Теңіз, өзен және шағын көлемді флоттарда көлік оқиғаларын ақпаратты беру туралы Кемелермен болған авариялық жағдайларда



Дата14.06.2016
өлшемі54 Kb.
#135836
Теңіз, өзен және шағын көлемді флоттарда

көлік оқиғаларын ақпаратты беру туралы

Кемелермен болған авариялық жағдайларда
Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларының 7-10 тармақтарына сәйкес кеме капитаны болған авариялық жағдай туралы кеме иесіне дереу хабарлайды. Егер авариялық жағдай Қазақстан Республикасының аумақтық суларында немесе қазақстандық порт акваториясында болса, хабарлама теңіз порты әкімшілігіне (бұдан әрі - ТПӘ) де жіберіледі, ол болған авариялық жағдай туралы Комитеттің аумақтық бөлімшесіне, ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесіне және көлік прокуратурасына дереу хабарлайды.

Авариялық жағдайлар туралы хабарлама мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

1) кеменің атауы, шақыру белгілері, үлгісі (сериясы), жасалған жылы мен орны. Мұздан болған авариялық жағдай кезінде корпустың мұзға қарсы күшейтілуінің нақты санатын көрсету;

2) күні, кемедегі уақыт;

3) аудан (порт, айлақ, бұғаз, шығанақ, рейд, ішкі және аумақтық сулар, ашық теңіз), координаттар;

4) кеменің соңғы шыққан пункті және оның баратын бағыты;

5) жүкпен немесе балласт, жүктің түрі (егер сұйық жүк тасымалдайтын кеме болса, онда газдан тазарту, инертті газдардың жүйесі туралы мәліметтер);

6) гидрометеорологиялық жағдайлар (желдің бағыты және күші, теңіздің толқындауы, кішкене толқындар, ағыс, көру мүмкіндігі, мұз жамылғысының сипаты, ауа-райы болжамы);

7) бортта лоцманның болуы, сүйреткішті пайдалану;

8) авариялық жағдайдың мән-жайы:

соқтығысу кезінде: бағыт, жылдамдық, вахтаның құрамы, кемені кімнің басқарғаны, жағдай (басып озу, қарсы жүзу, қиылысатын бағытпен жүзу);

қайраңда тұрған кезде: топырақтың сипаттамасы, авариялық жағдайға дейін және кейін шөгуі (алдыңғы, артқы жағымен), шөгуді жоғалту, қисаю, бағыт, тасу мөлшері, бір сантиметр шөгуге келетін тоннаның саны, трюмдар, танктер бойынша жүктерді орналастыру, кеме бетіндегі палубадағы жүк, сүйрету арқанының және брагаға арналған арқанның болуы және өлшемі;

9) авариялық жағдайға тап болған кемелердің атауы, олардың туы, тіркелген порты, иелері туралы мәліметтер;

10) кемелердің теңізде жүзу қабілеттерін жоғалтуы, айлақтың (объектінің) пайдаланудан шығарылуы;

11) тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы көрсетілген зардап шеккен адамдардың саны;

12) су ортасын ластау, кемеден тасталған мұнай өнімдерінің және басқа зиянды заттардың көлемі, орны, болжамды себебі, түрі және мөлшері;

13) адамдарға көмек көрсету және құтқару, зақымдануларды және теңізді ластау салдарын жою жөнінде қабылданатын шаралар. Суға түсірілген құтқару құралдарының саны мен түрі;

14) өміршеңдік үшін күрес жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру, кемелермен және жағалау станцияларымен байланыс;

15) капитанның тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, білімі, капитан лауазымындағы жұмыс өтілі, осы кемеде жұмыс істеген уақыты;

16) авариялық жағдайдың мән-жайын және оның зардаптарын сипаттайтын қосымша мәліметтер.

Авариялық жағдайға ұшыраған кеме капитаны кеме немесе оның экипажы бірінші қазақстандық портқа келгеннен кейін жиырма төрт сағаттың ішінде ТПӘ-не теңіз порты капитанының атына авариялық жағдай туралы жазбаша өтінішті және авариялық жағдайды тіркеу үшін өзі бекіткен техникалық актіні ұсынады.

Авариялық жағдай туралы жазбаша өтініш еркін нысанда жазылады, онда авариялық жағдайға кім ұшырады, күні, уақыты, болған жері көрсетіледі.



Өзен және шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғалары кезінде
Ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидаларының 7-10 тармақтарына сәйкес уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі көлiк оқиғасы болған сәттен бастап 24 сағаттың iшiнде көлік оқиғасы туралы уәкілетті органға, ішкі істер органдарының аумақтық бөлiмшесiне және көліктік прокуратураға кідірместен мынадай мәліметтерді хабарлайды:

1) көлік оқиғасы туралы хабарлаған адамның (ұйымның) тегі, аты, әкесінің аты, байланыс телефондары;

2) көлік оқиғасының болған күні және уақыты;

3) кеменің тіркеу нөмірі және түрі, кеме иесі туралы мәліметтер;

4) көлік оқиғасы орнының координаталары;

5) кеме қозғалысының бағыты;

6) кеме жүргізушісінің және кемеде болған өзге адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, байланыс телефондары;

7) ауа райының метеорологиялық жағдайы;

8) навигациялық жабдықтың болуы;

9) көлік оқиғасының себептері, кеменің, навигациялық жабдықтың зақымдануының болуы және сипаты, қаза тапқандардың, денсаулыққа зиян алғандардың және кемеден жоғалып кеткендердің саны, қоршаған ортаны ластау;

10) көлік оқиғасын бағалауға және көмек көрсету мен зардаптарды жою үшін техникалық құралдарды тарту қажеттігі туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін өзге мәліметтер.

Көлік оқиғасы авария немесе пайдалану оқиғасы болып сыныпталады.

Көлік оқиғасы болған жағдайда кеме капитаны, кеме жүргізушісі, кеме иесі, гидротехникалық құрылыстардың лауазымды тұлғалары меншік нысанына және ведомстволық қатыстылығына қарамастан:

1) көлік оқиғасы болған сәттен бастап 24 сағат ішінде көлік оқиғасы туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне және көліктік прокуратураға хабарлайды;

2) көлік оқиғасы болған сәттен бастап 48 сағаттың iшiнде көлiк оқиғасы туралы толық ақпаратты жасайды және оның негізінде көлік оқиғасын тiркеудi жүргiзетiн уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жiбередi.

Көлік оқиғасы туралы ақпарат мынадай мәліметтер қамтылады:

1) көлік оқиғасының күні және орны, құрушылар туралы мәліметтер (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, ал куәгерлер үшін - тұратын орынның мекенжайы);

2) кеме және гидротехникалық құрылыс туралы негізгі мәліметтер (атауы, түрі, қуаты, жүк көтерімділігі, габариттері, жүк түрлері және басқалары);

3) көлік оқиғасының қатысушылары туралы мәліметтер (лауазымы, жасы, арнайы білімі, су көлігіндегі, командалық лауазымдарында және атқарылатын лауазымдарындағы жалпы жұмыс өтілі, жұмыс дипломы немесе куәлігі, оларды алу күні және кім берді);

4) көлік оқиғасы болған учаскенің гидрологиялық сипаты, ауа-райының жағдайы, көрінуі, кемеде жүзу габариттері және жарияланғанға тиістілігі, штаттық орындарда навигациялық белгілердің болуы;

5) көлік оқиғасының алдындағы іс-қимылды және оған қатысы бар жағдайларды бағалау;

6) көлік оқиғасының жай-күйі (барлық маневрлердің жүйелігін көрсете отырып оқиғаны нақты жазу, жүру жылдамдығы, өкімдер, командалар, дабылдар және басқалар);

7) көлік оқиғасының салдарларын жою, адамдар мен жүктерді құтқару бойынша іс-қимылдарды қоса алғанда кеме жүргізушінің немесе экипаждың кейінгі іс-қимылдары;

8) жарақат алған немесе қаза болған адамдар саны, олардың тегі, аттары, тұратын орындары, туған жылдары);

9) корпустың, механизмнің, жылжытқыштардың, жүргізу құралдарының бұзылуы еркін түрде ресімделеді;

10) бүлінудің салдарлары (отсектерді су басуы, жүктің бүлінуі немесе жоғалуы, қоршаған ортаның ластануы, жүру мүмкіндігі және басқалары);

11) осы көлік оқиғасы туралы ақпарат жасағандардың қолы және күні.

Гидротехникалық құрылыстармен болған көлік оқиғасы туралы ақпарат олардың иелері өкілдерінің қатысуымен ресімделеді.

Көлік оқиғасының екі және одан көп қатысушылары кезінде көлік оқиғасы туралы ақпаратты олар бірлесіп жасайды. Көлік оқиғасына қатысушылардың арасында келіспеушіліктер болған кезде оның себептері және салдары туралы көлік оқиғасы туралы ақпарат жеке жасалады.

Әкімшілік жауапкершелік
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 588-бабына сәйкес кеме капитанының, кеме иесiнiң, гидротехникалық құрылыстардың лауазымды адамының көлiктiк бақылау органдарына теңiз көлiгi кемесiмен болған авариялық жағдай туралы, өзен көлiгi кемесiмен болған көлiк оқиғасы туралы ақпаратты бермеуi –

жеке және лауазымды адамдарға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.



Сонымен қатар, еме жүргiзушiсiнiң немесе кеме иесiнiң көлiктiк бақылау органдарына шағын көлемдi кемемен болған көлiк оқиғасы туралы ақпаратты бермеуi –

жеке және лауазымды адамдарға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет