Қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар Психологиялық тренинг «Топтық сәлемдесу»



Дата03.07.2016
өлшемі31 Kb.
#174683
Қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар

Психологиялық тренинг


«Топтық сәлемдесу» жаттығуы.

Мақсаты: қарым-қатынас дағдыларын, топтық өзара әрекеттесу әдістерін дамыту, күйзелісті төмендету.

Нұсқау: Қыс, көктем, жаз, күз белгілеріне қарай 4 топқа бөлінейік. Әр топтың міндеті – мимика мен ишарат арқылы басқа топтарға сәлемдесу түрлерін ойлап, құрастыру.

«Бет әлпетті еске сақтау» өзіңді қоршаған адамлдардың бет-әлпетін сақтауға дағдылан. Қарап ал да, көзіңді жұм, көргенінді түгелдей еске түсір. Толық еске түсіруге қиналсаң, қайта қара. Осылайша бірнеше рет қайталы.

«Мен басқалардың көзімен» Әр түрлі жағдаяттарда және әр түрлі адамдармен өзіннің әңгімелесушінің көзімен қарағанда қалай көрінетінді елестеуге тырыс. Сен қалай әсер етесің? Ол сен туралы не ойлайды?

«Өзіңді бағалау» Неғұрлым бағалаушы болудан гөрі, бағаланушы болған жөн. Айналандағылар сенен не күтеді? Оған сенімен жақсы ма? Неге біреу қателік жіберсе, сол қателік емес, оған өзінің реакциянды қалай болатынына назар аудар.

«Көңіл-күйге ортақтасу» Жеке тақырыпта әңгімелесе отырып, өзіңмен әңгімелесушіні ұқыпты тыңдауға тырыс. Егер ол саған көңіл сырын сеніп ашса, өзіндікін айтып жарыспа, бөліп тастама, көңіл-күйіне ортақтас, өзіңді оның орнына қойып көр.

«Қоштау» балаларға көз салып қара, олардың іс-әрекеттірің бақыла, оны қоштау мүмкіндіктерін жіберме.

«Күлкі» бет-жүзіңде әрдайым күлкінің табы тұруын, жылы кейіпті, мейірімді жүзді, ақжарқын қалдарыңды сақтауға үйрен. Күлкің келмесе де, оған әруақытта дайын бол. Әрдайым ішкі дүниең күліп тұрғаны жөн.

«Саған аманшылық тілеймін» кез –келген адаммен кездескен кезде алғашқы сөзін «Саған аманшылық тілеймін» болуы керек. Мұны оған бар жан-жүрегімен сыйла! Егер сен біреумен дау-жанжалға түсіп, ұрысып қалатын болсаң, «Саған аманшылық тілеймін!» дегенді дереу есіңе түсіріп, қайталайтын бол.



«Жана түрге ену» Өзіңді басқа адамның орынында сезініп көр. Сен –ол екенін көз алдыңа елестет. Оның сырт келбетін тауып ал, оның ішкі әлеміне аз-маз еніп байқа. Оның жүріс-тұрысың, мимкасын, қозғалыстарын салып көр. Жаңа түрге түс, оның сезімдері мен ойларымен астасып өмір сүруге тырыс.

«Найзағай қаупі жоқ» өзіннің жағымсыз эмоциянды тежеуге тырыс. Саған оны тежеу қандай қиын болса, айналаңдағыларға оны бастан кешіру сондай қиын. Ұрысып-керіспеуді, күңкілдеп-жыламауды үйрен. Бір апта бойы барлығын кешіруге, бәрін түсінуге, ешкімді сынамауға, ескерту ай тпауға, кінәламауға тырыс. Мүмкін одан да ұзағырақ осылай істерсің?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет