Арал ауданындағы білім саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама (12 ай 2014 жыл) Жалпы білім беру ұйымдары туралы мәлімет



Дата25.02.2016
өлшемі312.82 Kb.
#22285
Арал ауданындағы білім саласы бойынша

атқарылған жұмыстар туралы

анықтама (12 ай 2014 жыл)
Жалпы білім беру ұйымдары туралы мәлімет:

Бүгінгі таңда ауданда 38 орта, 6 негізгі, 8 бастауыш, 25 балабақша, 17 шағын орталық, 37 жарты күндік шағын орталықтар, 3 мектептен тыс мекеме және 1 кешкі мектеп бар. Мектептерде 14798 оқушы, шағын орталықтар мен балабақшаларда 4493 бала, мектептен тыс мекемелерге 1272, кешкі мектепке 74 оқушы қамтылған. Оларға биылғы оқу жылында 2034 мұғалім (1852 – жоғары, 182 – арнаулы орта білімді), ал балабақшаларда 464 (250 – жоғары, 214 – арнаулы орта білімді) педагогикалық мамандар дәріс береді. Мектептердегі мұғалімдердің 34 – жоғары, 637 – бірінші, 785 – екінші, ал балабақшалардағы 26 – бірінші, 164 – екінші санаттағы мамандар болып табылады.



Педагог мамандардың біліктілігін арттыруы:

Аудан бойынша соңғы 5 жыл ішінде 1600-ге жуық педагог мамандар біліктілігін артыру курстарынан өтсе, 2015 жылы 500-ге жуық педагог қызметкерлер курстан өтуге сұраныс беріп отыр. Бұл барлық педагогтардың 25 пайызын құрайды. 2012, 2013 жылы 180 педагог қызметкер үшдеңгейлі біліктілігін арттыру курстарынан өтсе, 2014 жылы 133 маман курстан өтіп отыр.



Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары туралы мәлімет:

2012-2015 жылдар аралығында мектеп дейінгі жастағы балалардың қамтылуы:

2012ж-мектепке дейінгі мекеме саны-77, қамтылған бала-3612, пайызы-72,4.

2013ж-мектепке дейінгі мекеме саны-79, қамтылған бала-4097, пайызы-83,7.

2014ж-мектепке дейінгі мекеме саны-82, қамтылған бала-4202, пайызы-85,8.

2015ж-мектепке дейінгі мекеме саны-85, қамтылатын бала-4617, пайызы-90,4.

Қараша айынан бастап Арал қаласынан республикалық бюджеттен 12 топтық 280 орындық «Сартай» балабақшасы, Аманөткел елді мекенінен 1 топтық 25 орындық шағын орталық, Жалаңаш елді мекенінде орналасқан 75 орындық «Желкен» балабақшасы 90 орындық балабақша болып қайта салынып қолданысқа берілді.

Қазан айының ішінде Қамыстыбас елдімекенінен 44 балаға арналған «Нұрай» жеке балабақшасы ашылып, қараша айынан бастап Арал қаласынан 50 балаға арналған «Еңлік» және желтоқсан айынан бастап 30 орындық «Інжу» жеке балабақшалары ашылып, тәрбиеленушілерді қабылдап, тәрбиелеуде.

Алдағы уақытта 3-6 жастағы балаларды 100 пайыз қамту мақсатында Аққұлақ елді мекенінен 20 орындық, Көктем елді мекенінен 20 орындық,Үкілісай елді мекенінен 20 орындық, Ерімбетжаға елді мекенінен 20 орындық, Ақеспе елді мекенінен 20 орындық, Құланды елді мекенінен 20 орындық балабақша, Бекбауыл елді мекеніндегі №65 мектеп жанынан 40 орындық толық шағын орталық және де Арал қаласынан 100 орындық, 45 орындық жеке балабақша ашу жоспарланып, қадамдық жоспарға енгізілді.

Жалпы орта білім беру ұйымдарының құрылысы туралы мәлімет: Арал ауданы бойынша 2016 жылға дейін құрылысын салуға жататын білім нысандарының кезектілік тізбесінде 26 жалпы орта білім беретін білім мекемелері мен 22 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары енгізілген. Соның ішінде, Тоқабай елді мекеніндегі 140 орындық № 248 орта мектебі және Қосаман елді мекеніндегі 100 орындық № 68 орта мектептердің құрылысы, №230 орта мектебі Жіңішкеқұм, №237 негізгі мектебі Ақеспе, №74 орта мектебі Жаңақұрылыс елді мекеніндегі жаңа типтік мектеп құрылыстары жүргізілуде. №20 орта мектебі Бөген, №65 орта мектебі Бекбауыл, Құмбазар елді мекеніндегі 100 орындық №200 орта мектептің құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Оқу жылында Арал қаласындағы 280 орындық және Мергенсай елді-мекеніндегі 90 орындық балабақшалары, Қарашалаң елді мекеніндегі 100 орындық №75 орта мектебінің құрылысы пайдалануға берілді.

Жәй жөндеу жұмыстары бойынша мектептерге 22 246,0 теңге, мектепке дейінгі білім мекемелеріне 5 344,0 теңге, мектеп тыс мекемелерге 1 780,0 теңге бөлінді. Оған сырлау, әктеу, сылау, пешпен жылытылатын мекемелердің пештері жаңартылды.

Күрделі жөндеу.

«Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2014 жылға аудандық білім бөліміне қарайтын 3 мектептерде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 235178,0 мың теңге, қалған нысандардағы ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджеттен 24789,0 мың теңге қаржы бөлінді. Арал қаласындағы № 13, 220 орта мектеп ғимараттары мен Шижаға елді мекеніндегі Е. Көшербаев атындағы № 57 орта мектебіне, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп аяқталды.

2014 жылдың шілде айында Сексеуіл кентіндегі 2 мектеп және 1 балабақшаға (№87, «Жауқазын» балабақшасы) күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Білім саласындағы жылу беруге байланысты атқарылған жұмыстар:

Аудандық білім бөліміне 74 мекеменің, оның ішінде 37 орта, 6 негізгі және 8 бастауыш мектептер, 19 бала бақша, 3 мектептен тыс мекеме (кешкі мектеп, өнер мектебі, оқушылар үйі) және «Ұландар» лагері бар. 74 мекеменің ішінде аудандық білім бөліміне қарайтын 34 мекеме ғимараты бу қазандығынан жылу алады, атап айтсақ:

1) 7-де қатты отын (көмір);

2) 27-де сұйық отын (солярка);

3) 2 мекеме, олар Сексеуіл кентіндегі «Жауқазын» бала бақшасы мен №87 орта мектебі орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған;

4) қалған 38 мекеме пешпен жылытылады.



2014-2015 жылдардың жылу беру маусымына 3479 тонна көмір сатып алуға аудандық бюджеттен 36386,3 мың теңге, 2426 тонна сұйық отын сатып алуға 225421,7 мың теңге және орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 2 мекемеге (Сексеуіл кентіндегі «Жауқазын» бала бақшасы мен № 87 орта мектебі) 6799,0 мың теңге, барлығы 268607,0 мың теңге бөлінді. Қатты және сұйық отынның мемлекеттік сатып алулары өткізіліп, келісім шарттар жасалды. Бөлім мекемелері 2014 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығындағы отындарын толық алды. Үстіміздегі жылдың қазан-желтоқсан айларында отын жеткізу кестесіне сәйкес тиісті отын қорымен жабдықталды.

Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы туралы мәлімет: Білім сапасын жақсарту мақсатында білім ордаларының материалдық-техникалық базасының қазіргі заман талабына сай жабдықталуына баса назар аударылып келеді. Бүгінгі таңда ауданның 29 мектебі 31 мультимедиялық кабинетпен, 7 физика, 14 химия, 14 биология кабинеттерімен, қаладағы 9 және ауылдық елді мекендердегі 8 мектеп әмбебап интерактивті (интерактивті физика, химия, биология) кабинеттерімен жабдықталған.

Жылдар

Кабинеттер атауы

Құрал - жабдықтар

Бөлінген қаржы (мың теңге)

Мультимедия

Химия

Физика

Биология

Шеберхана

Спорт

2009

7

2

-

4

-

13

55325,0

2010

4

-

-

3

-

2

35047,0

2011

3

-

-

5

-

-

37108,0

2012

-

3

-

-

-

-

12241,0

2013

-

4

-

-

-

-

16418,0

2014

-

3

-

-

-

-

12291,0

Биыл 2014 жылы 3 мектепке химия кабинеттері алынды, атап айтар болсақ №№ 62, 64, 262 мектептер.

Сонымен қатар аудан мектептері қазіргі кезде 1313 комплекті компьютермен жабдықталған. Бұл әрбір 11 оқушыға бір компьютерден келеді деген сөз. 48 мектеп интернет желісіне қосылған. Олардың 16-ы жолақты, 7-уі спутниктік интернет жүйесі бойынша жұмыс істейді.

Аудан мектептеріне 2014 жылы 19228,205 мың теңгеге 926 дана «Эрисман» партасы, 406862 теңгеге 7 дана мұздатқыш, 86688 теңгеге 1 дана видеопроектор, 15600 теңгеге музыкалық орталық, 109898 теңгеге 3 дана принтер, 132000 теңгеге 4 дана ұялы телефон байланысын тұншықтырғыш, 18899,300 мың теңгеге 7 автокөлік және 2096,994 мың теңгеге асхана және мектеп жиһаздары сатып алынды.

Оқушылар тасымалы туралы мәлімет: Үстіміздегі оқу жылының ІІ оқу тоқсанының есебі бойынша аудан орталығынан шалғай орналасқан № 82 Қаратерең орта мектебіне Тастақ және көне Қаратерең елді мекендерінен (5,5 км) 5-11 сынып аралығындағы 43 оқушы екі мезгіл СТК (Селолық тұтынынушылар коперативі) мекемесінің УАЗ -22060 көлігімен тасымалданады.

2015 жылға осы мектепке оқушыларды тасымалдауға жаңа көлік алуға аудандық бюджеттен 2700,0 мың теңге қаржы қаралып отыр.

№ 237 Сарбасат негізгі мектебіне «Қосбелгі» ауылынан (3 км-ге жуық) 25 бала тасымалданады. Биылғы жылы аудандық бюджеттен УАЗ -220695-440-04 автокөлігі алынып, оған қоса жанармайға қажетті қаржы және жүргізуші штаты қаралып, санитарлық норма талабына сай оқушылар тасымалдануда.

Жақсықылыш елді мекеніндегі № 19 орта мектептен шалғай орналасқан мөлтекаудандарынан 1-6 сыныптың 113 оқушысы тасымалдануда. Бұл мектепке де аудандық бюджеттен УАЗ -220695-440-04 автокөлігі алынып, оған қоса жанармайға қажетті қаржы бөлінді (жүргізуші штаты бұрыннан бар). Санитарлық норма талабына сай тасымалдануда.

2011 жылы 5300,0 мың теңгеге қаладағы № 262 мектеп – гимназияға балалардың тасымалын қамтамасыз етуге арналған ПАЗ – 32054 автокөлігі алынған болатын. Қаражат мәселесі толық шешімін тауып, 112 оқушыны тасымалдануда.

Арал ауданы бойынша 4 мектепке 293 оқушы тасымалдануда.



Жалпыға бірдей білім беру қорының орындалуы туралы мәлімет: Жалпы білім беретін мектептерге аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын қолдау мақсатында жалпыға бірдей білім беру қорына бөлінетін қаржы қазіргі таңда 3 пайызды құрап, оның ішінде 86 пайызы ыстық тамаққа қаралған.

Жылдар

Жалпыға бірдей білім беру қорына бөлінген қаржы (мың теңге)

Ыстық тамаққа қаралған қаржы (мың теңге)

2014

120746,0 мың теңге (3 пайыз)

104594,0 мың теңге (86 пайыз)

Қазіргі таңда аз қамтамасыз етілген отбасының 3601 баласы (100 пайыз) ыстық тамақпен қамтылса, соның ішінде 1-сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Асхана мәселесі: Аудандағы 51 мектептің 43-інде асхана бар, оның ішінде 18-і жаңа технологиялық құралдармен (құрылысы жаңадан салынған мектептерден өзге 8 мектепке (№ 13,62,83,220,260,20,57,177 ом) 2009 жылы 4697,6 мың теңгеге асхана құрал-жабдықтары алынды) жабдықталған, 18-інің құрал-жабдықтары ескірген. 8 бастауыш мектептің 4-уінде (Ескұра, Ақшатау, Атанши, Мойнақ) буфет ашылса, қалған 4-уінде (Жалғызағым, Көнту, Водакачка, Құрлық) буфет ашуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Кітап қоры мен оқушылардың оқулықпен қамтылуы туралы мәлімет: 2013-2014 оқу жылында аудан мектептерінің кітапханаларындағы жалпы кітаптың қоры 328513, оның ішінде мектеп оқулықтары 240020, оқырмандар саны 14112. Биылғы 2013/2014 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен «Атамұра», «Алматыкітап», «Мектеп», «Арман ПВ» баспалары бойынша 37686 дана оқулық 26449000 теңгеге атап айтқанда, 1- сыныптар үшін ағылшын пәні, 5-сыныптар үшін информатика пәні, 2-9 сыныптар үшін барлық пәндер бойынша оқулықтар алынып таратылды. Жыл сайын мектеп кітапханаларындағы оқулықтар қоры жергілікті бюджет есебінен толықтырылады.

Жылдар

Жалпы бөлінген қаржы (мың теңге)

Оның ішінде, оқулыққа бөлінген қаржы (мың теңге)

Алынған оқулық саны

(дана)

Қамтылу пайызы

2013

26449,0

26449,0

37686

97

2014

33175.0

33175.0

44236

100

2013 жылдың 18-ші жұлдызында №260 мектепте «Көпшілік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі әдістері, кітапханада іс-құжаттар жүргізудің түрлері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Мақсаты оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, жан-жақты дамыған баланы тәрбиелеуге көмектесу.

22 сәуір «Халықаралық кітап күніне орай» мектеп кітапханаларында апталық өткізіліп, қорытындысы №262 мектеп-гимназия базасында қорытындыланды.

2014 жылдың сәуір-мамыр айлдарында мемлекеттік қызметшілерді және бөджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктіліктілігін арттыру өңірлік оқу орталығындағы «Мектеп кітапханаларының қызметін жетілдіру жолдары» тақырыбында мектеп кітапханашыларының семинарына аудан мектептерінің кітапханашылары қатысып, білім жетілдіру курстарынан өтті.

2014 жылдың бірінші жарты жылдығына мектептер мен мектептен тыс мекемелер арасында басылымдарға жазылу жұмыстары жүргізілді. Барлық аудан бойынша берілген меже 7657 дана болса, оның жазылғаны 7230 дана яғни 95 пайызға орындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 қаулысының 79 тармағына сәйкес, 2015 жылы жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының барлық оқушыларын жергілікті бюджеттер есебінен жыл сайын кезең - кезеңімен 100 пайыз оқулықтарды қайта басып шығару кестесіне сәйкес сатып алу жолымен тегін оқулықтармен және оқу әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету қажеттігі көрсетілген.

2014-2015 оқу жылында мектеп оқушыларына оқулықтар сатып алу үшін жергілікті бюджеттен барлығы 33175000 мың теңге қаржы бөлініп, оған «Атамұра», «Мектеп», «Арман ПВ», «Алматыкітап», «Жазушы» баспалары бойынша қайта басып шығару кестесіне сәйкес 3-10 сыныптардың барлық пәндері, жалпы білім беретін мектептің жаңа оқу стандартына сәйкес 2 сыныптың «Ағылшын» тілі пәні, 6 сыныптың «Информатика» пәні, оқулықтардың қорын толықтыру мақсатында 1-7 сыныптардың жекелеген пәндері барлығы 44236 оқулық, келісім шартта көрсетілген уақытта 100 пайызға алынды. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға «Өзін-өзі тану» пәндері мен оқушы дәптерлері, әдістемелік нұсқаулықтар мен электронды оқулықтар алынып, таратылып берілді

2015 жылдың бірінші жарты жылдығына барлық білім салалары мен мектептен тыс мекемелер межеде көрсетілген басылымдарға жазылу жұмыстарын жүргізіп, уақытылы қаржысын аударуда.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытумен қамту мәселесі туралы мәлімет: Қазіргі таңда аудан бойынша 380 мүмкіндігі шектеулі бала ПМПК (Қазалы кенті) қорытындысы бойынша есепте тұрады. Оның ішінде, мектеп партасында отырған – 147, үйден оқытылатын – 62, әлеуметтік қызмет алушы – 159 бала, балабақшада 12 бала, «Ұмай» қайырымдылық Үйі өз есебіндегі психикалық ауытқуы бар 10 баланы тәрбиелеуде , инклюзивті білім беру жүйесін дамыту мақсатында ППТК өз есебінде тұрған 40 балаға дәрігерлік – педагогикалық – психологиялық түзету көмегін үнемі көрсетсе, 29 мүмкіндігі шектеулі үнемі дәрігер бақылауында.

Сонымен қатар 5 тірек-қимыл аппараты бұзылған, 9 ойлау қабілеті төмен деңгейдегі балалар тұратын мөлтекауданға жақын орналасқан № 83 орта мектеп базасынан 2 арнайы топ (5+9) ашу мақсатында жұмыстар жүргізілуде. І жартыжылдықта мектепте дефектолог штаты беріліп, жұмысын жүргізіде. Білім және ғылым министрлігінің 05.02.2007 жылғы №51 қаулысына сәйкес инклюзивті білім беру жүйесін дамыту мақсатында Арал ауданы бойынша 2 мектептен мүмкіндігі шектеулі оқушыларға толыққанды қызмет көрсету үшін дефектолог штаттық бірлігін ашу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамның ағымынан тыс қалдырмау мақсатында қайырымдылық есебінен 30 үйден оқитын оқушы компьютермен қамтамасыз етілсе, 23 үйден оқитын оқушыға компенсаторлық техникалық құрал берілді. 2011 жылы 12 оқушыга, 2012 жылы 11 оқушыға, 2013 жылы 2 оқушыға бағдарламалық-техникалық құрал алып берілді.

«Алтын балық» балабақшасында «Монтессори» бағыты бойынша балаларға сауықтыру-оңалту жұмыстары орындалуда. Инклюзивті білім беру мақсатында №220 орта мектептен 1 сынып психикалық дамуы тежелген балалар үшін арнайы топ ашылып, №260 орта мектепте сөйлеу қабілеті төмен деңгейдегі балалардың оқуына байланысты дефектолог штаты сұралып аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне хат беріліп жұмыстар жүргізілуде.

Аудан бойынша мектеп психологтары арасында «Жылдың үздік психологі – 2014» байқауы өткізіліп, жеңімпаз №19 орта мектептің психологі К.Ысқақ облыстық турға қатысып І орынмен марапатталып, республикалық турға жолдама алды.

Мектеп оқушылары спартакиадасының жоспарына сәйкес жеңіл атлетика мен футболдан аудандық жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар білім бөлімі мен аудандық дене шынықтыру бөлімінің грамота, медель, кубоктарымен марапатталды.



Олимпиада туралы:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 14 қазандағы және Қызылорда облысының білім басқармасының 2014 жылғы 24 қазандағы №172, аудандық білім бөлімінің №169, 178 бұйрықтары негізінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І, ІІ кезеңдері өткізілді.

Республикалық олимпиаданың І кезеңі, яғни мектепішілік олимпиада аудан мектептерінде 2014 жылдың 15 қарашасы күні өткізіліп, жалпы 2327 оқушы қатысып, 891 оқушы аудандық пән олимпиадасына қатысуға жолдама алды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі, яғни оқушылардың аудандық пән олимпиадасы Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназия базасында 2014 жылдың 11-12 желтоқсаны күндері өткізілді, оған 874 оқушы қатысты.Аудандық олимпиада қорытындысы бойынша 12 оқушы облыстық олимпиадаға қатысуға жолдама алды.



Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде мәлімет:

Қазіргі таңда Арал аудандық білім бөлімінің есебінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны - 90, оның ішінде жетім бала – 41, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – 49.

- Қорғаншылықта - 56 бала, оның ішінде жетімі – 22 бала, ата-ана қамқорлығынсыз қалғаны – 34 бала.

- Қамқоршылықтағы бала – 26, оның ішінде жетімі – 12, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – 14.

- Патронат тәрбиесіндегі бала-8, оның ішінде жетімі – 7, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – 1

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 90 баланың 23-де ата-анасынан қалған үлестік үй бар, 2-де жеке үйі бар. 65 бала «аудандық тұрғын коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне» тұрғын үйге кезекке қойылған.

2014 жылдың 12 айында жалпы саны 30 балаға қорғаншылық және қамқоршылық тағайындалды. 20 балаға қорғаншы, 10 балаға қамқоршы тағайындалды. Оның ішінде 15 - тұл жетім, 15-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 90-нің


60-і мектепте оқиды, олардың бәрі де жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан оқулықтармен және киіммен қамтамасыз етіліп отыр.

- 2014 жылы лагерь жасындағы (мектептегі) балалардың барлығы 60 бала жазғы демалыспен қамтамасыз етілді.

Оның ішінде Республикалық «Бөбек» сауықтыру орталығына қорғаншылықтағы 1 бала, Алматы қаласының маңындағы «Тау Жанашыр» лагеріне қорғаншылық, қамқоршылықтағы – 13 бала, патронат тәрбиесіндегі 1 бала, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданындағы «Таң нұры» лагеріне қамқоршылықтағы 4 бала, астана қаласына саяхатқа қорғаншылықтағы 1 бала, Арал ауданы қала сыртындағы «Ұландар» лагерінде патронат тәрбиесіндегі 4 бала, қамқоршылық, қорғаншылықтағы 10 бала, мектеп жанындағы күндізгі лагерде патронат тәрбиесіндегі 2 бала, қорғаншылықтағы 18 бала демалды.

Мектеп жасындағы жетім және ата-ансының қамқорлығынсыз қалған балалар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Жыл сайын қазан айының 29 жұлдызында «Қамқоршылар күні» атап өтілуде.2014 жылы №260 орта мектебінде аудан мектептерінің қамқоршыларын шақырып, мерекелік шара өткізілді.Жетім балалардың қамқоршылары, патронат тәрбиешілеріне мерекелік сыйлықтар мен алғыс хаттар берілді.

Балалардың бәрі де әлеуметтік көмекпен қамтылған, оның ішінде мүгедектігіне байланысты 2-і зейнетақы алады.

Аудандағы білім мекемелерінде білім алып жаткан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Ризашылық-Добро во благо детям!» атты қайырымдылық мерекесі өткізілді.

Қайырымдылық мерекесіне арнайы іс-шара жоспары жасалынды.Осы жоспар негізінде жұмыстар жүргізілді.



«Мектепке жол» акциясы туралы:

Жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы республикамыздың барлық өңірлерінде осы жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында ұйымдастырылып өткізілуде. «Мектепке жол» акциясы аясында барлық аудан мектептерінде көп баалалы және аз қамтылған отбасы балаларының тізімдері анықталып, демеушілер тарапынан көмектер ұйымдастырылуда.

Аудан бойынша бүгінгі акция қорытындысымен 1097 балаға 3544100 теңге көлемінде көмектер көрсетілді.

Сонымен қатар 2014 жылдың 24 желтоқсан күні Арал ауданы бойынша 12 жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасы балалары Президент атынан өткізілген шыршаға қатысса, 27 желтоқсан күні аудан әкімінің қатысуымен 120 жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасы балаларына тәттілер мен сырт киімдер берілді.



Қосымша білім беру:

Аудандық «Өнер» мектебі

Алматы қаласында 24-28 наурыз аралығында өткен VІ-Республикалық «Асыл мұра» аспаптық орындау және ән-би байқауында ән жанры бойынша Аманбаева Жаннұр – бас жүлде (орта топ), Қасым Ақылбек – І -орын (кіші топ), Қуантқанов Дәулеткерей- І-орын (жоғары топ), Мұхан Жанболат –ІІ-орын (жоғары топ), Сайланов Берекет – ІІ-дәрежелі дипломант (орта топ) атанды.Жетекшісі Омарова Алтынгүл Қазақстан Республикасы Алматы қаласы білім басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Би жанры бойынша «Шаттық» бишілер тобы – бас жүлде (орта топ) алып, Халықаралық «Ғұмырдария» фестиваліне жолдама алды.Жетекшісі Исмагулова Райла – Қазақстан Республикасы Алматы қаласы білім басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Аспаптық орындау домбыра аспабы бойынша Ұзақов Уалихан –ІІ орын (орта топ) иеленді.Жетекшісі Омаралиева Гүлмайра Қазақстан Республикасы Алматы қаласы білім басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Мамыр айында өткен Халықаралық «Ғұмырдария» ән-би фестивалінде «Шаттық» би тобы бас жүлде алды.Жетекшісі Исмагулова Райла Қазақстан Республикасы Алматы қаласы білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

2014 жылдың қараша айында Астана қаласында өткен


І Республикалық «Баян сұлу» өнер конкурсынан ән салу класының оқушысы Жаннұр Аманбаева бас жүлде алып, кубок пен ақшалай сыйлыққа ие болды.Сымбат Бауыржан І орын алып, диплом мен медальмен марапатталды. Жетекшісі Алтынгуль Омарова.

Аудандық «Оқушылар үйі»

2014 жылы сәуір айында «Жас эколог» үйірмесінің мүшесі Шапатуллаев Темірбақты жас натуралистер мен экологтардың «Қазақстан – менің елім» атты Алматыда өткен республикалық форумының ғылыми жобалар сайысында ІІ орын, «Жас натуралист» үйірмесінің мүшесі Сейілханова Нұрай жас натуралистер мен экологтардың «Қазақстан – менің елім» республикалық форумының бейнероликтер сайысында ІІІ орын, «Дизайн» үйірмесінің мүшесі Оңғарова Әйгерім жас натуралистер мен экологтардың «Қазақстан – менің елім» республикалық форумында «Ойдың жүзеге асырылуы» номинациясымен марапатталды.

2014ж. мамыр айында Өңірлік Ұлттық Дельфийлік ойындарында «Ақтолқын» би ансамблі І орын иеленді.

2014ж. қыркүйек айында Облыстық «Бала би» шешендер сайысында және қазан айында «Мамандықтар әлеміне саяхат» бейнероликтер байқауында І орындар иеленді.



14 қараша күні аудандық Оқушылар үйінде «Қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесінің мазмұны мен құрылымын жетілдіру жолдары» облыстық семинары өтті.

«Жас Ұлан – жарқын болашақ» 1 желтоқсан тұңғыш президент күніне орай «Жыраулар үйінде» аудандық Жас Ұлан ұйымының жиыны өткізілді.

21 қарашада «Менің елімнің көшбасшысы» тақырыбында оқушылар арасында эссе, шығармалар, өлеңдер байқауының қорытындысы шығарылды.

11 желтоқсан күні оқушылар Үйінің үйірме мүшелері арасында «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты интеллектуалдық сайыс өткізіліп, сайыс қорытындысында «Ең білімді оқушы» атағын «Ағылшын тілі» үйірмесінің мүшесі Г.Советова иеленді.

12 желтоқсан күні Қызылорда қаласында өткен облыстық «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты іс-шарада аудандық «Жас ұлан» ұйымының ұланбасы Н. Шынтемірұлы «Көшбасшы-2014», аудандық оқушылар Үйі директорының орынбасары Г.Садықбаева «Балалар үшін» номинациялары мен марапатталды.

12 желтоқсан күні «Жадымдасың, Желтоқсан!» тақырыбымен өткізілген жыр оқу сайысында І орынды «Инабат» үйірмесінен Ғ. Амантайқызы, «Ағылшын тілі» үйірмесінен А. Құрманбекқызы ІІ орын, С. Жұбатқанов ІІІ орын иеленді. «Тәуелсіздік толғауы» тақырыбындағы жыр-оқу сайысында «Сахна тілі» үйірмесінен С. Мұхаметжан І орын, «Компьютер» үйірмесінен Х. Құлмырзаев және «Инабат» үйірмесінен А. Толғанбекова ІІ орын, «Сахна тілі» үйірмесінен Ж. Әлжанова, Н.Әділкереева, Г. Мейірланқызы ІІІ орынды иеленді.

13 желтоқсан күні «Тәуелсіз елім – тірегім» атты жас суретшілер көрмесі ұйымдастырылып, «Жеткен арман – жаса, Тәуелсіздігім!» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.

15 желтоқсан күні аудандық «Жас ұлан» ұйымының «Тәуелсіз елім - тірегім» атты салтанатты жиыны өткізілді. Жиынға аудандық «Жас ұлан» ұйымының 500 мүшесі қатысып, 60 оқушы «Жас ұлан» ұйымының қатарына қабылданды. Жас ұландықтарды Тәуелсіздік мерекесімен аудан әкімі А.С.Мұхимов құттықтады.

30 желтоқсан күні «Қош келіпсің, Жаңа жыл!» атты Жаңа жылдық ертеңгілік өткізу жоспарлануда.

Оқу - әдістемелік қызметке қатысты жүргізілген жұмыстар туралы:

Үстіміздегі жылы аудан бойынша әзірленген оқу - әдістемелік қызмет жоспары бойынша әдістемелік кеңес беру және қызмет көрсету шаралары өткізіліп отыр. Оның ішінде, қазіргі оқыту парадигмалары, оқыту мен тәрбиелеу үдерісіндегі әдістемелерді жетілдіру, білім сапасын бағлау мен бақылау өлшемдері, рейтингтік көрсеткіштерді мектеп практикасына ендіру арқылы басқарудың негіздері туралы, пәндерге оқушы қызығушылығын және оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы ОЖСБ, ПИЗА, ТИМС критерилерінің ерекшеліктеріне байланысты әдістемелік нұсқаулармен таныстырылды.



Аудандық «Жыл мұғалімі» кәсіби байқауы бойынша анықталған жеңімпаз, жүлдегерлердің іс – тәжірибелері жинақталып, семинарларда, пән бірлесітк отырыстарында жалпыланса, шығармашыл, жаңашыл ұстаздардың жазғы тәжірибе алаңында инновациялық жұмыстар ой елегінен өткізіліп, практикалық шаралар талқыланды. Үздік жұмыс иелері, № 14 мектеп – лицей мұғалімі Ж.Қонарованың, № 62 орта мектеп мұғалімі А.Киікбаевтың, № 81 орта мектептің директоры Б.Есенбаеваның дидактикалық материалдары республикалық «Үздік идеялар фестивалінде» жүлделі орындаға ие болды. Сонымен қатар төмендегіше пәндер бойынша жоспарлы шаралар жүргізілді:

Математика пәні бойынша:

  • Аудандық математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы І және ІІ кезеңдері 2014 жылдың 19-20 қыркүйек күндері Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназия базасында өткізілді, оған аудан мектептерінен 129 математика пәні мұғалімі қатысты, ІІ кезеңге 75 мұғалім өтті. Ұйымдастыру комитетінің шешімімен Олимпиаданың ІІІ туры 2014 жылдың 27 қыркүйегі күні №262 мектеп-гимназия базасында өткізілді, оған 7 математика пәні мұғалімі қатысты.

  • Әбжалиев Алданыш - №13 мектеп, математика пәні мұғалімі;

  • Серғазиев Самат - №14 мектеп, математика пәні мұғалімі;

  • Мыңғышпанов Ақберген - №62 мектеп, математика пәні мұғалімі;

  • Әбілдаева Гүлжан - №19 мектеп, математика пәні мұғалімі;

  • Махашов Алашыбай - №19 мектеп, математика пәні мұғалімі;

  • Әбдіжәлелов Әбдіқадыр - №220 мектеп, математика пәні мұғалімі;

  • Сауяев Айтуған - №260 мектеп, математика пәні мұғалімі;

  • Әділқазылар алқасының төрағасы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің қызметкерлері мен аудандық кәсіподақ мүшелері олимпиаданың өз деңгейінді өткізілуіне және жеңімпаздарды анықтауда әділ төрелік жасауға мүмкіндік жасады.

  • 2014 жылдың 4 қазаны күні Ұстаздар мерекесі орай өткізілген іс-шара барысында аудан әкімі А.С.Мухимов жеңімпаздарды марапаттады.

  • І орын - №62 мектептің математика пәні мұғалімі Мыңғышпанов Ақберген – Лада -21214-028-40 автокөлігінің кілті табысталды;

  • ІІ орын - №260 мектептің математика пәні мұғалімі Сауяев Айтуған – 500 мың теңге ақшалай сыйлықпен;

  • ІІІ орын - №13 мектептің математика пәні мұғалімі Әбжалиев Алданыш – 300 мың теңге ақшалай сыйлықпен;

  • ІІІ орын - №19 мектептің математика пәні мұғалімі Әбілдаева Гүлжан – 300 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталса,

  • Ынталандыру сыйлығы - №14 мектептің математика пәні мұғалімі Серғазиев Самат – ноутбукпен;

  • Ынталандыру сыйлығы - №19 мектептің математика пәні мұғалімі Махашов Алашыбай – ноутбукпен;

  • Ынталандыру сыйлығы - №220 мектептің математика пәні мұғалімі Әбдіжалелов Әбдіқадыр – ноутбукпен марапатталды.

  • Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәні бойынша:

  • Ауданда 38 орта мектеп жұмыс жасайды. АӘД пәні барлық мектептерде бағдарламаға сәйкес өткізіледі. Аудандағы 38 орта мектептерде 38 мұғалім АӘД пәнінен сабақ берсе, олардың 13-і офицер, 1-і прапорщик, 10-ы сержант,12-і қатардағы жауынгер болса, олардын 36-ы жоғары білімді, 2-і аяқталмаған жоғары, 2-і арнаулы орта білімді. 5-уі І санатты, 8-уі ІІ санатты мұғалімдер. Білім жетілдіру курстары бойынша 12 жылдық білім беруден 9, төтенше жағдайлар бойынша-26 жетекші өтті. АӘД пәнінің мұғалімдері даталы күндерге арналған сайыстар, патриоттық тәрбие байланысты іс-шаралар және 9-мамыр күні аудандық аланда мерекелік күнге арналған шеру өткізіледі:

  • Оқу жылының аяқталуына байланысты әскери спорттық жарыстар 5 күндік дала жиынын өткіздік.

  • «Жасұлан» әскери-патриоттық клубтар сайысы.

  • «Мерген» оқу қаруына ату сайысы.

  • Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне арналған ардагерлермен кездесу.

  • Ауған соғыс ардагерлерімен кездесулер өткізілді.

  • Аудандық мектеп мұғалімдері және оқушылар арасында әскери-патриоттық әндер фестивалі өткізілді.

  • «Бүгінгі оқушы - ертеңгі ел қорғаушы» тақырыбында Отан алдында борышын орындап келген азаматтармен кездесулер өткізілді.

  • Әскери оқу орындарына түсуге үгіт-насихат жүргізуге байланысты Шучинск қаласының кадет корпусының және Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларында оқитын курсанттармен кездесу өткізілді.

  • АӘД пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру және еңбек санатын көтеру үшін аттестациялар жоспарланған мерзімдерде өткізіледі.

  • Аудан бойынша АӘД пән мұғалімдеріменен айына бір рет әдістемелік күн өткізіледі, ашық сабақтар ұйымдастырылып қорытындылары талқыланды. Тамыз маслихатында бір жылдық әскери-патриоттық іс-шаралар және әдістемелік күндердің жоспарлары бекітілді. Оқу материалдық базасының оқу процесіне дайындығы талқыланды. Осыған сәйкес мектептердің бәріне АК-74М оқу-жаттығу қаруы берілді және 6-7 данадан көрнекі құрал есебіне пайдалануға бейнекассеталар таратылды. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен біріге отырып, бес күндік оқу-дала жиыны өткізілді.

  • Аудан бойынша 36 мектепте қоғамдық негізде әскери-патриоттық бірлестіктер жұмыс жасайды. Құрамына 800 оқушы қамтылған.

  • Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында 2013 жылдың 30 сәуірінде «Жас ұлан-2013» әскери-патриоттық слетінің аудандық кезеңі өткізіліп. Оған ауданның 9 мектебінен 99 оқушы қатысты. Осы сайыстан жеңіпаз болып табылған №13 орта мектептің «Барыс» командасы, 2013 жылдың 24-29 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында өткен республикалық «Жас ұлан» әскери-спорттық сайысқа қатысты. Команда жетекшісі Арал аудандық №13 орта мектептің алғашқы әскери даярлық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Утегенов Ақылбек.

  • Аудандық білім бөлімі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген Ауған соғысы ардагерлерінің ерлік істерін өскелең ұрпаққа насихаттау, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, елжандылықты шыңдау мақсатында іс-шара жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізді.

  • Білім мекемелерінде 2014 жылдың 8-15 ақпан аралығында «Ауғанның асуында от кешкендер», «Ерлер есімі ел есінде», «Интернационалист-жауынгерлер» кеш, «Ұмытылмас есімдер» атты жас ақындар мүшайрасы, «Ауған соғысына қатысқан Қазақстандық жауынгерлер», «Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы ерлік» тақырыптарында тәрбие сағаттары, 9-11 сынып оқушылар арасында «Ерлікке тағзым», «Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы есім», «Ауғанстан соғысының батырлары есімізде», атты кездесулер ауған соғысының ардагерлерінің қатысуымен өткізілді.

  • 2014 жылдың 26 мамыры күні Қызылорда қаласындағы Н.Ә.Назарбаев зияткерлік мектебі мен №264 мектеп-лицей базасында «Отан Қорғаушы-2014» әскери қолданбалы спорт бірлестіктерінің облыстық спартакиадасына аудан командасы қатысып жүлделі 2-ші орынды жеңіп алды.

  • Сонымен бірге білім беру мекемелерінде кіші футболдан, баскетболдан М.Қалмағанбетов атында турнирлер және спорттық сайыстар өткізіліп, жүлдегерлер марапатталды.

  • 08.10.2014 жылы №14 мектеп-лицей базасында «Жеңіл атлетикадан», 15.10.2014ж №64 орта мектеп базасында «Асық атудан», 19.11.2014 ж №260орта мектеп базасында «Дойбыдан» спартакиадалар өткізілді.

  • Оқыту семинарлары:

Р/с

Тақырыбы

Өткізілген күні

Өткізілген орны

Жауапты қызметкер

1

«Оқушылардың зерттеушілік- ізденушілік әрекеттерін ұйымдастыру» тақырыбындағы кезекті тұрақты семинар – кеңесі

2014 жыл




А.Науанова

2

«Заманауи технология тиімділігі» аудандық семинар

наурыз

№83 орта мектеп

А.Науанова

3

«Жас мамандардың кәсіби құзіреттілігін арттырудың педагогикалық алғы шарттары»

қаңтар

№87 орта мектеп

А.Науанова

4

«Орыс тілін оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану»

наурыз

№220 орта мектеп

Ж.Шырманбаева

5

«Сыныпта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдаланудың жолдары» аудандық семинары

наурыз

№220 орта мектеп

Б.Құдайбергенова

6

«Болашақты бірге жасаймыз» тақырыбында ғылыми практикалық

29 наурыз

№262 орта мектеп

Б.Құдайбергенова

7

«Мектепке дейінгі ұйым және отбасының серіктестігі мен ынтымақтастығы негізінде балалардың коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерін жетілдіру»

17 мамыр

№67 орта мектеп

Б.Құдайбергенова

8

«Ойын» технологиясы бойынша оқыту семинары

10 қазан

«Алтын балық» балабақшасы базасында

Б.Құдайбергенова

9

«ЖКШО,МАД, балабақша тәрбиесіне арналған сауат ашу пәні бойынша әуенді технология» семинар-тренинг

05.12.2014

№262 мектеп-гимназия барысында

Аудандық білім бөлімі

10

«Мектепте және мектептер желісінде көшбасшылыққа үйрету» аудандық семинар

08.12.2014

№262 мектеп-гимназия

Аудандық білім бөлімі

11

«Б.Момышұлының рухани адамгершілік және әскери мұрасы» атты мәнерлеп оқу конкурсы

10.12.2014

№260 орта мектепте

Аудандық білім бөлімі



12

«Үздік мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі - 2014»

09.12.2014

«Алтын балық» балабақшасы

Аудандық білім бөлімі

13

«Тәуелсіз елдің ұланымыз» патриаттық әндерден концерт

12.12.2014

Өнер мектебі

Т.Алдашев

14

«Қасиетті, қасіретті Желтоқсан» желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу

14.12.2014

Аудан мектептері

Мектеп директорлары

15

«Тәуелсіздік аңсап күткен елдігім, Тәуелсіз елің - тірегің», «Жасай бер, тұғырлы Қазақстан» , «Тәуелсіз Қазақстан –менің елім» тақырыбында сынып сағаттары

6-10.12.

2014


Аудан мектептері

Мектеп директорлары

ҰБТ-ге дайындық туралы: Биылғы оқу жылының қыркүйек айынан бастап барлық орта білім беретін мектептер негізінде жасалған жылдық іс – шара жоспарында міндетті түрде психологиялық қызмет пен ата – аналармен тығыз байланыс жұмыстары ескерілді. Жоспар негізінде ҰБТ – ға қатысуға өтініш берген оқушылардың деректер базасы жасалды. Бұл оқушылармен қатар қатысуға ниет білдірмеген оқушыларды да жоспар тұрғысында ай сайын алынатын сынама тестілеу жұмыстарына тартылып отыр. Мұндағы мақсат оқушылардың тесттік бағалау шкалалары бойынша өзінің білім, білік, дағдысын таразылауына мүмкіндік жасау. Сынама тестілеу нәтижелері ҰБТ тізіміне кіретін пәндердің аралық бақылау тесті ретінде сынып журналына түсіріліп отырылуда. Мектеп әкімшілігі осы тестілеудің қорытындылары бойынша мониторингтер жасап, айқындалған проблемаларды педагогикалық ұжымда, ата – аналар комитетінде бірлесіп түзеуге байланысты нақты шешімдер қабылдап, оқушыларға, ата – аналарға, педагогтерге ақпараттық және ағартушылық көмек көрсетуде. Соның ішінде, ата – аналарға жаңа буын оқулықтары, оқыту курстарының мазмұны, оқытуды аттестаттаудың жаңа формасы мен бағалау критерилері туралы түсінік беріліп, психологиялық негіздерге сай балаларымен қарым – қатынас жасауға, баласының мамандық таңдаудағы бағытын айқындауына көмек көрсетуге, балалардың жасына сәйкес психологиялық еркешіліктері, алған білімдерін пайдалана біліп, өзін - өзі тануына көмектесу туралы білім алуына көзделген жұмыстар ұйымдастырылды.

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті бойынша үстіміздегі оқу жылының қыркүйегінде № 262 мектеп – гимназия базасында өткен оқу - әдістемелік кеңесте «ҰБТ – ға дайындық жөніндегі сараптамалық кеңес беру қызметінің тиімділігі» тақырыбында мәселе қойып, мектеп директорларының бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасарларына мектеп базасынан мобильді – дифференциаланған топтарды құру ерекшеліктері туралы, мектеп бітіруші түлектерді психологиялық бейімдеу мен мектептегі стресстік жағдайды төмендету, ата – аналармен түсіндірме жұмыстарын үйлестірудің маңызы туралы ақпараттар берсе, қазан айында ҰБТ орталығының директоры А.Аймағамбетовпен бірлесе отырып, оқу ісі жөніндегі орынбасарлармен үстіміздегі оқу жылында өткізілетін ҰБТ мәселесі туралы «ҰБТ: өзекті мәселелер» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде ҰБТ – ның жүргізілу барысы, мектеп бітірушілердің тестке қатысу сипаты, кешенді тестілеу мәселелері төңірегінде мәселелер жан – жақты талданды.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде аудандағы барлық білім беру ұйымдарының басшылары және орынбасарлары оқушыларды ҰБТ – ға дайындаудың жобалау технологиясы бойынша нәтижеге бағдарланған білім беру туралы ұғымдарын қалыптастырып, жұмыс барыстарына енгізсе, «Тестілеу формалары мен оны ұйымдастыру жолдары» курсынан өткізілген мектеп директорының оқу және бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасарлары әрбір оқушының қол жетімді білімді меңгеру деңгейі жайлы нақты да жедел ақпарат алуға мүмкіндік беретін оқыту сапасын бақылаудың тесттік тапсырмаларын оқыту үрдісіне ендіріп, жұмыс жасауда. Осы төңіректегі мәселелерді қамтитын білім бөлімінің медиа – жоспарына сәйкес аудандық «Толқын» газетіне № 62 орта мектептің директоры С.Жанназарованың «Білім сынағы – болашаққа жолдама», № 19 орта мектептің «ҰБТ сынағы – сындарлы сәт» тақырыбындағы баспа материалдары жарияланды.

ҰБТ мәселесіне байланысты үстіміздегі жылдың 2 - 10 қарашасы аралығында № 62, 13, 14, 220, 19, 260, 83 орта мектеп базаларында мектеп бітіруші түлектермен озат тәжірибелі, соның ішінде математика пән олимпиадасының жеңімпаз – жүлдегерлері А.Мыңғышпанов, А.Әбжалиев, С.Серғазиев, Ә.Әбдіжәлелов, А.Махашев, А.Сауяев және облыс әкімі сыйақысының иегерлері биология пәні бойынша Д.Әбдіхалықова, физика пәні бойынша Е.Сәрсенбаеваның дәріс – сабақтары өткізілді. Сонымен қатар № 262 мектеп – гимназия базасында «ҰБТ: Жаратылыстану – математика бағытындағы пәндерді оқыту әдістемелері» тақырыбында конференция өткізіліп, оған қатысқандар ҰБТ – ға дайындаудың тәсілдері мен ерекшеліктері туралы мәселелер қозғап, тәжірибе алмасты. Қазан – желтоқсан айлары аралығында № 14, 220, 64, 262, 75, 21 орта мектептер базасында білім сапасын жетілдірудегі инновациялық технологиялар ерекшелігі мен оқушы жұмысын бағалау нормаларына байланысты оқу – әдістемелік семинар – практикумдар, кеңестер жүргізілді. Онда мектеп бітіруші түлектердің сынама тестілеу қорытындысына жасалынған мониторинг сарапталып, алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс - тәжірибелері таныстырылды.

Үстіміздегі оқу жылында ауданның 37 орта мектебінен (барлық орта мектеп саны 38, құланды елді мекеніндегі №77 орта мектепте 11-сыныпта оқушы жоқ) 695 оқушы бітіргелі отыр. Аудандағы 38 орта мектептің аудан орталығында 10 - ы, ауылдық елді мекендерде 28-і орта мектеп орналасқан.

Үстіміздегі оқу жылының І оқу тоқсанының қорытындысы бойынша 693 мектеп бітіруші (Құланды елді мекеніндегі №77 орта мектебінде 11- сыныпта оқушы жоқ) бар. Қазіргі таңда олардың 36% биология, 29% физика, 14% география, 10% әдебиет, 6% жалпы тарих, 3% шет тілі, 2% химия пәнін таңдап отыр. Бұл көрсеткіш мамандықты таңдаудағы оқушылардан алынған бағдарлы – психологиялық дайындығы бойынша сауалнама – тест жұмыстарының қорытындысымен 96,3 пайызға сәйкестігі анықталды.

Қыркүйек айында барлық мектеп бітірушілерді қамту мақсатында алынған сынама тестілеуге 598 (86,33 пайыз) мектеп бітіруші қатысып, орташа балдық көрсеткіш 58,32 – ны құрады. Қазан айында 590 мектеп бітіруші қатысып орташа балдық көрсеткіш 63,74 болды. Қараша айында 566 мектеп бітіруші қатысып орташа балдық көрсеткіш 64,45 болды.Пәндер бойынша соңғы көрсеткіш:

Биылғы оқу жылында қазан айында

Биылғы оқу жылында қараша айында

математика пәні бойынша – 9,21;

қазақ тілі пәні бойынша – 16,16;

орыс тілі пәні бойынша – 11,91;

Қазақстан тарихы пәні бойынша – 13,64,

Таңдау пәні бойынша – 12,69 – ны құрап отыр.


математика пәні бойынша – 8,54;

қазақ тілі пәні бойынша – 16,56;

орыс тілі пәні бойынша – 10,52;

Қазақстан тарихы пәні бойынша – 14,28;

Таңдау пәні бойынша – 13,41 – ны құрап отыр.

Білім бөлімі тарапынан мектеп бітірушілердің І оқу тоқсанындағы жоғарыда аталған пәндер бойынша үлгерімі мен сынама тестілеу қорытындысы салыстырмалы тұрғыда сарапталып, нәтижесі жұмыс барысында талданып, себеп – салдарын айқындалып, білім беру ұйымдары бойынша мектеп бітірушілерге көрсетіліп жатқан психо - педагогикалық қызметтің сапасы мен табыстылығы дәрежесі анықталып және мектеп басшыларына тағы да нақты тапсырмалар берілді. Бұл ІІ оқу тоқсанынының қорытындысы бойынша да жалғасын табатын болады.

Қазіргі таңда «Алтын белгіге» үміткерлер саны - 30, «Үздік аттестатқа» үміткерлер саны – 4.

Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Жаңақорған ауданындағы «Талды су» лагеріне ауданнан 11 сыныптың 200 оқушысын оқыту (4 119 200 мың теңге) жоспарланып отыр. Оның ішінде «Алтын Белгі» және «Үздік аттестат» иегерлігіне үміткер оқушылар және былтырғы ҰБТ қорытындысы бойынша төменгі көрсеткіш көрсеткен мектептердің оқушыларын қамту басымырақ болады.



Психологиялық қызмет және суицид мәселесі туралы мәлімет:

Жалпы аудан бойынша 44 мектепте 60 психолог жұмыс жасайды, оның ішінде 39 мектепте психолог кабинеті бар, 5 мектепте мектеп директорының орынбасарлармен біріккен кабинет. 2014/2015 жылға арналған кәмелетке толмағандар арасындағы суицидалды мінез-құлықтың алдын алу бойынша аудандық ведомствоаралық іс-қимыл жоспары бекітіліп, аудандағы 44 мектепте психологиялық қызмет құрылды. Аудан мектептерінде 30 әлеуметтік педагог қызмет жасайды, қазіргі таңда мектептерде әлеуметтік педагогтармен жеткілікті дәрежеде қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2013 жылдың сәуір айында мектеп психологтарына арналған көшпелі курстан 47 психолог, тамыз айында 41 психолог өткізілген болатын. 2014 жылы 15 психолог білімдерін жетілдірді, оның 8-і облыстық деңгейде, 7-уі республикалық деңгейде оқытылды.



Балалар мен жасөспірімдерді суицид жасауға итермелейтін жағдайлар мен себептердің алдын алу және анықтау бойынша аудандық жұмысшы тобы құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді.

Аудан бойынша 2 оқушы (№87, №262 мектеп-гимназия) тәуекел тобына есепке алынып, аудандық емхананың психиатр дәрігерімен тығыз байланыста жұмыстар жүргізілуде. Барлық білім беру ұйымдарында балалардың психологиялық жағдайына мониторинг жасау, мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтарды анықтау және «тәуекел тобындағы» балаларды бірінші кезекте спорттық, мәдени немесе мектепішілік үйірмелерге тарту жұмыстары атқарылуда.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет