасын жақсарту мақсатында білім ордаларының материалдық – техникалық базасының қазіргі заман талабына сай жабдықталуына баса назар аударылып келеді. Бүгінгі таңда ауданның 29 мектебі 31 мультимедиялық кабинетпен, 7 физика, 9 химия, 14 биология кабинеттерімен, қаладағы 9 және ауылдық елді мекендердегі 8 мектеп әмбебап интерактивті (интерактивті физика, химия, биология) кабинеттерімен жабдықталған.

Жыл-дар

Кабинеттер атауы

Құрал - жабдықтар

Бөлінген қаржы (мың теңге)

Мульти-медия

Химия

Физика

Биология

Шебер-хана

Спорт

2009

7

2

-

4

-

13

55325,0

2010

4

-

-

3

-

2

35047,0

2011

3

-

-

5

-

-

37108,0

2012

-

3

-

-

-

-

12241,0

2013

-

4

-

-

-

-

16418,0

2014

-

3

-

-

-

-

12291,0

Биыл 2013 жылы 4 мектепке химия кабинеттері алынды, атап айтар болсақ №№20,21,57,177 мектептер. Биыл №№13,62,262 мектептерге химия кабинеттері алынуда.

Сонымен қатар аудан мектептері қазіргі кезде 1313 комплекті компьютермен жабдықталған. Бұл әрбір 11 оқушыға бір компьютерден келеді деген сөз. 48 мектеп интернет желісіне қосылған. Олардың 16 – ы жолақты, 7 – уі спутниктік интернет жүйесі бойынша жұмыс істейді.

Аудан мектептеріне 386 парта 772 орындық таратылып берілді.

Оқушылар тасымалы туралы мәлімет: Аудан орталығынан шалғай орналасқан № 82 Қаратерең орта мектебіне Тастақ және көне Қаратерең елді мекендерінен (км) 5 – 11 сынып аралығындағы 44 оқушы екі мезгіл СТК мекемесінің көлігімен тасымалданса, № 237 Сарбасат негізгі мектебіне «Қосбелгі» ауылынан (3 км - ге жуық) 23 бала тасымалданады. Бұл оқушылардың жол қатынасына жұмсалатын жанармайға қажетті қаржы аудан бюджетінен қаралғанмен, көліктер типі санитарлық норма талабына сай келмей отыр. Аталған №82 және №237 мектептерге оқушыларды тасымалдау үшін көлік қажеттігі туралы тиісті орындарға ұсыныс берілді.Сонымен қатар Жақсықылыш елді мекеніндегі № 19 орта мектептің шалғай орналасқан мөлтекаудандарынан 112 оқушы жаяу қатынауда. Осы оқушылардың тасымалына арнайы автобус көлігі қажеттігіне де тиісті орындарға ұсыныс берілді. 2011 жылы 5300,0 мың теңгеге қаладағы № 262 мектеп – гимназияға балалардың тасымалын қамтамасыз етуге арналған автокөлік алынған болатын, Биылғы оқу жылында қаражат мәселесі шешімін тауып, 105 оқушыны тасымалдауға ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Ауылдық елді мекендерде орналасқан 15 мектеп шаруашылық жұмыстарды жүргізуге арналған машиналармен 10 жыл бұрын қамтамасыз етілген. Дегенмен, елді мекендердегі жол қатынасының сын көтермейтіндігі, бұл машиналардың өз мерзімдерінен бұрын бұзылуына әкеліп соқтыруда. Оның ішінде 8 мектеп жанындағы интернатта жататын оқушыларды каникул мерзімінде үйлеріне тасымалдау үшін көліктің аса қажеттігі туындап отыр.



Жалпыға бірдей білім беру қорының орындалуы туралы мәлімет: Жалпы білім беретін мектептерге аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын қолдау мақсатында жалпыға бірдей білім беру қорына бөлінетін қаржы қазіргі таңда 3 пайызды құрап, оның ішінде 86 пайызы ыстық тамаққа қаралған.

Жылдар

Жалпыға бірдей білім беру қорына бөлінген қаржы (мың теңге)

Ыстық тамаққа қаралған қаржы (мың теңге)

2014

999694,0 мың теңге (3 пайыз)

86007,0 мың теңге (86 пайыз)

Қазіргі таңда аз қамтамасыз етілген отбасының 3701 баласы (100 пайыз) ыстық тамақпен қамтылса, соның ішінде 1 – сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Асхана мәселесі: Аудандағы 51 мектептің 43 – інде асхана бар, оның ішінде 18 – і жаңа технологиялық құралдармен (құрылысы жаңадан салынған мектептерден өзге 8 мектепке (№ 13,62,83,220,260,20,57,177 ом) 2009 жылы 4697,6 мың теңгеге асхана құрал – жабдықтары алынды) жабдықталған, 18 – інің құрал – жабдықтары ескірген. 8 бастауыш мектептің 4 – уінде (Ескұра, Ақшатау, Атанши, Мойнақ) буфет ашылса, қалған 4 – уінде (Жалғызағым, Көнту, Водакачка, Құрлық) буфет ашуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Кітап қоры мен оқушылардың оқулықпен қамтылуы туралы мәлімет: 2013-2014 оқу жылында аудан мектептерінің кітапханаларындағы жалпы кітаптың қоры 328513,оның ішінде мектеп оқулықтары 240020, оқырмандар саны 14112. Биылғы 2013/2014 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен «Атамұра», «Алматыкітап», «Мектеп», «Арман ПВ» баспалары бойынша 37686 дана оқулық 26449000 теңгеге атп айтқанда, 1- сыныптар үшін ағылшын пәні, 5 – сыныптар үшін информатика пәні, 2-9 сыныптар үшін барлық пәндер бойынша оқулықтар алынып таратылды. Жыл сайын мектеп кітапханаларындағы оқулықтар қоры жергілікті бюджет есебінен толықтырылады.

Жылдар

Жалпы бөлінген қаржы (мың теңге)

Оның ішінде, оқулыққа бөлінген қаржы (мың теңге)

Алынған оқулық саны

(дана)

Қамтылу пайызы

2013

26449,0

26449,0

37686

97
















2013 жылдың 18-ші жұлдызында №260 мектепте «Көпшілік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі әдістері, кітапханада іс-құжаттар жүргізудің түрлері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Мақсаты оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, жан-жақты дамыған баланы тәрбиелеуге көмектесу.

2014 жылдың бірінші жарты жылдығына мектептер мен мектептен тыс мекемелер арасында басылымдарға жазылу жұмыстары жүргізілді.Барлық аудан бойынша берілген меже 7657 дана болса, оның жазылғаны 7230 дана яғни 95 пайызға орындалды



Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытумен қамту мәселесі туралы мәлімет: Қазіргі таңда аудан бойынша 380 мүмкіндігі шектеулі бала ПМПК (Қазалы кенті) қорытындысы бойынша есепте тұрады. Оның ішінде, мектеп партасында отырған – 147, үйден оқытылатын – 62, әлеуметтік қызмет алушы – 159 бала, балабақшада 12 бала, «Ұмай» қайырымдылық Үйі өз есебіндегі психикалық ауытқуы бар 10 баланы тәрбиелеуде , инклюзивті білім беру жүйесін дамыту мақсатында ППТК өз есебінде тұрған 40 балаға дәрігерлік – педагогикалық – психологиялық түзету көмегін үнемі көрсетсе, 29 мүмкіндігі шектеулі үнемі дәрігер бақылауында.

Сонымен қатар 5 тірек – қимыл аппараты бұзылған, 9 ойлау қабілеті төмен деңгейдегі балалар тұратын мөлтекауданға жақын орналасқан № 83 орта мектеп базасынан 2 арнайы топ (5+9) ашу мақсатында жұмыстар жүргізілуде. І жартыжылдықта мектепте дефектолог штаты беріліп, жұмысын жүргізіде. Білім және ғылым министрлігінің 05.02.2007 жылғы №51 қаулысына сәйкес инклюзивті білім беру жүйесін дамыту мақсатында Арал ауданы бойынша 2 мектептен мүмкіндігі шектеулі оқушыларға толыққанды қызмет көрсету үшін дефектолог штаттық бірлігін ашу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамның ағымынан тыс қалдырмау мақсатында қайырымдылық есебінен 30 үйден оқитын оқушы компьютермен қамтамасыз етілсе, 23 үйден оқитын оқушыға компенсаторлық техникалық құрал берілді. 2011 жылы 12 оқушыга, 2012 жылы 11 оқушыға, 2013 жылы 2 оқушыға бағдарламалық-техникалық құрал алып берілді.

Жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде мәлімет:

Арал ауданында есепте тұрған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны 88, оның ішінде жетім бала саны – 37 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала саны – 51. Балаларды орналасу нысаны бойынша төмендегідей бөлуге болады.

- Қорғаншылықта - 42 бала, оның ішінде жетімі – 12 бала, ата-қамқорлығынсыз қалғаны – 30 бала.

- Қамқоршылықтағы бала – 26, оның ішінде жетімі – 9, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – 17.

- Патронат тәрбиесіндегі бала-20, оның ішінде жетімі – 14, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – 6, патронат тәрбиешілер саны-13.

2012-2013 оқу жылы 10 балаға қорғаншы, 10 балаға қамқоршы тағайындалды. Оның ішінде 8 - тұл жетім, 12-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 86-нің 63-і мектепте оқиды, олардың бәрі де жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан оқулықтармен және киіммен қамтамасыз етіліп отыр.

- -2013 жылы лагер жасындағы балалардың барлығы 51 бала жазғы демалыспен қамтамасыз етілді.

Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Машат» лагеріне патронат тәрбиесіндегі 4 бала, қорғаншылықтағы 12 бала, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ''облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы'' лагерінде қорғаншылықтағы 12 бала, «Талдысу» лагеріне қорғаншылықтағы 3 бала, Арал ауданы қала сыртындағы «Ұландар» лагерінде патронат тәрбиесіндегі 3 бала, қорғаншылықтағы 10 бала демалды, Арал ауданындағы мектеп жанындағы күндізгі лагерде патронат тәрбиесіндегі 1 бала, қорғаншылықтағы 6 бала демалды.

Мектеп жасындағы жетім және ата-ансының қамқорлығынсыз қалған балалар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 86 баланың 21-де ата-анасынан қалған үй бар, 65 бала «аудандық тұрғын коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне» тұрғын үйге кезекке қойылған.

Балалардың бәрі де әлеуметтік көмекпен қамтылған, оның ішінде мүгедектігіне байланысты 2-і зейнетақы алады.



Олимпиада туралы:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 26 қарашадағы және Қызылорда облысының 2013 жылғы 5 желтоқсанындағы №148, аудандық білім бөлімінің №190,199 бұйрықтары негізінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадының І, ІІ, ІІІ кезеңдері өткізілді.

Республикалық олимпиадының І кезеңі, яғни мектепішілік олимпиада аудан мектептерінде 2013 жылдың 30 қарашасы күні өткізілді, жалпы 2353 оқушы қатысып, 1294 оқушысы мектепішілік олимпиада жүлдегері атанса, 756 оқушы аудандық пән олимпиадасына қатысуға жолдама алды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі, яғни оқушылардың аудандық пән олимпиадасы Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназия базасында 2013 жылдың 18-19 желтоқсаны күндері өткізілді, оған 742 оқушы қатысты (жол қатынасы болмауына байланысты №81,66 мектептердің оқушылары қатыса алмады). Аудандық олимпиада қорытындысы бойынша төмендегі 19 оқушы облыстық олипмиадаға қатысуға жолдама алды.

Облыстық олимпиададан 3 оқушы, соның ішінде орыс тілі пәнінен №14 мектеп-лицейінің 11– сынып оқушысы Тен Александра ІІ орын, орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінен №262 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Құлманова Әсем ІІ орын, қазақ мектебіндегі орыс тілінен №262 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Манепов Санжар ІІІ орын алды. Осы оқушылардың ішінде қазақ тілі және орыс мектебіндегі қазақ тілі пәндері бойынша ІІ орын алған 2 оқушы, №262 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Құлманова Әсем мен №14 мектеп-лицейінің 11– сынып оқушысы Тен Александра Республикалық олимпиадаға жолдама алып, жүлделі орындар иеленді.

2013/2014 оқу жылындағы ҰБТ-дің өткізілуі туралы:

Ауданда Ұлттық бірыңғай тестілеу бір лек бойынша 3 маусым күні өткізілді.

Барлық мектеп бітірушілер саны 859 (оның 339-ы қала мектебінен, 520-ы дала мектептерінен), ҰБТ-ге қатысуға 508 –і тілек білдірді (241-і қала мектебінен, 267-і дала мектебінен, нақты қатысқаны – 494, қатысу пайызы - 58.

Ауылдық елді мекендерден келген оқушылар дәстүрлі үрдіс бойынша Арал қаласындағы № 2 санаториялық арнаулы мектеп – интернаттың жатақханасына 165 оқушы , №71 орта мектебінің жатақханасына 49 оқушы орналасты. №2 облыстық арнаулы санаториялық мектеп-интернат пен №71 орта мектебі алғашқы жәрдем көрсетуге керекті дәрі-дәрмектермен, залалсыздандыру дәрілерімен қамтамасыз етілді.

Ауыл мектептерінен келген 257 оқушының 208- і 50 км-ден алыс елді мекендерден келді , олардың №71 мектеп жатақханасына 43 мектеп бітіруші ( оның қызы – 28, ұлы -15), № 2 санаториялық мектеп –интернат жатақханасына 165 мектеп бітіруші ( оның қызы – 112, ұлы -53) қамтылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес, бұл мектеп бітірушілер 1 маусым күні «Жолаушы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің автокөліктерімен тасымалданып, №2 санаториялық мектеп-интернатқа және №71 орта мектебінің жатақханасына келіп қонды. Бекітілген мәзір бойынша 1 маусым күні кешке тамақтанды, ал 2,3 маусым күндері 4 мезгіл тамақтанды. Жақын ауылдық елді мекендердегі 50 км-ге дейінгі қашықтықтан 49 бала автобуспен тасымалданып 3 маусым күні, ҰБТ өткізілгеннен кейін 2 мезгіл «Балықшы қыз» ресторанынан тамақтанды. Оқушылар «Жолаушы-АБ» ЖШС мекемесі арқылы 30 автокөлікпен тасымалданды. Тасымалдаған автокөліктерде медициналық көмек көрсететін аяжандар мен полиция қызметкерлері тиісті міндеттерін атқарды. Мектеп бітірушілер аман-есен өз ауылдарына жеткізілді.

Сапалары туралы құжаттары бар азық-түліктер алынды және арнайы санитарлық паспорттары бар автокөлікпен тасымалданды. Оқушыларға тест кезінде салқындатылған ауыз су пайдаланылды.

Биылғы оқу жылында ҰБТ- ді өткізуге 14 аудитория дайындалды. Мектеп бітірушілер № 262 мектеп – гимназияның Г блогындағы 12 аудиторияға қамтылды.

Тест орталығында 3 компьютер, 2 принтер, тестілеу кезінде жауап парақтарын тексеретін CANON DR-3010C маркалы сканер, Ұлттық Тестілеу Орталығымен байланыс жасау үшін «Астел» спутникті антеннасы арқылы қосылған электронды почта тиісті деңгейде жұмыс жасады.

Биылғы жылы 1 млн 900мың теңге қаралып отыр. Оның тасымалға - 900526,72 теңгесі, тамаққа – 889420 теңгесі, газдалмаған суға – 77500 теңгесі, қажетті дәрі – дәрмектер мен заласыздандыруға 17253,28 теңгесі, шаруашылық заттарына – 15300 теңгесі жұмсалды.

Жалпы биылғы жылы ҰБТ – ға 22 камера, 14 тұншықтырғыш, 4 видеорегистор, 3 монитор, 1 металіздегіш кабина, 4 қолметаліздегіш детектор, 16 бөлмені салқындатқыш (кондиционер) , 4 телевизор пайдаланылды.

3 маусым күні №262 мектеп-гимназияда өткізілген ҰБТ кезінде толық ҰБТ өткізу талаптары сақталды, ұялы байланыс тұнықтырғышы, видеожазбалар жұмыс жасап тұрды. Техникалық деңгей өте жоғары деңгейде болды, мұны министрліктен келген өкілдер де мақұлдады.

Министрлік өкілдері тарапынан уақытынан ерте аудиториядан шығарылған оқушылар болған жоқ.

Ауданның орташа балдық көрсеткіші былтырғы оқу жылында 70,91 – ті құраса, биылғы жылы 72,71 болды. Ауданның орташа балдық көрсеткішінен былтыр 16 мектеп жоғары болса, биыл 22 мектеп жоғары деңгейде болды. Оларды атасақ: № 72, № 248, № 20, № 2, №75, №262, №230, №22, №82, №62, №61, №231, №13, №177, №71, №66, №21, №58, №64, №67, №73, №83 орта мектептер. ҰБТ-ге 20 және одан көп мектеп бітірушілері қатысқан мектептер арасында ең жоғарғы 80,97 орташа балдық көрсеткішпен №262 мектеп-гимназия алдыға шықты. Сонымен бірге №62, №13, №177, №21, №64, №83 орта мектептерді атауға болады.

Аудан мектептері арасынан орташа баллы бойынша ең төменгі көрсеткіш иеленген мектептер: №66 орта мектебі – 41,33 балл (мектеп директоры Ібаев Лепес), №74 орта мектебі – 59,25 балл (мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Жұмағалиева Ботагөз ), №81 орта мектебі – 59,75 балл (мектеп директоры Есенбаева Бағила), №260 орта мектеп – 62,82 балл (мектеп директоры Сауяев Айтуған).

Облыс бойынша орташа балл мен «Алтын белгіні» қорғау көрсеткіші төмендегідей:



рс

Аудандар

Орташа балы

«Алтын белгіге » үміткерлер саны

«Алтын белгіні » қорғағаны

1

Қармақшы

76,8

16

5

2

Қызылорда

75,2

106

39

3

Шиелі

75,2

12

5

4

Қазалы

75,2

10

5

5

Жалағаш

74,8

11

4

6

Арал

72,71

20

6

7

Сырдария

69,3

10

4

8

Жаңақорған

68,5

18

3

Аудан бойынша «Алтын белгі» белгісіне 20 (оның 10-ы қала, 10-ы дала мектептерінен), үздік аттестатқа 2 (оның 2-уі де дала мектебінен) үміткер болатын. ҰБТ қорытындысымен 6 «Алтын белгі» үміткері (30 пайыз) қорғады, яғни:















мектеп

үміткер саны

қорғағаны

қорғаупайызы

Қорғағандар




№13

2

1

50%

Сағнадинова Айжан




№14

2

 

0%

 




№62

2

 

0%

 




№64

1

 

0%

 




№220

1

 

0%

 




№19

2

1

50%

Панаев Бекайдар




№57

2

1

50%

СаржановаФариза




№63

1

1

100%

БөкешоваСәнира




№177

4

1

25%

Мұханбетшарип Фарида







№248

1

 

0%

 




№262

2

1

50%

Манепов Санжар




Барлығы

20

6

30%

 







Ережеге сәйкес 1 балл жетпеген 2 үміткер №248 орта мектебінен Отарбаева Бақытжан, №262 мектеп-гимназиядан Тулеева Күлмарам «Үздік аттестат» иеленетін болады.

Ал, «үздік аттестатқа» үміткер№19 орта мектебінің мектеп бітірушісі Сариева Тумар қорғап шықты.

100 және одан жоғары балл иеленген бала саны – 30, (6 пайыз), атап айтсақ, №13 – 2, №14 - 3, № 62 – 2, №64 – 2, №83 - 1, №220 - 1, №262 – 4, №2 – 1, № 19 – 3, №20 -1, №57 -2, №63 -1, №75 -1, №81 -1, №177 -4, №248 -1.

Қазақ тілі пәнінен 8 оқушы, қазақстан тарихынан 7 оқушы, биологиядан 1 оқушы, математикадан 2 оқушы 25 балл жинады.




рс

Мектеп атаулары

Оқушының аты жөні

Қазақ тілі

1

№262

Қарағұлова Маржан Ғабитқызы

25

2

№262

Қуандықова Нәзерке Қыранқызы

25

3

№19

Әбдісадықова Көркем Нұрталапқызы

25

4

№20

Шәкір Айдос Ғанижанұлы

25

5

№21

Муратова Айдана Жеткергеновна

25

6

№220

Мошанова Меруерт Оңалбекқызы

25

7

№57

Саржанова Фәриза Саржанқызы

25

8

№14

Таласова Назгүл Жомартқызы

25



рс

Мектеп атаулары

Оқушының аты жөні

Қазақстан тарихы

1

№62

Сражадинова Шаһарбану Ерболатқызы

25

2

№262

Манепов Санжар Алтынбекұлы

25

3

№63

Бөкешова Сәнира Алмасқызы

25

4

№262

Тулеева Кулмарам Алмасовна

25

5

№262

Артықбаева Әсел Жомартқызы

25

6

№62

Алпысбаева Балшырын Зауырбайқызы

25

7

№19

Сәдірбаев Әділбек Тұрсынбайұлы

25




рс

Мектеп атаулары

Оқушының аты жөні

Биология

1

СШ №21

Тұрсын Лаура Бертайқызы

25



рс

Мектеп атаулары

Оқушының аты жөні

Математика

1

№262

Манепов Санжар Алтынбекұлы

25

2

№13

Сағнадинова Айжан Бақытжанқызы

25

ҰБТ қорытындысы бойынша қазақ тілі пәнінің орташа балдық көрсеткіші – 18,32, орыс тілінен – 12,05, Қазақстан тарихынан -16,77, математика пәнінен - 10,24 болды. ҰБТ-ге қатысқан 494 мектеп бітірушінің 139-і физика пәнін (28 пайыз), 12-і ағылшын пәнін (2 пайыз), 62-і география пәнін (13 пайыз), 234-і биология пәнін (47 пайыз), 9-і жалпы тарих пәнін (2 пайыз), 30-і әдебиет пәнін (6 пайыз), 8-ы химия пәнін (2 пайыз) таңдады.






Пән атаулары

Оқушы саны

Орташа баллы




Негізгі пәндер:

494 (100%)




1

Қазақ тілі




18,32

2

Орыс тілі




12,05

3

Қазақстан тарихы




16,77

4

Математика




10,24




Негізгі пәндер:




15,34

5

Ағылшын тілі

12 (2%)

18,08

6

Биология

234 (47%)

16,5

7

Жалпы тарих

9 (2%)

16,22

8

География

62 (13%)

17,27

9

Әдебиет

30 (6%)

16,4

10

Физика

139 (28%)

11,8

11

Химия

8 (2%)

18,63

Жалпы таңдау пәні бойынша 15,34 орташа балдық көрсеткішінен 15 мектеп (№20, №71, №68, №87, №22, №260, №81, №248, №74, №59, №220, №19, №14, №200, №66 орта мектептер )төмен болды:

- орыс тілі пәні бойынша аудандық орташа балдық көрсеткіштен 18 мектеп төмен, ең төменгі 5 мектепті атасақ, №66, №81, №69, №74 және №68;

- математика пәні бойынша аудандық орташа балдық көрсеткіштен 22 мектеп төмен, ең төменгі 5 мектепті атасақ, №81, №65, №260, №66 және №58;

-Қазақстан тарихы пәні бойынша аудандық орташа балдық көрсеткіштен 17 мектеп төмен, ең төменгі 5 мектепті атасақ, №66, №69, №68, №81 және №77;

- физика пәнін 26 мектеп оқушылары таңдаған, аудандық орташа балдық көрсеткіштен 9 мектеп төмен, ең төменгі 5 мектепті атасақ, №59, №57, №260, №82 және №220;

- ағылшын тілі пәнін 6 мектеп оқушылары таңдаған, аудандық орташа балдық көрсеткіштен 3 мектеп төмен, осы мектептерді атасақ, №67, №64, және №14;

- география пәнін 22 мектеп оқушылары таңдаған, аудандық орташа балдық көрсеткіштен 11 мектеп төмен, ең төменгі 5 мектепті атасақ, №220, №77, №59, №19 және №177;

- биология пәнін 37 мектеп оқушылары таңдаған, аудандық орташа балдық көрсеткіштен 19 мектеп төмен, ең төменгі 5 мектепті атасақ, №66, №74, №200, №58 және №71;

- әдебиет пәнін 19 мектеп оқушылары таңдаған, аудандық орташа балдық көрсеткіштен 9 мектеп төмен, ең төменгі 5 мектепті атасақ, №87, №59, №83, №64 және №75;

- химия пәнін 6 мектеп оқушылары таңдаған, аудандық орташа балдық көрсеткіштен 2 мектеп төмен, осы мектептерді атасақ, №59, №62.

ҰБТ-ге қатысқан 494 мектеп бітірушінің 30-ы 100 және 100-ден жоғары балл иеленсе, 241-і 71-99 балл аралығын, 188-і 50-70 балл аралығын жинаса, шекті балдан 35 – ы, яғни №13 – 3, №14-5, №62-1, №64 -1, №83 – 3, №220 -3, №260 -1, №262- 2, №19 -5, №21 -1, №57 -1, №59 -1, №66-2, №74 - 3, №87 – 2, №177 - 1 оқушы (7 пайыз) өтпеді.

ҰБТ қорытындысы бойынша 29 оқушы «2» деп бағаланды, оның ішінде №14 орта мектебінің 1 оқушысы үш пәннен (қазақстан тарихы, математика, физикадан) «2», №19 және №21 мектептердің бір-бір оқушысы екі пәннен (орыс тілі мен математикадан) «2» деп бағаланды:

- орыс тілі пәнінен 6 оқушы «2» деп бағаланды, оның ішінде

№19 орта мектептен – 1 оқушы, №21 орта мектептен – 1 оқушы, №62 орта мектептен – 1 оқушы, №74 орта мектептен – 2 оқушы, №87 орта мектептен – 1 оқушы;

- Қазақстан тарихы пәнінен 3 оқушы «2» деп бағаланды,

№262 орта мектептен, №14 орта мектептен, №59 орта мектептерден бір-бір оқушыдан;

- физика пәнінен 5 оқушы «2» деп бағаланды,



№14 орта мектептен 2 оқушы, №220 орта мектеп 1 оқушы, №87 орта мектептен 1 оқушы , №13 орта мектептен 1 оқушы;

  • математика пәнінен 19 оқушы «2» деп бағаланды, №14 - 4, №81-1,

№66-1, №65-1, №64-2, №59-1, №57 -1, №260 -1, №231 -1, №220 -1, №21 -1, №19 -2, №177 -2 оқушы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет