Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2008 жылғы «___»______
№_____қаулысымен бекітілген
19-қосымша
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
стандарты
-
Жалпы ережелер
1.Мемлекеттік қызметтің анықтамасы – жұмыссыз қатарында уәкілетті органның есебінде тұрған азаматтарға анықтама беру.
2.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – жартылай автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет төмендегілер негізінде көрсетіледі:
1) Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8 бабының 1- тармағының 8-тармақшасы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызыметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулысының 5-бөлімінің, 117-тармағы.
4.Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның атауы - Қаратөбе ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 18, 2 қабат, 11 кабинет, телефоны : 31-2-25.
5. Тұтынушы аталатын мемлекеттік қызметті көрсетуде аяқтау нысаны – жұмыссыздарға материалдық көмек, балаларына жәрдем ақы, атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін тағайындауға анықтама беру.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларына көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет көрсету қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұрау берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезеңнен бастап ең аз уақыт мөлшері - 20 минуттан аспайды;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу
кезінде және т.с.с.) кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға
рұқсат берілген ең ұзақ уақыт – 20 минут;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған
кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файлдың рұқсат берілген жоғары мөлшері – 20 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі – бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттар, Қаратөбе ауданы әкімдігінің ресми сайты (www.karatobе.westkaz.kz). Бұл стандарт Қаратөбе ауданы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 18 мекенжайы бойынша Бөлімнің 2-қабатындағы арнайы стендте орналасқан.
10.Жұмыс кестесі – күн сайын сағат 9.00-18.30 дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, үзіліс уақыты сағат 13.00-14.30 дейін, аталған мемлекеттік қызметті алу үшін алдын-ала жазылу және жедел қызмет көрсету қарастырылмаған.
11. Осы мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылатын қолайлы жағдайлар:
1) бөлмеде мемлекеттік және орыс тілдерінде арыздардың үлгілері көрсетілген жазу үстелдері мен орындықтар қойылған;
2) кабинеттердің қасында күтуге орындықтар қойылған;
3) жаз мезгілдері тұрақты температураны сақтау үшін ауа тазартқыш орналасқан.
4) өрт қауіпсіздігі талаптары сақталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптар тізбесі:
1) жеке куәлігі (төлқұжат);
шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар бұдан басқа, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның iшкi iстер органдарында тiркелгенi туралы белгiсi бар куәлiгін ұсынады;
оралмандар халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық органдары берген оралман куәлiгiн ұсынады;
2) әлеуметтік жеке кодының берілгені туралы куәлігі (ЖӘК), Батыс
Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы арқылы беріледі, күн сайын сағат 9.00-16.00 дейін, үзіліс сағат 13.00-14.00 дейін сенбі мен жексенбіден басқа күндері, мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Мұхит 14 телефоны : 31-2-68;
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгені туралы куәлігі (СТН), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетінде беріледі, сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-18.30 дейін қабылдайды, үзіліс уақыты сағат 12.00-13.00 дейін, мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 19, 1 қабат, телефоны : 31-8-06;
4) еңбек қызметін дәлелдейтін құжаттар (еңбек кітапшасы, еңбек келісім шарты).
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтыруға қажетті бланктер берілмейді.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжатты тапсыратын жауапты адамның кабинетінің мекенжайы мен нөмірі Бөлімнің жұмыспен қамту және еңбек қатынастар секторы, мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 18, 2 қабат, 11 кабинет, телефоны : 31-2-25.
15.Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат – жұмыссыздардың құжаттарын қабылдаған мамандар, оның барлық мәліметтері базаға енгізілгенін хабарлайды және жұмысқа немесе кәсіби оқуға баруға жолдама ұсынылады.
16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі – жұмыссыздар жеке жолыққан кезде мамандар қорытындысын хабарлайды.
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді уақытша тоқтатуға немесе бас тартуға негіздемелердің толық тізбесі:
1) ұсынылған құжаттардың осы стандарттың 12-тармағында көзделген талаптарға сай келмеуі;
2) құжаттардағы ақпараттың толық немесе нақты болмауы.
3.Жұмыс қағидалары
18 Бөлім жұмыс барысында мынандай қағидаттарды басшылыққа алады: сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы жан-жақты ақпарат беру, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандартқа қосымшадағыға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның жұмысы
бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтарымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауы, лауазымды тұлғаның телефонының, кабинетінің нөмірі:
1) Тұтынушы егер Бөлім мамандарына шағымданған жағдайда, Бөлімінің бастығы шағымдану тәртібін түсіндіріп, шағым дайындауға жәрдем көрсетеді, мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 18, 2 қабат, 10 кабинет, телефоны : 31-1-91;
2) Тұтынушы егер Бөлім бастығына шағымданған жағдайда Қаратөбе ауданы әкімінің аппарат жетекшісі шағымдану тәртібін түсіндіріп, шағым дайындауға жәрдем көрсетеді, мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 19, 2 қабат, 7 кабинет, телефоны : 31-5-35.
22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауы, лауазымды тұлғаның кабинетінің нөмірі:
1) Шағымдар пошта немесе қолма-қол, кеңсе - арқылы Бөлім бастығының атына Қаратөбе ауданы әкімдігінің “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесінде қабылданады, мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 18, 2 қабат, 10 кабинет, телефоны : 31-1-91;
2) Шағымдар пошта немесе қолма-қол, кеңсе - арқылы Қаратөбе ауданы әкімінің аппаратында қабылданады, мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 19, 2 қабат, 3 кабинет, телефоны : 31-6-33.
23. Шағымның қабылданғанын растайтын құжаттың атауы: азаматтың жазбаша жүгінуін кіріс журналына тіркеп, тіркеу туралы талон немесе азаматты жеке мәселесімен қабылдау бойынша қабылдау уақыты көрсетілген карточка беріледі. Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген шағым міндетті түрде қабылдауға, тіркеуге, және қарауға жатады. Қарау мерзімі 15 күнтізбелік күн. Шағымның қаралу барысы туралы мәліметтерін бөлімнен білуге болады, мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 18, 2 қабат, 10 кабинет, телефоны : 31-1-91.
6. Байланыс ақпараты
24. Байланыс мәліметтері: Тұтынушыларды қабылдау Бөлімнің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.
1) бөлім бастығы:
Мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 18, 2 қабат, 10 кабинет, телефоны : 31-1-91, жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-18.30 дейін, демалыс және мерекелік күндерден басқа, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30 дейін. Жеке сұрақтар бойынша қабылдау: жұма күні сағат 9.00-13.00 дейін, мерекелік күндерден басқа;
Жоғары тұрған ұйымдардың байланыс мәліметтері:
1) “Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті” мемлекеттік мекемесі мекенжайы: Орал қаласы, Сарайшық көшесі 46, №201 кабинет, телефоны: 51-25-83;
2) Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты:
Мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 19, 2 қабат, 7 кабинет, телефоны : 31-5-35.
25. Бөлім төмендегідей қосымша қызметтер көрсетеді:
1) 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау;
2) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
3) Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу;
4) Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу;
5) Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу;
6) Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу;
7)Тұрғын үй көмегін тағайындау;
8) Мүгедектерді сурдо-тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдар беру;
9) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу;
10) Мүгедектер үйінде, оның ішінде бөгде адамның күтіміне және
жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу.
Бөлімнің сенім телефоны: 31-1-91.
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымша
Кесте.Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi
Сапа және қолжетімділік
көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің
нормативтік мәні
|
Көрсеткіштің
келесі жылдағы
нысаналы мәні
|
Көрсеткіштің
есепті жылдағы
ағымдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Мерзімділігі
|
1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)
|
100
|
100
|
100
|
1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт кеткен тұтынушылардың % (үлесі)
|
100
|
90
|
100
|
2. Сапасы
|
2.1. қызметті ұсыну үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
100
|
100
|
100
|
2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)
|
100
|
100
|
100
|
3. Қолжетімділік
|
3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
100
|
100
|
100
|
3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)
|
100
|
100
|
100
|
3.3. интернет арқылы қолжетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)
|
-
|
-
|
-
|
4. Шағымдану үдерісі
|
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)
|
-
|
-
|
-
|
4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)
|
-
|
-
|
-
|
4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
-
|
-
|
-
|
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
-
|
-
|
-
|
5. Сыпайылық
|
5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
100
|
100
|
100
|
Достарыңызбен бөлісу: |