Онтология және метафизика



Дата09.03.2023
өлшемі376.5 Kb.
#470553
Адам МӘСЕЛЕСІ

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ
  • Философия және мәдениет теориясы кафедрасы
  • «АДАМ МӘСЕЛЕСІ, ҚЫЗМЕТ, ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ»
  • ЖОСПАР:
  • 1. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі.
  • 2. Ежелгі шығыс философиясындағы адам мәселесі.
  • 3. Антикалық философия тарихындағы адам бейнелері (Пифагор, Платон, Эмпедокл, Протагор, Сократ, Аристотель).
  • 4. Христиандық антропология: адам Құдайдың бейнесі ретінде (Әулие Аугустин, Акуинолық Томас).
  • 5. Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі (Пико делла Мирандола).
  • 6. Ф.Ницше философиясындағы (Сверхчеловек) «Асқан адам».
  • 7. Адам және оның әлемдегі-болмысы: экзистенциализм.
  • 8. Қазақ философиясындағы адам мәселесі.
  • Адам және оның өмірінің мәні философияның пәні мен объектісі болып табылады. Демек, адам мәселесі - философия ғылымының темірқазығы.
  • Адам мәселесі дәстүрлі түрде философиядағы басты мәселелердің бірі болып табылады. Адам туралы ілім антропология деп аталады әрі ол адам мәселесін сонау ерте заманнан бастап зерттейтін философияның негізгі бөлімдерінің бірі.
  • Адам туралы алғашқы идеялар дүниеге көзқарастың философиялық формасы қалыптасқанға дейін, яғни мифологиялық және діни дүниетанымдарда көрініс тапқан болатын.
  • Адам мәселесін зерттеу тәсілі ерте Шығыс пен Антикалық филосфияда айтарлықтай айырмашылықта болды. Ортағасырлық философияда теоцентрлік көзқарас басым болды: адамның шығу тегі, мәні, оның тағдыры Құдайға деген қатынасы арқылы анықталады. Қайта өрлеу дәуірінде ежелгі дәстүрлер одан әрі дами түсті. Адам Ғаламмен тығыз байланысты ғана емес, біртіндеп оның орталығы, Құдайға ұқсас, шығармашылық жасаушы қағида деп жарияланды. Ал жаңа дәуірдің мәдениеті мен философиясында адам өзі туралы ойлауға қабілетті, дербес, танып-біле алатын және шығармашылық тіршілік иесі ретінде түсіндірілді.
  • ХХ ғасырдағы постклассикалық ағымдар философиядағы «антропологиялық бетбұрыспен» сипатталады. Әлеуметтік және экзистенциалды қайшылықтар адам өмірінің біртектілігі, нәзіктігі, дағдарысы туралы идеяларды терең зерттей отырып, ХХІ ғасыр философиясын ерекшелей айнала білді. Адам болмысының өзгерістері туралы ойлау негізінен үш негізгі бағытта өрбіді:
  • Адамды натуралистік тұрғыда түсіндіру оның табиғатпен тығыз байланыстылығын аңғартады;
  • Экзистенциалды - феноменологиялық тәсіл адам болмысының ешнәрсеге ұқсамайтын ерекшелігіне баса назар аударады. Адам болмысы экзистенциалды еркіндік жағдайында тұлғалық мағынаға ие болады;
  • Антропологиялық философиядағы әлеуметтік-сыни бағыт (неомаркстік, структуралистік), маркстік дәстүрлерді жалғастыра отырып, адамды анықтауда әртүрлі тәсілдерді (саяси, идеологиялық, коммуникациялық, әлеуметтік) қолданып, оның мінез-құлқы, қарым-қатынасы, ой-зердесі, шығармашылығы жайында қарастырады.
  • Ерте Шығыс философиясы - Будда мен Конфуцийдің еңбектерінде, Ведалардың бөлімдерінде қарастырылатын адам туралы дүниегекөзқарастың мифологиялық, діни-символикалық синтездерімен ерекшеленеді. Ежелгі Шығыс философиясындағы адамның шығу тегі мен мәні туралы идеялар көбіне мифологиялық тұрғысынан зерттеледі. Бұл әлем және адам арақатынасы жөніндегі ойдың тұжырымы. Сондықтан, бұл дәуірге адамның шығу тегін табиғи құбылыстардың жандануымен, рухтануымен байланыстыратын анимизм, антропоморфизм тұрғысында зерттеу тән. Адам және әлем Құдайлардың туындысы деп есептеді.
  • Будда ілімінде адам өз тағдырын өзі жасап, өз формасын өзі таңдайды, себебі оған таңдау берілген. Будда ілімінде адамның қайғы - қасіреттерден құтылу үшін адамгершілік тұрғысындағы имани әрекеттердің әдістерін жетілдіруді көздейді. Тек сонда ғана азаптан арылып, мәңгілік тыныштық күй, будда ілімінің негізгі мақсаты-нирванаға қол жеткізбек. Бұл жолда адамның «кармасы», яғни адамның іс-әрекеттері оңдалуы қажет. Тек сонда ғана адам жаны үшін дүниеге қайта келу үрдісі («сансара») тоқтайды. Адам өмірден озғаннан кейін қайта туу процесіне тап болады. Буддистердің дүниетанымында адам жаны қайта тууға қабілетті.
  • Бірақ бұл өмір азапқа толы. Сондықтан, Буддизмнің негізгі мақсаты өмір-азаптан біржола құтылу. Қайта туу процесін сансара деп атайды. Сансара шеңберінде қалып, адам жанының қайта дүниеге келуі карма деп аталатын заңға байланысты. Карма тіпті адамның қандай кейіпте келуін де анықтай алатын күш. Буддизмдегі карма дегеніміз адамның осы өмірдегі барлық жүріп өту жолы, іс-әрекеттерінің жиынтығы. Буддизмдегі діни нанымнан келіп адамның қоғамдағы немесе осы өмірдегі орны мен мақсаты туралы көзқарастар туындайды.
  • Конфуцийдің ілімі мемлекеттік идеологияны қалыптастыру мақсатында қалыптасқан еді. Оның ілімі Шығыс Азия елдері өміріне айтарлықтай септігін тигізді. Конфуций философиясының негізі - үйлесімділікке негізделген қоғам құру. Қоғамның әр мүшесінің өз орны болуы керек және олар өздеріне тиесілі қызметпен ғана шұғылдануы қажет деп түйіндеді. Қоғамдағы қай әлеуметтік тапты алып қарасақта оларды байланыстыратын негізгі күш ол адалдық деді.
  • Конфуцийдің философиялық ұстанымы этикалық дүниелерді насихаттауға бағытталған. Конфуций тұжырымдарының темірқазығына айналған мәселе - «Мәрт ер». «Мәрт ер» болу үшін адамға дәулетті болу міндет емес, тек тәрбие мен мәдениет, жоғары дәрежелі мінез - құлық болуы шарт.
  • Конфуцийдің философиясы әділ адамға тән бес негізгі қасиеттерден бастау алады, бұлар: құрмет (Жэнь), әділеттілік (И), рәсім (Ли), даналық (Чжи), әдептілік (Синь).
  • «Жэнь» - «құрмет», «жомарттық», «мейірімділік» секілді асыл қасиеттерді топтастыратын қытай философиясындағы іргелі категория. Бұлар адам иеленуі керек бес қайырымдылықтың ең бастысы. «Жэнь» үш негізгі құрамдас бөліктен тұрады: адамдарға деген сүйіспеншілік пен жанашырлық, екі адамның бір-біріне деген дұрыс қарым-қатынасы, адамның айналасындағы әлемге, оның ішінде жансыз заттарға деген қатынасы.
  • «И» - «әділеттілік» мағынасын білдіреді. «И» қағидасын адам мұны өзімшілдігінен емес, «И» жолының жалғыз шынайы жол болғандығынан ұстанады.
  • «Ли» - «салт-дәстүр», «әдептілік», «рәсімдер» деген мағынаны білдіреді. Қытай философы әлемдік үйлесімділікке кедергі келтіретін қақтығыстарды жуып-шаю үшін әдептіліктің негізі болатын салт-дәстүр, рәсімдерді игеру арқылы шешу жолын ұсынады.
  • «Чжи» - бұл «даналық». «Чжи» - мәрт, асыл адамның бір қыры. «Чжи» қыңырлыққа жол бергізбей, күмәннан арылтады, әрі ақымақтықпен күреседі.
  • «Синь» - бұл «сенімділік» (Благонадежный). Сенімді адам деп қайырымдылықты сезінетін адамды айтамыз. «Синь» рәсім, әдептілікті теңестіре отырып, екіжүзділіктің алдын алады.
  • Адам мәселесі ерте Грек дүниетанымында да философияның темірқазығына айнала білді. Тіпті адам әлемдегі, дүниедегі барлық заттардың өлшеміне айнала білді. Адам туралы пікір әсіресе, Сократ пен Платон ілімдерінде кең бағытта зерттелді. Сократ (шамамен б.з.д. 469 - 339 жж.) – антикалық философ, оның ілімі сол кездегі натуралистік қағидалардан идеализмге өту кезеңімен тұспа-тұс. Сократты философия тарихындағы рухани революционер деп атаса да болады.
  • Сократтың ұстанымына сүйенсек, дүниенің құрылымдары мен оның физикалық сырын танып білуді жоққа шығара отырып, өзімізді ғана танып-білуіміз қажет деп жариялады. Танымдағы бұл құбылысты Сократ «Өзіңді өзің танып - біл» қағидасы арқылы сипаттады. Адам өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, тануға талпынып, нәтижесінде білімсіздігін аңғарады. Әрине аталған жағдай Сократ қалыптастырған «Менің білетінім – менің ештеңе білмейтіндігімде» қағидасын меңзейді.
  • Платон - ақиқат мәселесін аса қажетті және жалпыға бірдей ең жоғарғы игілік деп қабылдаған Сократтың шәкірті. Платонның пайымдауынша, философия - таза ізденістер арқылы ақиқатты тануға ұмтылуды қамтитын ең жоғарғы мәнге ие ғылым саласы. Ол өзін, Құдайды және шынайы бақытты танудың жалғыз жолы. Платон, өзінің ұстазы Сократ секілді, моральдық-этикалық мәселелерді бірінші қатарға қоя отырып, адам, қоғам және мемлекет мәселесін зерттеудің аса маңыздылығына баса назар аударды. Платонның этикалық ілімі адамның болмысы туралы түсінікті анықтаумен ерекшеленеді.
  • Платон мен Аристотельдің философиялық мұраларында адам өзін ғарыштың бөлігі ретінде танып, ғарыштық бастамаға ұмтылу жолдары сезіледі. Осылайша адам, өмірдің мәні өлім мен мәңгілік бастаманың қосылуын жүзеге асыруда деп түсінеді. Нәтижесінде неоплатоншылдар жасаған Құдайдың бастамасы ашылды - адам Құдайды өз бойынан таба білді әрі бұл адамның бостандығы мен тұлғалық сипатының қалыптасуын білдірді.
  • «Никомах этикасында» Аристотель «адам табиғатынан қоғамдық тіршілік иесі», ал «Полития» еңбегінде «адам саяси тіршілік иесі» деп атап көрсеткен болатын.
  • Адам тумысынан саяси тіршілік иесі ретінде қалыптаса отырып, инстинкті түрде бірігіп өмір сүруге бейімделеді. Адамдардың топқа бөліну, олардың қоғамдағы атқаратын қызметтеріне қарай жіктелу себебі – адамдардың туа біткен қабілеттеріне байланысты. Адамда биологиялық және қоғамдық екі бастама бар. Адам өмірге келген сәттен бастап жалғыздыққа тап болмайды, ол өткені мен қазіргісін саралай отырып, адам баласына тән сезімдерді бойына сіңіріп, тәжірибе жинақтайды. Сондықтан, адам өмірін қоғамсыз елестету мүмкін емес.
  • Орта ғасырлық философияда адам Құдай орнатқан әлемдік тәртіптің бөлігі ретінде зерттелді. Ал христиан дінінде айтылатын адам туралы тұжырым «Құдай бейнесінде екенін және оған ұқсастығы» екендігін нақтылайды. Ортағасырлық христиан философиясының көрнекті өкілдерінің бірі әулие Аугустин болды. Оның онтологиясы мен абсолютті тіршілік ретіндегі Құдай туралы ілімі ғана емес, сонымен бірге адам туралы ілім де Платоннан бастау алды. Ол адам тұлғасының дамуын өзінің «Тәубеге келу» еңбегінде жан-жақты талқылауға тырысты.
  • Адам бір-бірінен тәуелсіз, қарама-қайшы жан мен тәннен тұратын Құдай жаратқан тіршілік иесі деді Аугустин. Аугустинге қарағанда, Акуиналық Томас адам туралы христиандық ілімін негіздеу үшін Аристотель философиясына жүгінді. Адам - періштелер мен мақұлықтар арасындағы тіршілік иесі. Бұл жан мен тәннің бірлігін білдіреді, айырмашылығы тек жан ғана тәнді «қозғалысқа» түсіреді әрі адамның мәнін анықтайды. Жан - материалды субстанция емес, бірақ, өзінің түбегейлі өміршеңдігін тән арқылы жүзеге асыра алады.
  • Қайта өрлеуде адам философияның орталық мәселесіне айналды. «Aдaм әсeмдiк пeн шeбeрлiккe, мaхaббaт пeн сүйiспeншiлiккe тoлы жaн иeсi» дeгeн түсiнiк қaлыптaсты. Aдaмғa бeйнeлeу өнері, архитектура, музыка, театр, әдебиет салаларымен шұғылдануға толық мүмкіндік берілді. Ренессанстық кезеңде кең тараған ағымдардың бірі гумaнизм (лaт. Humаnus - имaнды) - aдaмның қaдір қaсиетi мeн құқын құpмeттeдi, oның жeкe тұлғa peтiндегі бaғaсын, aдaмның иeлігiне, oның жaн-жaқты дaмуынa, aдаa үшiн қoлaйлы қoғaмдық өмiр жaғдaйын жaсaғaн қaмқoрлықты бiлдіретiн көзқaрaстaрдың бiрлiгі.
  • Қaйтa өрлeу дәуiріндe гумaнизм тиянaқты идeялық көзқapас peтінде қaлыптaсты. Гумaнизм феодaлизмгe жәнe oртaғасырлық тeолoгиялық көзқaрастaрынa қaрсы бaғытта дaмыды. Гумaнистер aдaм бостaндығын жaриялай oтырып, дiни aскетизмге қaрсы, адaм ләззaты мeн мұқтaждықтaрын қaнағaттандыру құқын пaш етті. Қaйта өрлeу дәуiрінiң aсa көрнeктi гумaнистeрi - Пeтрaркa, Дaнте, Боккaччo, Леoнардo дa Винчи, Эрaзм Рoттeрдaмский, Ф.Рaблe, Мoнтeнь, Джованни Пико делла Мирандола және т.б. зиялы қауым өкілдері адам туралы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды әрекеттер атқара білді».
  • Философия тарихында адам мәселесіне баса назар аударған ойшылдардың бірі Людвиг Фейербах болды. Фейербахтың пікірінде, дін - адам қиялының жемісі. Діни жаңсақ пікірлерден арылу үшін, адам Құдай жаратқан тіршілік иесі емес, мәңгі табиғаттың ажырамас бөлшегі екенін түсіну қажет деп тұжырымдады. Бұл тұжырым Фейербах антропологизмінің мәні еді. Фейербах адамды ең алдымен рухани тіршілік иесі ретінде қарастырған Гегельдің идеалистік көзқарасын терістеп, адамға материалистік тұрғыда анықтама беруге ұмтылды. Тек тән ғана адамды толыққанды дамыта отырып, адамның «Менін» қалыптастыра алады.
  • Рухани бастама тәннен бөлек дами алмайды, жан мен тән организм деп аталатын нақты ақиқаттың екі қыры. Осылайша, адам табиғаты Фейербах дүниетанымында биологиялық тұрғыда түсіндіріліп, адамзат дамуының негізіне айналды.
  • Қай кезеңде болмасын, философтар адам ұғымын түсінуге тырысып, оның бейнесін жасауға тырысты. Солардың бірі неміс ойшылы Фридрих Ницше болды. Ол философияда өмір философиясы бағыты арқылы адамға терең философиялық анықтама беруге тырысты. Өзінің дүниетанымында негізгі мәселе етіп «жоғары адам» концепциясын алға қояды.
  • Фридрих Ницше философиясы адам бейнесі мен оның сана-сезімі, мәні және болмысы саласындағы барлық зерттеулермен қаныққан, олар «жоғары адам», ерік туралы идеяларымен тығыз байланысты. Ницше адам болмысы мен оның мәнін түрлі қырлары бойынша сипаттайды. «Жоғары адам» - бұл ерік – жігері күшті, өз өмірінің ғана емес, өзгелердің өміріне қожалық еткен адам. Ф.Ницше өзінің «Заратустра осылай деген» атты еңбегінде адам үнемі өзін-өзі еңсеріп, «жоғары адам» болуға ұмтылуы керек деп баяндады.
  • Адам мәселесі қазақтың қоғамдық-философиялық дүниетанымында сана мен танымды жүзеге асырушы ретінде анықталады. Бұл мәселенің дамуы - қазақ рухының, оның ұлттық санасының даму тарихының көрінісі. Қазақ дүниетанымында адам мәселесіне толыққанды тоқталған ойшылдардың бірі Абай Құнанбаев болды. Ол өзінің «Адам бол!» қағидасын ұсына отырып, толық адам санатына қосылудың жолдары білімде әрі ғылымды тануда деп дәріптеді.
  • Кез келген таным - білімнің негізінде махаббат жатыр. Себебі, баланың білімге деген құштарлығын ояту үшін, оған ең алдымен ғылымға деген сүйіспеншілігін оятатын себептер болуы керек, бұлар:
  • Жақсы ата-ана;
  • Жақсы орта;
  • Жақсы ұстаз.
  • Абайдың тұжырымдауынша, бала ғылым-білімді өздігінше таба алмайды, сондықтан оған бағыттаушы болғаны абзал.
  • Абайдың 7-ші қарасөзінде: «Жaс бaлa aнадан туғaнда екi түрлi мiнезбен туaды: бiреуi - iшсeм, жeсeм, ұйықтaсам дeп тұрaды. Бұлaр - тәннiң құмaры, бұлaр бoлмаса, тән жaнғa қoнaқ үй бoлa aлмaйды. Һәм өзi өспeйдi, қуaт тaппaйды. Бiреуi - бiлсeм eкeн дeмeклiк. Нe көрсe соғaн тaлпынып, жaлтыр-жұлтыp eткeн бoлса, oғaн қызығып, aузына сaлып, дәмiн тaтып қaрaп, тaмағына, бeтiне бaсып қaрап, сырнaй-кeрнeй болсa, дaуысынa ұмтылып, онaн eржетiңкірегeнде ит үрсe дe, мaл шулaсa дa, бірeу күлсe дe, бiреу жылaсa дa тұрa жүгiріп, «oл нeменe?», «бұл нeмeне?» дeп, «oл нeге үйтeді?» дeп, «бұл неге бүйтeдi?» дeп, көзi көргeн, құлaғы естiгеннiң бәрін сұрaп, тыныштық көpмeйді. Мұның бәрi - жaн құмaры, бiлсем eкeн, көрсeм eкeн, үйрeнсeм eкен дeгeн», дeйді.
  • Ұлы Абай этикалық дүниелермен тығыз байланысқан эстетикалық мәселелерді зерттей отырып, адамның танымдық қабілетін әлемге паш еткен теңдессіз ғұлама ойшыл.
  • Жоғарыда айтылғандарды қарастыра келе, адам қоғамдық – тарихи үрдістің материалды және жан мәдениетінің даму субъектісі өзге формалармен генетикалық байланысты биологиялық жаратылыс дегенді анықтайды. Алайда олардан еңбек құралдарын жасау қабілеті бар адамға тән сөйлеу мен санасының арқасында ерекшелігі арқылы білініп тұратын жаратылыс.
  •  


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет