Астана 2012
«Мәдени МұрА»
МеМлекеттік бАғдАрлАМАсының кітАп сериялАры
ҚАзАҚстАн республикАсының тұңғыш президенті нұрсұлтАн
нАзАрбАевтың бАстАМАсы бойыншА шығАрылды
Майлыбаев Бағлан, кеңес төрағасы
Асқаров Әлібек, жауапты хатшы
Абдрахманов Сауытбек
Атабаев Қамбарбек
Аяған Бүркітбай
Әбжанов Хангелді
Әбусейітова Меруерт
Әжіғали Серік
Әлімбай Нұрсан
Байпақов Карл
Байтанаев Бауыржан
Балықбаев Тахир
Дүйсембаев Еркін
Есім Ғарифолла
Жақып Бауыржан
Жұмағалиев Асқар
Жұмағұлов Бақытжан
Қасқабасов Сейіт
Қозыбаев Ілияс
Құл-Мұхаммед Мұхтар
Құрманбайұлы Шерубай
Мұхамадиұлы Арыстанбек
Мыңбай Дархан
Нысанбаев Әбдімәлік
Салғараұлы Қойшығара
Самашев Зейнолла
Сұлтанов Қуаныш
Тұяқбаев Қанат
Шаймерденов Ербол
Шеңгелбаев Бақытжан
«МӘДЕНи МұрА» ұлТТыҚ СТрАТЕгиялыҚ ЖоБАСыН
ЖүЗЕгЕ АСыру ЖөНІНДЕгІ ҚоҒАМДыҚ КЕңЕС
жүз томдық
Күй аңыздар
84 том
уДК 821.512.122
ББК 84 Қаз-7
Б 12
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік
маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының
Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:
Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары),
Жұмасейітова г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.у., Күзембаева С.А.,
Әлбеков Т., Әлібекұлы А., Қосан С., Мамыраев Б.Б.
Томды басуға М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
Ғылыми кеңесі ұсынған
Томның редакция алқасы:
Алпысбаева Қ., Әлбеков Т. ( жауапты редактор), Күзембаева С.
Қасқабасов С.
Томды құрастырып, ғылыми қосымшаларды дайындағандар:
Әлбеков Т., Қосан С., оралбек А.,
Байғазы А. (жауапты шығарушы)
Б 12 Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2012.
Т. 84: Күй аңыздар.—432 бет.
ISBN 978-601-292-490-9
«Бабалар сөзі» сериясының 84-томына Қр БҒМ орталық ғылыми кі-
тап ханасы мен М.о. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
сирек қорларында сақтаулы қолжазбалар мен түрлі жинақтардан алын ған
күй аңыздар енді.
уДК 821.512.122
ББК 84 Қаз-7
ISBN 978-601-292-490-9 (т. 84)
© Әдебиет және өнер институты, 2012
ISBN 9965-619-60-3
© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2012
ҚұрАСТыруШылАрДАН
М.о. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
Мем лекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық
кө
ретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми
ба
сылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады. Серияның
бұған дейін баспаға ұсынылған сексен үш томы ұлттық
фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып
саналатын эпостық шығармаларға, қара өлең, ертегілер,
жұм бақтар мен мақал-мәтелдер т.б. шағын жанрларға арнал-
ды. Дәлірек айтқанда, «Хикаялық дастандардың» он үш,
«Діни дастандардың» жеті, «Ғашықтық дастандардың» он
бір, «Тарихи жырлардың» он бір, «Батырлар жырының»
жиырма, «Мақал-мәтелдердің» бес, «Қара өлеңнің» екі,
«Ше жірелік жыр-аңыздардың» бір, «Жұмбақтар» мен «Ба-
лалар фольклорының» бір-бір томы, «Ертегілердің» бес то-
мы, «Қазақ мифтерінің» бір томы, «Моңғолиядағы қазақ
фольклорының» бір томы, «Топонимдік аңыздардың» бір
то мы, «Шежірелік аңыздардың» үш томы баспаға дайында-
лып, басылым көрді. Бұл жинақтардың он екі томына Қы-
тай қазақтарының, бір томына Моңғолия қазақтарының
фольклорлық мұралары қамтылды.
Күй аңыздары—қазақ мәдениетінің бастауларымен са-
бақтасып жатқан біртұтас рухани құбылыс. Аңыздар дың
6
күй аңыздар
түп-тамырына назар аударғанда, олар халықтың руха ни
әлемінде айырықша орны бар, ғасырлар қойнауынан бас-
тау алатын дәстүрлі мұра екендігін аңғаруға болады. оған
Қорқыт атадан бастап бүгінгі күнге дейін үзілмей келе
жатқан күй өнері, олардың шығу тарихына байланысты
ауыздан ауызға тарап, кейінгі ұрпаққа жеткен аңыздар
айқын дәлел бола алады. Күй аңыздарда халықтығымен
қоса, синкретті сипатымен де ерекшеленеді. Бұл арада
күй мен күйшінің, күй мен аңыздың, күй тарихы мен оны
айтушылардың және күйді орындаушылардың арасында ғы
ажырағысыз байланыстың барлығын әрдайым есте ұста ған
абзал.
осы жанрды арнайы түрде зерттеген профессор А.Сейдім-
бек күй аңыздарының пайда болу тарихын бес кезеңге бөліп
қарастырады. Алғашқы кезең—жыл санауымызға дейінгі
VІІІ-V ғасырлардан біздің заманымыздың VІ ғасырына
дейін
гі аралықты қамтиды. Бұлар—ислам дініне дейінгі
қиял-ғажайып тақырыптарға, атап айтқанда, жаугершілік
ке зеңдердегі жорық сарындары, атақты қолбасшылар, пара-
сатты арулар, қанатты пырақтар, киелі жануарлар туралы
күйлердің аңыздары («Қос мүйізді Ескендір», «Көк төбет»,
«Көкбөрі», «Аққу», «Сарын» т.б.).
Екінші—оғыз-қыпшақ кезеңіндегі (VІ-ХІІ ғғ.) Қорқыт ата
сарындарына қатысты, сондай-ақ «Абыз толғауы», «Саймақ-
тың Сарыөзені», Балжыңгер» сияқты күйлерге байланысты
аңыздар.
үшінші—Ноғайлы кезеңіндегі (ХІІ-ХVІІ ғғ.) күй аңыздар.
Бұлардың қатарына «Жошы ханның жортуылы», «Әмір ақ-
сақ», «Қамбар күйі», сонымен бірге Кетбұғаның «Ақсақ құ-
лан», Асанқайғының «Ел айрылған», Қазтуғанның «Сағыныш»
сынды күйлері туралы ел аңыздары жатады.
Төртінші топта жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі
(ХVІІ-ХVІІІ ғғ.) тарихи деректілігі басым «Қаратаудың шерт-
песі», «Абылай ханның Майдақоңыры», «Қалмақ биі», «Қал-
мақтың қара жорғасы» т.б. күйлерге байланысты аңыз
дар
қарастырылған.
6
7
құрастырушылардан
Бесінші—ХVІІІ-ХІХ ғасырлар мен ХХ ғасырдың басын да
дүниеге келген халыққа танымал, авторлары белгілі шы ғар-
малардың шығу тарихына қатысты аңыздар. Бұл туындылар
көлемі тұрғысында да, көркемдік сипаты жағынан да маңызды
болып табылады.
Топтаманың 84-томына М.о.Әуезов атындағы Әде биет
және өнер институты мен орталық ғылыми кітап хана ның
қолжазба қорларында жинақталған Б. Жақып
баев
тың,
Қ. Айнабековтің, А. Құдайбердиевтің, А. Бейсенғали қы-
зының
қолжазба мұралармен қатар, А.Жұбановтың «Ға-
сырлар пернесі» (1975), А.Сейдімбектің «Күй шежіре»
(1992), у. Бекеновтің «Күй табиғаты» (1981), Т. Мерғалиев-
тің «Домбыра сазы» (1972), М. Сатыбалдиевтың «Шара-
пат» (1973) Б. Мүптекеев пен С. Медеубекұлының «Жетісу
күйлері» (1998), Т. Мерғалиев, С. Бүркіт пен о. Дүйсеннің
«Қазақ күйлерінің тарихы» (2000), К.Сейдехановтың
«өл ген қазан» (1985), «Қазақ музыкасы. Антология: Бес
томдық». 1, 3, 4, 5-томдары (2005, 2006), Б. Жүсіповтың
«Жиделі Байсын күйлері» (2000), А. райымбергенов пен
С. Аманованың «Күй қайнары. голоса народных муз»
(1990) еңбектеріндегі, cондай-ақ Қытай қазақтарының
«Шин жаң халық баспасынан» шығарған «Күй аңыздары»
жинақтарының 1-2-кітаптарындағы (2009) күй аңыздар
қамтылды.
Томның алғашқы бөлімі «Халық күйлерінің аңыздары»
аталып, авторы белгісіз туындылар туралы аңыздар топ-
тастырылған болса, «Күй және күйшілер жайындағы аңыз-
дар» атты екінші бөлімде Қорқыт атадан бергі кезеңдерде
өмір сүрген күйшілердің шығармаларына қатысты аңыздар
жинақталды. Томды дайындау барысында жоғарыда атал-
ған профессор А. Сейдімбектің жүйелеу тәсілі басшылық қа
алынды.
Топтаманың ұстанымдарына сәйкес беріліп отырған мә-
тіндер ғылыми қосымшалармен қамтамасыз етіліп, рет тік
санмен нөмірленді. Томның ғылыми қосымшалары: том
-
ға енген мәтіндерді жазып алушылар мен жариялаушы-
8
күй аңыздар
лар және басылымдар туралы мәліметтер, томға енген мә-
тіндерге ғылыми түсініктеме, сөздік, жер-су атаулары,
мә тіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен күйшілер тура-
лы түсініктерді, пайдаланылған әдебиеттер тізімін және
том
ның орыс, ағылшын тілдерінде жазылған түйіндерін
құрайды.
Томның жалпы көлемі—27,0 б.т.
8
Достарыңызбен бөлісу: |