Қарқаралы қаласының 180 жылдығына
Негізі 1824 жылы қаланған Қарқаралы қаласының тарихтың терең қойнуына кеткен мол шежіресі бар. Арқа өңіріндрегі санаулы ғана байырғы қалалардың бірі саналатын Қарқаралы тек әсем табиғатымен ерекшеленбейді, ол Орталық Қазақстан өңірінің барлық саяси оқиғаларының ордасы, ұлтымыздың бетке ұстар игі жақсыларының табанының ізі қалған қасиетті мекен. Қазіргі Қарағанды өңіріне қатысты оқиғалардың шоқтығы биіктері Қарқаралы баурайында өткен. Сондықтан да қазыналы Қарағанды тарихына, облыстың арғы-бергі шежіресіне үңілген адам Қарқаралыға соқпай өте алмайды.
Қарағанды облысының шығыс беткейінде, облыс орталығынан 221 шақырымда қоныс тепкен Қарқаралы 1868 жылдан Семей облысына қараған уездік қала, 1928-30 жылдар мен 1934-36 жылдар аралығында округ орталығы, ал 1936 жылдан бері Қарағанды облысы құрамағындағы аудан орталыгы болып келеді.
Қарқаралы тарихынан мол дерек беретін құжаттар Мәскеу, Алматы, Семей, Қарағанды қалаларының архивтерінде сақталған. Қаланың мерейтойы қарсаңында өлке тарихы қызықтыратын оқырмандарымыздың назарына әлі күнге дейін баспа бетінде толық жариялана қоймаған архив құжаттарының бірқатарын ұсынғалы отырмыз.
Қарқаралыда 1905 жылдың 15 қарашасында өткен демонстрацияға қатысты құжаттар Мәскеудегі Октябрь Революциясы және социалистік құрылыс Орталық Мемлекеттік архивінің №10200 қорындағы №1350 істе сақталған. Осы құжатқа үңілер алдында Қарқаралы демонстрациясының себеп-салдары не болып еді деген мәселе төңірегінде тарих беттерін парақтауға тура келеді. Біз 1905-1907 жылдардың тарихқа Ресейдегі бірінші буржуазиялық революция кезеңі ретінде енгенін білеміз. Ұлан-ғайыр Ресейдің әр түкпірін қамтыған революция дүмпуі қазақ даласына да, соның ішінде Қарқаралыға да жетті. Ел ішіндегі жаппай наразылық өршіген тұста, яғни 1905 жылдың 17 қазанында II-ші Николай патша «Мемлекеттік тәртіпті жетілдіру туралы» манифесті шығаруға мәжбүр болды. Осы манифестегі сөз етілген қалың бұқараға қатысты өмірлік маңызды мәселелердің ішінен, алдымен патша өзінің қол астындағыларға азаматтық бостандық береді, яғни адамның жеке басының еріктілігіне ешкім қол сұқпайды, ар-ождан бостандығы, одақтар құру бостандығы «беріледі» деп даурыға айдай әлемге жария еткендігін айту қажет. Алайда патша берген «құқықтардың» жалғандығы манифест жарияланысымен ашылды. Солай бола тура патша манифесі жергілікті жерлерге, соныңішінде Қарқаралығада кеш жеткізілген. Қаланың көзі ашық азаматтары патша манифесін жергілікті билеушілердің халықтан жасырып келгеніне наразылық білдіреді. Мұның өзі жергілікті халық-тың демонстрацияға шығуына, олардың өздерінің ақ патша мен жергілікті шенеуніктерге деген нара-зылығын ашық білдіруіне әкеліп соқты.
Осы жай уезд бастығы, штабротмистр Оссовскийдің ұлы мәртебелі Әскери Губернаторға әлде-неше рет мәлімдеме жолдауына мәжбүр еткен. Мәскеу архивінде Қарқаралы уезінің бастығы Оссовский мырзаның 1905 жылғы 18 қарашадағы «құпия» деп белгі қойып Дала генерал-губернаторының Канцелярия меңгерушісіне жолда-ған хаты сақталған. Хат былай бас-талады:
«Доношу Вашему Превосходительству, что 15 ноября при объявлении мной населению Высочайщего Манифеста 17 октября одаровании населению гражданской свободы, в городе возникли беспорядки. Эти беспорядки, вызванные некоторыми злонамеренными лицами, имеют столь огромное моральное значение для всего вверенного мне Каркаралинского уезда, что я считаю необходимыми по долгу службы и присяги доложить Вашему превосходительству, что если не будут приняты немедленно самые энергичные меры предосторожности, основанные, конечно, на строгом благоразумии и осмотрительности, то гроза разразится и в дальнейшем порядок может быть востановлен только ценою крови».
Қарқаралы уезінің бастығы бұдан соң тағы бір мәрте қаладағы толқудың соңы қан төгісіне әкеліп соғуы мүмкіндігін қадап айтады. Әсіресе, мына жай оны қатты алаңдатады:
«Киргизы получили известия, «Киргизы получили известия, что для обьявления Манифеста в гор. Каркаралинск едет бывший кандидат на судебные должности Якуп Акпаев. Зная хорошо Акпаева, как человека крайне горячо и увлекающегося, я не без основания ожидал, что его неумеренные речи вызовут беспорядок и шумная толпа демонстрантов в раний час утра может получать мирных жителей и вызвать недоразумения, последствиями которых могли быть даже столкновения с оружием в руках».
Кеш те болса манифестің мәтіні Қарқаралыға жетеді. 15 қараша күні күндізгі сағат 12-ге таман уездік басқарманың алды қалың елге толып кетеді. Бәріақ патшаның не дегенін естуге ынтығады. Оссовский осы мәлімдемесінде манифесті тыңдауға жиналған қазақтардың бәрі дерлік ат үстінде болғанынайтады.
«После чтения Манифеста... Управляющий сельскохозяйственной школой Г.Белдыцкий перебил мою речь следующим возгласом: «Не вы здесь председатель этого митинга, не Вы будете говорить, а я». Вслед за этим Г.Белдыцкий начал свою речь так: «Жалует Царь, да не жалует псарь Царское слово украдено: от нас целый месяц скрывали Манифест, в Семипалагинском листке пропущено, что народу даруется свобода личности, собраний, союзов и неприкосновенности личности...»
Ел алдында Акбаев та сөйлеп, халықтың билік басындағылардың әрекетіне деген наразылығын ашық айтады. Бұдан әрі Қарқаралы демонстрациясының барысын уезд бастығы «... толпа до тысячи человек с пением и громким криками со стороны группы русских чиновников: «долой полицию», а со стороны киргизов «долой крестьянских чиновников» двинулись по лицам города» деп сипаттайды.
Осы мәлімдемесінің соңында ол Дала генерал-губернаторынан уезднгі бейбіт өмірді қамтамасыз ету үшін бірқатар шараларды, соның ішінде толқуды басу үшін казак жүздіктерін пайдалануды, тағы басқа жайларға қоса, ең соңында Белдыцкий, Акбаев, Чемоданов, Митянь және Астреинді Қарқаралыдан шуғыл аластату қажет дегенді айтқан.
Мәскеу архивінің қорынан алынған, полиция департаментінің ерекше бөлімінің «1905 жылғы Семей облысы бойынша тәртіп бузушылықтар мен демонстрациялар туралы» құжат та назар аударуға тұрарлық. Онда уезд бастығы Оссовский мырзаның жоғарыға хат жолдап, онда жергілікті жердегі жағдайды теріс ұғындырып, елге қысым жасап отырғанын Семей облысы Қарқаралы уезінің 21 болысының өкілдері аса мәртебелі императорға жазбаша жеткізеді. Бұл хатқа Акпай Жанберкин, Әубәкір Қурманов, Тәңірберген Жұмағулов, Аралбай Сұлтанов, Ахмет Бексембетов, Тоқмет Қоңыршин, Нармамбет Ормамбетов, Әбен Турсынов, Оспанқул Менаяқов, Мұса Тәттімбетов, Мақат Ақаев, Арыстанбек Дәулетов, Кәрібай Матаев, Тоқтарбай Жандыбаев тәрізді тағы бірнеше адам қол қойған. Сірә, олар осы Қарқаралы уезіндегі 21 болыстың бас көтерер азаматтары болғанға уқсайды.
Қарқаралы демонстрациясының соңы қалай аяқталғаны белгілі. Елді тұтқындау, жазалау қолға алынды. Казак жүздіктері, Омбыдан Қарқаралыға арнайы келген өкілдер жөн-жосықсыз әрекеттерге де жол берді. Қарқаралы уезінің 21 болысының өкілдері ұлы мәртебелі патша ағзамға бул хат-ты жолдағанда қорғансыз елдің босқа жапа шегіп, құрбан болмауын ойлағанға ұқсайды.
Ләззат Байкенжина,
облыстық архивтер мен
құжаттама бөлімінің бас маманы,
Ермағамбет Лұқпан,
«Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі.
Орталық Қазақстан. - 2004. - 18 мамыр. - 7 б ; Қарқаралы. - 2004 . - №2. - 56-57 б.
Достарыңызбен бөлісу: |