Қарым-қатынас процесініҢ психологиялық Ерекшеліктері



Дата21.11.2022
өлшемі52.49 Kb.
#465339
психология семинар

Қарым-қатынас процесініҢ психологиялық Ерекшеліктері

АДАМИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

  • Қарым-қатынас формалары
  • Қарым-қатынастың қызметтері (функциялары);

Қарым-қатынас формалары

  • Тікелей қарым-қатынас
  • Жанама қарым-қатынас
  • Тұлғааралық қарым-қатынас
  • Бүқаралық қарым-қатынас
  • Персонааралық қарым-қатынас
  • Рөлдік қарым-қатынас

Тікелей,жанама қарым-қатынас

  • Тікелей қарым-қатынас - табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы
  • Жанама қарым-қатынас —қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялык контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сейлеу т.с. адами қарым-қатынасды күрделеңдіріп жіберді.

Тұлғааралық,бұқаралық,персонаара-лық қарым-қатынас

  • Тұлғааралық қарым-қатынас - екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары.
  • Бүқаралық қарым-қатынас - бейтаныс адамдардың тікелей не жанама (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы болатын) контакттары.
  • Персонааралық қарым-қатынас — ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін ашатын белгілі тұлғалардың психологиялық контакттары (чемпиондар, ғарышкерлер, президенттер).

Рөлдік қарым-қатынас

  • Рөлдік қарым-қатынас - белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың психологиялық контакттары, мысалы, оқушы — оқытушы, әке — бала, сатушы — алушы, көрші — көрші, дәрігер — ауру, бастық –бағынушы. Әрбір адам әр сәтте әртүрлі рөлдерді орындайды, сол рөлдерге байланысты қоғамда өз орнын табады. Сол рөлдерді орындағанда адамның өзгешеліктері назарға алынбайды, тек әлеуметтік рөлге қажетті іс-әрекеттері маңызды болып саналады. Әрине, әлеуметтік рөл адамның мінез-құлқының егжей-тегжейін анықтамайды. Адам өз рөлін, басқалардың рөлдерін қалай түсінеді? Ол рөлдерге кандай қатынаста болады? Адамдар өз рөлдерін орындаған сәттерінде қайталанбас өзіндік өрнек пен таңба енгізеді.

Қарым-қатынастың қызметтері (функциялары)

  • Байланыстыру;
  • Қалыптастыру;
  • Растау;
  • ■ Тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру

    Тұлға ішіндегі қызмет

байланыстыру, практикалық қызметі. Қарым-қатынас бүл жерде кез-келген бірлескен іс-әрекет барысында адамдардың бірігуінің шарты болып табылады

  • байланыстыру, практикалық қызметі. Қарым-қатынас бүл жерде кез-келген бірлескен іс-әрекет барысында адамдардың бірігуінің шарты болып табылады
  • қалыптастыру, дамыту қызметі. Бұл жерде арақатынас адамның психикалық бейнесінің қалыптасуы мен өзгеруінің алғы шарты болып танылады. Кішкентай баланың даму барысында оның мінез-қүлқы, іс-әрекеті, өмірге көзқарастары үлкен адамдармен жасаған арақатынасына тәуелді болып келеді. 
  • растау қызметі. Басқалармен жасаған қарым-қатынас барысында : адам өзін-өзі танып білуге, бекітуге, өзінің бар екендігін дәлелдеуге мүмкіндік алады. Адам өзінің бар екендігін, өз түлғасының құндылығын басқа адамдар арқылы біледі. 

тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіректеу қызметі. Басқаларды қабылдау, олармен сан қилы қатынастар (тұлғалықтан іскерлікке дейін) жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап, бірімен бірі не жағымды (симпатия, ұнату), не жағымсыз (антипатия, ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас орнатады. Заманауи адамдардың әлеуметтік байланыстары тек эмоциялық қатынастармен шектелмесе де, эмоциялық қатынастар іскерлік, ұжымдык., рөлдік қарым-қатынастарға өз әсерін тигізеді.

  • тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіректеу қызметі. Басқаларды қабылдау, олармен сан қилы қатынастар (тұлғалықтан іскерлікке дейін) жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап, бірімен бірі не жағымды (симпатия, ұнату), не жағымсыз (антипатия, ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас орнатады. Заманауи адамдардың әлеуметтік байланыстары тек эмоциялық қатынастармен шектелмесе де, эмоциялық қатынастар іскерлік, ұжымдык., рөлдік қарым-қатынастарға өз әсерін тигізеді.
  • тұлға ішіндегі қызмет. Адам өз-өзімен іштей, не дауыстап сөйлесіп диалог арқылы арақатынас жасайды. Тұлға ішіндегі қарым-қатынасты адам ойлауының әмбебап тәсілі деуге болады. Л.С.Выготский жазғандай, жеке қалғанда да адам қарым-қатынастың қызметін сақтап қалады.

Назарларыңызға рахмет !!!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет