Қаратерек ауылдық округінің әкімі – Жауарова Айгүл Зендақызы



Дата23.02.2016
өлшемі131.5 Kb.
#2393
Қаратерек ауылдық округінің әкімі – Жауарова Айгүл Зендақызы:
Қаратерек ауылдық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары мен

алға қойылған міндеттері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2011 жыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығы деп жарияланды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жолының-Бостандық, Бірлік, Тұрақтылық, Өркендеу секілді арқаулық құндылықтары қалыптастырылды. Түбегейлі саяси өзгерістер, ауқымды экономикалық реформалар кезеңі ретінде арихқа еніп отыр. Қазақстанның соңғы онжылдықтағы сыртқы саяси табыстарына Мемлекет басшысының тікелей қатысуымен қол жеткізілді.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес дәстүрлі түрде өткізілетін барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен есепті кездесулері елдің қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру үдерісінің маңызды тетігіне ғана айналып отырған жоқ. Бұл атқарушы органдар үшін шын мәніндегі сынақ болып табылады. Өйткені өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ең өткір мәселелерін тұрғындар нақ осында қозғайды. Бұл атқарушы биліктің оның жауапкершілігі мен есеп беруге міндеттілігін арттыруға жәрдемдесетін халықпен ашық сұхбат.

2011 жылы округ көлеміндегі үш елді -мекендер тұрғындарымен есептік кездесулер өткізілді. Есептік кездесулер тұрғындардың жоғары белсенділігі жағдайында өтіп, оның барысында 6 адам сөз сөйлеп, 4 ұсыныс пен сын-ескертпе айтылды. Әрбір мәселе бойынша оларды жүзеге асыру жөнінде шаралар әзірленді.

Қаржының тапшылығына байланысты өзекті мәселе Қаратерек орта мектебінің жылыту жүйесін ауыстыру. Биыл «Даут-Строй-Сервиз» ЖШС жылу жүйесін жақсарту мақсатында қазандыққа қосымша секция орнатты. Мектептің жылыту жүйесін ауыстырылуы келесі жылға қалдырылды.

Қаратерек ауылдық округі әкімінің аппаратында штаттық кестеге сәйкес 3 қызметкер жұмыс істейді.

Жыл басынан бері азаматтардан ауызша және жазбаша түскен өтініштер саны – 159. Барлығы уақытында қаралып, жауаптары берілді.

Қаратерек ауылдық округінде жыл басынан бері халықтың тұрмыс жағдайларын көтеру жолында көптеген іс-шаралар атқарылды. Өткен жыл қорытындысы бойынша аудан әкімінің халықпен кездесуі, округ әкімінің тұрғындар алдында есеп беруі, Елбасы Жолдауын жүргізіп отырған саясатын түсіндіру жұмыстарын жеткізу, тағы басқа қажетті мәселелер бойынша 23 жиналыстар өтті.

Округ көлеміндегі екі ауылда жазбаша арыз түсіретін жәшіктер ілінген. Олар уақытында қаралып, елдің тұрғындарына өтініш туралы жауаптар толығымен беріледі. Аудандық газет бетінде сенім телефоны туралы хабарлама тоқсанында бір рет жарияланып тұрады. Сенім телефонына түскен хабарламаларды тіркеу журналы бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу және оның алдын алу жұмыстары ең басты міндеттердің бірі болғандықтан Каратерек селолық округінің әкім аппаратында әрқашанда тұрақты бақылауда.

Сонымен қатар округ көлемінде 2011-2012 жылдарына «Құқықтық қорғау оқу кестесі» бекітілді. Кестеге сай бірыңғай ақпараттық күндері өткізіледі.
Аграрлық сектордың дамуы

Ауылдық округіміздің экономикалық - әлеуметтік өмірінде аграрлық сала ерекше орын алады. Қаратерек ауылдық округінде 23708 га егістік жер, 1065га жайылым бар. Округте бос жатқан жерлер жоқ.

Ағымдағы жылы округте егістік көлемі 19100га құрады, соның ішінде дәнді дақылдар 16143га, майлы дақылдар /рапс/ - 2610га, картоп – 52га. Округтегі егін көлемінің 93 пайыз жеріне «Кзылту-НАН агрофирмасы» ЖШС –гі егін егеді. Жаңа технологияларды пайдалану арқылы дәнді дақылдардан сапалы әрі мол өнім алады. 120 адам серіктестікте жұмыс істейді. Жыл сайын тұрғындарға жер пайызы үлесіне дивиденд таратылады.

Бұл серіктестіктен басқа бір «Қожаби» ЖШС және «Еңбек» шаруа қожалығы жұмыс істейді. Округ бойынша әр гектардан басы орта есеппен 20,2 центнерден айналды.

Биылғы жылы шөп шабу науқандары белсенділіктерін танытты. Барлық округтерде екі шөп шабу бригадасы және үш буын жұмыс жасады. Округ бойынша мал ұстайтын барлық үйлерді шөппен қамтамасыз ету жұмыстары атқарылды. Аз қамтамасыз жанұяларға және жалғызбасты зейнеткерлерге, барлығы 10 отбасыға бір арбадан тегін шөп дайындалып, үйлеріне жеткізіліп берілді.

Өткен жылдың 1 шілдесіне округ бойынша ірі қара мал саны 540 басты құрады. Оның ішінде қой – 1711, жылқы – 486, құстар – 6980.

Малқара ауылында жеке кәсіпкер Жакимов Сағдат шағын мал фермасын ашты. Фермасында 100 қой, 20 шақты жылқы бар.

Жыл басынан 122 бас сиыр асыл тұқымды ірі қараның ұрығымен ұрықтандырылды.

Округ бойынша малдарды аурудан сақтандыру жұмыстары: егу, қан алу, дегельминтация, т.б. жоспарлары артығымен орындалды. Қара малдарды бірдейлендіру жұмыстары уақытында жүргізіліп отырады.

Жазғы, күзгі ветеринариялық өндеу өткізілді. Малдарда бруцеллез ауруы анықталған жоқ.

Айына 2 рет Кішкенекөл селосындағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне қатысып, азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сатып тұрамыз.

Өнеркәсіп.

Округ бойынша 18 шағын кәсіпкерлер жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында «бизнес қуатты болса, мемлекет те куатты»деп атап көрсетілген.

Осыған байланысты 2012 жылы кәсіпкерлерді және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, оның ішінде бизнесті дамытуды материалдық- қаржылық, ақпараттық-құқықтық қолдау түрінде, сол сияқты кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі жұмыстар жалғасын табатын болады.


Сумен қамтамасыз ету.
Біздің округ үшін таза ауыз су проблемасы өткір тұр. Қаратерек ауылында аудан әкімшілігінің қолдауымен уақытша жер астына 25 куб.м. ауыз су орны жасалып, аудан орталығынан қажетті мөлшерде «Мөлдір су» коммуналдық мекемесінен таза ауыз суды тасып тұрады /бір флягасы 10 теңге/

Байланыс
Округ көлемі Уәлиханов аудандық телефон байланыс жүйесі арқылы жұмыс істейді. Қаратерек ауылында 117 абонентік, Малқара 23 абоненттік, Күрлеут ауылында сөйлесу пункте телефон байланыстары қалыпыа жұмыс істейді. Қаратерек ауылында пошта бөлімі халыққа қызмет көрсетеді. Газет, журналдарға жазылу тапсырмасы орындалады.
Салық жинау және бюджет мәселесі
Салық жинау мәселесі бойынша округте мүлік салығы- 15 мың теңге, жер салығы - 36 мың теңге, бір жолғы салығы 43 мың теңге, көлік салығы 500 мың теңге көлемінде белгіленсе, салық жинау жоспары толығымен уақытында орындалды.

Көліктік қатынасу мәселесі КТ-83 Кішкенекөл-Қаратерек қашықтығы 120 км. облыстық маңызды автожолын «Титан-Север» ЖШС жүргізді.


Тұрғындарды әлеуметтік қорғау.
Округте азаматтарды әлеуметтік қорғау, жұмыссыздықты төмендету, аз қамтылған отбасылардың санын азайту бойынша жоспарлы түрде жұмыстар жүргізуде. Тұрақты жұмыспен қамтылған азаматтардың саны-338 адам. Округ көлемінде жыл басынан жұмыссыздар саны 5 адам. Тіркелген жұмыссыз адамдардың барлығы қоғамдық жұмысқа тартылды. Биыл қосымша жаңа жұмыс орнына 40 адам орналасты. Оның ішінде «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша 10 адам жұмысқа орналастырылды. Әр түрлі керекті мамандық алу үшін тегін оқуға 5 адам жіберілді.Жол картасы бойынша жастар практикасына 5 адам алынды. Әлеуметтік жұмыс орындарында-2 адам қабылданды. Тұрмысы төмен 2 отбасы әлеуметтік атаулы көмек алады. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны жыл басынан 25 отбасы алды. Округ көлемінде қарттар мен мүгедектер күні аталып, концерт ұйымдастырылды, 80 адамға қайырымдылық ас берілді, 10 мүгедекке азық-түлік пакеті берілді. 313 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Қолдау жасау айлығында әр ұжым басшылары, әкімшілік қызметкерлері, мұғалімдер қауымы қарттарға көмек көрсетті.

Жалғызбасты зейнеткерлерге қоғамдық жұмыскерлер қызмет көрсетеді және әртүрлі көмек беру үшін олардың барлығы мекеме басшыларының қарауына алынған. Мектепке қайырымдылық акциясы барысында 7 балаға 30 мың теңгеге көмек көрсетілді.



Білім

Округ көлемінде 1 орта мектеп білім береді. Оқушылар саны 84.

Қаратерек орта мектебінде мультимедиалық кабинеті бар, компьютерлер орнатылған. Мектеп нормативтік заңдылықтарға сәйкес жабдықталған. Ұлттық біріңғай тестілеудің қорытындысы бойынша биылғы жылы орташа балы -96. Жазғы демалыс кезінде оқып жүрген жастарды еңбек және демалу лагерлерін ұйымдастыру арқылы еңбекке және әлеуметтік өмірге тарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Ақмола облысының «Арман» лагерінде 3 оқушы, СҚО «Зеленый бор» лагерінде 5 оқушы тегін демалып қайтты. 15 орынды бір балабақша бар. Онда толығымен балалар қатысады. «Қарлығаш» бағдарламасы бойынша тәрбие береді.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласы бойынша округте дәрігерлермен және жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етілген бір фельдшерлік пукнт жұмыс істейді. Малқара ауылында бір медбике бекітілді. Жедел жәрдем жасауға дәрі-дәрмек жеткілікті.

Өткен жыл қорытындысы бойынша аса қауіпты аурулар болған жоқ. Ана өлімі тіркелмеді. Бала өлімі тіркелген жоқ.

Тегін беретін дәрілер 5 жастағы балаларға және арнайы топтағы ауруларға және жедел көмек көрсету үшін сақталып отыратын дәрі қоры жеткілікті.



Мәдениет, спорт

Округ көлемінде бір мектеп кітапханасы және бір ауыл кітапханасы бар. Мектептер мен кітапханаларда тілдерді дамыту мен қолдану жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шаралары туралы жоспарлар жасалып, тіл үйрету үйірмелері өткізіліп отырады.

Іс қағаздар округ көлемінде толықтай мемлекет тілінде жүргізіледі. Өткен жылы аудан көлемінде қазақ тілін білу деңгейін аныктау емтиханында округ қызметкерлері тегіс «үздік» деген баға алды. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 100 пайызға орындауға, қазақ тілін оқыту орындарын толық жабдықтауды жалғастыруға бағытталады.

Мерекелер барысында әр түрлі патриоттық тәрбиелік мәні бар шаралар жүргізіліп отырады. Спорт мәселесі бойынша жазғы стадион және бір спорт залы бар. Волейбол, баскетбол ойындары қысы-жазы үздіксіз жүргізіледі.


Көркейту, абаттандыру.

