Қаратөбе ауылдық округінің әкімі О.Дуйсеевтің 2014 жылғы 13-қаңтардағы халық алдындағы баяндамасы.
Құрметті ауыл тұрғындары!!!
Қаратөбе елді мекенінде өткен 2013 жыл еліміз үшін және ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік экономикалық салаларда бір шама жетістіктерге жетіп демократияны одан әрі тереңдей түсетіндігін айқын аңғарып отырмыз. Атап айтар болсам яғни 2013 жыл Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсанындағы Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай тәуелсіздік қарсаңында 22- жыл бойы ұлы мерекені қарсы алып келеміз. 1991 жылы 16-желтоқсан күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған болатын сол күннен бастап Қазақстан халқы аянбай еңбек етіп, соның арқасында 22-жыл бойы егемендігімізбен саяси салмағымызды нығайтуға жұмыс істеп келеді. Соның арқасында қалыптастыру кезеңі табысты аяқталды. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын басшылыққа ала отырып, біздің ендігі міндетіміз егемендікке қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып ХХІ –ғасырда орнықты дамытуды жалғастыру 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің дамыған экономикалық және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Біздер мемлекеттік басқаруда өзіндік тұрғыда төңкеріс жасауға қол жеткізсе, оны халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға қайта бағдарладық. Осылайша 2030 Стратегиясында белгіленген негізгі мідеттерді орындадық, қалғандары орындалу үстінде. Енді біздің Қазақстан мемлекетінің алдында жаңа міндеттер тұр. Біз мемлекетіміздің ұзақ мерзімді кезеңге бағдарланған одан әрі дамыту жоспарын күшейтуге тиіспіз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы жолдауында нақты көріністер тауып отыр. Бұл жолдаудың ұраны қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты «Қазақстан -2050» стратегиясы биылғы 2013 жылда Қаратөбе елді мекен тұрғындары және осында орналасқан шаруа қожалықтары мемлекеттік мекемелерде осы ауылдың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Мемлекеттік мекемелер және шаруа қожалықтары 2013 жылды жаман қорытындылаған жоқ деп есептеймін. Биылғы жылы өз ерекшелігімен байланысты ауыл әкімдерін аудандық мәслихат депутаттары сайлау жылы болып есептелінді. Атап айтар болсам 7 – тамыз күні жалпы ауыл әкімдерінің сайлау өтті. Бұл деген сөз біртабан болса да демократияға жақындадық деп есептеймін. Осы сайлауда аудан мәслихат депутаттары бір ауыздан сенім білдірді. Бұл деген сөз халыққа жасап жатқан жұмыстарды бұрынғыданда жақсы атқару керек деп ойлаймын. Енді сіздердің алдарыңызға ауылда орналасқан шаруа қожалықтары туралы мәліметтер беріп кетсем, ауыл бойынша егілген егіс көлемі 1722 га, болып отыр, атап айтар болсам соның ішінде негізгі дақылдар күріш 290 га, жерге егіліп, гектарына 42 центнер өнім алынды. Бидай 260га, жерге егіліп орта өнім 18 центнер, тары 120га егіліп, орта өнім 21 центнер га, келіп отыр. Биылғы жылы ауыл еңбекшілері бидай егуден Байбатыров Абдирахман 40га, бидайдан 35 ц өнім алып бас жеңімпазы болып 200 мың теңге көлемінде сыйақы алып марапатталды. Ол деген сөз биыл ауыл еңбекшілері жақсы жұмыс егістен жақсы өнім алды деген сөз. Ауылда халыққа қызмет жасайтын мына төмендегі мекемелерге тоқталып өтсем. Ауылда орналасқан №229 Абызтөбе орта мектебінде 406 оқушы білім және тәрбие алып жатыр. Ауылда орналасқан Аққайың балалар бақшасында 60 бала тәрбиеленіп 3 бөлімше болып жұмыс атқарады. Бұл мекемеде 22,75 штат бірлігі беріліп, 30 адам ауыл тұрғындары өз жұмыстарын атқарып отыр. Ауылда емхана жұмыс істеп тұр бұл мекемеде 6,5 штат бірлігі бар, орталықта Клуб үйі жұмыс атқарады мұндада 4 адам жұмыс атқарады. Орталық кітапхана жұмыс атқарады мұнда 8900 мыңға жуық кітап қоры бар. Ауылда байланыс бөлімшесі жұмыс атқарып отыр. Ауылда монша үйі жұмыс атқарады. 230 –нүктелік АТС бөлімшесі жұмыс істейді. Сайлаудан кейін 5- айдай аса уақыт өтті атқарылған жұмыстарға тоқталар болсам, ауылымыздағы көп балалы аналарға 2013 жылы балалар жәрдемақысы 99 жанұяға 350 балаға 6255,2 мың теңге, тұрғын үй жәрдемақысына 32 жанұяға 200 балаға 815 мың теңге, атаулы әлуметтік көмек 1 жанұяға 3 балаға 124,7 мың теңге жәрдемақысын алды. Қаратөбе ауылдық округі әкім аппараты мемлекеттік мекемесіне мемлекет жаңа талаптар қойып отыр. Мысалы біздің мемлекеттік мекемеге жаңа серпін беру үшін қосымша 1 штат бірлігіне салық жинаушы маманын алған болсақ, 2 - тех қызметкерге 0,5 штат бірлігін қосып беріп отыр. Әкімшіліктің 2-маманының аудан әкімшілігіне құрылған комиссиямен қосымша конкурс өткізіп біздің аппаратқа жіберіп оларды қайта тағайындадық. Бұл мамандар облыстан тест тапсырып сертификаттар алып келді. Қаратөбе ауылдық округі бойынша 12 айда қаралған қаржы 39 млн 623 мың бұл қаржы 39 млн 563 мың теңгесі игеріліп жоспар 99,8% пайыз көлемінде орындалды. Атап айтар болсам 11 млн теңгеге Кеңсе ғимараты сатып алынып пайдалануға берілді. Ауылдың 4-5 жылдан бері шешілмей келе жатқан ұялы байланыс жүйесі облыстық «Белайн» мекемесімен «Сұңқар» ш/қ келісім шартқа отыруы арқылы іске асырылып, бұл станция халық игілігіне қызмет етуде. Орталықтан ені Д-3 каналынан өтетін көпір жарамсыз болып қалған еді, осыған әкімшілік және ауыл тұрғындары бірлесе отырып көпірдің плиталарын орнатып бұл көпірден қазір ауыл тұрғындары көлікпен қиналмай өтіп жатыр. Елді мекен орталығындағы балалар ойын алаңқайының құрылысы бітіп пайдалануға берілді. Бұл жұмыс 2 млн теңгеге есептелсе, конкурс жеңімпаз 1,333 млн теңгеге соғып берді. Көркейту –көгалдандыру жұмысына 500 мың теңге қаралып, бұл жұмыстан 3 –билборд, 3 дана метал стенд жасалды және билборд баннерлері жаңартылды 54,0 мың теңге НДС сомасы үнемделді. Елді мекен халқын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2013 жылы көшелерге ауыз су жүйесі құрылысын жүргізіп, 2014 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ауылда жергілікті салықтарды жинауда жоспарлы жұмыстар атқарылып жатыр, мүлік салығы 8,7 мың теңге болса ол 9,3 мың теңге немесе 100% орындалып отыр, жер салығы 149 мың теңге болса бұл 149 мың теңге болып 100 % пайыз орындалып отыр, көлік салығы 956 мың теңге болса 670 мың теңге болып, 70% пайызы орындалып тұр.
Осы жылы ауыл әкімшлігіне клуб үйінің толық қаржысын және басқаруын беретін болып тұр.
2014 жылы атқарылуға тиісті күрделі жұмыстарды назарларыңызға салғым келеді:
-
Ауылдық округте орналасқан №229 Абызтөбе орта мектебінің жаңа қазандық жылу жүйесін іске қосып, осы жылы күрделі жөндеуден өткізу.
-
Орталық клуб үйін күрделі жөндеуден өткізуге қаржы қаралса?
-
Ауылдағы кітапхананың арнайы ғимараты болмағандықтан, ғимарат соғу үшін қаржы бөлінсе?
Ауыл тұрғындары, Қаратөбе ауылдық округі әкімшілігі сіздерге алдағы уақытта өз қызметтерін жаңа талаптарға сай атқара береді деп сендіруге рұқсат етіңіздер.
Қаратөбе ауылдық
округінің әкімі О. Дуйсеев
Достарыңызбен бөлісу: |