Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкінің кепіл, кепілдiк (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің) тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру



Дата24.02.2016
өлшемі114.1 Kb.
#12285
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкінің кепіл, кепілдiк (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің) тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұжымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 121 қаулысы (2010.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 «Сақтандыру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:



1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкінің кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесi бекiтiлсiн, ол және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгiзілсiн.

2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.

Ұлттық Банк



Төрағасы

 

 

 

 

 

Г. Марченко

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2001 жылғы 20 сәуірдегі

№ 121 қаулысымен бекітілген

 

 



Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепілдеме) шарттарының

және басқа мiндеттемелерiнiң тiзілімiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен

қызмет туралы шарттарды тiркеу

ЕРЕЖЕСІ

 

 



1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «Сақтандыру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрi - сақтандыру ұйымдары) қаржылық және баланстарда көрсетiлмеген басқа да мiндеттемелерi туралы мәлiметтердi уақтылы алу мен баға беру мақсатында әзiрленген, уәкiлеттi органның тиiстi тiзiлiмдерiн жүргiзу және сақтандыру ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды (бұдан әрi - бiрлескен қызмет туралы шарт) тiркеу тәртiбiн белгiлейдi.

2. Сақтандыру ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттары мен басқа да мiндеттемелерiн (бұдан әрi - қосымша мiндеттемелер туралы шарт) және бiрлескен қызмет туралы шарттарды жасау, орындау және тоқтату негiздемелерi мен талаптары заңнамамен реттеледi.

3. Уәкiлеттi орган:

1) сақтандыру ұйымдарының меншiктi мүлкiнiң кепiл шарттарының тiзiлiмiн;

2) сақтандыру ұйымдарының баланста көрсетiлмеген кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және өзге де мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн;

3) сақтандыру ұйымдарының бiрлескен қызметi туралы шарттардың тiзiлiмiн жүргiзедi.

4. Қосымша мiндеттемелер туралы шарттарды (бiрлескен қызмет туралы шарттарды), оның ішiнде уәкiлеттi органға тiркеу үшiн құжаттарды уақтылы ұсынбауынан енгiзбеу (тiркеу туралы деректердiң болмауы) осы мәмiлелердi жарамсыз деп тануға негiздеме болып табылмайды.

5. Уәкiлеттi орган сақтандыру ұйымының тiзiлiмге енгiзiлетiн немесе осы Ереженiң талаптарына сәйкес тiркелген шарттарды орындауына жауап бермейдi.

6. ҚР ҚҚА басқармасының 24.05.04 ж. № 147 қаулысымен алынып тасталды

7. ҚР ҚҚА басқармасының 24.05.04 ж. № 147 қаулысымен алынып тасталды

8. ҚР ҚҚА басқармасының 24.05.04 ж. № 147 қаулысымен алынып тасталды

2. Тiзiлiмге енгiзу тәртiбi

9. Сақтандыру ұйымы қосымша мiндеттемелер туралы шартты жасағаннан кейiн бес күнтізбелік күн ішінде уәкiлеттi органды мәмiленiң жасалғандығы туралы хабардар етедi және тиiстi шарттардың көшiрмелерiн тiзiлiмге енгiзу үшiн ұсынады.

Сақтандыру ұйымы бiрлескен қызмет туралы шартты тiркеу үшiн ол жасалған күннен бастап он жұмыс күні iшiнде уәкiлеттi органға хабарландыруды, шарттың түпнұсқасы мен көшiрмесiн ұсынады.

Уәкiлеттi органның стратегия және талдау бөлiмшесi басшысының (басшы орынбасарының) қолы қойылған бiрлескен қызмет туралы шартты тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның белгiсi шарт түпнұсқасының соңғы бетiне қойылады әрi ол осы Ереженiң Қосымшасына сәйкес ресiмделiп, сақтандыру ұйымына қайтарылады.

10. ҚР ҚҚА басқармасының 2010.29.10. № 162 Қаулысымен алып тасталды

11. ҚР ҚҚА басқармасының 24.05.04 ж. № 147 қаулысымен алынып тасталды

12. ҚР ҚҚА басқармасының 24.05.04 ж. № 147 қаулысымен алынып тасталды

13. ҚР ҚҚА басқармасының 24.05.04 ж. № 147 қаулысымен алынып тасталды

14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қосымша мiндеттемелер немесе бiрлескен қызмет туралы шарттар жөнiндегi ақпарат уәкiлеттi органға келiп түскен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде тiзiлiмге енгiзiледi.

15. Сақтандыру ұйымдарының меншiктi мүлкi кепiл шарттарының тiзiлiмiне мынадай мәлiметтер енгiзiледi:

1) кепiл берушi болып табылатын сақтандыру ұйымының атауы;

2) кепiл шартының күшiне енгізiлген күнi;

3) кепiл шартының нөмiрi;

4) кепiлдiң мәнi;

5) борышкердiң және борышкерге қызмет көрсететiн банктiң атауы (егер үшiншi тұлғаның мiндеттемелерi кепiлмен қамтамасыз етiлсе);

6) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мөлшерi;

7) кепiл шартының қолданылу мерзiмi;

8) кепiл ұстаушының атауы;

9) шарттың тiзілiмге енгізілген күні;

10) кепiл шартына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы белгi.

16. Сақтандыру ұйымының баланста көрсетiлмеген кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiне мынадай мәлiметтер енгiзiледi:

1) сақтандыру ұйымының атауы;

2) кепiлдiк (кепiлдеме) немесе басқа да мiндеттеме берiлген және оның күшіне енгiзiлген күні;

3) шарттың (немесе қабылданған мiндеттемелер туралы құжаттың) нөмiрi;

4) борышкердiң және борышкерге қызмет көрсететiн банктiң атауы (егер үшiншi тұлғаның мiндеттемелерi қамтамасыз етiлсе);

5) кепiлдiктiң (кепiлдеменiң) немесе сақтандыру ұйымындағы басқа да мiндеттемелердiң мөлшерi;

6) шарттың қолданылу мерзiмi;

7) кредитордың атауы;

8) шарттың тiзiлiмге енгiзiлген күнi;

9) шартқа енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы белгi.

17. ҚР ҚҚА басқармасының 24.05.04 ж. № 147 қаулысымен алынып тасталды

18. Шарттарға өзгерiстер мен толықтыруларды тiзiлiмге енгiзу негiзгi шарт үшiн көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.



3. Шарттарды тiркеу тәртiбi

19. ҚР ҚҚА басқармасының 24.05.04 ж. № 147 қаулысымен алынып тасталды

20. Сақтандыру ұйымының бiрлескен қызметi туралы шарттарды тiркеу тiзiлiмiне мынадай мәлiметтер енгiзiледi:

1) сақтандыру ұйымының атауы;

2) шарттың тараптары;

3) шарттың күшiне енгiзiлген күнi;

4) шарттың нөмiрi;

5) сақтандыру ұйымының шарт бойынша мiндеттемелерiнiң мөлшерi;

6) шарттың қолданылу мерзiмi;

7) уәкiлеттi органның тiркеу күнi;

8) шартқа енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы белгi.

4. Қорытынды ережелер

21. ҚР ҚҚА басқармасының 24.05.04 ж. № 147 қаулысымен алынып тасталды

22. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер заңнамада белгiленген тәртiппен шешiледi.




Төраға

 

 

 

 

 

Г. Марченко



Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының

баланста көрсетілмеген меншікті мүлкінің

кепіл, кепілдік (кепілдеме) шарттарының

және басқа міндеттемелерінің тізілімін

жүргізу және сақтандыру (қайта

сақтандыру) ұйымы жасаған бірлескен

қызмет туралы шарттарды тіркеу ережесіне

1 қосымша

          Уәкілетті орган»___"_________200 _ж. №____

     _______________________________________________________ шартын

                          (шарттың атауы)

    «___"__________200__ж. №_____тізілімге енгізді (тіркеді)

     ____________________________________________________________

                      (қажеттінің астын сызып қойыңыз)

          Уәкілетті органның

          аумақтық филиалының басшысы

          (оның орынбасары)

      ___________________________

                  (Аты-жөні)

      ___________________________

                    (қолы)

         «___"_____________200__ж.



Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының

баланста көрсетілмеген меншікті мүлкінің

кепіл, кепілдік (кепілдеме) шарттарының

және басқа міндеттемелерінің тізілімін

жүргізу және сақтандыру (қайта

сақтандыру) ұйымы жасаған бірлескен

қызмет туралы шарттарды тіркеу ережесіне

2 қосымша



________________200_жылы

Тізілімге енгізілген, сақтандыру ұйымының орналасқан жері бойынша

уәкілетті органның аумақтық филиалы тіркеген сақтандыру

(қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетілмеген меншікті мүлкінің

кепіл, кепілдік (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің

және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бірлескен

қызмет туралы шарттар жөніндегі

ЕСЕП-ВЕДОМОСІ

№ 

р/с


  

   


   

   


   

   


   

   


   

Сақтандыру

(қайта    

сақтандыру)

ұйымының  

атауы     

           

           

           

           

           

           


Уәкілетті

органның 

шартты   

тізілімге

енгізу   

(тіркеу) 

күні мен 

номері   

          

          

          


Баланста көрсетіл- 

меген меншікті     

мүліктің кепіл,    

кепілдік (кепіл-   

деме) шарттары-    

ның және басқа     

міндеттемелердің    

бірлескен қызмет   

туралы шарттардың  

жасалған (берілген)

күні мен номері    


Баланста көрсетіл-

меген меншікті   

мүліктің кепіл,  

кепілдік (кепіл- 

деме) шарттарының

және басқа міндет-

темелердің және  

бірлескен қызмет 

туралы шарттардың

қолданылу мерзімі-

нің аяқталуы     


Заемшы-

ның   


атауы 

(шарт 


тарап-

тары) 


       

       


       

       


       

Заемшы 

Банкінің


атауы  

(шарт  


тарап- 

тары)  


        

        


        

        


        

Креди-

тордың


атауы 

       


       

       


       

       


       

       


       

Кепілдік-

тің және

басқа   

міндетте-

мелердің

теңгемен

сомасы  

         

         

         

         


Кепілдік-

тің және

басқа   

міндетте-

мелердің

шетел   

валютасы

мен      

сомасы  

         

         


Кепілдік 

беру (және

басқа    

міндетте-

мелердің)

валютасы 

          

          

          

          

          


Шартқа  

өзге-   

рістер  

енгізу  

жөніндегі

белгі   

         

         

         

         

         


Пайдаланған

кепілдіктің

(және басқа

міндеттеме-

лердің)   

сомасы    

           

           

           

           

           


 

 

 

                                                                                                                                                

Жиынтығы:                                                                                                                                      



 

 

 



Уәкілетті органның аумақтық

филиалының басшысы (оның орынбасары) ____________ (қолы)

Уәкілетті органның аумақтық

филиалының бас бухгалтері ____________ (қолы)



«Сақтандыру (қайта сақтандыру)

ұйымының баланста көрсетiлмеген

меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк

(кепiлдеме) шарттарының және басқа

мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу

және сақтандыру (қайта сақтандыру)

ұйымы жасаған бiрлескен қызмет

туралы шарттарды тiркеу ережесiне

қосымша

    «___»_________ 200___ж. № ______ ________________________________

     ___________________________________________________________ шартын

                               (шарттың атауы)

     Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу

мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi»___»____________ 200___ж.

     № тiркедi.

     Уәкiлеттi органның стратегия

     және талдау бөлiмшесiнiң

     басшысы (оның орынбасары)

     ___________________________

             (Аты-жөнi)

     ___________________________

              (Қолы)



    «___»____________ 200___ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет