Сабақ бір әлем қаратөбе аудандық білім беру бөлімі Қаратөбе мектеп-гимназиясы



бет1/3
Дата16.06.2016
өлшемі0.75 Mb.
#139126
түріСабақ
  1   2   3


Батыс Қазақстан обылыс Қаратөбе ауданы Қаратөбе мектеп-гимназиысының әдебиет пәнінің мұғалімі Гусманова Шара Алтайқызы



ӘР САБАҚ – БІР ӘЛЕМ

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі

Қаратөбе мектеп-гимназиясы

Әр сабақ – бір әлем
Қаратөбе мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Гусманова Шара Алтайқызының

іс-тәжірибесінен

Қаратөбе – 2010
Қаратөбе мектеп-гимназиясының әдістемелік сараптама кеңесінде қаралып, басылымға ұсынылды.

Хаттама №2 10 қараша 2010 жыл


Авторы: Гусманова Шара Алтайқызы – Қаратөбе мектеп-гимназиясының жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Рецензенттер: Қалкенова Гүлжанат Берікқызы – Қаратөбе мектеп-гимназиясы директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары

Қойшиева Мөлдір Дулатқызы – Қаратөбе мектеп-гимназиясы гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Іс-тәжірибеде мұғалімнің оқытудың озық технологияларының бірі оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасы негізінде өткізген сабақтар топтамасы жинақталған. Бұл жинақ оқушыларды өз бетімен жұмыстандыру, ойланту, іздендіру, өз пікірін, көзқарасын қорғауға үйрету арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған интерактивтік жұмыстарымен құнды. Өзіндік танымдық жұмыстар интеграциялық білімге негізделген. Мұғалімнің жеке іс-тәжірибесінен әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылады.


Алғы сөз

Сабақ – оқытудың басты формасы. Сабақ сапасын артыру – барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Бұл ретте білім деңгейінің төмендеу себептерінің бірі – күнделікті сабақ өткізудің стандартты, бір мәнді, шаблонды, көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін түгелдей дерлік жаулап алған дәстүрлі бір сарынды сабақтарда деп айтуға болады. Күн сайын өтетін жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау сияқты жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақ оқушыларды жалықтырары, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан әр мұғалім өз жұмысында сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруі, бұған оқушыларды тарта білуі, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі - міндет. Ұтымды ұйымдастырылған жаңа әдіс-тәсілдер сабақты жандандырады, оқушылардың білімге қызығушылығын арттырады, оқу үрдісін жетілдіре түседі. Білім берудің негізгі мақсаты – білім сапасын көтеру болса, бұл ретте мақсатқа жетудің басты шарты - өзара белсенді ұйымдастырылған сабақ. Жаңа білімді оқушының өз бетімен алуына бағытталған дамытушылық сипаттағы сабақ үлгілері мұғалімнің жеке іс-тәжірибесінен әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.

Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм
Мақсаты: Эвфемизмдердің тілдік сипатын таныту;

Ұлттық салт-дәстүрдің тілдегі көрінісі арқылы ұлттық құндылықтарды бағалауға үйрету;

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Талдау, өз бетімен жұмыс, жинақтау, салыстыру


Барысы: Ұйымдастыру

«Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы – сөз.»

(Олжас Сүлейменов)

Қызығушылықты ояту



Ой қозғау

Жазуы кенжелеу дамыған халқымыз сөз өнеріне ерекше мән берген. Халқымыздың бүкіл арман-мақсаты да, таным- түсінігі де, өткенінің ізі де сөз өнерінде жатыр. Барлық тағылым-тәрбиесі де, білімі де, болашаққа деген аманаты да сөз арқылы берілген.

Біздің бүгінгі сабағымыздың эпиграфы

«Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы – сөз.»

(Олжас Сүлейменов)

Үй тапсырмасын тексеру

Жалпы, тіл ғылымынан сөздердің бірінің орнына бірі жұмсалу құбылыстары бар екенін білесіңдер. Қазір «Дөңгелек үстел» жасап, осындай тілдік ұғымдар мен оларға мысал келтірейік.

Ауыспалы мағыналы сөздер – Синонимдер – Табу сөздер

Мысалы: Ауыспалы мағыналы сөздер – Бастапқы мағынаның негізінде туған туынды мағына – «Арыстан еді Исатай» - Ер жүрек

Синонимдер – Мағыналары жуық сөздер – Сұлу - Әдемі

Табу сөздер – Атауға тыйым салынған сөздер – Қасқыр – Жаман ауыз

Ұлттық тәрбиенің тілдегі тағы бір көрінісі – біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы

ЭВФЕМИЗМ

Мағынаны тану



Түсіндірме күнделігі арқылы жаңа тілдік атаудың мәніне ой жіберіп көрейік.

Түсіндірме күнделігі




Грамматикалық атау

Шығу төркіні

Эвфемизм

Грек тілі

Eu

phemi


Жақсы

айтамын

Болжау

Қалай ойлайсыздар, қандай сөздерді жақсы етіп айтуға болады деп ойлайсыздар? Мысал келтіріп көрейік.



  • Дөрекі сөздерді





Өзіміздің осы түсінігімізді оқулығымыздың 47 бетінде көрсетілген теориялық түсінікпен салыстырайық, толықтырайық.

Insert кестесі

(Түртіп оқу)


V

+

?

Дөрекі естілетін құбылыстарды

Сыпайы сөзбен ауыстыратынын


Эвфемизм деген атау

Эвфемизмдердің өзге тілдік ұғымдармен қатысы

Көркем шығармалардағы қолданысы

Оқушы ізденісі


І топ

Білу, түсіну

Эвфемизмдердің сөздігін жасау
ІІ топ

Қолдану, талдау

Эвфемизмдерді пайдаланып, әңгіме құрау
ІІІ топ

Жинақтау, бағалау

«Эвфемизмдердің тәрбиелік мәні, қолданыс болашағы» деген тақырыпта пікір алмасу ұйымдастырыңдар.
ІҮ топ (мұғалімдер тобы)

Көркем әдебиеттен эвфемизмдерге мысал жазу


Ойтолғаныс

Венн диаграммасы




Табу

Ортақ қасиеті

Эвфемизм

Наным-сенімге байланысты

Салт-дәстүрге байланысты

Ауыстырып айту

Адамгершілікке байланысты

Қорытындылау


Үй тапсырмасы: Көркем әдебиеттен эвфемизмдерге мысал жазу
Сабақтың тақырыбы: «Қырық өтірік» ертегісі

Сабақтың мақсаты: Ертегінің мазмұнын игеру; Жанрлық ерекшелігін тану; Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушының ой-қиялын дамыту; Өзіндік көзқарасын, жазба әдеби тілін қалыптастыру;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Талдау, салыстыру, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: Тазша баланың суреті, Куб,
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
І. Қызығушылықты ояту
Ой шақыру стратегиясы
Өтірік айтып көрдің бе ?
(Оқушылардың әңгімелері тыңдалады)

Өтірік туралы қызықтар мұнымен шектелмейді. «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам», «Өтіріктің өрісі тар» Демек, жақсы әдет емес. Психологтардың зерттеулері бойынша бұндай әдетке адам бала кезінде үйір болады екен. Кейін басы «тасқа» соғылған соң қойып кетуге мәжбүр болады. Ал кейбіреулер оны өміріне жолдас етіп алады. Өтіріктің зияны қыруар. Қолайсыз жағдайға ұшырайсың. Абыройдан айырыласың. Қысқасы, ең жақсысы қолдан келгенше өтірік айтпауға тырысқан жөн.

Әрине, өтіріктің адамға залалсыздары да кездеседі. Оған мысал «Алдар көсенің бастан кешкендері» мен «Қырық өтірік» ертегісі. Олар қажет болған соң амалсыз айтылған өтіріктер. Күлкіге қарық боласың. Риза боласың.

Ал неге риза болатыныңды ертегіні талдай отырып, көз жеткізейік.


ІІ. Мағынаны тану
Кубизм стратегиясы (топтық жұмыс)


  1. Талдау (Ертегіге мазмұндық жоспар құру)

  2. Сипаттау (Тазша балаға мінездеме беру)

  3. Салыстыру («Қырық өтірік» ертегісін өзге ертегімен салыстыру)

ІІІ. Ой-толғаныс


Сұрақ қою арқылы талдау стратегиясы
Өтірік әңгімеден қандай құндылықтар аңғаруға болады ?

Үй тапсырмасы


Міндетті деңгей

«Қырық өтірік» ертегісін оқып, түсінгенін айту


Мүмкіндік деңгей

«Өтірік ертегі» мен 4 ауыз өтірік өлең құрастыру

Сабақтың тақырыбы: Қасиетті Құран Кәрім туралы «Адам ата»

Сабақтың мақсаты: 1. Діни әңгімелерді оқи отырып, Ислам діні, Құран Кәрім туралы оқушылардың түсінігін кеңейту;

2. «Адам ата» әпсанасы арқылы адамзат алдындағы оң бағыт пен теріс соқпақ, имандылық пен әзәзілдіктен дұрыс жолды таңдау керектігін ұғыну;

3. Оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру;


Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Түрленген сабақ

Сабақтың әдісі: Талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, кітап көрмесі

Пәнаралық байланыс: Тарих
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
- Әр халықтың ұлттық болмысын, тіршілік ету тәлімін, өмірге деген көзқарасын, рухани өрісін, танымы мен нанымын жалпақ жұртқа жайып, өзін танытатын әрі мәшһүр ететін халықтың ежелден келе жатқан ескі салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, жөн-жоралғылары болса керек. Талай ұрпақтардың ұлан-ғайыр көшін ұзатып салып, тар жол, тайғақ кешулі замана зобалаңдарынан өткен өрісті тарихымыздың өн бойында өшпей, өскін жайып, халық тірлігінің өзегімен өріле жасасып келе жатқан бұл қасиетті қазыналарымыз өзінің өміршеңдігімен тәнті етеді. Өйткені бұл бас иер киеміз халқымыздың тілі мен ділі, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, дүниетанымы мен наным-сенімінде бағы мен бары да, құты мен құдіреті де жатыр.

Біз өзіміз оқыған халық ауыз әдебиетіміздің асыл қазыналары тұрмыс-салт жырлары мен ертегілер, шешендік сөздер мен аңыз әңгімелерден де халқымыздың танымын білсек, қазақ фольклорлық прозасының жанры әпсана-хикаят, хиссалардан халқымыздың нанымын көреміз.

Әпсана - парсыша ертегі, хикаят арабша әңгіме, қисса арабша әңгіме, аңыз деген мағына береді. Еуропа әдебиеттеріндегі легенда деген ұғымның баламасы. Аңызға, мифқа, ертегіге тән жанрлық белгілер бірдей ұшырасады.
І. Қызығушылықты ояту
Құран Кәрім дегенде ойымызға не келеді?


  • Тарих

  • Әдебиет

  • Әдет-ғұрып

  • Салт-сана

  • Шариғат

  • Тазалық

  • Шипагерлік

  • Әділдік

ІІ. Мағынаны тану


Электронды оқулықпен жұмыс

  1. Түсінік

  2. Мәтін

  3. Сөздік

  4. Талдау

  5. Қосымша оқу

Түсінік

Жер бетіндегі халықтардың көбі бір Аллаға табынады, сыйынады. Осы үлкен сенім адам баласына көмектеседі. Осы сенімнен дін тарайды. Дүние жүзіне кең тараған төрт ірі дін тармақтары Ислам, Христиан, Будда, Католик діндерінің бәрінің де өзегі – адамгершілік, тазалық.

Алла сөзі Жебірейіл періште арқылы төрт пайғамбарға, яғни, Мұсаға – «Таурат», Ғайсаға – «Інжіл», Дәуітке – «Забур», Мұхаммед пайғамбарға – «Құран Кәрім» тапсырылады.

Ислам діні – Алла тағаланың Мұхаммед пайғамбар ғалейһи-салам арқылы жіберген ақиқат жолы, дүние жүзіне ең ықпалды әрі кең тараған дін. Ислам арабша мойынсұну, амандық, татулық деген мағына береді. Мұхаммед пайғамбарға түсірілген Құран Кәрімді өзінен бұрынғы кітаптардың растаушысы (барлық пайғамбарларға бұрын жіберілген өсиеттерді түгел қамтиды.) және Жаратушының ең соңғы өсиеті деп санайды.

Мұсылмандар – Мұхамбет пайғамбардың үмбеттері.

Сөздікпен жұмыс

Алла – Ислам діні ұғымында күллі ғаламды жаратушы.

Уаһи – хабар.

Сахаба – пайғамбарымыздың ислам дініне үлес қосқан серіктері.

Хафиз – Құранды жаттап, үнемі есінде сақтаған адамдар.

Қари – Құранды жаттап, оны жеті түрлі әуенге салып оқушы адам.

Ғайып – көзбен көрмесек те, жүрекпен, иманмен сезінетін әлем.

Сапиолла – Адам атаның шын есімі.

Уасуаса – азғыру.

Талдау

Дискуссиялық карта



Шығармадағы жақсылық пен жаман істерді талдай отырып, кестені толтыру


+

-






ІІІ. Ой толғаныс

«Соңғы сөзді мен айтамын»

Шығарманың ой түйінін анықта.

Үй тапсырмасы

Міндетті деңгейлі тапсырма

Әпсана-хикаятты мазмұндау

Оқулықтағы шығарма соңындағы тапсырмаларды орындау

Мүмкіндік деңгейлі тапсырма

Адам ата мен Хауа ана екеуі тыйым салынған жемісті жемегенде не болар еді? (Шығарманың өз ойынша аяқтау)

Сыныптан тыс оқуға ұсынылатын шығармалар тізімі


  1. Құран Кәрім

  2. Рабғузидің «Хисса сул әнбия»

  3. Ғ. Мүсірепов «Ана жыры» әңгімесі

Дискуссиялық карта




+

-

Адамды артық етіп жарату



Адамның шайтанның азғыруына еруі

Нұрдәулет


Дискуссиялық карта




+

-

Адамға жұмақта жақсы жағдай жасау


Шайтанның адамды азғыруы

Перизат

Дискуссиялық карта


+

-

Адамның жерге түсуі көбеюі үшін жақсы болды


Ібілістің адамға бас имеуі

Әлібек












Сабақтың тақырыбы: «Ұлы жолдың бастауы» (М.Әуезов «Ақын қонақтар»)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көркем мәтінді оқыту; Сұрақтарға жауап беру арқылы өзіндік ойын тұжырымдау; Әдеби тілін қалыптастыру;

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Тарих қана, халық қана туатын

Алыптардың арқа тұтпас кім атын?

Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа

Керек болды Абай сынды Ұлы ақын!

Айдың орнын баса алады Күн ғана,

Таудың орнын баса алады шың ғана.

Ұлы Абайды жырлау үшін қазаққа

Керек болды Мұхтар сынды бір дана!

Ж. Әбдірашев
І. Қызығушылықты ояту
Ой шақыру
«Сіз әлі «Абай жолын» оқыған жоқсыз ба? Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағансыз...»

«... Бұл – таңғажайып, керемет, қандай тұнық поэзия! Проза жанрында жазылған осынау қалың екі томның өн бойында бір жол қара сөз болсайшы!»

Альфред Курелла

Неге бұлай айтқан деп ойлайсыз?
ІІ. Мағынаны тану

«Алтын сақа» ойынының үлгісінде

ТАБАЛДЫРЫҚ


  1. «Ол, яғни, Абай атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі, басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты.»

Ол кім ?

«Онысы – әсіресе, әжесі. Одан қала берсе, шешесі.»



  1. «Бертін келе, тәуір болып алған соң, әжесінен тағы бір әңгімелер тапты.»

Ол - қандай әңгімелер?

«Ол – осы ел ішінде Зеренің 1 жасынан бергі көргені, естігені жайындағы әңгімелер.»



  1. «Шоқшалау ғана ақ сақалы бар, келбетті келген зор дауысты ақ сары кісі Абайға салғаннан ұнады. Білгенін ішіне бүгіп, үндемей отырған өзге үлкендердей емес, іле сөйлеп кететін жарқылдақ, ашық. Осы үйде талай күннен жатып жүрген ауыл адамы сияқты.»

Бұл – кім?

«Бұл - Барлас ақын.»



  1. «Мұның ұғымтал, зеректігіне қатты риза боп, шын сүйінген Барлас бір оңашада жай ғана тақпақтап, Абайға домбырасын ұсынды.»

Барластың батасы:

  • «Шырағым, ер жетерсің,

Ер жетсең, сірә, не етерсің?!

Алысқа шырқап кетерсің,

Шындасаң, шыңға жетерсің.»

ӘУДЕМ ЖЕР




  1. «Бұдан бұрынғы екі күндік жолда үлкендер жылдам жүрмей, баланың шыдамын әбден тауысқан-ды. Ол сондықтан бүгін ауылға жететін күні үлкендерді еріксіз қатты жүргізудің айласын тапқанына дән риза. Екі атқосшы жарыса жөнелгенде, амалсыз егеске түсіп, «мен озам, мен озаммен» тепкілесіп, созыла берді. Бір белден асып, екінші белдің өріне қарай тоқтамай жарысып келе жатты.»

Байтастың мінгені және Жұмабайдың астындағы қандай аттар еді?

«Байтастың мінгені Құнанбайдың қара жал бурыл аты, дәмелі бәйге аттың бірі еді. Жұмабайдың астындағы да сол Құнанбайдікі – Найманкөк деген, үлкен ақ көк ат болатын.»




  1. «Белге шығып алып шауып келе жатып қарағанда, бала көрінбеді. Бұлар тағы да сілтесе бермек болды. Сөйтіп осы белдің ойына қарай құлай бергенде, жорға Жұмабай арт жағынан, сол иығы тұсынан тасырлатып кеп қосылған бір дүсірді есітті.»

Бұл қай жер?

«Дәл Есембай биігінің тұсы. Және дәл Есембай жырасының өзі екен.»




  1. «Байтас пен Жұмабай тақай бергенде, Абай да әкесінің қасына кеп қалып еді. Үшеуі бірдей жамырай сәлем берді. Құнанбай тез бұрылып, сәлемдерін алды да, қысқа ғана амандық сұрады. Тұрған орнынан қозғалған жоқ. Баласын қасына да шақырмады. Азғантай уақыт Абайға қарап алды да суық амандасқандай болды.»

Әкесі қалай амандасты?

«- Балам, бойың өсіп ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме?-деді.»


4. «Тағы да шапшаң Қаратай: «Ал, шариғат бұл Қодар қылығына не бұйырады екен?»-деді. Құнанбай бағанадан төмен отырған жорға Жұмабайды енді ғана еске алғандай бұрыла қарап: «Мына Жұмабай қалаға барып, Ахмет риза хазіреттен фатуа сұрап келді,» - деді.»

Шариғат жолы бойынша бұндай іске қандай жаза бұйырады?

«Жазасы дарға асу депті.»

ҚОЗЫКӨШ



  1. «Әнеукүні Құнекең мына Сыбан ішіне топқа барса, сонда Солтабай төре осыны бетіне салық қылыпты. Мына кісі төреге насыбайыңды тасташы дегенде, анау: «мен насыбайымды тастайын...»

Бірақ сен не істе дейді?

«Бірақ Шыңғыстың бөктеріндегі шашты сайтаныңды сен де тыйсаңшы,» - деп бетінен алыпты дейді. Соған намысы келіп, Құнекеңнің қатуланып отырғаны әлгі ғой,» - деді Жиренше.




  1. ««Екі жарты бір бүтін болайық. Кімге сенеміз? Иық сүйесіп күн көрейік,» - деп, Құтжанға құран оқи келгенде Қодар зарын шақты да, қолына ұстап қалды. Қазір қоңыр атпен бар қара-құраны қосып жайып жүрген сол...»

Әңгіме кім туралы?

Бұл – осы ел ішіне кірме боп, әркімде жалда жүретін Қодардың бір шал жиені Жампейіс еді.




  1. «Оңаша алып сөйлескен Бектен деген бір сөзуар көсе: «Ел аузына кім қақпақ болады? Жел сөзге иланып алған Құнанбай саған қатты жаза бұйыратын түрі бар. Сүйіндік өз бауырын қисын ба? Саған мені әдейі жіберіп отыр. Сөз айқындап ашылғанша, тая тұрсын, бір жерге жалтара тұрсын дейді,» - деп келген.»

Осыған Қодардың жауабы қандай болды?

«-Уа, кет, жоғал! Құдайдың кәрін көріп болған Қодар Құнанбайдың кәрінен қорқар деп пе едің? Жоғал әрман!» - деп айдап жіберген.




  1. «Тобықты көп рулы ел болғанымен, барлық үлкен шеңберінің таразысы осы отырған бес-алты адамның руларымен өлшенеді. Әсіресе, ру басы осы адамдардың өздерімен салмақтанады. Бөжей – қалың рудың адамы. Байсал да сондай мол рудың тұрғысы. Сүйіндік осы ағайынды елдер ішінде ең азының кісісі. Құнанбай әрі малды, әрі көптен бері Тобықтыны билеп-төстеп келе жатқан рудан. Қаратай болса, бұлардың барлығына алыстау ара ағайын тәрізді рудың атқа мінері.»

Осы ел ағаларының рулары

Бөжей – Жігітек, Байсал – Көтібақ, Сүйіндік – Бөкенші, ҚҰнанбай – Ырғызбай, Қаратай – Көкше руынан.

БЕЛАСАР


  1. «Қодар аталас жақыны еді. Әрі кедей, әрі жалғыз, жетім-жесір боп қалды. Соған қолы ұзын Жексен қарайласса нетуші еді? Көшерге көлік бермей, бір қораға жалғыз тастап кетті деп кінәлаған-ды. Осы сөзді біремес, екі емес есіте берген Жексен ең әуелі өзінің болыспауына сылтау етем деп ең алғаш бәле сөздің басын бір шығарған...»

Бұл қандай бәле?

«Артынан Сүйіндік осы сөздің мәнісін сұрағанда: «Келінімен жақын екен ол кәпір. Маған не қыл дейсің? Қасыма алып жүрсем, ертең бетіме түкірмеймісің?» - деп ақталған-ды.»




  1. «Қодар қайғыдан сандалып, жаны күйіп отырып: «Маңымда тұлдыр жоқ. Құдай маған қылды ғой. Кәпір өтсем де енді кәрінен аянарым жоқ. Құдай маған қылса, менің құдайға қыларым сол...» - деген. Осыны Жексен өз бетімен топшылап, «бұл құдайға не қылады?» деп, жүріп-жүріп кеп, ақыры өзінше топшылаған.»

Жексеннің топшылауы

«Ақыры: «мұнысы келіні болды!» - деп байлаған-ды.»




  1. «Жиын ортасында жалғыз көзі бұған оқтай қадалып тұрған Құнанбайды танып, соған қарап түйіліп, қатты ақырды.»

Бұл кім және не деді?

Қодар: «Уай, Құнанбай, мені құдайдың жылатқаны аз ба еді? Бұл не қырсығың?» - деді.




  1. «Сол арада елдің есін жиғызбастан, Құнанбай қасындағы құзды көрсетіп: «Құлатыңдар содан кәпірді,» - деді.»

Қодар құздан құласымен Құнанбай қандай әмір берді?

«Әлі жаны шыққан жоқ. Енді анау кәпірден өз жанымызды ақтап, аулақ әкету үшін қырық рудың қырық кісісі кесек атсын. Әр атаның баласы бір-бір кесек алыңдар қолдарыңа,» - деді.»


ЖОЛАЙРЫҚ


  1. ««Не деген имансыз едің, кәрі төбет?!» - деп тұрған Құнанбайдың баласын көрді.»

Бұл кім және неге?

Бұл Қодардың жақыны Жексен еді.




  1. «Ер өлтіргенде құн сұраушы еді. Енді құн сұрамақ түгіл, өкпе-кінә қылар да мұршаң жоқ. Өлтірген өзіңсің...» - деді.

Бұл кім?

«Жалғыз-ақ Бөжей ғана Сүйіндік, Қаратаймен бірге үшеуден-үшеу боп оқшау кетіп бара жатып: «Енді не бетіңмен үн шығарасың», - деді күрсініп.




  1. Абайды бұл сұмдық жерге ертіп барған кім?

Жиренше

Абай мен Жиреншенің бүгін бұл бәленің үстінен шығамыз деген ойы жоқ болатын.




  1. «Екі ана ортасында жаны ауырған бір бала. Бейуақтағы үшеуінің құпия тілегі – зор шындықпен еміреніп тілеген тілегі еді.»

Бұлар кімдер және қандай тілек тіледі?

Бұлар әже Зере, ана Ұлжан және бала Абай еді.

«Я, құдай, зар тілегім болсын. Бейуақтағы тілегім.Осы қарашығыма әкесінің ит мінезін бере көрме. Тас бауырлығын бере көрме. Я, жасаған,» - деп құрысқан әлсіз қолдарымен әжімді, мейірімді жүзін сипап бата берді.
АЛТЫН КӨМБЕ
«Бөжей көп арбасқандықтан, Құнанбай тәсілін түкпірлей танушы еді: «Біту, тыну ма?..» - деп өз болжамын айтты.»

Бұл қандай болжам?

«Бөкенші, Борсақ, қашан айттың деме, шылбырды Қодар мойнына салған жоқсың. Бұйырса, осымен өз мойныңа да салған боларсың, жазған! » - деді.
ІІІ. Ой толғаныс
Бес жолды тұжырым

1 зат есім

2 сын есім

3 етістік

4 сөзді сөйлем

Синоним
Үй тапсырмасы

Р – роль

А – аудитория

Ф – форма

Т - тақырып


Бес жолды тұжырым
1 Абай

2 Мейірімді жан-ай

3 Қайғырады, жақтасады аяй

4 Абай - әділдіктің жақтаушысы талай.

5 Дана-ай

Әйгерім
Бес жолды тұжырым

1 Салт

2 Қатал да мәрт



3 Оңды, жөн шешім айт

4 Салт – дұрыс сілтер бағыт

5 Халық жолы

Ұлпан
Бес жолды тұжырым

1 Қазақ

2 Еркін, азат



3 Өркендейді, өседі жайнап

4 Қазақ жері ұлан байтақ

5 Халық

Айымбибі


Сабақтың тақырыбы: «Фантазия» (М.Мақатаев)

Сабақтың мақсаты: М.Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы туралы түсінік беру; Ақынның қасиеті де киелі өлең-жырлары арқылы халқына қызмет етуін таныту; «Фантазия» өлеңі арқылы ақынның халықтық болмысқа ілтипатын көрсету, ұлттық өнегені ұғындыру, оқушылардың қиялдау қабілетін қалыптастыру, ойлау өрісін кеңейту

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы

Сабақтың әдісі: СТО жобасының стратегиялары

Көрнекілігі: Компьютер (ақынның портреті мен өлеңі жазылған.), кесте (ақынның өмір жолы), кітап көрмесі

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі

Үй тапсырмасын тексері

Үй тапсырмасы: Қ.Әбдіқадыров «Қажымұқан»

ДЖИКСО стратегиясы (ұжымдық оқыту әдісі)

І топ – Тарихи тұлға - әдеби кейіпкер

Балуан Қ.Мұңайтпасов туралы не білесіңдер?

Әдеби кейіпкерден тарихи тұлға таныла ма?

ІІ топ – Балуанның өсу жолын көрсетіңдер (шығарма бойынша).

ІІІ топ – Шығарма бойынша Мұқанға мінездеме беріңдер

ІҮ топ – «Қажымұқан» хикаяты бойынша қандай сурет (иллюстрация) салар едің? Осы бойынша шығарма-суреттеме жазыңыз.

Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

«Абай, Мұқтар бастаған елге әйгілі ұлы көштің» бұйдасын ұстамағанмен, бел ортасынан ойып тұрып өзіндік орнын алған ұлы ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығымен бүгінгі сабақта танысамыз. Бір сәт қиялға ерік беріп, ақынның өзін тыңдайық.

Ассоциация стратегиясы

Ақын образын сомдау

(Компьютерден М.Мақатаев портреті көрініп, «Менің анкетам» өлеңі диалог түрінде тыңдалады.)

Менің анкетам


  • Туған жерің?

  • Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.

  • Туған жылың?

  • 1931. Құрдасымын Шәмілдің.

  • ...

  • Мекен жайың?

  • Мекен жайым - жер менің,

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.
Мұқағали Мақатаев өмір жолы


Уақыт

Оқиға

1931 жыл 9 ақпан

Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Энгельс атындағы колхоздың Қарасаз деген жерінде дүниеге келген.

1941жыл

Әкесі Сүлеймен өзі сұранып соғысқа аттанады. Мұқағали 10жасынан бастап, соғысқа кеткен әкесіне арнап өлеңдер жаза бастаған.

1948 жыл

Тұңғыш өлеңі Нарынқол аудандық газетінде басылды.

Өмір өткелдері

Ерте есейген балалық

Ауылдық кеңес хатшысы

Қызыл отаудың меңгерушісі

Комсомол қызметкері



Жеті жылдықмектептің мұғалімі

1954-62 жылдар

Қазақ радиосында диктор және педагогикалық қызмет атқарған.

1962 жыл

Алматы қаласына көшіп келеді.

1962-72 жылдар

«Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттері, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1972-73 жылдар

Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарған.

1976 жыл 5 наурыз

Алматы қаласында ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды.

1985 жылдан бері

Қазақстан Жазушылар Одағы үздік әдеби шығарма авторларына берілетін М.Мақатаев атындағы сыйлық тағайындаған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет