Арыс ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық кұрылыс мәселелері туралы



Дата04.07.2016
өлшемі11.41 Kb.
#178509
    Бұл бет үшін навигация:
  • ШЕШТІ
Арыс ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық кұрылыс мәселелері туралы

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 29 наурыздағы N 23/260-III шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімиятының 2006 жылғы 29 наурыздағы N 123 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінде 2006 жылғы 18 сәуірде N 1933 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"»Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес, Арыс қаласының мәслихаты мен әкімиятының ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      Арыс ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгертулер енгізілсін:

      Ақдала ауылдық округінің аумағында Онтам атауы және Дәрмене ауылдық округінің аумағында Теміржолшы мен Шаян атаулары беріліп, аталған ауылдар құрылсын;

      Байырқұм ауылдық округінің аумағында орналасқан Жаңа ферма, Қанқозы ауылдары, сондай-ақ Задария ауылдық округінің аумағында орналасқан Багара, Дәулетияр, Жанбас, Есқара, Степной ауылдары таратылсын;

      Задария ауылдық округінің әкімшілік бағыныстығындағы 40 разъезд, Лесхоз ауылдарын Дәрмене ауылдық округінің әкімшілік бағыныстығына беріліп, Задария және Дәрмене ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
      
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы
      
      Облыс әкімі
      
      Облыстық мәслихаттың хатшысы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет