«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақтөбе қалалық және удандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО);
3) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда - кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі - ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекет тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушіге, ауылдық округтің әкіміне немесе ХҚКО-на жүгінген кезде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және оның нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округтің әкімінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдайды және оларды тіркелуін жүзеге асырады.
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе ауылдық округтің әкіміне бұрыштама қоюға жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе ауылдық округтің әкімі 10 (он) минут ішінде кіріс құжаттарымен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округтің әкімінің жауапты орындаушысын анықтайды.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округтің әкімінің жауапты орындаушысына құжаттарды жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды - 7 (жеті) жүмыс күн ішінде, ауылдық округтің әкімінің жауапты орындаушысы - 22 (жиырма екі) жұмыс күн ішінде қарайды, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны рәсімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе ауылдық округтің әкіміне қол қою үшін жібереді.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе ауылдық округтің әкіміне қол қою үшін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны жібереді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе ауылдық округтің әкімі 10 (он) минут ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаға қол қояды.
Нәтижесі – қол қойылған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округтің әкімінің кеңсесіне жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округтің әкімінің кеңсе маманы 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны тіркейді:
ауылдық округтің әкімінің кеңсе маманы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет нәтижесін береді.
Нәтижесі - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округтің әкімінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе ауылдық округтің әкімі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округтің әкімінің жауапты орындаушысы.
7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округтің әкімінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушымен қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдап, оларды тіркелуін жүзеге асырады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе ауылдық округтің әкіміне бұрыштама қоюға жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе ауылдық округтің әкімі 10 (он) минут ішінде кіріс құжаттарымен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округтің әкімінің жауапты орындаушысына жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды - 7 (жеті) жүмыс күн ішінде, ауылдық округтің әкімінің жауапты орындаушысы - 22 (жиырма екі) жұмыс күн ішінде қарайды, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны рәсімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе ауылдық округтің әкіміне қол қою үшін жібереді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе ауылдық округтің әкімі 10 (он) минут ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округтің әкімінің кеңсесіне жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округтің әкімінің кеңсе маманы 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны тіркейді:
ауылдық округтің әкімінің кеңсе маманы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет нәтижесін береді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекет тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. ХҚКО жүгіну тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу, әр үдерістің (іс-әрекеттің) ұзақтығын сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтінішті және қажетті құжаттарды ХҚКО инспекторына тапсырады, ХҚКО инспекторы 15 (он бес) минут ішінде құжаттарды қабылдайды және 1 (бір) жұмыс күн ішінде ХҚКО жинақтаушы бөліміне көрсетілетін қызметті берушіге жіберу үшін жолдайды .
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы алынған құжаттарды 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 10 (он) минут ішінде кіріс құжаттарымен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды - 7 (жеті) жұмыс күн ішінде қарайды, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны рәсімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді.
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 10 (он) минут ішінде хабарламаға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны тіркейді және 1 (бір) жұмыс күн ішінде ХҚКО курьеріне жібереді;
7) ХҚКО инспекторы 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға береді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-әрекет тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек тағайындау» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Көрсетілетін қызметті алушыдан алынған қажетті құжаттарды қабылдап, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе ауылдық округтің әкіміне бұрыштама қоюға жолдайды,
20 (жиырма) минут ішінде.
Кіріс құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округтің әкімінің жауапты орындаушысына жолдайды,
10 (он) минут ішінде.
Келіп түскен
құжаттарды қарайды, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны рәсімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына,
7 (жеті) жұмыс күн ішінде
немесе ауылдық
округтің әкіміне,
22 (жиырма екі) жұмыс күн ішінде
қол қою үшін жібереді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округтің әкімінің кеңсесіне жолдайды,
10 (он) минут ішінде.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаны тіркейді:
ауылдық округтің әкімінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаны береді,
20 (жиырма) минут ішінде.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаны тіркейді: ауылдық округтің әкімінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаны береді,
20 (жиырма) минут ішінде.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округтің әкімінің кеңсесіне жолдайды,
10 (он) минут ішінде.
ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік; көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-әрекеттері;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-әрекеттің) және (немесе) ҚФБ
атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-әрекетке) өту.
Достарыңызбен бөлісу: |