Дәріс 3: Бизнес ақпаратты жіктеу критерийлері



бет1/3
Дата21.11.2022
өлшемі391 Kb.
#465307
  1   2   3
Дәріс 3

Дәріс 3: Бизнес ақпаратты жіктеу критерийлері

Жоспар:

  • Бизнес- ақпаратты жіктеу критерийлері.
  • Бизнес -жоспарлардың жіктелуі және бизнес -жоспарлаудың негізгі әдістері.
  • Кесте процессорындағы қателер тізімі.
  • Бизнес- ақпаратты жіктеу критерийлері.
  • Ақпарат - бұл бағалаушы ғана емес, сонымен қатар кез келген басқа қызмет саласының маңызды компоненттерінің бірі. Кәсіпорынның (бизнестің) құнын бағалау процесі ақпараттың үлкен көлемін зерттеумен байланысты.
  • Кәсіпорынды (бизнесті) бағалаудың барлық кезеңдері жиналған ақпаратты талдаумен байланысты.
  • Бизнесті инвестициялық тауар ретінде бағалау өткен шығындарды, ағымдағы жағдайды және кәсіпорынның болашақ әлеуетін ескере отырып жүргізіледі. Бағалау процесін жүргізу үшін жиналған ақпаратты белгілер жиынтығы бойынша жіктеуге болады, бұл жиналған деректерді реттеуге мүмкіндік береді және оларды кейіннен пайдалануға қолайлы жағдай жасайды.
  • Бизнесті бағалауда қолданылатын ақпараттың жіктелуі
  • Пайда болу көзі бойынша-сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
  • Қызмет салалары бойынша- әлеуметтік, экономикалық, техникалық, басқарушылық болып бөлінеді.
  • Бағалау функциялары бойынша-жылжымайтын мүлікті бағалау үшін, жылжымалы мүлікті бағалау үшін, өзге де мүлікті бағалау үшін.
  • Басқару үдерісіндегі рөлі бойынша - нормативтік, болжамды, ғылыми-техникалық, есептік-статистикалық, анықтамалық-талдамалық
  • Мазмұны бойынша-сандық, сапалық, аралас
  • Сапасы бойынша-толық сенімді, ықтималды-сенімді
  • Өнімді пайдалану мүмкіндігі бойынша-пайдалы, жеткілікті болып бөлінеді.
  • Қабылдау уақыты бойынша-тұрақты жұмыс істейтін, мерзімді
  • Жаңарту дәрежесі бойынша-тұрақты, айнымалы
  • Түрлендіру дәрежесі бойынша-бастапқы, туынды, жалпыланған
  • Ұсыну нысаны бойынша-жазбаша, кестелік, графикалық, карталар, схемалар, диаграммалар және т. б. түрінде.
  • Тасымалдағыштың түрі бойынша-баспа, микро-және кинофильмдер, электрондық тасымалдағыштарда
  • Түрі бойынша-детерминистік, ықтималды-статистикалық, анық емес
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет