ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету немесе тауарлардың
жеткізілімі туралы үлгілік шарт
______________________ «___» ____________ _______ ж.
(Өткізілетін орын)
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _____________ (Конкурсты
ұйымдастырушының толық атауын көрсету) атынан, _____________________
(лауазымы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) бір тараптан
және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын_______________________атынан
(өнім беруші – конкурс жеңімпазының толық атауы)
_______________________(жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік, Жарғы
және басқасы) негізінде әрекет ететін_______________________________
(лауазымы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) екінші
тараптан, тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша 20___жылғы «___» _______
өткен көрсетілетін қызметтерді берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурс қорытындылары туралы хаттама негізінде осы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:
1. Өнім беруші (сомасы цифрлармен және жазумен көрсетілсін) мөлшердегі сомаға (бұдан әрі – Шарттың бағасы) білім беру ұйымында білім алушыларды, оның ішінде білім алушылардың жекелеген санаттарын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті немесе тауарларды Тапсырыс берушіге жеткізуді міндетіне алады.
2. Осы Шартта төменде көрсетілген ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:
1) дүлей күш (форс-мажор) – төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және басқалары). Ондай мән-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың рынокта болмауы жатпайды;
2) «Көрсетілетін қызмет» – өндіріс процесі және тауарлар мен аспаздық өнімдерді өндіруді қосқанда орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды ұсыну.
3) «Тапсырыс беруші» – орган немесе орта білім беру ұйымы.
4) «Тауар» – орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауар.
5) «Өнім беруші» – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), Тапсырыс берушімен жасасқан шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін тұлға.
6) «Шарт» – Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жазбаша нысанда жазылған, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
7) «Шарттың бағасы» Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;
Тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе жартылай орындамаған жағдайда, егер ол дүлей күш нәтижесі болып табылса жауапкершілік артпайды.
3. Төменде көрсетілген құжаттар мен оларда айтылған жағдайлар, осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) техникалық тапсырма;
3) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.
4. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi (банктік кепілдеме, кепілдік ақшалай жарна төлеу) Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағиадаларында көзделген жағдайларда енгiзеді.
5. Өнім берушінің үшінші тұлғалардың тұтастай не Шартты қамтамасыз етуді орындау бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің Өнім беруші енгізген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді пайдалануына жол берілмейді.
6. Шарт тиісті қаржы жылына міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат шегінде жасалады және шартты орындау кезінде өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, бірақ кемінде екі рет ұзартылады.
7. Өнім беруші қызметті көрсетуді немесе тауарды жеткізуді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық тапсырмаға сәйкес білім беру ұйымдарында жекелеген санаттағы _____ санда (балалар санын көрсету) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті немесе тауарды қабылдауды және төлеуді міндетіне алады.
Ақы төлеу нысаны _______ (аударым, қолма-қол есеп айырысу)
8. Төлеу мерзімі _____________________________________________
9. Ақы төлеу алдындағы қажеттi құжаттар: _____________________
(шот-фактура немесе қабылдау-беру актiсi)
10. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген құжаттаманы немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.
11. Өнім берушінің орта білім беру ұйымдарында жекелеген санаттағы білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметін немес тауарды төлеуді көрсетілетін қызметті іс жүзінде орындау бойынша осы Шарттың ____ және ____ тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізіледі.
12. Біржолғы мектептік тамақтандырудың құны _____ теңгені құрайды.
13. Өнім берушімен қызметті көрсету Шартта белгіленген мерзімге сәйкес жүзеге асырылады.
14. Өнім беруші тарапынан қызметті орындауды кешіктіру Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап, қызметті уақытылы орындамағаны немесе заңнамада қарастырылған басқа шаралар үшін тұрақсыздық айыбын төлеп Тапсырыс берушімен Шартты бұзуына негіз болып табылады.
15. Егер Өнім беруші Шартта көзделген мерзімде қызметтерді көрсетпесе, Тапсырыс беруші шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.
16. Шарт талаптарын бұзғаны үшін Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:
1) егер Өнім беруші қызмет бөлігін немесе барлығын Шартта көзделген мерзімде (дерде) немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;
2) егер Өнім беруші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса осы Шартты бұзады.
17. Дүлей күш жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге бір жұмыс күн ішінде мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды жалғастырады және дүлей күшке байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздеуді жүргізеді.
18. Өнім беруші, осы Шарттың 17-тармағының талаптарын орындаған жағдайда егер Шартты орындауды кешіктіру дүлей күш нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.
19. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші төлеуге қабілетсіз болса немесе Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енсе, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, кез келген уақытта Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу залал келтірмесе немесе іс-әрекеттерді жасауға қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе соңынан қойылатын санкцияларды қолданатын жағдайда Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.
20. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетіледі, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күні көрсетіледі.
Ас әзірлейтін бөлік қызметкерлері конкурс кезеңінде ұсынылған қызметкерлеріне сәйкес келмесе Шартты бұзудың негізі болады.
21. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күні іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы төленеді.
22. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсайды.
23. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәселені шешеді.
24. Шарт мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жасалады.
25. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама, кейін түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.
26. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе), бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты күшіне енеді.
27. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.
28. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Өнім беруші белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.
29. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық тіркеуден өткізгеннен кейін және Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.
30. Осы Үлгі шарт орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті көрсетуді немесе тауарларды сатып алуды Тапсырыс беруші жүзеге асыру процесінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.
Осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурстық өтініміне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес келуі тиіс.
Егер тегін тамақтандыруды алуға құқығы бар білім алушылардың саны өзгерген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) Шартқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.».
31. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:
Тапсырыс беруші Өнім беруші
______________________________ _____________________________
(толық атауы) (толық атауы)
______________________________ _____________________________
(мекен-жайы) (мекен-жайы)
______________________________ _____________________________
(телефоны, факс) (телефоны, факс)
______________________________ _____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)) (бар болса))
_______________________________ _______________________________
(қолы) (қолы)
«___»_____________________ ____ж.«___»_____________________ ____ж.
М.О. М.О.
Аумақтық қазынашылық органында тіркеу күні ____________________
Достарыңызбен бөлісу: |