Қаржы ұйымының атауы Есептік кезеңде



Дата25.02.2016
өлшемі65.66 Kb.
#22039
2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) жеке, заңды тұлғалардан, оның ішінде және екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметіне қатысты түрлі мәселелерге байланысты мемлекеттік органдардан 105 өтініш келіп түсті.

Төменде екінші деңгейдегі банктер бөлігінде және олардың өтініш берудегі жалпы көлемінің үлес салмағы бойынша мәліметтер келтірілді:





Қаржы ұйымының атауы

Есептік кезеңде

Өтініштер келіп түсті

Қаралуы аяқталды

Есептік кезеңнің соңында қаралу деңгейінде

Саны

Қаржы рыногының тиісті секторында келіп түскен өтініштердің салыстырма үлесі %

Саны




1

«Валют – Транзит Банкі» АҚ

11

29,7

11

0

2

«Альянс Банкі» АҚ

3

8,1

2

1

3

«Банк Центр Кредит» АҚ

3

8,1

0

3

4

«Нұрбанк» АҚ

2

5,5

0

2

5

«Банк Каспийский» АҚ

2

5,4

1

1

6

«ТұранӘлем Банкі» АҚ

2

5,4

0

2

7

Басқалар (2-ден кем)

14

37,8

8

6




ЖИЫНТЫҚ:

37

100

22

15

35,2*

* - қаржы рыногындағы сектордың үлес салмағы

** - барлық өтініштер негізді емес

Мамыр айында Агенттікке банк қызметі мәселелері бойынша 37 өтініш түсті, олардың ішінде 18-і (48,6%) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және ұйымдарынан келіп түсті.

Өтініштерді талдау өткен айда банктердің қызметі бойынша - 37-ден 11 (немесе 29,7% жалпы санынан) «Валют-Транзит Банк» АҚ-ға салынған салымдарын қайтаруға қатысты жеке тұлғалардың шағымдары құрады.

Төменде 01.05.07ж. дейін Агенттікке екінші деңгейдегі банктер бөлігінде қаралуға келіп түскен өтініштер туралы мәліметтер берілген:



Қаржы ұйымының атауы

Алдынғы есептік кезеңде










Өтініштер келіп түсті

31.05.07ж. жағдай бойынша қаралуы аяқталды

Есептік кезеңнің соңында қаралу деңгейінде

Саны

Қаржы рыногының тиісті секторында келіп түскен өтініштердің салыстырма үлесі %

Саны




1

«Валют – Транзит Банк» АҚ

13

28

13

0

2

«Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ

8

17

6

2

3

«ТұранӘлем Банкі» АҚ

7

15

6

1

4

«Казкоммерцбанк» АҚ

2

4

2

0

5

«Банк Каспийский» АҚ

2

4

2

0

6

Басқалар (2-ден кем)

15

32

11

4




ЖИЫНТЫҚ:

47

100

10

7

Агенттік шағымдарды қарау нәтижесі бойынша өтініш берушілерге кепілдік берілген депозиттерді алу ресімдері бойынша қолданыстағы заңнаманы түсіндіру, сондай-ақ «Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның өндірмеген салымдардың қалған сомасын алумен байланысты ұсыныстар жіберілді.

Тұрғындарға өзекті болып мына мәселелер қалуда:


  • банктердің банк қызметіне төлем үшін жоғары мөлшерлемеде комиссияларды және кредиттер бойынша сыйақы алулары;

  • екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банктер) заем шарттары және банк салымдары бойынша есептелген сыйақының мөлшерін дұрыс анықтауы;

  • кредит бойынша төлемдер кестесінің толық болмауы – сыйақы солмасын және кредит бойынша негізгі борышты нақтылаусыз;

  • тарату процесіндегі банктерде орналасқан салымдарды қайтарып алу тәртібі;

  • банктердің банкоматтарының тиісті емес қызмет етуі.

Жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттері еместерінің, жоғарыда аталған және басқа сұратулары бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

Агенттік мамыр айында екінші деңгейдегі 3 банкке мыналарды шығару түрінде ықпал ету шараларын қолданды:



«Экспресс Банкі» АҚ-ға 1 әкімшілік айыппұл түрінде:

Агенттіктің жазбаша ұйғарымын орындамағанымен белгіленген бұзушылығы үшін, ол бойынша жауапкершілік ӘҚБК-ның 168-2бабының 2-бөлігінде көзделген, орындау күні 03.07.2007 ж.



«Альянс Банкі» АҚ-ға 2 жазбаша ұйғарым:

- «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 2-тармағын орындамаумен белгіленген банк заңнамасы нормасын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.99 ж. № 276 қаулысымен (қолданыста 01.04.07ж. дейін болған) бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу бойынша құжаттарды жүргізу ережесінің 3-тармағының 7) тармақшасын, Агенттік Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысымен (қолданысқа 01.04.07ж. енгізілген) бекітілген Банктердің кредиттеу бойынша құжаттарды жүргізу ережесінің 3-тармағының 7) тармақшасын, Агенттік Басқармасының 23.09.06 ж. № 215 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу ережесінің 2-тармағын (бұдан әрі - № 215 Ереже) бұзғаны үшін;

  • уәкілетті органға шынайы емес ақпаратты бергені үшін.

Агенттік 30.05.07 ж. Барлық екінші деңгейдегі банктерге банк заемы шарттарында және депозиттерде сыйақы мөлшерлемесін көрсету бөлігінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының нормасын орындауды қамтамасыз ету жөнінде, оның ішінде шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеумен Агенттікті 2007 жылғы «1» шілдеге дейінгі мерзімде ақпараттандыру талабымен 10-19/1805 хат жіберді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет