Арыздар немесе хабарламаларды электронды есепке тіркеу
Бүгінгі таңда қылмыс немесе оқиға болған жағдай туралы құқықтық қадағалау органдарына келіп түскен арыздар немесе хабарламаларды жазбаша есепке алу, арыз берушінің үмітін ақтамайды.
Құқықтық қадағалау органдарына келіп түскен арыз немесе хабарламаларды жазбаша тіркеу көбінесе елеп-ескерілмейді, сондай-ақ осы кезде жеке кәсіпкерлердің және т.б. арызданушы азаматтардың заңды құқықтары бұзылады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінде өткен мерзім бойы арыздар немесе хабарламалардың есепке алынуын нақты және орнықты орындалуын, арыз немесе хабарлама келіп түскен күннен бастап, ол бойынша қандай шешім қабылданғаны туралы барлық атқарылып жатқан жұмыстар қадағаланып келді.
Комитет басқармасының ойы бойынша бұл мәселені шешудің ең қолайлы жағдайы құқықтық қадағалау органдарында арыздар немесе хабарламаларды жазбаша есепке тіркеу орнына, электронды есепке еңгізуді қамтамасыз ету.
ҚР-сы Президенті Әкімшілігінде Комитет басқармасының ойы мақұлданып, бұл жобаны енгізу бойынша сұрақтарға жауап берілді.
Бұл жобаның қолайлы жақтары, яғни егер арыздар немесе хабарламалар түскен жағдайда оны есепке алғаннан кейін сол сәтте электронды жүйеге енгізілуі, сонымен қатар арыз немесе хабарламаның жүйеге енгізілу барысын қадағалау, мерзімін ұзарту туралы мәліметтер алу, берілген тергеуге алынғандығына қарай, соттылығына қарай, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізгендігін қадағалап отыруға мүмкіндік болып табылады.
2010 жылы 1 ақпан айынан бастап Астана қаласында және Павлодар облысының кейбір ІІБ-де бұл жоба басталған болатын. ҚР-сы Президенті Әкімшілігінде және Комитет басқармасында бұл жобаның 1-ші этапының шешімі бойынша электронды есепке алудың, жазбаша есепке алуға қарағанда көп көмегі тиетінін шешім етіп қабылдады.
Ал жобаның кезекті этаптары 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап ІІБ-да (ІІБ, ПБ) облыстарда және өзге де қалаларда басталған болатын. Бұл жоба барысында Комитет басқармасының және ІІМ-нің қызметкерлерімен арыздар немесе хабарламаларды электронды есепке алу жөнінде семинарлар ұйымдастырылып, отырыстар өткізілген.
Қаржы полиция органдарында арыздар немесе хабарламаларды электронды есепке алу жобасы 2010 жылдың 1 қыркүйегінен басталып, 3 аумақта, яғни Астана, Алматы қалаларында және Қарағанды облысында орын алған болатын.
«Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның ішінде электронды форматта және қарау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР-ның Бас Прокурорының. № 26 Бұйрығы 2011ж. 6 сәуірінде қабылданған.
ҚР-ның Жоғарғы Сотында, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде (қаржы полициясы),Ішкі істер министрлігінде, Қорғаныс министрлігінде, Төтенше жағдайлар министрлігінде, Әділет министрлігінде (Қылмыстық-атқару комитеті үшін), Қаржы министрлігінде (Кедендік бақылау комитеті үшін) 2011ж. 22 сәуірден бастап арыз немесе хабарламаларды электронды есепке алу жүйесі енгізіліп, жүргізілуі керек болатын.
Құқықтық қадағалау органдарында, соның ішінде учаскелік инспекторға тікелей жүгінген өтініш берушіге, олармен бірегей нөмірлі талон-хабарлама (3-қосымша) беріледі.
Талон-хабарламаның бірегей нөмірінде бірінші жұбында өтінішті, хабарламаны тіркеген жыл белгіленеді, екінші жұбында облыс коды, үшінші жұбы аудан коды, төртінші ведомство коды, тоғызыншы сан болып – резервті нөмір және соңғы сандармен (5 белгі) талон-хабарламалардың реттік нөмірі көрсетіледі.
Талон-хабарлама екі бөлімнен тұрады: өтінішті және хабарламаны тіркеген қылмыстық қудалау органында қалатын талон-хабарламаның, сонымен қатар өтініш иесіне берілетін жыртылмалы талон-хабарламаның түбіртегі. Талон-хабарламалар түбіртектерінің түпнұсқалары қатаң есептілік құжаттары болып табылады.
Жыртылмалы талон-хабарламаның теріс жағында Интернет-сайттың мекенжайы: http://service.pravstat.kz, 1012 телефон нөмірлері (SMS-сервис), 8 800 080-7777 (стационардан), 1414 (ұялыдан) көрсетілген, осы телефондар арқылы өтініш иесі тиісті ақпаратты және өтінішті қабылдаған қылмыстық қудалау органының телефонын ала алады.
Егер электронды есепке алынған арыз немесе хабарлама бойынша кейбір мәліметтер жеткіліксіз болса, арыз берушіге олардан жоғары тұрған органға немесе прокуратура органдарына шағымдануға болады.
Электронды есепке тіркелген арыз немесе хабарлама бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын, тек прокуратура және құқықтық статистика органдарында қадағалау мүмкін болып табылады.
Бесқарағай ауданы бойынша
Басқарманың прокуроры
3 дәрежелі заңгер И.Қисамиева
Достарыңызбен бөлісу: |