«Жинақ банкі» АҚ ЕБ-де жеке тұлғалардың аллокирленбеген металл шотымен операциялар жүргізу ережелері
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Банк Аллокирленбеген металл шотын (бұдан әрі – АМШ) Банк пен Клиент арасында АМШ шартын АМШ ашу өтінішінің негізінде, Клиент ҚР заңнамасы мен Банктің ішкі норматвитік құжаттарымен қарастырылған құжаттар пакетін ұсынған кезде ашады.
1.2. АМШ ашқан кезде Металды есептеу АМШ бағалы металды есептеу тапсырмасының (бұдан әрі – есептеу Тапсырмасы) негізінде жүргізіледі. Есептеу тапсырмасында шот ашылатын бағалы металдың түрі, бағалы металдың массасы мен Банктің металды сату бағасы анықталады.
1.3. АМШ алтын, күміс, платина, палладийде ашылады.
Металл қалдығына пайыз есептелмейді.
Шоттағы металдың ең аз қалдығы 31,1035 грамға сәйкес келетін 1 троя унциясын құрайды.
Металл біржолғы немесе жеке жарнамен кез келген кезеңдікпен енгізілуі мүмкін. Металл сатып алудың ең аз салмағы 1 троя унциясы.
АМШ металды есептеу және одан алу Клиенттің Банкке ұсынған Тапсырмасы негізінде жүргізіледі. Металды есептеуге/алуға берілген Тапсырмадағы Металл саны дөңгелектеу ережесі қолданылып, троя унциясының 1/1000 үлесіне дейін нақты анықталады.
2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. Клиент Банкке Шот ашқан кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін Құжаттар пакетін ұсынады.
2.2. Клиент құқылы:
- Банкке Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен АМШ шартында белгіленген талаптарға сәйкес ғана Тапсырманы беруге (шақыртып алуға, тоқтатуға);
- Банкке Шоттағы Металды Банк белгілеген және операция жасалған күні қолданылатын Металл сатып алу бағасы бойынша өткізуге;
- Металды Банктен оны Банк белгілеген және операция жасалған күні қолданылатын Металл сатып алу бағасы бойынша Шотқа есептеп сатып алуға;
- Банктен Банк Тарифтеріне сәйкес, банкте Үзінді көшірме алуға.
2.3. Клиенттің металды есептеуге/алуға берілген Тапсырмасы Банкке Клиент жеке немесе нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде әрекет етуші өзге тұлға ұсынуы мүмкін. Банк рұқсатсыз операциялардан қорғаныс әрекеттері ретінде, Клиенттің Сенімді тұлғасы ұсынған құжаттарға сараптама жүргізу құқығын өзіне қалдырады. Клиенттің Сенімді тұлғасы ұсынған құжаттардың сараптамасы 3 (үш) банктік күні ішінде жүзеге асырылады.
2.4. Клиент міндетіне алады:
- Банктің талап етуі бойынша Шот бойынша жүргізілетін операцияларға қатысты қажетті ақпарат пен құжаттарды беру;
- Металл Клиенттің шотына қате есептелген жағдайда, Банкке ол жөнінде тез арада хабарлауға міндетті;
- Банкке Клиенттің Тапсырмаларын Банк қате орындағаны туралы осылай орындалған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабарлауға;
- физикалық нысандағы бағалы Металды аллокирленбеген метал шоттан оның берілуін талап етпеуге;
- Шотқа үшінші тұлғалардың қандай да бір құқығы және ниеті анықталған, сонымен қатар сол бойынша даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, осы даулармен болған барлық қажетті шығасылар жүктеле отырып, оларды өз күшімен және қаражаттарымен реттеуге міндетті.
2.5. Банк Клиентке Қазақстан Республикасының заңнамасына, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына және АМШ шартының талаптарының негізінде және соларға сәйкес, Клиент шоты бойынша операциялар ашу және жүргізуге қатысты жеке қызмет көрсетеді.
2.6. Банк құқылы:
- Металл Клиенттің шотына қате есептелген дерек анықталған жағдайда, Клиенттің Шотынан Металды шығынға шығаруды акцептсіз тәртіпте жүргізуге;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында және Банктің ішкі нормативтік құжаттарында қарастырылған жағдайда, Шот бойынша операциялар жүргізілуін тоқтата тұруға;
- Клиенттің алдын ала келісімінсіз 1 (бір) айдың ішінде
- Бір жақты тәртіпте, Банктің қолданыстағы Тарифтеріне өзгерістер енгізуге.
2.7. Банк міндетіне алады:
- ҚР қолданыстағы заңнамасында және Банктің ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес келетін Құжаттар пакетін Клиент толығымен ұсынған күннен бастап, 2 (екі) банк күнінен кешіктірмей Клиентке Шот ашу;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған шот бойынша операцияларды Клиентке барлық қажетті құжаттарды ұсынған соң 1 (бір) банк күнінен кешіктірмей жүзеге асыру;
- Банк Тарифтеріне сәйкес, ақылы негізде шот бойынша Үзінді көшірмесін ұсынуды;
- Клиентке Банкке тиесілі барлық комиссиялар төленгеннен кейін операциялар жасалатын күнгі (Металды шығынға шығару) Банк сатып алатын бағам бойынша Металл құнын қазақстандық теңгедегі ақшалай баламасында қайтару;
- Тараптардың АМШ шартын жасау, орындау немесе тоқтату кезіндегі қарым-қатынасына ықпал ететін АМШ шартына, Тарифтерге және Банктің басқа да ішкі ережелері мен нормативтік құжаттарына бір жақты тәртіпте Банк енгізетін өзгертулер мен толықтырулар туралы Клиентке олар қолданысқа енгізілген күнге дейін 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлау.
3. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
3.1. Тараптар АМШ шарты бойынша өз міндеттемелерін қасақана бұзғаны және нақты келтірілген шығын мөлшерінде ғана жауап береді.
3.2. Банк төлем құжаттары, оның ішінде ЖСК нөмірі дұрыс көрсетілмеген бөлігіне қатысты тиісті ресімделмеген жағдайда, Шот бойынша операциялар уақытында өткізілмегені үшін жауап бермейді.
4. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ШАРТТЫҢ БҰЗЫЛУ ТӘРТІБІ
4.1. Осы Шарт 12 (он екі) айға жасалды және оған екі Тарап қолдарын қойған күннен бастап күшіне енеді.
4.2. Егер осы Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған соң, Клиенттің шотында Металл қалдығы болған жағдайда тараптардың біреуі оны бұзу туралы өтініш білдірмесе, Шарт келесі әрбір 12 (он екі) ай мерзіміне автоматты түрде ұзартылады.
4.3. Тараптардың кез келгені осы Шарт бойынша қарым-қатынасты бір жақты тәртіпте тоқтатуға құқылы, бұл жөнінде екінші тарапқа осылай тоқтату болжанған сәтке дейін кем дегенде 15 (он бес) банк күні бұрын ескертеді. Клиент тарапынан берілетін ескерту қағазы қазақ және/немесе орыс тілдерінде жазбаша түрде жасалуы тиіс және Клиент Банк қызметкеріне жеке тапсырады.
Банктің Клиентке беретін ескерту қағазы:
- алғаны туралы қолы қойылып Банк қызметкері жеке немесе жеткізуші немесе басқа қызмет арқылы тапсырылады; немесе
- тиісті бағдарламалық-техникалық құралдар көмегімен автоматты режимде құрастырылған алғаны туралы растамасымен факс немесе телеграф, немесе электронды пошта бойынша жіберіледі; немесе
- Банк жайларында ақпарат орналастыру арқылы Клиентке жеткізіледі; немесе
- Internet желісінде Банк сайтында жариялау арқылы Клиентке жеткізіледі; немесе
- Үзінді көшірмеге қосымша ақпарат енгізу арқылы Клиентке жеткізіледі; немесе Клиентке телефонограмма ресімдеп немесе ресімдеместен, сонымен қатар сөзді жазып немесе жазбастан, жалпы қалалық немесе ұялы байланысты пайдаланып, телефон арқылы ауызша хабарланады.
4.4. Осы Шарт бұзылған жағдайда, Банк Клиентке Банкке тиесілі барлық комиссиялар төленген соң, АМШ шарты бұзылған күнгі Банктің сатып алу бағамы бойынша қазақстандық теңгенің ақшалай баламасындағы Металл құнын қайтарады.
|
Правила проведения операций с неаллокированными металлическими счетами физических лиц в ДБ АО «Сбербанк»
1.ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ
Открытие Банком Неаллокированных Металлических Счетов (Далее-НМС) осуществляется при заключении между Банком и Клиентом Договора НМС на основании Заявления на открытие НМС, при предъявлении Клиентом пакета документов, предусмотренных законодательством РК и внутренними нормативными документами Банка.
Зачисление Металла при открытии на НМС производится на основании Поручения на зачисление драгоценного металла на НМС (Далее - Поручение на зачисление). В Поручении на зачисление определяется вид драгоценного металла, в котором открывается счет, масса драгоценного металла и цена продажи металла Банком.
НМС открывается в золоте, серебре, платине, палладии.
Проценты на остаток Металла не начисляются.
Минимальный остаток металла на счете составляет 1 тройская унция, соответствующая 31,1035 граммам.
Металл может быть внесен единовременно или отдельными взносами с любой периодичностью. Минимальный вес покупки металла 1 тройская унция.
Зачисление и снятие металла с НМС производится на основании предоставленного Клиентом в Банк Поручения. Количество Металла в Поручении на зачисление /списание Металла определяется с точностью до 1/1000 доли тройской унции с применением правил округления.
2. ПРАВА И ОБЯЗАННОСТИ СТОРОН
2.1 При открытии счета Клиент предоставляет Банку Пакет документов, соответствующий требованиям, установленным действующим законодательством Республики Казахстан.
2.2. Клиент вправе:
- давать Банку (отзывать, приостанавливать) Поручения только в соответствии с требованиями, установленными законодательством Республики Казахстан и Договором НМС;
- реализовывать Банку Металл со Счета по цене покупки Металла, установленной Банком и действующей на день совершения операции;
- приобретать у Банка Металл с зачислением его на Счет по цене продажи Металла, установленной Банком и действующей в день совершения операции;
- получать в Банке Выписки о состоянии счета согласно Тарифам Банка.
2.3. Поручение на зачисление/списание металла Клиента может быть предъявлено в Банк лично Клиентом, либо иным лицом, действующим на основании нотариально удостоверенной доверенности. В качестве защитных действий от несанкционированных операций Банк оставляет за собой право на проведение экспертизы предоставленных Доверительным лицом Клиента документов. Экспертиза предоставленных Доверительным лицом Клиента документов осуществляется в течение 3 (трех) банковских дней.
2.4. Клиент обязуется:
- предоставить по требованию Банка необходимую информацию и документы, касающиеся проводимой операции по Счету;
- в случае ошибочного зачисления Металла на счет Клиент обязуется незамедлительно известить об этом Банк;
- извещать Банк об ошибочном исполнении Банком Поручений Клиента в течение 1 (Одного) рабочего дня с момента такого исполнения;
- не требовать выдачи ему драгоценного Металла в физической форме с неаллокированного металлического счета.
- в случае обнаружения каких-либо прав и притязаний третьих лиц на Счет, а также возникновения по ним споров и конфликтов обязуется урегулировать их своими силами и средствами, неся все необходимые издержки, вызванные этими спорами.
2.5. Банк осуществляет персональное обслуживание Клиента в отношении открытия и ведения операций по счету Клиента на основании и в соответствии с законодательством Республики Казахстан, внутренними нормативными документами Банка и условиями Договора НМС.
2.6. Банк вправе:
- в случае установления факта ошибочного зачисления Металла на Счет Клиента, производить списание Металла со Счета Клиента в безакцептном порядке;
- приостановить совершения операций по Счету в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан и внутренними нормативными документами Банка;
- закрыть Счет в случае нулевого остатка Металла на Счете в течение 1 (одного) года без предварительного согласия Клиента;
- в одностороннем порядке вносить изменения в действующие Тарифы Банка.
2.7. Банк обязуется:
- открыть Счет Клиенту не позднее 2 (двух) банковских дней с даты предоставления Клиентом полного Пакета документов, соответствующего требованиям, установленным действующим законодательством РК и внутренними нормативными документами Банка;
- осуществлять операции по Счету, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан не позднее 1 (одного) банковского дня после предоставления Клиентом всех необходимых документов;
- предоставлять Выписки по счету согласно Тарифам Банка;
- возвратить Клиенту стоимость Металла в денежном эквиваленте в казахстанских тенге по курсу покупки Банка на дату совершения операции (списание Металла), после уплаты всех причитающихся Банку комиссий;
-информировать Клиента об изменениях и дополнениях, вносимых Банком в одностороннем порядке в Договор НМС, Тарифы и другие внутренние правила и нормативные документы Банка, влияющих на правоотношения Сторон при заключении, исполнении или прекращении Договора НМС, не позднее чем за 10 (десять) календарных дня до даты их ввода в действие.
3. Ответственность сторон
3.1. Стороны несут ответственность только за умышленное нарушение своих обязательств по Договору НМС и только в размере реального ущерба.
3.2. Банк не несет ответственности за несвоевременное проведение операций по Счету, в случае ненадлежащего оформления платежных документов, в том числе в части неверного указания номера ИИК.
4. Срок действия Договора и порядок расторжения Договора
4.1. Договор НМС заключается на срок 12 (двенадцать) месяцев и вступает в силу с даты подписания его Банком и Клиентом.
4.2. Если по истечении срока действия Договора НМС ни одна из сторон не заявит о его прекращении, при условии нахождения остатка Металла на Счете Клиента, Договор НМС автоматически пролонгируется на каждый следующий 12 (двенадцати)-месячный период.
4.3. Любая из сторон имеет право прекратить отношения по Договору НМС в одностороннем порядке, уведомив при этом другую сторону не менее чем за 15 (пятнадцать) календарных дней до предполагаемого момента такого прекращения. Уведомление со стороны Клиента должно быть составлено в письменном виде и вручаются лично Клиентом сотруднику Банка. Уведомления Банка Клиенту:
- вручаются лично сотрудником Банка или через курьерскую или иную службу под расписку о получении; или
- направляются по факсу, или телеграфу, или электронной почте с подтверждением о получении, сформированным в автоматическим режиме с помощью соответствующих программно-технических средств; или
- доводятся до Клиента посредством размещения информации в помещениях Банка; или
- доводятся до Клиента путем опубликования на сайте Банка в сети Internet; или
- доводятся до Клиента путем внесения дополнительной информации в Выписку; или сообщаются Клиенту устно по телефону с использованием общей городской или мобильной связи, с оформлением телефонограммы или без такового, а также с записью разговора или без.
4.4. В случае расторжения Договора НМС Банк возвращает Клиенту, после уплаты всех причитающихся Банку комиссий, стоимость Металла в денежном эквиваленте казахстанских тенге по курсу покупки Банка на дату расторжения Договора НМС.
|