Былтырғы жылдың 10 сәуірінен бастап округте санитарлық тазалау, абаттандыру, жасылдандыру және елді- мекендердің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша үшайлық жарияланған болатын. Тұрғындардың барлық топтарының қатысуымен сенбіліктер, таза бейсенбіліктер өткізілді. Санитарлық тазалау барысында: қоқыс шығару, гүлзарлар жасау, ағаштар отырғызу, соғыс жауынгерлеріне арналған ескерткішті жөндеу жұмыстары, 3 баннер орнатылды, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған саябағы салынды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған тақырыптық стендтер әкімшілік ғимаратында және мектепте орнатылды. Кітапханаларда осы тақырып бойынша көрмелер, оқу кабинеттерде арнайы бұрыштар бар. Көң-қоқыс шығаратын полигон, мал өлімтіктерін салатын орындар даярланып, құжаттары реттелді.



Құқық тәртібін қамтамасыз ету.

Тәртіп сақтау мәселесі бойынша жыл бойы құқық бұзушылық болған емес. Елдерде тыныштық, тәртіп орнатылған. Округ көлемінде полиция қызметкері жұмыс істейді.

Округ көлемінде мешіт жұмыс істеуде, негізгі бағыты – салауатты өмір салтын қоғамдық құндылықтарды насихаттау, қайырымдылық шараларға қатысу. Округ көлемінде 4 ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

Округ көлемінде шешімін күтіп тұрған мәселелер жеткілікті. Жаңа жұмыс орындарын ашып, кәсіпкерлер санын көбейту, мал шаруашылығын өсіруге арналған жоспарларымыз бар.

Селолық округ көлемінде ҚР Президентінің Жолдауында, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясында және өзге де бағдарламалық құжаттарда қойылған міндеттерді орындау бойынша жұмыстарды жалғастырылатын болады.

Уважаемые сельчане!
Указом Президента Республики Казахстан 2011 год объявлен Годом 20- летия Независимости. Создана Государственная комиссия, утвержден Общенациональный план мероприятий. Девиз юбилея нашей республики-

« 20 ЛЕТ МИРА И СОЗИДАНИЯ».

За годы Независимости сформированы базовые ценности казахстанского пути- СВОБОДА, ЕДИНСТВО, СТАБИЛЬНОСТЬ, ПРОЦВЕТАНИЕ.

Казахстан является лидером в сфере глобальной ядерной безопасности.

В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А. « О проведении отчетных встреч руководителей местных исполнительных органов с населением» от 6 апреля 2005 года № 1546 в двух населенных пунктах сельского округа в январе месяце 2011 года были проведены отчетные встречи , на котором населением округа были высказаны вопросы и предложения социально-экономического характера.

В ходе отчетных встреч выступили 6 человек, 4 человек внесли предложения и задали вопросы. По каждому вопросу проведены мероприятия по реализации вопросов и предложении. Одной из проблемных вопросов система отопления Каратерекской средней школы. В текущем году ТОО «Даут-Строй-Сервиз» провели ремонтные работы по установке дополнительной секции котла. Замена отопительной системы запланировано на 2012 год.

Самой важной из всех вопросов является обеспечение питьевой водой населения села Каратерек. ». Проблема обеспечения населения села Каратерек временно решена, т.е. при содействии районного акимата установлена емкость под питьевую воду, вместимостью 25 куб.м., организован пункт раздачи воды, закреплен человек, который отпускает воду по цене 1 фляга-10 тенге согласно графика.

По штатному расписанию в аппарате акима Каратерекского аульного округа работают 3 специалиста.

С начала года поступило 159 обращении граждан, все они рассмотрены своевременно и даны ответы. Проведено 19 собрании и сходов населения.
Развитие аграрного сектора
Агропромышленный комплекс является важнейшей отраслью экономики нашего округа. 23708 га земли составляет посевная площадь., пастбища-1065 га . Почти 95 процентов посевных площадей принадлежит ТОО « Агрофирма Кзылту-НАН». В результате применения новой технологии это сельхозформирование получает высокие показатели урожая. В ТОО « Агрофирма Кзылту -НАН» применяется новейшая техника, построены модули вертикального исполнения общей вместимостью 10,5 тыс.тонн. Ежегодно наши жители с благодарностью получают дивиденды от ТОО « АФ Кзылту –НАН». На территории округа также работают ТОО « Қожаби» ,

КХ «Еңбек » . Благодаря хорошим погодным условия урожай был своевременно убран, в среднем по округу урожай составил 20,2 центнеров с гектара. Семена на 2012 год заготовлены.

По состоянию на 1 декабря 2011 года поголовье КРС составило 540 голов, поголовье лошадей составило 486 голов, поголовье овец и коз составило-1711 голов. С начала года искусственно осеменено 122 голов семенами высокопородистого скота. . В настоящее время проводятся работы по открытию мини- ферм. По сельскому округу план по профилактическим мероприятиям выполнен и проведен своевременно. Идентификация крупного рогатого скота проводится также своевременно.

Развитие малого и реднего бизнеса
В округе действуют 18 субъекта малого и среднего бизнеса.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты қазақстан халқына Жолдауында «бизнес қуатты болса,мемлекет те куатты»деп атап көрсетілген.

Осыған байланысты 2011 жылы кәсіпкерлерді және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, оның ішінде бизнесті дамытуды материалдық- қаржылық, ақпараттық-құқықтық қолдау түрінде, сол сияқты кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі жұмыстар жалғасын табатын болады
Связь
На территории сельского округа почтовая и телефонная связь работают через Уалихановские линии связи. В ауле Каратерек имеется 117, в ауле Малкара - 23, в ауле Курлеут – переговорный пункт. В ауле Каратерек функционируют отделения почтовой связи. Задания по подписке ежегодно выполняются., особенно на государственном языке, доля подписки которой превышает 85 процентов

Налогообложение и исполнение бюджета.
Задание по сбору налогов по сельскому округу своевременно выполнено, это сбор имущественного налога-15,0 тыс.тенге, земельного налога-36,0 тыс тенге, транспортного налога-500 тыс.тенге, сбор за выдачу разового талона-43 тыс.тенге.

В сельском округе проводится планомерная работа по социальной защите граждан, снижению безработицы, сокращению числа малообеспеченных граждан. На постоянной работе трудоустроено 338 чел. По округу число безработных 5 человек, Все безработные зарегистрированные в уполномоченном органе привлечены на общественные работы. 40 человек трудоустроены на вновь открытые рабочие места. По «программе 2020» 10 человек трудоустроены. Для приобретения новых профессии 7 человек отправлены на профобучения. По молодежной практике 5 человек трудоустроены. Получатели АСП -2 чел. ГДП – 25 семей.

В сельском округе провели чевствование ко дню пожилых и инвалидов, оказано спонсорской помощи в сумме 313 тыс.тенге.

Одинокопроживающим пенсионерам и инвалидам оказывается помощь общественными работниками.



Образование
На территории сельского округа находятся 1 средняя школ. Число учащихся-84. Школа оснащена компьютерами, имеется мультимедииный кабинет., интерактивная доска.

Пр школе имеется миницентр, в которых занимаются дети от 2-х до 5-ти лет.



Здравоохранение
Президент Республики Казахстан в своем Послании отметил « Здоровье народа- это неотъемлимая составляющая часть успеха Казахстана в достижении своих стратегических целей»

В а. Каратерек находится медицинский пункт. а. Малкара закреплен мед.работник. Имеется одна машина скорой помощи.

Не зарегестрировано случаев материнской смертности, младенческой смертности.

Льготные лекарственные средства для детей до 5 лет и для специальных


Культура, развитие языков и развитие спорта
На территории сельского округа функционирует одна школьная библиотека, одна сельская библиотека. Проводится целенаправленная работа по развитию культуры, развитию государственного языка.Проводятся праздничные мероприятия, другие мероприятия патриотического направления.
Обеспечение правопорядка
Оперативная обстановка на территории сельского округа на протяжении последних лет характеризуется стабильно. Для улучшения ситуации в сельском округе на территории сельского округа установлены круглосуточные дежурства населения совместно с преподавателями школ и участковым инспектором полиции.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет