Қаратөбе ауылдық округі Округ әкімі Қасқырбаев Нұрғазы Жұмағалиұлының есепті баяндамасының тезисі 18. 01. 2016 жыл



Дата23.02.2016
өлшемі52.96 Kb.
#10688
Қаратөбе ауылдық округі



Округ әкімі Қасқырбаев

Нұрғазы Жұмағалиұлының

есепті баяндамасының

тезисі


18. 01. 2016 жыл
«2015 жылғы Қаратөбе ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тұрғындар алдында округ әкімінің атқарған жұмыстары туралы есебімді ұсынамын.

Құрметті ауыл тұрғындары!

Қаратөбе ауылдық округінің орталығы – Қаратөбе ауылы облыс орталығынан 150 шақырым қашықтықта, аудан орталығынан 25 шақырым қашықтықта.

Қаратөбе ауылдық округінің аумағы 118417 гектарды құрап, 3 елді-мекеннен тұрады.

Халық саны 1401 адам, Қаратөбе ауылында – 675, Әди ауылында – 353, Кентарлауда – 373 адам. Тұрғындардың басым көпшілігі 99 % қазақтар.

Экономикалық белсенді халық саны - 865 адам. Зейнеткерлер саны -157 адам, студенттер саны - 52 адам, мектепке дейіңгі балалар саны -184 бала, оқушылар саны - 226 адам, мектеп алды оқушылар саны - 29 балалар. Сәбилер саны - 15, дүниеден озғандар саны - 8 адам.

Ағымдағы жылы тіркелген жұмыссыздар саны - 4 адам, аз қамтылғандар саны - 12 адам.

Қаратөбе ауылдық округі бойынша 26 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Оның ішінде 6 шаруа қожалығы егін және мал шаруашылығымен айналысады. Шаруа қожалығының иелігінде 55 трактор, 5 комбайн, 12 жүк автокөлігі бар. Ауыл шаруашылық өнімдерінің көрсеткіштері төмендегідей:






2014 жылдың мал саны

2015 жылдың мал саны

пайыз

ІҚМ:барлығы/аналығы

3586/1491

3446/1598

96/108

ҰМ барлығы

5732/3179

5511/3373

97/107

Жылқы

1199/456

1161/453

97/100

Облыс, аудан орталығында өтетін жәрмеңкелерге 200 тн жем-шөп, 2 тн ет, сүт, май, ірімшік, құрт тағамдары сатылды. Былтырғы жылға қарағанда, биыл 14 бас ІҚМ сарып ауруына шығып, мал дәрігерлердің іскерлігі арқасында сарып ауруына тосқауыл қойылды.

Округтегі орналасқан барлық шаруа қожалықтарының иелігіндегі жер 5560 га, оның ішінде егістік 3944 га, шабындық 2164 гектар, жайылымдық - 29773 гектар, басқа да жер 957 гектар жерлер бекітіліп берілген.

Биыл 2488 га жерге егін егілді соның ішінде: бидай – 515 га, арпа – 1090 га, сұлы –50 га, күнбағыс – 440 га, бір жылдық шөп 127, көп жылдық шөп – 332 га. Округ тұрғындардан – 8 га картоп, 1 га – көкеніс.

Кәсіпкерлік саласы бойынша.

Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауы мемлекет дамуының жаңа бағыттарын айқындап берді. Өзінің жолдауында шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау қажеттігін ерекше атап айтты.

Округ аумағында «Омбы-Майқапшағай» жол бойында 3 кафе орналасқан. Бұл кафелерде Кентарлау, Қаратөбе ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Үш елді мекенде 7 азық-түлік дүкендер халыққа қызмет көрсетеді.

2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020» ІІ-бағыт бағдарламасы бойынша 6 ауыл тұрғыны несие алып, мал басын көбейтіп, істерін жалғастыруда. Тағыда басқа салаларға 5 ауыл тұрғыны несие, алып жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауылымызда жеке кәсіпкер Искаков Төлегенмен сүт жинау мәселесі бойынша халыққа пайдалы жағын қарастыру барысында жұмыстар жүргізілді.

Кәсіпкерлікті дамыту картасы бойынша қымыз саласын өңдіруі орындалған жоқ.

А/Ш қаржылық қолдау қорынан Карибжанов Асхат 2 млн теңге несие алып, мал басын өсіріп жатыр.

Округте АҚ «КазАгрофинанс» қоры арқылы Шарипов Какім МТЗ-80 тракторын 8 млн 700 мыңға, «Қани» ш/қ 3 млн 700 мыңға трактор сатып алды. Искаков Төлеген сүт тасымалдайтын машинасын 3 млн 200 мыңға сатып алды.

Әлеуметтік ынтымақтастық меморандумы бойынша шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпкерлермен әр түрлі әлеуметтік мәселелер ыстық тамақпен қамту, жол жөндеу, санитарлық тазалық, білім, спорт салалары т.б. бойынша құны – 1770,0 теңгені құрайтын мемарандумға қол қойылып, ағымдағы жылы 90 пайыз орындалды. Мектепке ыстық тамақ жағынан шаруа қожалықтары 225,0 мың теңге көлемінде округ бойынша 3 мектептің балаларын тамақтандыруға көмектесті. Спорт саласына да шаруа қожалықтары барлығы бір кісідей ат салысып, әрқайсысы 20,0 мың теңгеден қаражаттарымен көмектесті.

Округке қарасты елді мекенді көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту туралы өткізілген 3 айлық барысында ауқымды жұмыстар жүргізіліп 550 тонна қоқыс шығарылды, округ көлемінде тұрғын-үй аулалары, 5 мекеме, 4 шақырым ауыл көшелеріне тазарту жұмыстары жүргізілді.

Округ бойынша жергілікті салықтың түсімі 969881мың теңгені құрады, жоспар 85 пайызға орындалды.



Медицина саласы бойынша.

Халыққа медициналық көмек көрсетуде Әди ауылы, Кентарлау ауылдарында фельдшерлік бөлімдер, Қаратөбе ауылында дәрігерлік амбулатория орналасқан. Жылына бір рет ауылдарға жылжымалы флюрография көлігімен тексеру өткізеді, оған 100 пайыз тұрғындар қаралып, тексеріледі. Оң нәтиже көрсеткен жоқ.



Әлеуметтік саласы бойынша.

Округте кітапхана, мәдениет үйі, спорт мектебі қызмет көрсетеді. Ауыл кітапханасында 6500 кітап қоры бар, үнемі жаңа кітаптармен толықтырылуда, мерзімді басылымдармен, газет-журналдармен қамтылған. Өткен 2015 жылы Президент сайлауын өткізу шарасын халқымыз бір ауыздан қабылдап, өткіздік. Биылғы жылы ерекше атап өтетін атаулы күндер: Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығын атап өтуде Қаратөбе округінің тұрғындары ат салысты, соның ішінде «Гульнара» әжелер тобын жеке атап өтуге болады. Қоғамдық құрылымдар барлық мәдени іс-шараларға, қоғамдық жұмыстарға араласып, өз үлестерін қосуда.

Округ аумағында орта мектеп, 2 негізгі мектеп білім үрдісін жүргізеді. «Д.Қалматаев» атындағы орта мектебінен 2 оқушымыз «Алтын белгіге» бітіріп, аудан бойынша ҰБТ 100 пайызға жетті.

2016 жылдың І-жартыжылдығына әкімшілік- аумақтық бірліктер бойынша мерзімді басылымдарға жазылу 100 пайызға орындалды.

Округ бойынша ақсақалдар кеңесі /төрағасы М. Торгулов/, әйелдер кеңесі /Н.Туяқбаева/, жастар ұйымы /С.Кожамбердинова/ құрылған. Қоғамдық-саяси, діни ахуал жағдайы тұрақты.

Қаратөбе ауылдық округі бойынша

Аз қамтылған азаматтарды қолдауға бағытталған әлеуметтік төлемдерге жергілікті бюджеттен – 1204,6 теңге қарастырылып:



  1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек-4 адамға 50,0 теңге төленді.

  2. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы- 55 адамға 988,4 теңге.

  3. Тұрғын-үй көмегі- 39 адамға -166,2 теңге төленді.

  4. Республикалық бюджеттен «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша шартты ақшалай көмек 4 отбасы 21 адамға 735,500 теңге тағайындалып төленді.

Әди ауылына 2015 жылы ауыз су мәселесі бойынша бұрынғы скважинаға ш/қ көмегімен эл. мотор қосылып, бүгінгі күнге эл. жүйесіне және қызмет көрсету персоналына төлем ақы мәселесі шешілуі ауыл тұрғындары бойынша толық қорытынды шығарылған жоқ.

«Шар» негізгі мектебіне ағымды жөңдеу жүргізілді.

Елбасымыздың жолдауға сәйкес жұмыссыздар қатарын азайтып, жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестиция көздерін тарту және оның көлемін ұлғайту жоспарлануда

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!



Қаратөбе ауылдық округ әкімі Н. Ж. Қасқырбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет