«Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты
аттестатты салтанатты түрде табыстау
жиыны
Өтілетін күні, уақыты: 21.06.2023 жыл сағат 10:00 с.
Өтілетін орны: Мектеп акт залы
(акт залы безендірілген, әсем әуен ойнап тұрады)
Жүргізушілер:
1. Жиеналин К.Ж.
2.Ахметова Ж.С.
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және біздің мектеп бітіруші түлектер! Аққулы ауылының жалпы білім беру мектебінің 11 сынып бітіруші түлектерге, жалпы білім беру туралы аттестатты табыстау үшін салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!
2- жүргізуші: Добрый день, дорогие друзья!
Торжественное мероприятие, посвященное вручению аттестатов об окончании общеобразовательной школы, объявляется открытой!
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын. (3 мин)
1-жүргізуші:
Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонағымен таныс болыңыздар: Аудан әкімі ____________________________________
_________________________________________________________________________
2- жүргізуші: Дорогие ребята, вот и настал в вашей жизни момент, когда вы получите свой первый школьный аттестат, который даст вам дорогу в самосотоятельную жизнь и право на обучение в колледже или высшем учебном заведении. Поэтому, где бы вы ни были, помните нашу школу, не забывайте своих учителей, своими делами и поступками идите только вперед!
1-жүргізуші:
Мектебімнің қиынына күйгені,
Табыстарға мәз-мәйрам боп жүргені.
Сіздер үшін күйінгені, күлгені,
Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері – дей келе алғашқы сөз кезегі мектебіміздің басшысы Камбаров Руслан Ақынболатұлына беріледі. (2 мин)
1 жүргізуші:
Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,
Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.
Өмір теңіз толқындарын көргенде
Асыл аға тілегіңді аңсармын, — демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонағы, _______________________________________сөз береміз. (5 мин)
1-жүргізуші:
Шығыңдар білім шыңына,
Батамыз осы сендерге.
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте-дей келе, аттестат тапсыру рәсімі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мырзатаева Бибинур Еламановнаға тапсырылады.
(Салтанатты түрде аттестат табыстау)
Аубакиров Аділет Алманбетұлы
Әлтай Мынжасар Ерсаинұлы
Байқан Бахытжан Сағадатұлы
Бабажанов Ануар Қайратұлы
Бекжанова Мерей Алпысбайқызы
Балташ Бақытжан Боранбайқызы
Дюсенбек Әсемгүл Дәулетқызы
Кабдығалым Дильназ Төлеубайқызы
Каипов Адиль Кудайбергенович
Магауина Анеля Сембаевна
Мырзахан Ермахан Ардақұлы
Сабитхан Ақжарқын Хабиұлы
Садуакасов Данат Мұратұлы.
Садық Нұргүл Ержанқызы
Скокова Жасмин Алексеевна
Умурзакова Дильназ Бейбитовна
Шакиров Дияс Абенович
Выдать аттестат о среднем образовании
Құдайберген Әділ
Мукашев Разиддин
Амиржанов Расул
Мукашев Сагидолла
Капсалямов Азат
Судомойкин Кирилл
2- жүргізуші:
Любой из нас помнит свой первый звонок, первый урок, первые школьные праздники. И все это связано с прекрасным именем – Учитель. Учитель… Как много в этом слове. Он встречает нас у школьного порога и ведет по дороге знаний, помогает найти себя. Учитель не только учит нас решать задачи и вставлять пропущенные буквы, он учит нас разбираться в людях, в самом себе, учит жить, познавать мир, быть добрыми и мудрыми, мечтает, чтобы из нас выросли настоящие люди.
Слово предоставляется классным руководителям Садаковой Самал Канатовне и Шакеновой Меруерт Аскаровне.
1-жүргізуші:
Бала үшін күйетін ана жүрек,
Бала үшін қуанар ата тілек.
Бала,бала деуменен самайды да,
Қырау шалды ол айтсын ізгі тілек.
Өзінің ата-аналық борыштарын ақырына дейін адал атқарып, бүгінгі бақытты күнге дейін шаршамай - талмай жеткен әкелеріміз бен аналарымызға бас иеміз! Сіздердің ұлдарыңыз бен қыздарыңыз оқудағы табыстары тек ұстаздардың тәрбиесі мен ықыласы ғана емес, сонымен қатар ата-ананың игілігі, баласына деген махабаты. Сондықтан да жақсы оқуы, әдепті де инабатты, дарынды әрі бетке ұстар шәкірт болуы сіздердің жетістіктеріңіз. Сіз мектеп өміріне белсенді араласып, балаңыздың оқуына көңіл бөліп жүрдіңіз, бізге шамаңыз келгенше көмектесіп, мектеп пен үнемі байланыс орната білдіңіз. Мың алғыс сізге, құрметті ата-аналар!
Ата-аналар атынан құттықтау сөз беріледі.
2-жүргізуші:
Вот закончилось ученье,
Может для кого – мученье,
Секрет не будем раскрывать,
Есть у вас, что нам сказать?
Ответное слово выпускников.
Құттықтау сөз 11 сынып оқушыларына беріледі.
Ән: «Ұстазым» орындайды.
1-жүргізуші:
Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Асқақ арман шыңдарына талмай самғай беріңіздер! Осымен мектеп бітірушілерге арналған салтанатты жиын жабық деп жарияланады.
2-жүргізуші: На этом наша торжественная церемония вручения выпусникам аттестата за курс средней школы объявляется закрытой!
Достарыңызбен бөлісу: |