ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Әдебиеттануға кіріспе»пәні бойынша
Білім беру бағыттар бойынша
050205 – «Қазақ филологиясы»
050117 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтар үшін
оқу тілі қазақ тілі бөлімдері үшін
тестілік тапсырмалар
ҚҰРАСТЫРУШЫ:
филология ғылымдарының кандидаты,
доцент Такиров С.У.
КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ:
филология ғылымдарының кандидаты,
доцент Төлеубаева К.А.
Тест тапсырмаларының көлемі: _300 сұрақ
Құрастырған күні 14.10.09
МАБ сынау тестілеуіне арналған
«Әдебиеттануға кіріспе»пәні бойынша
050205 – «Қазақ филологиясы»
050117 – «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары үшін
оқу тілі қазақ тілі бөлімдері үшін
тестілік тапсырмалардың құрамындағы тақырыптар тізімі
Тақырыптың реті
Тақырыпшаның реті
|
Тақырыптың атауы,
тақырыпшаның атауы
|
7
|
Әдебиеттегі тек пен түр.
|
7.1
|
Әдеби жанр мәселесі.
|
88.1
|
Образдың түрлері.
|
|
Образдың түрлерін көркемдік әдіс, әдеби тек (жанр) және жасалу тәсілі жағынан бөлудің ғылыми мәні.
|
8
|
Образдың түрлері.
|
8.3
|
Лирикалық образ.
|
11
|
Сюжет пен композиция.
|
11.1
|
Сюжеттік оқиғалар мен қаһармандардың өзара қарым-қатынасы., тартыстың нақты көқрініс екендігі
|
13
|
Өлең туралы ғылыми пайымдаулар.
|
13.1
|
Көркем әдебиет тілінің екі түрлі сипаты: а) еркін құрылысты тіл – проза; белгілі бір тәртіптегі, тізбекке түскен тіл – поэзия.
|
1
|
Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі.
|
1.1
|
Қазақстанда әдебиет туралы ғылымның туу, қалыптасу кезеңдері.
|
14
|
Троп және оның түрлері.
|
14.1
|
Әдеби тілді тура мағынасында емес бұрма мағынасында қолданудың ерекшеліктері.
|
3
|
Сөз өнері жайлы ғылымының туу, қалыптасу
|
3.1
|
тарихы.
Сөз өнері жайлы алғашқы топшылаулар.
|
6
|
Қазақстандағы әдеби-эстетикалық пайымдаулардың туу, қалыптасу кезеңдері.
|
6.7
|
Ш.Уалихановтың қазақ әдебиеттануы туралы зерттеулері.
|
12
|
Сюжет пен композиция.
|
12. 5
|
Копозиция – көркем шығарма құрылысы, образдардың өзара жүйелі байланысуы.
|
10
|
Мазмұн мен пішін.
|
10.1
|
Көркем өнердегі мазмұн мен пішін туралы ғылыми пайымдаулар.
|
2
|
Әдебиеттану – сөз өнері жайлы ғылым.
|
2.1
|
Әдебиеттану сөз өнерін зерттейіән ғылым.
|
16
|
Өлең өлшемдері.
|
16.3
|
Өлең құрылымын ажыратудың жолдары.
Бунақ, шумақ, буын, аралас буынды өлең.
Ұйқас
|
16
|
Өлең өлшемдері.
|
16.3
|
Өлең құрылымын ажыратудың жолдары.
Бунақ, шумақ, буын, аралас буынды өлең.
Ұйқас
|
ҚҰРАСТЫРУШЫ:
филология ғылымдарының кандидаты,
доцент Такиров С.У.
КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ:
филология ғылымдарының кандидаты,
доцент Төлеубаева К.А.
Тест тапсырмаларының көлемі: _300 сұрақ
Құрастырған күні 14.10.09
МАБ сынау тестілеуіне арналған
1. Қара өлең - әдеттегі үйреншікті өлең, бұл өлең төрт тармақты, әр тармақта жеке-жеке ой жатады. Сондай-ақ бұл өлең дауысқа негізделеді. Көбінесе төрт тармақты өлеңдер мағынасыз болып келеді."- деген тұжырым кімдікі:
A) С. Сейфуллин.
B) Қ. Жұмалиев.
C) Ш. Уәлиханов.
D) З. Ахметов.
E) З.Қабдолов.
2. «Ой, Ардақ, сен –ақ қоян шыңнан қашқан, Артыңда мен–ақ сұңқар түлек ұшқан» - деген өлең тармақтарында бейнелі сөздердің қандай түрлері қолданған:
A) Теңеу.
B) Эпитет.
C) Метафора.
D) Литота.
E) Синонимия.
3. Драманың жанрлық табиғатын, бітім сипатын танығанда әманда назар аударып, көңіл бөлетін үш маңызды проблема:
A) Драмалық тартыс, драма композициясы, драма мен театр байланысы.
B) Драмалық тартыс, кейіпкер портреті, декорация.
C) Драма тақырыбы, драма идеясы, драма сюжеті.
D) Драманың жанрлық сипаты, мінез мәселесі, фабула.
E) Авторлық ремарка, монолог, диалог.
4. А. Байтұрсынов тіл образдылығы, тіл бейнелілігі деген ұғымды қалай қазақшалаған:
A) Тіл көрнекілігі.
B) Тіл тазалығы.
C) Тіл суреттілігі.
D) Тіл әсемдігі.
E) Тіл нақышы.
5. А. Байтұрсынов әдебиеттің үш тегін қалай атады:
A) Әуезе, толғау, айтыс-тартыс.
B) Эпос, лирика, драма.
C) Ұлы әңгіме, эпос, толғау.
D) Айтыс-тартыс, эпос, ұзақ әңгіме.
E) Ұзақ сөз, көңілді сөз, көсем сөз.
6. Отқа ұшар көбелек,
Қарамай сорлы алды-артын,
Ойына кіріп шықпайды
Күйдірер деп от-жалын, - деген жолдарда тіл ұстартудың қай түріне жатады:
A) Кейіптеу.
B) Бернелеу.
C) Ауыстыру.
D) Теңеу.
E) Бейнелеу.
7. А.Байтұрсынов "ұлы әңгіме" деп қай жанрды атады:
A) Роман.
B) Повесть.
C) Әңгіме.
D) Поэма.
E) Драма.
8. «Дарынды сөз» деп А. Байтұрсынов нені атаған:
A) Шешендік сөз.
B) Қара сөзді.
C) Өлең сөзді.
D) Көсем сөзді.
E) Ауызекі сөзді.
9. Әдеби тек тарапынан бөлгенде әдеби жанрлар қалай бөлінеді:
A) Романтизм, реализм.
B) Роман, повесть, әңгіме.
C) Трагедия, драма, комедия.
D) Новелла, очерк, лирика.
E) Эпос, лирика, драма.
10. Көркемдік әдіс тұрғысынан әдеби жанр екіге бөлінеді:
A) Эпос, лирика.
B) Роман, повесть.
C) Романтизм, реализм.
D) Комедия, трагедия.
E) Реализм, классицизм.
11. Қаламгердің көркем ойды суреттеудегі өзіндік қолтаңбасы, ерекшелігі:
A) Реализм.
B) Стиль.
C) Романтизм.
D) Тақырып.
E) Идея.
12. Сатиралық образдың өзіндік сипаты:
A) Ұнамсыз тип, сықақпен сыналған керексіз, кесір құбылыс.
B) Күлкімен, әжуамен түзеу мақсаты жатады.
C) Қиялдан туған трагедиялық бейне.
D) Өлеңдегі ақынның өз бейнесі.
E) Ұнамды кейіпкер.
13. Шалыс ұйқас қайсы:
A) Аабб.
B) Ааба.
C) Абвгб.
D) Абаб.
E) Аааа.
14. Кезекті ұйқасты тап:
A) Ааба.
B) Аааа.
C) Абвб.
D) Аабвбвббб.
E) Аабб.
15. Аралас ұйқас қайсы:
A) Абабввггджждзз.
B) Абаб.
C) Аабб.
D) Аааа.
E) Аабвбвббб.
16. Төмендегі ұйқастың қайсысы қара өлең ұйқасы:
A) Аааа.
B) Аабб.
C) Ааба.
D) Абаб.
E) Аабв.
17. Аабб қандай ұйқас:
A) Ерікті ұйқас.
B) Егіз ұйқас.
C) Кезекті ұйқас.
D) Аралас ұйқас.
E) Қара өлең ұйқас.
18. Мәз болады болысың
Арқаға ұлық қаққанға.
Шелтірейтіп орысың
Шенді-шекпен жапқанға, - деген өлеңнің ұйқасы қандай:
A) Егіз ұйқас.
B) Кезекті ұйқас.
C) Ерікті ұйқас.
D) Шұбыртпалы ұйқас.
E) Аралас ұйқас.
19. Бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру:
A) Кейіптеу.
B) Метафора.
C) Эпитет.
D) Метонимия.
E) Символ.
20. Табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял-ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян:
A) Әңгіме.
B) Очерк.
C) Новелла.
D) Миф.
E) Фельетон.
21. Есімі елге тараған жеке адамдарды мадақтайтын не болмаса ел ішіндегі елеулі оқиғаларды дәріптейтін аса көтеріңкі, көңілді жанр:
A) Романс.
B) Ода.
C) Идиллия.
D) Эпитафия.
E) Идиллия.
22. Дүниеден өткен кісі туралы жоқтау өлең:
A) Эпиграмма.
B) Эклога.
C) Сюжет.
D) Ода.
E) Эпитафия.
23. Қарапайым адамдар тіршілігін суреттейтін, солардың бастарындағы күйініш-сүйінішті, қуаныш-ренішті, отбасылық тұрмыстың шырғалаңдарын сөз ететін, сезімге табыну көріністері айқын аңғарылатын әдеби ағым:
A) Классицизм.
B) Сентиментализм.
C) Натурализм.
D) Футуризм.
E) Фрейдизм.
24. Өмір құбылыстарына ешқандай идеялық баға бермей, қаз-қалпында суреттеуді талап еткен шығармашылық принциптерді ұстанатын әдеби ағым:
A) Сентиментализм.
B) Натурализм.
C) Футуризм.
D) Фрейдизм.
E) Модернизм.
25. Адам өмірінде, немесе хайуанаттар дүниесінде болуға лайық, әр алуан қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая:
A) Әңгіме.
B) Повесть.
C) Новелла.
D) Ертегі.
E) Очерк.
26. Негізінде шындыққа жанасымды, кейде өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жиынтығы, әсіре қиял аралас фантастикалық хикая:
A) Миф.
B) Аңыз.
C) Ертегі.
D) Фельетон.
E) Әңгіме.
27. Ұйқас деген не:
A) Өлең тармақтарындағы буын сандарының бірдей болуы.
B) Сөз басындағы дыбыстардың қайталануы.
C) Өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының, соңғы буындардың үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі.
D) Сөйлемдердің синтаксистік құрылымының үйлесімділігі.
E) Тармақтардың бірдей бунақтарға бөлінуі.
28. Паралелизм (егіздеу) деген не:
A) Сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру.
B) Сөйлем ішінде атап айтпаса да, түсінікті сөздерді жазбай тастап кету.
C) Өзара кереғар құбылыстарды бетпе-бет қою.
D) Негізгі ойды, объектіні астарлап, суреттеу.
E) Екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, қатар қойып, жұптап суреттеу.
29. Сен құрметте оны! Түсіндің бе, қарағым? Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын,- деген өлең жолдары фигураның қай түріне мысал бола алады:
A) Инверсия (сөз орнын ауыстыру).
B) Элипсис (сөз тастап кету).
C) Градация (дамыту).
D) Антитеза (шендестіру).
E) Қайталау.
30. Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер!- деген өлең жолында троптың қай түрі қолданылған:
A) Метонимия.
B) Ирония.
C) Эпитет.
D) Метафора.
E) Литота.
31. Көркем шығармадағы сыртқы, ашық кеңістікке қай мысал сәйкес келеді:
A) Дала, шөл, теңіз.
B) Үй, қойма, дәрісхана.
C) Құты, қалбыр, түтін.
D) Сәкі, кузов, стол.
E) Егістік, қора, аула.
32. «Баяғыда, ерте-ерте ертеде, ежелгі өткен замандарда…" деген сөздер қай уақыттың түріне мысал бола алады:
A) Тұрмыстық уақытқа.
B) Мифологиялық фольклорлық уақытқа.
C) Фантастикалық уақытқа.
D) Онейрикалық (түстегі) уақытқа.
E) Тарихи шығармадағы уақытқа.
33. Көркем шығармадағы пейзаж:
A) Кейіпкер мінезін сипаттау.
B) Кейіпкер келбетін сипаттау.
C) Көркем шығармадағы материалдық заттар бейнесі.
D) Көркем шығармадағы табиғат суреті.
E) Көркем шығармадағы адам еңбегін суреттеу.
34. Автобиографиялық шығарманың ерекшелігі:
A) Тарихи дәуірлерді нақты суреттейтін шығарма.
B) Бүгінгі күн туралы очерктер жинағы.
C) Автордың өз өмір кезеңдері туралы жазған шығармасы.
D) Авторға қатысы жоқ шығарма.
E) Лирикалық толғау.
35. Драмалық шығарманың бір бөлімі:
A) Тарау.
B) Сала.
C) Параграф.
D) Акт.
E) Эпилог.
36. Публицистикалық жанрды А.Байтұрсынов қалай атады:
A) Дәйек сөз.
B) Еркін сөз.
C) Көсем сөз.
D) Ақыл сөз.
E) Пайым сөз.
37. Белгілі бір қоғамда, ортада танымал сипатқа ие жинақталған жеке адам образы қалай аталады:
A) Мінез.
B) Тип.
C) Портрет.
D) Қосалқы бейне.
E) Жанама образ.
38. Негізгі өлшемі екпін болып келетін өлең жүйесі:
A) Метрикалық.
B) Силлабикалық.
C) Тоникалық.
D) Силлабо-тоникалық.
E) Дольникалық.
39. Тип қандай образ:
A) Дараланған образ.
B) Маргиналдық образ.
C) Анық айқындалмаған образ.
D) Көмескі образ.
E) Жинақталған образ.
40. Үш кітаптан тұратын, әр бір кітап жинақталған оқиғаға құрылған, сюжеті мен идеясы бір-бірімен жалғасып жатқан шығарма:
A) Повестер жинағы.
B) Дилогия.
C) Эпопея.
D) Трилогия.
E) Трибрахия.
41. "Абай жолы" эпопеясындағы типтік образ:
A) Кәмшат.
B) Қамқа.
C) Шөже.
D) Баймағамбет.
E) Дәркембай.
42. Сәбит Мұқановтың романы:
A) Махаббат қызық мол жылдар.
B) Мөлдір махаббат.
C) Дауылдан кейін.
D) Қарағанды.
E) Оянған өлке.
43. М.Әуезовтың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі тақырыбына жазылған шығармасы:
A) Өскен өркен.
B) Абай жолы.
C) Қилы заман.
D) Көксерек.
E) Оқыған азамат
44. М.Әуезовтің "Қараш-қараш оқиғасы" шығармасы қай жанрда жазылған:
A) Роман.
B) Повесть.
C) Әңгіме.
D) Драма.
E) Пьеса.
45. Әдебиеттанумен байланысы жоқ пән:
A) Лингвистика.
B) Эстетика.
C) Әдебиет теориясы.
Достарыңызбен бөлісу: |