№1Ембі қалалық ЖББОМ
СЫНЫП САҒАТЫ
Абайдың «Толық адам» ілімін насихаттау
Сынып: 6 «А»
Сынып жетекшісі: Бактигалиева Н.Н.
2023-2024 оқу жылы
№1Ембі қалалық ЖББОМ
СЫНЫП САҒАТЫ
«Үнемі оқитын адам табысты адам»
Сынып: 6 «А»
Сынып жетекшісі: Бактигалиева Н.Н.
2023-2024 оқу жылы
Тақырыбы: «Ұстаз! Сіздің алдыңызда..............»
Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту.
Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Өту барысы:
Мұғалім:
Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Үнемі бала көзінде болу, әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. Кез келген уақытта шәкірттің қандай да болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді. Оған нақты, дәлелді, сенімді, көркем, жүйелі, тартымды сөйлеу керек. Ұстаздың әділдігі, адалдығы, батылдығы, мінез сұлулығы, іс пен сөз бірлігі, шыншылдығы, ұстамдылығы күн сайын балалар тарапынан баға алып отырады. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол – мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы. Мемлекетіміздің өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы да – ұстаз. Бір сөзбен айтсақ, мұғалім – мемлекет өкілі. Ол өзінің ісімен де, сөзімен де, жүріс-тұрыс мәдениетімен де, мектепте және мектептен тыс қоғамда Тәуелсіз еліміздің эталондық бейнесі болып табылады.
Ұстаз беделін қоғам алдында көтеру үшін Елбасының тікелей өз Жарлығымен еліміздегі ең жоғары марапат – Қазақстанның Еңбек Ері атағы мен «Алтын жұлдыз» белгісі және «Отан» ордені ең бірінші рет ұстазға берілді. Бұл – мектеп мұғалімінің еңбегі елімізде жоғары құрметке ие екендігінің айғағы.
— Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме?
— Ыбырай Алтынсарин.
— Әрине, Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, балаларға таза ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу-білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты. Сол жылдан бері қазіргі күнге дейін, 149 жыл бойы бала өміріне жауапты мамандықты таңдаған аяулы ұстаздарымыз тынбай еңбек етуде.
Ұстаз туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер
Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы.
Атпаз көрген — ат таныр,
Ұстаз көрген — хат таныр.
Шәкіртсіз ұстаз – тұл.
Достарыңызбен бөлісу: |