Қаратал ауылдық округтің 2014 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындылары Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленген «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу



Дата13.06.2016
өлшемі120.65 Kb.
#133242
Қаратал ауылдық округтің 2014 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындылары
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленген «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» ұсынымға сәйкес және Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауын іске асыру мақсатында Қаратал ауылдық округі бойынша 2014 жылы біршама жұмыстар атқарылды.

Қаратал ауылы 2012 жылдан бастап ауданымыздың тірек ауылы болып бекіген. Ал 2014 жылдан бастап тірек ауылдарының ішінде «Үлгілі ауыл» болып танылды. Қаратал ауылы даму мүмкіндігі жағынан жоғарғы ауылдар қатарына жатады, онда жеткілікті көлемде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бар.

Осы уақытқа дейін ауылдық округ бойынша ел игілігіне арналған көптеген жұмыстар іске асырылды. Осындай ауқымды шаруалар жүйелі түрде өзінің жалғасын табуға тиіс. Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын басты міндеттер аясында және осыған байланысты аудан әкімінің берген тапсырмалары негізінде ауылымыздың даму үрдісі қарқынды жүргізіліп келеді. 2014 жылдың бастауы ауылдық округ бойынша табысты болды.

Ауылдың әлеуметтік – экономикалық даму жағдайы оң қарқынмен келеді деп сипатталады, оған материалдық сектор мен әлеуметтік сала жатқызылады. Ауылдық округ тұрғындарының саны 4341 адам. Мемлекеттік және әлеуметтік нысандарда 167 адам, шағын және орта бизнесте 80 адам, 132 шаруа қожалығында 140 адам қызмет етсе, өзін – өзі жұмыспен қамтушылар 1879, жұмыссыздар саны 33 адам, аз қамтылған отбасылар саны – 53, жеке кәсіпкерлер 57 болып тіркелді. Барлық аула саны 757. Бүгінгі күнге тұрақты 11 жұмыс орны ашылды.

Қазіргі уақытта округіміз бойынша 2 орта мектеп, 1 емхана, 1 фельдшерлік акушерлік пункт, 1 мешіт, 1 пошта, 1 мәдениет үйі, 2 мини орталық, 1 жеке меншік балабақша, 1 орман шаруашылығы, 1 «Жастар» саябағы, 1 спорт алаңы, 1 футбол алаңы, 1 хоккей корты, 23 сауда орындары, 3 қоғамдық тамақтану орны, 1 дәріхана, 1 шаштараз, 5 құм кірпіштерін шығаратын цех, 2 май шығаратын цех, 1 ағаш тілетін цех, 1 жылыжай, 1 комендатура, 5 застава және «Майқапшағай» кеден өткеру бекеті орналасқан.
Ауыл шарушылығы

«Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген басты бағыттардың бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Елбасы тапсырмасы негізінде округіміздің ауыл-шарашылығын дамыту, әрі ауыл экономикасының басым бөлігі осы бағытқа тиесілі болғандықтан, басты бағыттардың бірі болып қала береді.

Жылма –жыл округімізде егістік көлемі артып келеді. 2014 жылы оның көлемі 4482 гектарға жетіп, 2013 жылмен салыстырғанда 3,5 пайызға артты немесе 90 гектар жер артық игерілді. Жалпы округ бойынша барлық жердің 264,2 гектары игерілмей тұр. Соның ішінде, шабындық 35,5 га, жайылым 52,78 га, егістік 112,1 га, тыңайған жерлер 63,9 га. Жалпы ауылымыздың егістік жерлері суармалы болғандықтан, егістік алқапқа келетін су жолдары және канал бітеліп, су жүрмейтіндіктен алқап көлемі кеңестік үкімет тұсында игерілген көлемнен бірнеше есеге азайып отыр. Сол себепті, Кендірлік су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстарын, ал су жолдары тазартуды қажет етеді. Егерде осы су мәселесі шешілген жағдайда ауылымыздың жерінің агротехникалық шаралар арқылы құнарлығын арттырсақ, егістік алқаптың ұлғаятынын айта кеткен жөн. Ауылымызға жолдауды насихаттау үшін іссапармен келіп қайтқан Ислам Абишевтің осы мәселеге қанық болып, назарына алғаны біз үшін өте қуантарлық жайт.

Ұсақ шаруашылықтарды ірілендіріп, пайдаланылмай жатқан жерлерді іске қосып, агротехникалық шараларды қайтадан қалпына келтіріп, егіс алқаптарының көлемін арттыру бағытында биыл шаруа қожалықтарының басы біріктірілді. Биылғы жылы дәнді астықтан 2911 гектар, майлы дақылдан 258 га, жүгеріден 300 га, картоптан 236 га, көкеністен 63 га, бақша 11 га, көпжылдық шөптен 703 га егіліп, қуаңшылық салдарынан өткен жылмен салыстырғанда өнім төмен болып, гектарынан дәнді дақылдан 15 центрден, майлы дақылдан 7 центнер, картоптан 140 центнерден өнім алынды.

Мал дәрігерлік есеп бойынша 2015 жылдың 01 қаңтарына 8514 бас ірі-қара, 25200 бас қой-ешкі, 2643 бас жылқы,4600 құс бар. 2013 жылмен салыстырғанда төрт түлік бойынша өсімге қол жеткізілді.

Осы саланың майталмандары Абылғожиндардың, Амреновтардың еңбегін атап өтпеске болмайды. «Ақбай» шаруа қожалығы жетекшісі Абылғожина Саулеш өз қаражатына 16 млн. теңгеге 1000 бас ұсақ малға арналған алаң салып және 30 млн. теңгеге 200 бас ірі қара малын бордақылау алаңын ашып, 7 адамды жұмыспен қамтыды.

«Түкібай» шаруа қожалығы жетекшісі Абылғожин Тусупхан өз қаражатына 10 млн.теңгеге 100 бас жылқылар алып, 2 жұмыс орнын ашты.

«Амрен» шаруа қожалығы жетекшісі Амренов Жеңісбек өз қаражатына 20 млн. теңгеге 200 бас жылқылар алып, 2 жұмыс орнын ашты.

Бұл өсім әрине ауыл тұрғындары мен кішігірім шаруа қожалықтарының 10 млн. теңгеге 300 бас ірі қара малын сатып алу арқылыда көтеріліп отыр..
Шағын және орта кәсіпкерлік

Елбасының жыл сайынғы жолдауларында және «Қазақстан-2050» Стратегиясында орта және шағын кәспкерлікті дамытуға ерекше мән беріліп келеді. Табысты жұмыс істеу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Бәрі бар – бағдарламалар, ресурстар, қаржы құралдары. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып, білекті сыбанып іске кіріскен кәсіпкерлеріміз жұмысты бастапта кетті.



  1. Жеке кәсіпкер Омаров Фархат құны 20 млн.теңгеге дүкен мен қоғамдық тамақтану орнын ашу жобасының құрылысы бойынша 18 млн теңгенің жұмысын атқарып, 6 адамды уақытша жұмыспен қамтыды.

  2. «Бекарыс-С» шаруа қожалығы жетекшісі Адибаев Саян 4 млн теңге өз қаражаты есебінен жұмыртқалайтын тауықтар алып, 1 жұмыс орнын ашты.

  3. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Байырханов Сымбат 2 млн теңге несие алып, құм кірпіштерін шығаратын цех ашып, 1 жұмыс орнын ашты.

  4. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Ыдырбаева Алтынай 15 млн теңге несие алып, өсімдік, жеміс – жидек өсіретін жылыжайдың керекті материалдарын Ресейден алып, қазіргі уақытта жылыжайларды орналастырумен айналысуда.

Өз қаражаты есебінен Нурғалиев Серік сауда дүкенін ашып, халықты азық түлікпен қамтамасыз етуде.

Қаратал ауылдық оругі бойынша жеке тұлғалардан мүлік салығынан 2013 жылы 52 114 теңге түссе, 2014 жылы 52 768 теңге, жер салығынан 2013 жылы 434 678 теңге түссе 2014 жылы 451 261 теңге, көлік салығы 2013 жылы 1 млн 85 мың теңгені құраса ағымдағы жылы 2 млн 352 мың теңге аудан қорына түсіп, жоспар тапсырма мүлік салығынан 101,3 пайызға, жер салығынан 100,7 пайыз, көлік салығынан 127,1 пайыз артық орындалды. Негізінен ауылдық округ бойынша 418 авто көлік тіркеуде бар.

Ауылдық округ бойынша қосымша кіріс көздері резевртерін іздестіру және салық салынатын базаны кеңейту мақсатында құрылған жұмысшы тобына берілген жоспар тапсырма негізінде жер және мүлік салығынан 18 450 теңге, жеке табыс салығынан 297 922 мың теңге, әлеуметтік салықтан 59 548 теңге, көлік салығынан 653 225 теңге Жалпы жоспар бойынша берілген тапсырма 1 000 000 болса орындалғаны 1млн 029 мың 145 теңге болып, берілген жоспардан 102,9 %-ға артық орындалып тұр. "Зайсан - Строй - Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 жылда 4 040 912 теңге салық төледі. "СМУ - Шығыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2013 жылы 479 000 теңге салық төледі. 2014 жылы 1 млн 211 мың жеке табыс салығын төлесе, 1 млн 005 мың әлеуметтік салық төледі.
Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс

Ауылдарымыздың тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, транспорт, байланыс, жолаушылар тасымалдау қызметі үнемі ауыл әкімдігінің назарында.

Елді мекендер жұртшылығы және мекемелер көмірмен толық қамтылды, электр энергиясымен қамту, телекоммуникация, пошта байланысы, тасымалды газбен қамту қызметтері тарапынан іркіліс болған емес. Интернет, теледидар жұмыстары жақсарып, ауыл халқы Отаu ТВ жүйесін пайдалануда. 2014 жылдың 03 шілдесінен бастап аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы жарияланған тендер жеңімпазы жеке кәсіпкер Мамытовтың автобустары Зайсан- Көгедай- Қаратал-Үлкен Қаратал бағыты бойынша қатынауды бастап, ауыл тұрғындарына тұрақты қызмет көрсетіп келеді. Ауылымыздың күнделікті жолаушы айналымы жоғары болғандықтан халыққа өте тиімді.

Биылғы жылы Үлкен Қаратал ауылы «Ақбұлақ» бағдарламасы негізінде жалпы құны 301 миллион теңгеге таза сумен қамтамасыз етілді. Қаратал ауылының су құбыры желілері мен құрылымдарын қайта жаңғырту жұмысы жобасы бойынша (сметалық құны 418,2 млн. теңге) жергілікті бюджеттен 2013 жылы 3 млн теңге қарастырылып, 2014 жылы 3,5 млн теңге қаражат бөлініп, жобалық – сметалық құжат дайындалып, мемлекеттік саратамадан өтіп, бюджеттік өтінім өткізілді. Қаратал ауылын газдандыру мәселесі бойынша биылғы жылы басталып, 2015 жылы жалғасып тауып, аяқталады.


Жұмыспен қамту

2014 жылдың 1 шілдесіне жұмыссыздардың саны 33 адам болса экономикалық белсенді халықтың ішінен жұмыссыздардың үлес салмағы 1,7 пайызды құрады.

Жұмыспен қамту Жол картасының бірінші бағыты бойынша Қаратал ауылындағы қатты қалдықтар алаңы құрылысына 6 азамат жұмысқа тартылып, жұмыспен қамтамасыз етілді.

Жұмыспен қамту Жол картасының екінші бағыты бойынша ауылымыздың 5 азаматы 15 миллион теңге несиеге жылыжай кешенін салу жобасын, 2 азамат ірі қара малын асырау жобасын, 1 азамат құм кірпіштерін шығару цехы жобасын іске асырып, 8 жұмыс орны ашылды.

Жұмыспен қамту Жол картасының үшінші бағыты бойынша жұмыссыздықты азайтудың бірінші компоненті негізінде кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша 2014 жылы біліктілігін арттырудан 13 азамат курстан өтіп, жұмысқа орналастырылды, қайта даярлау курстары бойынша бір азамат оқып жатыр.

Жастар тәжірибесі бойынша ауылымыздан 29 жасқа дейінгі 2 жастарымыз жұмыс істеп, тәжірибе алуда.

Округіміздің екі білім ошағына жаңадан 5 жас мұғалімдер орналасты.

Өрлеу бағдарламасы бойынша 17 отбасы қаржы төленіп, шаруа қожалықтарына 7 адам, бюджеттік мекемелерге 4 адам келісім шартпен жұмысқа орналасты. 22 отбасына мониторинг жасалып, 8 отбасының құжаттары дайындалды. Қоғамдық жұмысқа тартылғандар 2014 жылы 48 адамды құрады.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 22,4 млн теңгенің «Қаратал ауылының тұрмыстық қатты қалдықтары полигонын ағымдағы жөндеуден өткізу» жобасы (мердігер – ЖШС «Зайсан – Строй-Сервис») жүзеге асырылып пайдалануға берілді.

Әлеуметтік салада «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 15 млн 996 мың, жергілікті бюджеттен 1 млн 778 мың, жиыны 17млн 774 мың теңге бөлініп «Қаратал орта мектебінің жылу жүйесі мен су жүйесін жөндеуден өткізу» жобасын мердігер болып Семей «Жылы қыс» ЖШС сапалы атқарды.


Мәдениет саласы

Үкіметіміздің тірек ауылдарына қолдау көрсетуінің арқасында Қаратал ауылының кітапханасы алғашқылардың бірі болып интернет жүйесіне қосылып, барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілді. Интернет пайдаланушылар саны күннен күнге артып, on-line жүйесі арқылы 2400-дей адам ақпаратпен қамтамасыз етіліп немесе интернет жүйесін пайдалануды үйренді.

2014 жылы кітап қоры 10 мың 125 болып, 487 жаңа кітаппен толықтырылды. Оның ішінде 67 пайызы ана тіліндегі кітаптар.
Білім саласы

Ұстаздар қауымы білімнің сан жағынан сапа жағына көңіл бөлуді басты назарға қойды. Қазіргі уақытта округіміздегі Қаратал орта мектебінде педагогтар 66, соның ішіндегі жоғары санаттағылар – 7, І санатты – 17, ІІ санатты – 21, санаты жоқ – 21. 2014 жылы жаңадан кірген жас мамандардың саны – 5. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша үлгірім 73 пайызды құрады.


Қазақстан орта мектебінде педагогтар 25, соның ішіндегі жоғары санаттағылар – 2, І санатты – 10, ІІ санатты – 4, санаты жоқ – 9. 2014 жылы жаңадан кірген жас мамандардың саны – 3. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша үлгірім 66 пайызды құрады.

Жалпы оқушы саны – 671, мектепке дейінгі даярлық тобында – 70 бала. Ыстық тамақпен – 311 бала, оның ішінде аз қамтылғандар - 128 бала қамтамасыз етілген. Екі мектепте 25 пән кабинеті бар, соның ішінде физика, химия, биология кабинеттері заман талабына сай жабдықталған. Оқушыларға сапалы білім беруде оқу шеберханасы, бастауыш сыныптар бөлмесі, спорт зал, алғашқы әскери дайындық кабинеті, асхана, дәрігерлік кабинет, психолог кабинеті, өзін-өзі тану кабинеттері, кітапхана, оқу залы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жұмыс істеп тұр. Заман талабына сай жаңа үлгідегі компьютер сыныптары, мультимедиялық кабинет жаюдықталған, инетрнет желісіне қосылып, оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыруға мүмкіндік жасалған. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру деңгейі ерекше мәнге ие, осыған орай, мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық, педагогикалық және физиологиялық талаптарына сай «Қызғалдақ» шағын орталығы істеп тұр. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Рәміздер» залы заман талабына сай жасақталған.



Денсаулық саласы

Елбасымыздың денсаулық сақтау саласын дамыту үшін 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында халыққа дәрігерлік қызмет көрсетуді жақсарту жөнінде жауапты міндеттер жүктелген.

Ауылымыздағы отбасылық дәрігерлік амбулаториясының штатында 11 орта буынды, 1 кіші буынды және 4 басқа білікті медицина қызметкерлері қызмет көрсетуде. Медицина қызметкерлері тараптарынан алғашқы медициналық көмек тегін көрсетіліп, әлеуметтік жағдайы төмен және жасы 70-тен асқан қарттар мен мүгедектердің үйлерін аралап көмек көрсетеді.

Туберкулезбен ауырған адамдардың тіркелу фактісі жоқ, өкінішке орай биыл бір нәрестеміз пневмония сырқатына шалдығып, бір бала өлімі фактісі тіркелді.


Қоғамдық тәртіп.

2014 жылы тіркелген қылмыс саны 13 болса, 2013 жылмен салыстырғанда 17,6 пайызға азайған. Қылмыстың ашылуы 86 пайызды құрады.

2014 жылы ауыл тұрғындарымен жиындар өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізілген болатын. Жұмыстарды жақсарту жөнінде ауылдағы учаскелік полиция қызметкерлеріне қатаң талап қойылды. Нәтижесінде мал ұрлығына байланысты қылмыстар саны азайды.

Қылмыспен, оның ішінде мал ұрлығы қылмысымен, сыбайлас жемқорлықпен күресте Нұр Отан ХДП аудандық филиалының бастамасымен округіміздегі ардагерлер алқасы, әйелдер кеңесі ұйымдарымен бірлесе отырып, жақсы жұмыстар атқарылды. Бұл қоғамдық ұйымдар округіміздің әлеуметтік – экономикалық, мәдени –рухани дамуына өзіндік үлестерін қосып, қолдау жасап келеді. Бұл ретте Үлкен-Қаратал ауылының ынталы топ жұмыстарын атап айтқым келеді. Барлық шараларға мұрындық болып жүрген ауылнай Қамытбаев Құдайберген, ауыл ақсақалы Жалбағаев Талғатбек.


Әлеуметтік сала

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жұмыссыздықты азайту, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларға қолдау, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне қамқорлық жасау, әлеуметтік қорғауды жақсарту басты назарда.

2013 жылы аз қамтылған 5 отбасына 700 мың теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі төленсе, 2014 жылы әлеуметтік көмек алушылардың саны 1 отбасына азайып, 869 мың теңге төленді.

2013 жылы 155 балаға 2 миллион 19 мың 700 теңгенің жәрдемақысы төленсе, 2014 жылы 106 балаға 2 миллион 328 мың 600 теңгенің жәрдемақысы төленді.

6 мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан тірек-қимыл аппараты бұзылған жеке тұлғаларға, жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге 3 әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсетуде. Меморандум аясында 1 мүгедек отбасына жеке кәсіпкеріміз апаттық жағдайдағы үйін бұзып, орнына шағын үй салып берді. 6 еңбек және тыл ардагерлері байтерек сауықтыру алаңында демалып қайтты.

Округімізде еңбек шартымен және квота бойынша келген 175 оралман отбасында 797 адам есепте тұрады.

Аз қамтылған және жанұясында мүгедек асыраушылары бар отбасыларына аудан әкімшілігі арқылы бөлінген 25 тонна көмір ақсақалдар алқасымен әйелдер кеңесі бірлесе отырып өткізілген комиссияда қаралып, карьер басынан жеткізіліп, таратылып берілді. Ауылымызда өткен қайырымдылық акциясы бойынша 94 адамға 508 мың 900 теңгенің ақшалай және заттай көмегі көрсетілді. «Туған жерге тағзым» акциясы негізінде Қаратал орта мектебінің 1994 жылы бітірген түлектері биылғы 20 жылдық мерей тойларына орай мектебіне 70 мың теңге ақшалай көмек, аудан жұртшылығын жинап өткізген спорттық шараларына 500 мың теңге көлемінде сыйлықтар таратты. Аталмыш мектептің 40 жылдық түлектері мектепке 50 мың теңге ақшалай көмек, мәдени – спорттық шараларға 35 мың теңге, Қазақстан орта мектебінің 20 жылдық түлектері мектебіне 110 мың теңгенің, фельдшерлік акушерлік пунктке 10 мың теңгенің, шағын орталыққа 15 мың теңгенің, мешітке 40 мың теңгенің сыйлықтарын таратты.Түлектердің осындай игілікті істеріне ауыл халқы риза болып, алғыстарын білдірді.

Түйін.
Есепті жылдың бүгінгі күніне ауыл тұрғындарынан 46 өтініш түсті. Барлығы қанағаттындырылды. 1137 жеке қосалқы шаруашылықтың бары не жоқтығы туралы анықтама беріліп мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Жаңа экономикалық саясатты жүргізу үшін Үкімет ауқымды бағдарлама түзді. Жаңа сын – қатерлерге қарсы тұратын қалқан, Қазақстанның «Нұрлы жол» деп аталатын жаңа экономикалық саясаты. Елбасымыз келер жылға арналған жолдауды осыған бағыттады және жалпы халықтық жоспарды жылдағыдан ерте жеткізді. Бұл саясат экономикамыздағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталады. Және жаңа экономикалық саясат – жаһандық қауіп қатерлерге қарсы тұра алатын ауқымды бағдарлама болмақ. Елбасы саясатын нақтылы іске асыруда, Жолдауларда саралап көрсетілген міндеттерге байланысты облыс және аудан әкімінің тапсырмаларын орындауда 2015 жылы алдымызда орасан зор жауапкершілік тұр. 2014-2017 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес көрсетілген барлық көрсеткіштерді асыра орындау үшін жыл басынан бастап жұмысымызды жұмыла кірісуіміз қажет. Өз жолдауында елбасымыз Н.Назарбаев басталған жобаларды аяқтау және аса өткір мәселелерді шешу үшін Үкіметке ұлттық қордан 500 млрд теңге көлемінде ІІ транш қаржысынан 5 түрлі мақсаттарға бағыттауды тапсырды. Осы бағыттардың ішіндегі бізді қуантатыны Елбасымыздың шағын және орта бизнесті, сондай – ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 млрд теңге бөлу қажеттілдігін атап көрсеткені және қай саладағы жобаларды қамтамасыз ету керектігін нақтылағаны.



Биылғы жылы басталған газ құбырларын тарту жұмысы жалғасын тауып ауылымыздың әр тұрғыны көгілдір от алауының пайдасын көрмек. «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша жобалық – сметалық құжаттары дайын тұрған су құбырының жұмыстары басталады деп күтеміз. Бұл шаралар ауыл тұрғындарының әлеуетін арттырып, болашаққа деген сенімін нығайта түспек. Жобалық – сметалық құжаты дайын тұрған бала – бақша құрылысы басталатын болса бұл да ауыл тұрғындарының экономикалық – әлеуметтік жағдайын жақсартуға септігін тигізері анық. Бұл жолдаудың 5 тармағына бағытталған шаралары әр қазақстандықтың жүрегіне қуаныш, көңіліне сенім ұялататыны хақ.

Құрметті ауылдастар, баршамыз 2015 жылға «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» болатынынына нық сеніммен қадам басайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет