Арман-мақсат болған кемел қоғамға бет алып, жаңа азаматты рухани деңгейі биік, парасат-пайымы терең, ғылым мен мәдениеттің озық үлгілерінен сусындаған адамды қалыптастыру міндеті алда тұр



бет1/6
Дата16.06.2016
өлшемі0.91 Mb.
#138341
  1   2   3   4   5   6
Алғы сөз

Арман-мақсат болған кемел қоғамға бет алып, жаңа азаматты - рухани деңгейі биік, парасат-пайымы терең, ғылым мен мәдениеттің озық үлгілерінен сусындаған адамды қалыптастыру міндеті алда тұр. Өйткені, адамзаттың ой тарихы оның болмыс тарихымен астасып жатады: кемел қоғамды кемел ұрпақ ғана жасайды. Ал кемелдікке адамзат баласы жасаған рухани игіліктерді бойға дарытпай жету мүмкін емес. Сондықтан адамды «әлеуметтендіру», «түлғаландыру» саласының мамандарына киелі де күрделі міндет — адамзат баласының рухани жәдігерлерін кейінгі ұрпаққа шашау шығармай жеткізу міндеттеледі.

Философия - адам білімі мен рухани мәдениетінің тарихи тамыры өте терең, қызықты да, қиындығы мол салаларының бірі. Ол-адам баласының ойлау қабілетінің асқар шыңы, оның биіктігінің, кереметтігінің шынайы дәлелі. Осы уақытқа дейін адам қол жеткізген тамаша табыстар мен ерен ерліктердің, ұшқыр ойлардың, нәзік сезімдердің түпкі негізін анықтайтын бірден-бір өлшем.

Философия адамзат тарихының күре тамыры, өзегі. Оны оқып-үйрену әр адамды рухани байытады, ойлау туралы ойлауға жетелейді, парасаттылыққа баулиды. Қазіргі жүрдек заман талап етіп отырған жоғарғы өлшемдер, әлемдік цивилизацияның жаңа сатысының даму қисыны тұрғысынан көрінгісі келетін ойлы, мәдениетті, интеллектуалдық мүмкіндіктері мол жас мамандарға философия ғылымының беретіні мол.

Ойлайтын, творчество адамының, жалпы қоғамның философиясыз кемелдікке жетуі мүмкін емес. Философияның практикалық мәні - адам өмірін жоғары мақсатқа бағыттап, дүние алдындағы жауапкершілікке, парасатқа жетелеу арқылы адам әрекетін басқару.

Әдістемелік нұсқаулар студенттерге, бірінші кезекте сыртқы бөлім, қашықтықтан оқыту бөлімі студенттеріне арналады. Оқу жұмыс бағдарламасына, философиядан типтік бағдарламаға сәйкес құрастырылған.

Философия курсын өтуде алғашқы тақырыптың орны бөлек, өйткені бұл кіріспе тақырып. Дәл осы алғашқы сабақтарда философияның маңыздылығы, оның ерекшеліктері, қарастыратын мәселелері, атқаратын міндеттері анықталады. Бұл күрделі және ауқымды тақырып. Студент көптеген философиялық терминдермен танысады. Олар оқу бағдарламасының келесі тақырыптарын игеруде өте маңызды. Сондықтан, кіріспе тақырыпқа ерекше әдістемелік міндеттер қойылады. Негізгісі – студенттерге алғашқы тақырып мәселелерін терең және жан-жақты зерттеп, өзіндік жұмыс барысын жемісті ұйымдастырып, дайындық деңгейін тексеруге жәрдем беру. Осы мақсатпен глоссарий беріліп отыр. Лекция және семинар сабақтарында көрнекілік үшін схемаларды, таблицаларды қолданған дұрыс деген оймен, кейбіреулері үлгі ретінде келтіріледі. Студенттердің тақырып үстінде қызығып жұмыс істеуі үшін ойлануды, ізденушілікті талап ететін жаттығулар мен есептер қосылды.

Әдістемелік нұсқау келесі түрде құрастырылған: силлабустан көшірме, лекцияның тақырыбы мен жоспары, негізгі ұғымдар, лекция мәтіні, ұсынылатын әдебиет тізімі, глоссарий, силлабустан көшірме, семинар сабағының тақырыбы мен жоспары, семинар сабағын жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар, пысықтау сұрақтары, тест тапсырмалары, ойлануға арналған тапсырмалар, сөзжұмбақтар, таблицалар мен схемалар.




КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУС)

«Философия» пәні бойынша

Барлық мамандықтарға арналған

(көшірме)


Оқу жұмысының бағдарламасынан көшірме


Семестр

Кредир саны

Апта саны

Сабақ түрі, уақыт бюджетінің бөлінуі


Барлығы

дәріс

семинар

ОӨСӨЖ

СӨЖ

Қорытынды

1

3

15

135

30

15

45

45

Емтихан

Барылығы

3

15

135

30

15

15

45

Емтихан

  1. Сабақ өту графигі.

    1. Дәріс сабақтардың К.Т.Ж. (күнтізбелік тақырыптың жоспары)

Дәріс сабақтар саны 30



Аптасы

Дәріс сабақтарының реті мен тақырыбы

Дәрістің өткізу түрі

ТОҚ студенттің түсіну қабілетін дамыту әдістері

Студенттер нені білу және іске асыра алуы керек

1

2

3

4

5

6

1


1

1.1. Философия – мәдениет феномені ретінде.



Кіріспе

Ақпараттық лекция



Схемалар, диаграммалар

Дүниетанымның мәні, тарихы формалары, философияның мәні, проблемалары, функциясы

1Дәріс

Философия –мәдениет феномені ретінде.

Жоспар:


  1. Дүниегекөзқарас ұғымы және оның құрылымы.

  2. Философия пәні және объектісі.

  3. Философияның құрылымы мен міндеттрі.


Негізгі ұғымдар: Дүниегекөзқарас, мифология, синкретті, дін, теизм, деизм, пантеизм, атеизм, философия, монизм, дуализм, материализм, идеализм, диалектика, метафизика

Адам басқа тіршілік иелеріне қарағанда ерекше пенде - ол өзін бүкіл дүниеден бөліп алып, оған қарсы қоя алады. Менің осы дүниедегі орным қандай? Мен бұл өмірге не үшін келдім? Адамды Құдай, не болмаса "ұлы мәртебелі Табиғат" неге жаратты? Бұл дүниені адам танып түбіне жете алар ма екен? Мені жағалай қоршаған табиғат неге шексіз, әр-түрлі және сондай әсем? Ертең-ақ бұл әсем дүниені өлер шағымда калайша қиып кетемін? Егер мен бұл дүниеге уақытша ғана келсем, онда бұл өмірдің мәні неде?, деген осындай және мыңдаган басқа сұрақтар адамның ойына келеді. Әрбір адам өзінің ой-өрісі, өмірден алған тәжрибесі. жалпы мәдениетінің деңгейіне қарай бұл сауалдарға жауап беріп, өзіне тән дүниеге деген көзқарас қалыптастырады.

Алайда, қайсыбір дүниеге деген көзқарасты философияға жатқызуға болмайды өйткені, соңғыға тек қана абстрактылық ой-өріс дамуының негізінде дүниені ұғымдармен

бейнелеу түрі жатады (abstractio - латын сөзі, -ой арқылы заттың, құбылыстың әр-түрлі

жақтарын бір-бірінен бөліп алып қарау). Олай болса, философия дүниегекөзқарастың жетілген түрі.

Дүниегекөзқарастың тарихи алғашқы түрпайы түрі алғашқы қауымдык, қоғамның шеңберінде қалыптасады. Оны біз мифология дейміз. (mithos - грек сөзі, - баян, аныз logos — грек сөзі, ілім деген мағына береді).

Миф - табиғат, қоғам және адам жөніндегі алгашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasia - грек сөзі, -қиял, елес). Алғашқы қауымдық коғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әр-түрлі күштеріне қарсы түра алмауы, сонымен қатар. өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат қүбылыстарын сезіну және түсіну інкәрі.- мифтердің дүниеге келуінің қайнар көзі больп табылады,

Әрбір халық әр-түрлі мифтерді ойлап шығарған. Дүниенің пайда болуы мен тәртібі, жақсылық пен жамандық, көркемдік пен түрсіздік, адам өмірінің мәні мен құндылығы т.с.с. сұрақтарға берген жауаптар халықтар аңыздарында әртүрлі дәрежеде берілген.

Бірақ, тереңірек қарасақ, әр-түрлі халықтардың қойған сұрақтары мен ізденістерінің бір-біріне ұқсас жақтарын көруге болады. Олар: Дүние қалай пайда болды? Кім адамды. жаратты? Адам неге өледі? Адамдардың сөйлейтін тілдері неге әртүрлі? Аспан мен жер неге бір-бірінен бөлінген? т.с.с.

Әрине, бұл сұрақтарға берілген жауаптар бүгінгі адамдарды қанағаттандырмайды, оған ол тұрпайы болып көрінеді, өйткені, мифтерде табиғаттын құбылыстары сикырлы күштер аркылы түсіндіріледі. Мифтер -- адамзаттың "балалық шағындағы" туындылары. Сол кездегі адамдар мифтердегі айтылатын сиқырлы күштерге өзінің ықпалын тигізе алатынына кәміл сенді. Сонымен, олар жағалай қоршаған ортаны, табиғаттың зор күштерін қиялдық жолмен түсінуге және игеруге тырысты.

Жалпылай келе, әр-түрлі халыктардың мифтерін белгілі бір топтарға бөлуге болады. Мифтердін ең үлкен бөлігінің бірі космогониялық (сosmos - грек сөзі, -әлем,ғарыш; genesis - грек сөзі, -дүниеге келу, пайда болу) аңыздар. Оларда көбінесе дүниенің алғашқы күйі хаос (сhaos - грек сөзі, -шексіз шашылған бытыраңқы дүние) арқылы көрсетіледі. Сикырлы қүдіретті күштің іс-әрекеті арқылы хаос жер мен көкке бөлініп, дүниеге тәртіп келіп, табиғаттың түрлі қүбылыстары пайда болады.

Дүкиеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады?

Біріншіден. миф алғашқы пайда болған қоғамдьіқ сананың формасы ретінде өзінің ішінде болашақта дүниеге келетін өнер, дін, саясат, мораль сияқты құбылыстардың элементтерін бойында сақтайды. Сондықтан мифті ғалымдар қоғамдық сананың синкретикалық түрі деп есептейді (synkretismos - грек сөзі, -қосылған, араласқан, бөлінбеген деген мағына береді).Екінші ерекшелігі мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, жағалай қоршаған ортаны антропоморфизациялау, адамның өзіндік мәндік қасиеттерін бүкіл табиғатқа таратуы,таңуы, табиғаттың құбылыстары мен заттарын адаммен салыстырып, олардың да адам сияқты жаны,

ойы, сезімі, іңкәрі бар деп түсінді.

Үшіншіден -- мифте әлі ғылыми үғымдар жоқ, онда қоршаған орта, әлеуметтік қатынастар көркем сөз арқылы бейнеленеді.

Әлемнің пайда болуы жөнінде кейбір Шығыс халықтарының аңыздарында антропоцентрлік көзқарас та кездеседі. (antropos- грек сөзі, -адам, сеntrum - латын сөзі. -орта, әр-түрлі қатынастардың бір жүйеге қосылатын нүктесі). Мұндай мифтерде дүниеден бұрын алғашқы еңгезердей адам болған, ал ол. өлген кезде оның денесінен дүние жаратылады,- деген пікір айтылады.

Көне заманда күн мен ай, аспан мен жүлдыздар жөніндегі аңыздар адамдардың өмірінде кең орын алған. Күннің сәулесінің жер бетіндегі тіршіліктің өміріне тигізетін шешуші рөлі сол заманда-ақ анықталып, Күн қүдайы негізгі табынатын Қүдайлардың біріне айналған. Сонау көне заманда пайда болған дөңгелек, күнге ұқсатылып жасалған. Мысалы, біздің ертедегі бабаларымыз аспанға табынып (тәңір, қытайша - тян) жер мен тіршілікті, адамды жаратқап сол аспан Қүдайы деп есептеген.

Жағалай: қоршаған ортадағы өзгерістер. қайталау үрдістері, жыл маусымдарының, күн мен түннің ауысуын отыруы, жер сілкіну, дауыл, топан-су, т.с.с құбылыстар көне мифтерде жүлдыздар мен планеталардың орналасуымен, солардың ықпалымен түсіндірілді. Аспандағы жұлдыздардан тұратын фигуралар жердегі ақуалды, болашақта болатын оқиғаларды анықтайды,- деп есептеген. Бүгінгі. астрологиялық болжамдар (astron- грек сөзі, -жұлдыз) сол көне замандағы пайда болған мифтерге сүйенеді.

Көне халықтардың мифтерінде ерекше орынды. әйел құдайы алады (қазақтың Ұмайы, гректердің Деметрасы т.с.с). Әйел құдайы - құнарлықтың, жер-бетіндегі тіршіліктің әміршісі. Ол аңшыларға сәттілік әкелетін, жер мен мал шаруашылығында - мол өнім әкелетін Құдай.

Әлемдегі Құдайлар мен адамдардың қарым-қатынастарына арналган мифтердін де орны бөлек. Ертедегі халықтардың мифтерінде әрбір табиғат құбылысын тудыратын өз Құдайлары болды. Мысалы, үнді халқы .өзінің мифологиясында 3000- нан аса Құдайлардың бейнесін жасады. Құдайлар грек мифологиясында да өте көп.

Біріншіден, Құдайлар – мәңгілік жандар, ал адам болса - Дүниеге уақытша келеді. Өйткен себебі - Құдайлар алғашқы мәңгілік табиғат заттарынан жаратылған, ал адам болса-ол бір мифтерде - Құдайлардың саздан жаратқан пендесі, екіншілерде - Құдайдың сөзінен пайда болған дейді. Бірақ, дегенмен қайсыбір миф адамға кішкентай-да болса мәңгілік өмір сүру мүмкіншілігін қалдырады, егер сол адам өзінің ізгі өмірімен, тазалығымен кұдайлардың мейірімін туғызса.

Екіншіден, аспандағы Құдайлардың өмірі жердегі адамдардың өміріне өте ұқсас. Құдайлар да адамдар сиякты күледі, жылайды, қуанады, өкінеді, ғашық болады т.с.с. Оны біз мифтегі социоморфизациялаудың нәтижесі деп түсінуіміз керек (societas- лат. сөзі. -қоғам, morphe- грек сөзі, -форма, түр).

Әрине, мифтердін пілдей бөлігі - батырлар хиқаялары (Қобыланды, Шора, Алпамыс т.с.с.). Батырлар - бұрынғы заманда өмір сүрген бабалар, олар өздерінің өжетгігімен, зор күш-қуатымен ерекше бейнеленеді. Олар өздерінің ғажап істерімен халыққа жасаған ізгі жақсылықтары арқылы адамдарды неше-түрлі қиындықтардан аман-есен алып шығып, бақытты өмірге жетелейді.

Бүгінгі өмірде ғылым мен техниканың, гуманитарлық пәндердің дамуына қарамастан (humanitas- латын сөзі, -адамгершілік. адамилық) мифтерге сену, олардың жаңа түрлерін тудыру осы уақытқа шейін жалғасьш келе жатыр. Мысалы, адамдардың ғарыштағы басқа саналы пенделерге кездесуге деген бітпес іңкәрі неше-түрлі аспаннан ұшып келген тарелкалар жөнінде, ондағы жандардың адамға ұқсас екені, жердің қызының ғарыштан келген жігітке ғашық болғаны жөніндегі мифтерді атап өтуге болады. Сонымен, бүгінгі таңда, сонау мыңдаған жылдар өткен замандағы сияқты, қазіргі мифтің мазмүнынан біз жоғарыда керсетілген антропоморфизациялауды байқаймыз.

Әсіресе, қазіргі өтпелі замандағы әлеуметтік-экономикалық орасан зор қиындыктар, адамның рухани өмірінін өзегін құрайтын құндылықтардың күрт өзгеруі қоғам өмірі жөнінде билік басындағы отырған адамдар, олардың жан-үялары, өмір салты жөнінде неше-түрлі мифтерді тудырып отыр. Әрине, оларды тудыратын халык, бұл мифтерде адамдардың жақсы өмірге деген іңкәрі, өмірдегі болып жатқан көп әділетсіздіктерді қабылдамауы байқалады.

Уақыт өте келе мифологияның шеңберінен дін бөлініп шықты, - сонымен дүниеге деген көзқарас, дүниесезімнің жаңа түрі қоғамға келді. Дін де, мифологияға ұқсас синкретикалық табиғатымен, сонымен қатар дүниені фантастикалык бейнелеуімен ерекшеленеді.

Сонымен қатар бұл құбылыстардың негізгі айырмашылықтары да бар: мифте шынайы өмір мен қиял бір-бірімен араласып жатса, дінде "бұл дүние" мен "о дүние" бір-бірінен анағүрлым алшақ жатыр. Өйткені, егер бұл дүниедегінің бәрі де өтпелі, кемшілікті, өз-өзіне жеткіліксіз болатын болса, о дүние - мәңгі, әсем, бақытты, жетілген т.с.с.

Дінде ең құдіретті жасампаз - Құдай - табиғаттан жоғары және бөлек тұр. Оны ғылыми жолмен танып-білу мүмкін емес, ол адамға аян арқылы беріледі де адамның жан-дүниесінде терең сенім сезімін туғызады.



Сенім дегеніміз - белгілі бір қоғамдағы уағыздалатын пікірлерге, нәрселерге берілу, олардың шындығын тексеру, не болмаса дәлелдеуді қажет етпеу. Осы тұрғыдан алғанда сенімді екіге белуге болады. Олардың бірі - ғылыми сенімдік. Оған қазіргі адамдардың ғылым мен техниканың жетістіктеріне, олардың болашақта адамзат өмірін түбегейлі өзгертетіне сену. Оны философияда сциентизм не болмаса технократизм дейді. (scientia-латын сөзі, -білім, ғылым, techne- грек сөзі, -өнер, жасай білу, шеберлік, cratos- грек сөзі, -билік).

Сенімнің екінші түріне адамзаттың күнделікті тәжірибесінен, не болмаса ғылыми деректерден шықпайтын, тіпті оған қайшы келетін қиялдарға нандыру және соларды адамның өз - өзіне нандыруы жатады. Міне, сенімнің осы соңғы түрі діннін негізін құрайды. Діни сенімнің қайнар көзі - адамның дүниені сезімдік-құндылық тұрғыдан игеруінде, ал дүниеге деген ақыл-ой, парасат арқылы келген көзқарастарға дін қарсы келеді. Ғасырлар бойы жиналып келе жатқан ғылыми деректер, қоршаған ортадағы білім мен ақыл-ойдың арқасында жасалған күрделі өзгерістер діннің өрісін тарылтып, онын ғылымға жақын түрлерін тудырады. Негізінен біз оларды пантеизм және деизм дейміз (раn- грек сөзі, -бәрі, theos- құдай, deus- латын сөзі, -құдай).



Пантеизм дегеніміз Құдайды табиғаттың ішінде еріту, табиғаттың өзін Құдай ретінде түсіну. Мұндай .Құдайға деген көзқарастың шеңберінде "табиғатты жарату" мәселесі босқа жай қалып қояды.

Деизмді алатын болсақ, онда кұдай мойындалғанмен, оның ролі тек дүниені өзінің құдіретті күші арқылы жаратумен танылады. Жаратылған дүние әрі-қарай өзіне тән ішкі заңдылықтары арқылы өмір сүре береді, оның болашақ дамуына Құдай кіріспейді.

Діннің дүниеге келуінен бастап оның негізгі қағидаларына күмәнданған атеистік көзқарастар да болды. (аtheos - грек сөзі - құдайсыз, құдайға қарсы). Бүгінгі заманда дүниеге атеистік көзқараста болған адамдардың саны да аз емес.

Құдайдың құдіретті күшіне сенушілік ертелі-кеш соған табынуға әкеліп соғады. Дінге табынушылықтың негізінде әр-түрлі діни мекемелер мен үйымдар пайда болады (шіркеу. мешіт, синагога т.б.).

Діннің пайда болып дамуының бірнеше себептері бар.

Біріншіден, дін мифологиялық санаға қарағанда адамның абстрактылық ойлау қабілетінің анағүрлым биік дәрежеде дамуын талап етеді (о дүние, мәңгілік, шексіздік, әсемдік, ізгілік т.б. үғымдардың пайда болуы).

Екіншіден, адамның реалдық дүниедегі, әсіресе, қоғам өміріндегі себептік-салдарлық, қажеттік және кездейсоқтық т.с.с, байланыстар мен қатынастарды сезініп, соларды түсінуге деген өшпес іңкәрі. Бірақ, олардың мәнін дұрыс түсіне алмағаннан кейін, адамдар табиғаттағы заңдылықтарды неше-түрлі құдіретті күштерге теңеп, соларға табыну арқылы оларды адамға керек бағытта өзгертуге ықпал жасауға болатынына сенді.

Үшіншіден, адамның әлеуметтік өмірдегі зардап шегуі, езілуі, зорлық-зомбылықтың, жақсылық пен ізгілікке қарағанда басымдылығы оның көкейінде бұл дүниедегі өзінің өміріне қанағаттанбай, әрдайым шынайы құндылықтарды армандап, оның әлемін о дүниемен теңеуге әкеліп соқты.

Төртіншіден, адамның өз өмірінің уақытшалығы, әрдайым оның өлместікке деген қиялын оятып, оның мәңгілік. кемеліне келген бақытты дүние болуы керек,- деген ойын туғызды.

Басқа коғамдағы сан-алуан құбылыстар сияқты дін де тарихи өзгерістерге түсіп өзінің әртүрлі бағыттарын тудырды. Бүгінгі таңда жер бетінде үш негізгі дүниежүзілік діндер бар. Христиан дініндегі негізгі идея - эсхатология (eschatos- соңғы. -грек сөзі. logos- ілім) тарихтың, дүниенін соңында Мессияның (құтқарушы) екінші келуі, тірі және өлген адамдарды таразыға салып, біреулерін тозаққа, екіншілерін мәңгі жүмаққа тартуы. Христиан дінінің негізгі қағидасы - сүйіспеншілік және оны уағыздауда осы дін өте биік жай адамның мүмкіншілігінің шеңберінен шығып кететін дәрежеге дейін көтеріледі (өздеріңнің жауларыңды да сүйіңдер!).

Ислам діні де осы дүниені жаратқан бір Құдайды - Алланы, оның құдіретті күшін мойындайды. Бұл діннің негізгі ерекшелігі - Құрандағы жазылған қағидалар адам өмірінің барлық жағын үйлесімді түрде ретке келтіріп отыруға тиіс.

Ислам дінінің негізгі қағидасы - мейірімділік, қайыршыға, кем-тар адамдарға қол ұшын беру (садақа), зәкет төлеу (адамның өз еркімен әлеуметтік салаға кемінде жылдық табысының 2 пайызын беріп отыруы), т.сс. міндеттері бар. Бұлардың бәрі де ислам дінінің әлеуметтік-демократиялық жақтарының үлкен ықпалын көрсетеді.

Үшінші дүниежүзілік дін - Буддизм. Бұл діннің негізгі ерекшелігі - оның этикалық-практикалық бағытталуы (ethos- грек сөзі, -әдет-ғұрып, ргаktісоs - грек сөзі, - белсенділік, іскерлік). Бұл өмірде (бейнеленген болмыс) адам зардап шегеді. Оның себебі - адамнын өмірге деген құштарлығында, оның қызығына тоймауында. Ал зардаптан құтылу үшін адам бұл бейнеленген болмыстан бас тарту керек. Ол үшін адам нирвана (сөну, өшу) дәрежесіне көтеріліп, бейнесіз болмысқа өту керек. Сонда ғана адам өмірдегі зардаптан құтыла алады. Дүниежүзілік мәдениетте бұдан басқа өмірден бас тартуға шақыратын бірде-бір философия жоқ сияқты.

Алайда қазіргі адамзатты бірде-бір дүниежүзілік дін толығынан қанағаттандырмайды. Сондықтан, бір жағынан алғанда, қайшылықтарға толы цивилизацияға бүкіл адамзаттың басын біріктіретін бір ғана дін болуы қажет сияқты.

Екінші жағынан, XX ғасырда болған екі дүниежүзілік соғыс, миллиондаған адамдардың қырылуы, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану жолындағы теріс салдарлар, тірі табиғаттың әлсіреуі, көп адамдардың қайтадан көне табиғатқа табынатын діндерге жаңа дәрежеде қайтып оралғысы келетінін сездіртеді.



Философия - ғылым әлде өнер ме ?

Жоғарыда атап өткеніміздей, дүниеге деген діни. көзқарасқа қанағаттанбаушылық сонау көне заманның өзінде-ақ пайда болып, аса ұлы тұлғалардың дүние мен адам қарым-қатынасы жөніндегі ақыл-ойға негізделген сұрақтар мен жауаптарының дүниеге келуіне себеп болды.

Осы тұрғыдан алғанда "Философия - ақыл-оймен ұстап қалынған дәуір" деген Гегельдің берген анықтамасында терең сыр жатса керек.

Әрине, дін де философия сияқты шынайы ең биік рухани құндылықтарды, адамның өмір жолының адалдығын уағыздайды, бірақ олардың қайнар көзін "о дүниеден" табады. Философияны алсақ, сонау Көне Грециядағы алғашқы пайда болған "Милет - мектебі" өкілдерінің қойған "Дүниенің негізінде не жатыр? " деген сұрағынан бастап, осы күнгі ойшылдардың "Адамзаттың болашағы бар ма, не болмаса ол өзін-өзі экологиялық апатқа, дүниежүзілік ядролық соғысқа әкеліп өлтіре ме? ",- деген сұраққа дейін, бұлардың бәрі де ақыл-ой таразысына салынып, парасат шеңберінде талданады.

Философияның басқа өмірге деген көзқарастардан айырмашылығы - оның рационалдығында (гаtіо - латын сөзі, -ақыл-ой). Жалпы алғанда, философия қоғамдық сананың ғылыми саласының шеңберінен шығып кетпеуге тырысады, осы мақсатқа жету үшін өзінін категориалық (саtеgогіа - грек сөзі, белгі, пікір айту,) бүкіл ғылымның жетістіктеріне, адамзаттың мыңдаған жылдық өмірден алған тәлім-тәжірибесіне негізделген жүйесін қапыптастырады.

Сонымен қатар, философияны басқа жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдармен салыстырсақ, оның ерекшеліктерін де байқауға болады (humanus- латын созі, -адамдық, адамгершілік).

Біріншіден, философиялық категориялардың (ұғымдардың) шегіне жеткенше жалпылығын атап өтуге болар еді. Олар болмыс пен ойлаудың ең маңызды және мәнді терең байланыстары мен қатынастарын көрсетеді. Жеке ғылымдар тек қана дүниенің белгілі бір бөлігін ерекше объект ретінде қарап, соның мәнді байланыстары мен қатынастарын зерттейді (objectum- латын сөзі. -зат).

Екіншіден, философия басқа ғылымдар сияқты ғылыми деректерді пайдаланады. Бірақ, философиялык деректердің айырмашылығы - ол жеке ғылымдарда сарапталған, белгілі бір теоретикалық орта деңгейге көтерілген білімді дерек ретінде қорытады., әсіресе, бұл философи-яның онтология және гносеология салаларына тән нәрсе (ontos-грек сөзі, -болу, өмір сүру), (gnosis- грек сөзі, -білім, таным).

Үшіншіден, философияда ғасырлар бойы жиналған сан-алуан теоретикалык жүйеге келтірілген көзқарастарды кездестіруге болады. Бірақ, соған қарамастан, бұл ғылымның саласында үзілді-кесілді шешілген барлық философиялық қауымның ойынан бірдей шығатын бірде-бір тұжырымдамасы жоқ сыңайлы. Философия саласында қызмет еткен ірі тұлғаның өзіндік дүние сезімі, түсінігі, көзқарасы қалыптасады. Сондықтан біз Платон, Спиноза т.с.с. ірі түлғалардың философиясын ерекше түрде басқалардан бөліп алып зерттейміз.

Ал жеке ғылымдарды алатын болсақ, ондағы ашылған табиғат сырларын, жасалған теориялар мен тұжырымдамаларды сол саладағы ғалымдар мойындайды. Мысалы, физика саласында қазақ, американ ия болмаса араб физикасы жоқ. бұл ғылымның жетістіктері бүкіл адамзатқа ортақ, және өткеп ғасырларда ашылған жаңалықтар мен жасалган теориялар үйлесімді түрде жаңа жасалған тұжырымдамалардың ажырамас бағынышты бөлігіне айналады, олар бір-біріне қарама-қайшы келмейді.

Философияға келер болсақ, ондагы сонау көне заманда қойылған метафизикалық сұрақтар осы күнгі ұрпақтарды да тебірентеді, оларға әр дәуір өзіндік жауабын ұсынады (metaphysica- грек сөзі, -физикадан кейін, яғни болмыс жөніндегі тәжрибенің шеңберінен шығып кететін мәселелер)

Байқағаныңыздай, философия статусы (status- латын сөзі, -орын) жеке ғылымдарға қарағанда анағұрлым кеңірек, сондықтан Батыс елдерінде философияны тіпті өнер саласына жатқызатыны мәлім (the Art- ағылшын сөзі, - өнер).

Мысалы, А.Шопенгауер философияның кемшілігі - оның ғылым жолымен дамуында, ал шынында философия көркемөнердің бір түрі ғана,- деген пікір айтқан болатын.

Егер біз философияны көркемөнер саласымен салыстырсақ, онда біз олардың бір-бірімен біршама ұқсас жақтарын ашуымызға болады.

Жоғарыда көрсеткендей, философия саласында қызмет еткен әр ірі тұлга осы ғылымнын тарихында өзінің ерекше дүниесезімі, дүниетүсінігі, көзқарасымен ерекшеленіп, қайталанбас орын алады. Сондықтан, қанша ірі тұлға философияға ат салысса, соншалықты Философияның түрлері бар деп айтсақ артық болмайды.

Өнер саласындағы туындылар да бір-бірін қайталамайды, онда өнерпаздың дүниеге деген сезімдік қарым-қатынасы өзгеше болып көрініп тұрады.

Философиядағы әрбір тұлга өзгеше орын алғаннан кейін, біздің алдымыздағы таңдау мәселесі пайда болады. Философияда талғамдық бар. Біреуге Гегельдің философиясы ұнаса, екіншіге Фейербахтан асқан ойшы жоқ сияқгы. Осы себептен кейбір уақытта философияның белгілі бір ағымы басқалардан гөрі басымырақ әсерін тигізіп, сол дәуірдің рухани өмірінің өзегіне айналуы мұмкін. Мысалы, діни философия - орта ғасырларды, маркстік философия - ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бірінші жартысында, экзистенциализм - XX ғасырдың 60-70 жылдарында т.с.с. И.Фихтенің айтқанындай, философиялық жүйені таңдау - адамның өзінің кім екеніне байланысты, өйткені, философиялық жүйе соны жасаган адамның жан-дүниесі арқылы жанданған. Бұл жағынан алып қарағанда, - философия көркемөнерге ұқсас.

Жеке ғылым салаларына көз жіберсек, онда талғам мәселесі толығынан жок сияқты. Физика не болмаса биологиядағы теорияларды жасағаң авторларды көбінесе көзі тірі кезінде айтамыз, соңынан олардың ашқан жаңалықтары сол ғылымның бір тарауын құрап, бейтұлғалық обьективтік заңға айналып бара береді (objectum - латын сөзі, -зат, қарсы қоямын).

Шынайы философиялық шығармалар көркемөнердегі ұлы туындылар сияқты адамның жұрегінде, ой-өрісінде өшпес із қалдырады, оның жан-дүниесін ұлылық, құлаштап жетпес биіктік, әсемдік, гармониялық сезім: билейді. (harmonіа - грек сөзі, -үйлесімді, қарама-қарсылықтың бірлігі).

Философияны өнерге жақындататын келесі мәселе - дүниенің біртүтастығын көрсету, ішке және сыртқа қарай шексіз дүниенің суретін жасау - философия саласындағы ең қиын істің бірі. Өйткені, дүние жөніндегі ғылыми деректер әр уақытта өзінше шектелген. Олай болса, тек қана ғылыми жолмен шексіз дүниені шектелген білім арқылы біртүтас ретінде суреттеу мүмкін емес. Ал, бірақ, адамнын жүрегінде дүниені толығынан түсіну ұмтылысы ешқашанда бітпес іңкәр болып қала береді де, дүниенің әртүрлі суретін тудырады. Ол үшін философ өзінің дүниесуретін ғылыми деректер жетіспеген жағдайда қиял арқылы толықтырады, сезім толқындарымен бояйды. Олай болса, философия өзін тудырған мифологиядан толығынан бөліне алмайды. Философия мен көркемөнердін бір-біріне жақындығын, бір-біріне өтіп жатқанын айқын көрсететін нәрсе -тарихтағы ұлы тұлғалардың шығармалары. Оған Платонның "Диалогтарын", накыл сөздерін, Ницшенің афоризмдерін, Камюдің эсселерін жатқызуға болады, өйткені, олардың философиялық мазмұны көркем сөзбен берілген. Ал Абайдың өлеңдері мен Әуезовтың романдарында, Достоевский, Толстой сияқты орыстың ғұлама жазушыларының шығармаларында терең философиялық сыр жатыр, (dialogos- грек сөзі. екі адамның айтысы, Essentia- мән, латын сөзі, -қысқаша жазылған көркем терең мазмұнды шығарма).

Философиялық білімді тек қана дүние мен танымның ең жалпы заңдылықтарына, универсалияларына теңеуте болмайды (universalis- латын сөзі, -жалпы үғым).

Өйткені, көне заманда бұл пәнге берілген аттың өзі - философия (phileo- грек сөзі, -

сүю, sophia - даналық) оның практикалық, өмірге лайықтылық жағын көрсетеді. Шығыс

пен Батыстағы философия бастауындағы тұлғаларды (кьггайдағы Кун-Фу-Цзы, Лао-Цзы, гректердің "Жеті данасы", парсы елінің Заратустрасын) алсақ , олар, негізінен алғанда,

адам бұл тіршілікте қалай өмір сүруі керек , қандай құндылықтарды сыйлауы керек, жақсылық пен зұлымдық, сұлулық пен түрсіздік дегеніміз не? адам өмірінің мән-мағнасы неде?,- деген сұрақтарды қойып, соларға жауап беруге тырысқан.

Шынында да, даналық дегеніміздің өзі білімділік пен тепе-тең емес. Оның өзегі -адам өмірінің мән-мағңасын анықтайтын мыңдаған жылдар бойы жиналған өмір тәжірибесі мен моральдық құндылықтар мен ережелерінің біртұтастығында.

Философиядағы құндылықтар адамды жағалай қоршап шектелген, толымсыз болмыстан тиістілік әлеміне ұмтылдырады. Адамның рухани өмірі сан-алуан ойлар мен болжамдарға, күнгірт және әсем сезімдерге, жоспарлар мен үміттерге т.с.с. толы. Адам өзін қоршаған нақтылы болмыстың шеңберінен әрқашанда шығып кетіп, әлі өмірде жоқ, бірақ тиісті,болуы керек дүниеге жетуте тырысады. Сонымен құндылық әлемі оның өмірінің максат-мұраты мен мән-мазмұнына айналады. Бұл күрделі мәселелерді философияның аксиологиялық жағы деуге болар еді (aksios- құндылық, кұндылықтар ілімі).

Адам өмірінің құндылықтары сан-алуан. Оларды негізінен алғанда екі үлкен топқа -материалдық және рухани құндылықтарға бөлуге болады. Қарапайым адамдардың көпшілігі өмірдің мән-мағнасын материалдық кұндылықтарды жинаудан, байлыққа ұмтылудан көреді. Американ философы Э.Фромм бұл құндылық бағытын "алу" категориясымен көрсетеді. Ал, екінші бағытты- адамның рухани ізденісін, оның шындық. әсемдік, жақсылыққа, шығармашылық деңгейіне ұмтылысын өмірде "болу" категориясымен ұштастырады.

Бұл тұрғыдан алғандағы философияның негізгі қызметі - құндылықтар әлемін сараптау, әлеуметтік өмірде қандай құндылықтар болуы керек, болуы тиіс, - соларды негіздеу болып табылады.

Қорытындылай келе, дүниеге философиялық көзқарастың мәнін ашу жолында біз оның көпқырлы, көпсырлылығын байқадық. бір жағынан алып қарағанда, философия ғылыммен ұштасып жатса, екінші жағынан оның көркем өнермен, идеологиямен, гуманитарлық біліммен, күнбе-күнгі сана мен моральдык рухани құндылықтармен, тіпті мистикалық діни сезімдермен байланысты екенін байқадық.

Әрине, ірі философиялық тұлғалардың шығармашылығында олардың алатын үлестері әр-түрлі: біреулерінде ғылыми жағы басым болса, екіншілерде көркемөнерлік жағы, үшіншілерде - нақылдық-моральдық, төртіншілерде діндік-мистикалык жақтары басым болуы мүмкін.

Онын өзі көп жағдайлармен, әсіресе белгілі тұлғаның өмір сүрген дәуірімен, сол

тұлғаны тұдырған халықтын тілімен, ділімен (менталитет) онын тәрбие, білім алған

ортасымен, тіпті, жеке мінез-құлқы, темнпераментімен байланысты болса керек.

Бірақ, қалай дегенде де, философияның әр-түрлі жақтарын бір-бірінен ажыратып бөлек алуға болмайды. Философия - адамзат мәдениетінің өзегі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет