Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2008 жылғы



Дата01.07.2016
өлшемі96.29 Kb.
#169992


Қаратөбе ауданы әкімдігінің

2008 жылғы «___»______

№_____қаулысымен бекітілген

16- қосымша

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»

мемлекеттік қызмет көрсету

стандарты
1.Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау.

2.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: жартылай автоматтандырылған.

3.Мемлекеттік қызмет төмендегілер негізінде көрсетіледі:

1) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы;

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтарымен енгізілген өзгертулер мен толықтыруларына сәйкес, «Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 13 ақпандағы №31-ө «Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың ережесі»;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулысының 4-бөлімінің 92-тармағы.

4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның атауы – Қаратөбе ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 18, 2 қабат, 11 кабинет, телефоны : 31-5-72.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі) – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау. Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу өтініш берушінің банкідегі есеп шотына аудару арқылы жүреді.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларына көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1) тұтынушының мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұрау берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – тіркелген күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсыру барысында (тіркеу, талон алу кезінде) кезекте күтудің, электрондық сұрау қалыптастырудың ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.

3) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу


кезінде және т.с.с.) кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға
рұқсат берілген ең ұзақ уақыт жоқ. Өйткені тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек арыз иесі қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап, 20 жұмыс күні ішінде арыз иесінің банктегі есеп шотына аударылады.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекетік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттар, Қаратөбе ауданы әкімдігінің ресми сайты (www.karatobе.westkaz.kz). Бұл стандарт Қаратөбе ауданы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 18 мекенжайы бойынша Бөлімнің 2-қабатындағы арнайы стендте орналасқан.

10. Жұмыс кестесі – күн сайын сағат 9.00-18.30 дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, үзіліс уақыты сағат 13.00-14.30 дейін, аталған мемлекеттік қызыметті алу үшін алдын-ала жазылу және жедел қызмет көрсету қарастырылмаған.

11. Осы мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылатын қолайлы жағдайлар:

1) бөлмеде мемлекеттік және орыс тілдерінде арыздардың үлгілері көрсетілген жазу үстелдері мен орындықтар қойылған;

2) кабинеттердің қасында күтуге орындықтар қойылған;

3) жаз мезгілдері тұрақты температураны сақтау үшін ауа тазартқыш орналасқан.

4) есік алдында балалар мен мүгедектердің арбалары үшін пандус орнатылған;

5) өрт қауіпсіздігі талаптары сақталған.


2.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар мен талаптар, соның ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін жеңілдіктері бар тұлғаларға:

1) белгіленген үлгіде өтініш;

2) отбасы құрамы туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабы);

3) өтініш берушінің отбасы мөшелерінің тапқан табысы туралы мәліметтер (табыстары туралы құжаттар негізінде толтырылады);

4) жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер.

13.Мемлекеттік қызметті алу үшін толтыруға қажетті бланк (өтініш нысандарын) беретін орын – бөлімнің әлеуметтік көмек және жәрдемақыларды тағайындау және төлеу секторы, мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 18, 2 қабат, 11 кабинет, телефоны : 31-5-72.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті толтырылған бланкілерді, өтініштер мен басқа да құжатты тапсыратын жауапты адамның кабинетінің мекенжайы мен нөмірі - Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 18, 2 қабат, 11 кабинет, телефоны : 31-5-82.

15.Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат – қабылдау күні көрсетілген қолхат.

16.Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі – тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек сомасы алушының есеп шотына аударылады.

17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді уақытша тоқтатуға немесе бас тартуға негіздемелердің толық тізбесі:

1) ұсынылған құжаттардың осы стандарттың 12-тармағында көзделген талаптарға сай келмеуі;

2) отбасы құрамы және отбасы мүшелерінің табысы туралы жалған мәліметтер беруі;

3) отбасы табысының асып кетуі.
3. Жұмыс қағидалары
18. Бөлім мамандары жұмыс барысында мынандай қағидаттарды басшылыққа алады: сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы жан- жақты ақпарат беру, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың

сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.


4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандартқа қосымшадағыға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.


5. Шағымдану тәртібі
21.Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауы, лауазымды тұлғаның телефонының, кабинетінің нөмірі:

1) Тұтынушы егер Бөлім мамандарына шағымданған жағдайда, Бөлімінің бастығы шағымдану тәртібін түсіндіріп, шағым дайындауға жәрдем көрсетеді, мекенжайы Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 18, 2 қабат, 10 кабинет, телефоны : 31-1-91;

2) Тұтынушы егер Бөлім бастығына шағымданған жағдайда Қаратөбе ауданы әкімінің аппарат жетекшісі шағымдану тәртібін түсіндіріп, шағым дайындауға жәрдем көрсетеді, мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 19, 2 қабат, 7 кабинет, телефоны : 31-5-35.

22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауы, лауазымды тұлғаның кабинетінің нөмірі:

1) Шағымдар пошта немесе қолма-қол, кеңсе - арқылы Бөлім бастығының атына Қаратөбе ауданы әкімдігінің «Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қабылданады, мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 18, 2 қабат, 10 кабинет, телефоны : 31-1-91;

2) Шағымдар пошта немесе қолма-қол, кеңсе - арқылы қаратөбе ауданы әкімінің аппаратында қабылданады, мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 19, 2 қабат, 3 кабинет, телефоны : 31-6-33.

23. Шағымның қабылданғанын растайтын құжаттың атауы: азаматтың жазбаша жүгінуін кіріс журналына тіркеп, тіркеу туралы талон немесе азаматты жеке мәселесімен қабылдау бойынша қабылдау уақыты көрсетілген карточка беріледі. Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген шағым міндетті түрде қабылдауға, тіркеуге, және қарауға жатады. Қарау мерзімі 15 күнтізбелік

күн. Шағымның қаралу барысы туралы мәліметтерін бөлімнен білуге болады,

мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 18, 2 қабат, 10 кабинет, телефоны : 31-1-91.
6. Байланыс ақпараты
24. Байланыс мәліметтері: Тұтынушыларды қабылдау Қаратөбе ауданы әкімдігінің «Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.

1) бөлім бастығы:

Мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 18, 2 қабат, 10 кабинет, телефоны : 31-1-91, жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-18.30 дейін, демалыс және мерекелік күндерден басқа, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30дейін. Жеке сұрақтар бойынша қабылдау: жұма күні сағат 14.00-17.00 дейін, мерекелік күндерден басқа;

Жоғары тұрған ұйымдардың байланыс мәліметтері:

1) “Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті” мемлекеттік мекемесі мекенжайы: Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 46, №201 кабинет, телефон: 51-25-83;

2) Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты:

Мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 19, 2 қабат, 7 кабинет, телефоны : 31-5-35.

25. Бөлім төмендегідей қосымша қызметтер көрсетеді:

1) 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік

жәрдемақылар тағайындау;

2) Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды

ресімдеу;

3) Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық

қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу;

4) Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж

азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау

және төлеу;

5) Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу;

6) Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру;

7)Тұрғын үй көмегін тағайындау;

8) Мүгедектерді сурдо-тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық

құралдар беру;

9) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан

зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу;

10) Мүгедектер үйінде, оның ішінде бөгде адамның күтіміне және

жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге

арналған құжаттарды ресімдеу.

Бөлімнің сенім телефоны: 31-1-91.



«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымша
Кесте. Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні


Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1.Мерзімділігі

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының % үлесi

100

100

100

1.2 қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт кеткен тұтынушылардың % (үлесi)

100

90

100

2. Сапасы

2.1 қызметтi ұсыну үрдiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтыну-шылардың % (үлесi)

100

100

100

2.2 құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсiмдеген жағдайдың (жүргiзiлген төлемдер, есеп айырысулар және т.б) % (үлесi)

100

100

100

3. Қолжетiмдiлiк

3.1 қызметтi ұсыну тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

100

100

100

3.2 тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бiрiншi реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесi)

100

100

100

3.3 интернет арқылы қолжетiмдi қызметтерiнiң ақпарат % (үлесi)

-

-

-

4. Шағымдану үдерiсi

4.1 қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiзделген шағымдардың % (үлесi)

-

-

-

4.2 белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiзделген шағымдардың % (үлесi)

-

-

-

4.3 шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтыну-шылардың % (үлесi)

-

-

-

4.4 шағымдану мерзiмiне қанағат-танған тұтынушылардың % (үлесi)

-

-

-

5. Сыпайылық

5.1 қызметкерлердiң сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

100

100

100




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет