Қарму-дың мемлекеттік аттестациясы аясында өтетін кешенді тестілеу жауаптар парағын толтыру тәртібі



Дата14.07.2016
өлшемі10 Kb.
#198490
ҚарМУ-дың мемлекеттік аттестациясы аясында өтетін кешенді тестілеу жауаптар парағын толтыру тәртібі.
1. Аты-жөнін көлденеңінен жазып, тігінен тиісті әріптерді бояу.

2. МАМАНДЫҚ ШИФРІН көлденеңінен жазып, тігінен тиісті сандарды бояу. Мамандық шифрі студенттің сынақ кітапшасында, дәрісханалық тізімде, сауалнама кітапшасында көрсетілген.

3. Студенттің СЫНАҚ КІТАПШАСЫНЫҢ НӨМІРІН «НОМЕР» бағанасына жазу.

4. «ВАРИАНТ» бағанасына көлденеңінен НҰСҚА сөзін жазып, тігінен тиісті сандарды бояу. Нұсқасы сауалнама кітапшасының бірінші бетінде белгіленген.

5. «КУРС» деген бөлікті бояу.

6. «ЖЫНЫСЫ» деген бөлікті бояу.

7. «ОТБАСЫ ЖАҒДАЙЫ» деген бөлікті бояу.

8. «ОҚУ ТҮРІ» деген бөлікті бояу.

9. «ОҚУ ТІЛІ» деген бөлікті бояу.

10. Бұл өте маңызды! Жоғарыда пән атауын көрсетіп, блоктарға аты-жөндерін жазу. Пәндер бойынша блоктарды бөлу сауалнама кітапшасында көрсетілген. Сәйкессіздік болған жағдайларда, нәтиже «0»-ге тең болатынын түсіндіріңіз.



11. Бұл маңызды! Сауалнама кітапшасының бірінші бетінде тегі, аты-жөні, дәрісхана нөмірі, лек нөмірі көрсетіледі. Ерекше назар аудар: студент титулдық парақтың арнайы кестесіне апелляцияға беретін сұрақтарын енгізе алады. Егер студент сұрақтарды нақты көрсетпесе апелляция болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет