Физиотерапия — табиғи және жасанды түрде жасалынатын физикалық факторлардың физиологиялық пен емдік әсерін тигізетінін зерттейтін және профилактикалық және емдік мақсаттармен оларды пайдалану әдістерін әзірлейтін медицина саласы; физикалық емдеу әдістерінің жиынтығы және олардың қолдануы.
Физиотерапия ауыр жарақаттан кейінгі, сондай-ақ, әр түрлі органдардың созылмалы аурулары кезінде оңалту кезеңінің ажыратылмас бөлігі, электр тоғы, магниттік сәулелендіру, жылу, ауа, жарық және тағы басқалары сияқты физикалык факторлардың көмегімен әр түрлі ауруларды емдеу әдістерінің жиынтығы
Гидротерапия- аурудың алдын- алу н/е емдеу мақсатында сыртқы тәсілмен қолданылады. Кең тараған түрі емдік ванналар, салқын ванналар организмге, жүрек- қан тамыр жүйесін емдеуге қолданады. Жылы ванналар ұйқыны жақсартады. Ыстық ванналар қан алмасуды жақсартады және тер шығуын жақсартады.
Медициналық оңқалар- терапиялық әсері органдар мен тіндерде қан мен лимфа айналымын күшейтуге негізделген. Процедураның мақсаты қабынуды еріту ,бұлшықет ауырсынуын азайту үшін қолданады.