Жайма ауылдық округі әкімі С. Ахметжановтың Жайма ауылдық
округінің әлеуметтік-экономкалық даму бағдарламасының
орындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері
Жайма ауылдық округінің жер көлемі 109977 гектар, округ бойынша барлық халық саны – 332 адам. Тұрғындардың көбі мал шаруашылығымен айналысады. Округтегі 21 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысып, мал басын жылдан жылға көбейтіп келеді.
Ауылшаруашылығы саласы: 2014 жылғы Жайма ауылдық округінің даму жоспары бойынша Жайма ауылына қарасты «Матай» шаруа қожалығы 50 бас ірі қараға мал бордақылау алаңын ашу керек болатын, аталған шаруа қожалығы 11,5 млн теңге несие алып, 53 бас аналық сатып алып, бүгінгі күнге аналығы 120 басқа жетті, сонымен қатар мал бордақылау алаңының құрылысын бастады, 2015 жылы аяқтайды. Жайма ауылдық округіне қарасты «Вет. қызмет» КМК-ның жанынан ветеринарлық дәріхана ашылды. Сонымен қатар қолдан ұрықтандыру пунктін ашу қолға алынды. Округ бойынша 6 шаруа қожалығы ірі қараның тұқымдық түрленуі бойынша субсидия алса, 2 шаруа қожалығы асыл тұқымды қошқарлар сатып алу бойынша субсидия алды. «Қорғанбай», «Қарлығаш», «Ержан», «Ағзам» шаруа қожалықтары асыл тұқымды 5 бұқа сатып алды. «Матай» шаруа қожалығы лизинг бойынша 4 млн.150 мың теңгеге жаңа трактор және шөп шапқыш сатып алды. «Қорғанбай», «Ержан» шаруа қожалықтары жаңадан лизинг бойынша трактор алу үшін құжаттарын жинап тапсырды. Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша мал өсімінің көсеткіштері толық орындалды, айта кеткенде тұрғындар мен шаруа қожалықтары бойынша 2015 жылдың 1-ші қаңтарына мал саны барлығы:
ірі қара – 1710 бас, аналығы -967 бас.
ұсақ мал -9614 бас, аналығы – 6295 бас.
жылқы – 780 бас, аналығы- 295 бас.
Округтегі шаруа қожалықтары тұрғындардан демеушілік көмектерін аямайды, шөппен, отынмен қамтиды, округтегі әр-түрлі іс-шараларға демеушілік жасау мақсатында 20 шаруа қожалығымен 1 млн. теңгеге ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Күнделікті тұтынатын азық-түліктердің бағасын негізгі бағасынан 10 пайыздан көтерілмеу үшін патентпен жұмыс істейтін 1 кәсіпкермен меморандум жасалып, баға қадағаланып тұрады.
Округ бойынша жергілікті салықтарды жинау барысы:
Жоспар Орындалуы
Мүлік салығы- 6000 теңге 6000 теңге
Жер салығы - 20000 теңге 31860 теңге / 150 пайыз/
Көлік салығы - 296000 теңге 346901 теңге /150 пайыз/
Білім беру саласы. 1 негізгі мектепте 46 бала оқиды, 13 мұғалім жұмыс істейді. 18 студент бар. Әкімдік пен мектеп ұжымы тығыз байланыста жұмыс істейді, оқушылардың сабаққа қатысу барысы, жас өспірімдер арасында тәртіпті сақтау, қылмыскерліктің алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторымен мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі бірлесе жұмыс істейді.Әр мейрамдарда, Жаңа жыл, Наурыз, қарттармен мүгедектер күні, ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізу жұмыстарына әсіресе, шаруа қожалықтары мен «Жастар» ұйымының мүшелері ат салысады. Округ әкімінің ұйымдастыруымен қыркүйек айында жас отбасылар арасында дөңгелек үстел өткізілді, қарттар күнін, ауыл шаруашылық күніне шаруа қожалықтары шақырылып, марапатталып, мейрам мерекеленді. Тәуелсіздік күні мейрамында спорттың волейбол түрінен турнир өткізіліп, оған Семей қаласының, Суықбұлақ кентінің, Шалабай ауылының командалары қатысты. Округте волейбол, баскетбол, теннис секциялары жұмыс істейді, спорттық шаралар мектеп ұжымымен бірлесе, жанжақты спонсорлық көмектер көрсетіліп, ұйымшылдықпен өткізіледі. Ауыл тұрғыны Қ.Байдаласов пен жастардың бастамасымен «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша Алтыбақан алаңы жасалды. Округте Жайма ауылдық округінің ақпарат тобының мүшелері округ тұрғындарымен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол –болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында кездесу өткізді.
Ауыл жастары жаздық спартакиада ойындарына қатысты. Сонымен қатар округте әкім жанынан құрылған Ақсақалдар алқасы, Әйелдер кеңесі, Жастар кеңесі жұмыс істейді. Суықбұлақ пен Жайма ауылын қамтитын учаскелік полиция инспекторы бар.
Денсаулық сақтау саласы: округ бойынша 1 мед.пунктте 1 фельдшер жұмыс істейді. Округте қан қысымы ауруымен - 11 адам, онкология ауруымен – 2 адам, туберкулез ауруымен – 2 адам тіркелген.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын іске асыру барысында аз қамтылған Ғ.Жылқыбаевтың отбасы мал шаруашылығымен айналысу мақсатында 3 млн. теңге несие алып, 15 бас ірі қара мал сатып алды. Жұмыспен қамту орталығында есепте 2 адам тіркелген, кезекпен қоғамдық жұмыстар атқаруда. Округ бойынша жылдың басынан 20 адам жұмысқа орналасты, тұрғындардың дені зейнеткерлер, мұғалімдер, шаруа қожалықтарында жұмыс істейтіндер, жаз айлары, науқан кезінде жастарымыздың көбі шөп шабу, тиеу жұмыстарына шығады. Тұрғындарымыздың көбі мал шаруашылығымен айналысады.
2015 жылға жоспарланып отырған даму жұмыстары:
-
Ауылдың көң-қоқысын шығарып,ауыл көшелерін тазалау, оның жобалық сметасы жасалып, экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне тапсырылды.
-
Жайма ауылының саябағын жөндеуден өткізіп, көгалдандыру жұмысын жүргізу.
-
Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай ескерткіштерді жаңартып, жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |