«Ғылыми зерттеу әдістері» пәнінің лекциялары
№1. Лекция.Ғылыми зерттеу әдістері пәні..
Жоспары:
1. Ғылыми зерттеу әдістері пәнін оқытудың мақсат міндеттері
2. Ғылыми зерттеудің әдіснамалық негіздері.
3. Таным теориясы.
Лекцияның мақсаты:Ғылыми таным мен шығармашылықтың әдіснамалық негіздерін оқып-үйренуді; студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары жүйесін зерлелеуді; педагогикалық зерттеулердің бағытын таңдауды; ғылыми ақпараттарды іздестіруді, жинақтауды және өңдеуді; педагогикалық эксперимент мазмұнын, логикасын түзуді; зерттеу жұмыстарының нәтижелерін шығаруды үйрену.
Ғылыми таным мен шығармашылықтың әдіснамалық негіздерін оқып-үйренуді; студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары жүйесін зерлелеуді; педагогикалық зерттеулердің бағытын таңдауды; ғылыми ақпараттарды іздестіруді, жинақтауды және өңдеуді; педагогикалық эксперимент мазмұнын, логикасын түзуді; зерттеу жұмыстарының нәтижелерін шығаруды үйретеді. Педагогиканың негізгі ұғымдарының қатарына дамыту, білім беру, оқыту, тәрбиелеу жатады. Адамды дамыту деп – ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, әлеуметтік және табиғи факторлар ықпалымен оның тұлғасының бірте-бірте қалыптасуының барысын айтамыз. Педагогика салаларының жиынтығы педагогикалық ғылымның біртұтас жүйесін құрайды. Педагогика өзінің дамуында философия, этика, социология, психология, мектеп гигиенасымен тығыз байланыста болады және олардың заңдылықтары мен нұсқауларына сүйенеді.2. Ғылым эволюциясы. Ғылым адамға өз өмірін сақтап қалуы үшін қажетті білім негізінде пайда болды. Қазіргі заманғы заттармен құралдардың, техникалардың барлығы ғылымның арқасында пайда болған. Ғылыми эволюцияның білімді жинауға, сақтауға, және ұрпақан ұрпаққа беруге себеп болған басты факторлардың бірі болып жазбаның ойлап табылуы болды. Әрбір ғылымның тек өзіне ғана тән түсініктері мен терминдерден құралған тілі болатындығы белгілі.
№2. Лекция. Ғылыми таным теориясы
Достарыңызбен бөлісу: |