Арнайы ақпараттық пәндерді оқытуда тегін интернет ресурстарды
кеңінен қолдану.
Есенов Б.И.
БҚOӘББ 'Жоғары аграрлық-техникалық колледжі' МКҚК
«Кез келген қиындық адамды тығырықтан шығуға, өзгеше ойлауға, қалыптасқан жұмыс тәсілдерін жетілдіруге бастайды. Ал бұл ғылым мен технологияны дамытуға, сергек өмір салтын қалыптастыруға алып келеді. Қазақстанда тәжвирусына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Еліміздегі жоғары және арнайы орта білім беру мекемелері мен жалпы орта білім беретін мектептер қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Бұл жүйеге толықтай көшер алдында елімізде байқау сабақтары жүргізіліп, білім ордаларының дайындығы алдын ала тексерілді. Тексеру нәтижесіне байланысты ғаламтор жүйелері, мессенджер арқылы ұстаздар оқушыларды оқыта бастады.
Арнайы пәндерді оқытуда интернеттің көмегімен түрлі дидактикалық тапсырмаларды орындауға болады: оқу дағдыларын қалыптастыру, студенттің сөздік қорын кеңейту, студенттің арнайы пәндерді оқуға деген қызығушылығын арттыру. Студенттер интернет желісімен түрлі олимпиадаларға, жарыстарға қатыса алады. Сонымен қатар тест жұмыстарымен түрлі ойындар арқылы өтетін қызықты жаттығулар жасауға мүмкіндіктері болады.
Ақпаратты жүйе ретінде Интернет түрлі ақпараттар мен ресурстарды ұсына алады.
Электрондық хат
Теле конференция
Видео конференция
Өзінің ақпаратын беру, өзінің сайтын құрып We0b- серверге орналастыру
Ақпараттық ресурстарды қолдану
Ақпараттық жиынтықтар
Желіде сөйлесу мүмкіндігі
Осы аталған жобаларды іске асыруда Интернет таптырмас құрал. Олар студенттің өзін- өзі дамыту және жаңа істі меңгеруге зор ықпалын тигізеді. Студенттер түрлі зерттелген мәліметтерді пайдалануды үйренеді, өз ойын нақты және жүйелі түрде қағаз бетіне түсіруді, мәтіндік, сандық және графикалық ақпаратты көп мөлшерде жіберу және қабылдау, өздеріне берілген мәліметті зерделеу және жаңа идеяларды көрсету. Олар жоспарлауды, мониторинг жүргізуді үйренеді. Интернет ресурстары негізіндегі сабақтар және жобалық жұмыс көмек көрсетуді үйренеді, серіктестікті, жобаларды іске асыруды, жауапкершілікті және толеранттық, көптүрлілікке және шыдамдылыққа үйренеді. Студенттер таңдауды, мәліметті пайдалануды, гипотеза ұсынуды және шешім қабылдауды үйренеді.
Интернет ресурстарының көмегімен тапсырма дайындаудың ретін былай тұжырымдалады.
1. Оқу үрдісін қарап шығып, студенттердің қызықтырмайтын жаттығуды белгілеңіз.
2.Бұл тапсырмалардың кемшіліктерін бағалаңыз және оны интернет ресурстары арқылы жақсартуға болатынын байқаңыз. Мысалы: электронды пошта негізіндегі хаттар шынайы мекен жайы жоқ, ескі газет мақалалары немесе ескі филімдерді талқылауды ойлаңыз, қалай интернет ресурстар сізге бұл жағдайда септігін тигізеді. Еске сақтайтын бір мәлімет еш уақытта жан жақты, барлығына ұнамды оқыту тәсілін мүмкін емес. Сол себепті тәжірибе жасаңыз.
3. Қолданылу аясын белгіленгеннен соң келесі қадам чат және веб сайтпен жұмыс жасау. Веб сайт таңдауда сізге белгілі бір бағыттар қажет сол арқылы сіз веб сайтты бағалайсыз. Ол сіздің жағдайыңызға және интернет ресурсты қолдану барысына байланысты. Бұл бағыттар өз ішіне: инструкциялық элементтері қосады және онда мазмұнды болуы қажет, сонымен қатар мақсаттарды іске асыру да құнды және қызметтік элементтер мен бейнелеу элементтері, жылдамдығы және қолдануға ыңғайлылығы кіреді.
4. Сайтты таңдаған соң сіз жоспарлау бөліміне өтуіңізге болады, және ол бөлім сіздің мақсаттарыңызға сай жұмыс жасайды. Тапсырманы құру кезінде ол интернетсіз ақ жасалатын жұмыстай көрінбеуі қажет. Егер бұл тапсырмалар студенттерді ғылымдағы әр түрлілікке жаттықтырса бұл коммуникацияларға нақты мүмкіндіктер беріп, жергілікті және ел аралық серіктестікке мүмкіндік жасайды. Тапсырмалар студенттерге мынадай мүмкіндіктер беруі қажет: бағалауды үйрену, салыстыру, жариялау, модельдеу, жаңадан құру, зерттеу, гипотезелар ұсыну, ұйымдастыру есептеу, салғыласу, сұхбат алу, тыңдау, көру және бақылау, мазмұндау, тәжірибе жасау, ойнау, сауалнама жүргізу және баяндама жасау. Бұл жағдайда осы текті тапсырмалар студенттің ақпараттық компетенциясын дамытады.
Интернет тапсырмаларын дайындау үш қадамнан тұрады: 1.дайындық 2. ресурстармен интернет желісінде жұмыс жасау 3. сыныпта интернет желісінсіз жұмыс жасау.
1.Дайындық –сөйлеу негіздерін дамыту, мұның алдында алған білімдерін қолдана білу, сөздердіоқу, тақырыпқа кірістіру.
2.Ресурстармен интернет желісінде жұмыс- интернетте іздеу бағдарламаларымен жұмыс істеу, оқумен жазу, арнайы мәліметтерді іздеу және оны жауап парақтарына енгізу, сұрақтарға жауап іздеу, және т.б. Осы қадамда студенттер өздерінің не істеу керектігін және оған қанша уақыттары бар екенін білу керек.
3.Топта интернет желісінсіз жұмыс- алынған мәліметпен алмасу, және желіден жұмыс жасау уақытында көрген білгенін талқылау
Интернет ресурстарын қолдану -мәдениаралық компетенцияларын дамыту; түрлі мәдениеттермен танысу, қарым қатынастың белсенді жүргізуге бағыттау.
Осы бағытта өз тәжірибеммен бөлісетін болсам мен сабақтарыма ютуб каналдарымен торрент сайттарды көбіне қолдамын. Ютуб каналдарын еркін қолдануға болады, ешқандай авторлық құқықсыз.Сонымен бірге ақылы курсстардың көшірмесін көбіне торрент сайттардан табуға болады.Торрент сайттарда бейне ақпараттармен қатар бағдарламалық қосымшаларды де еркін көшіріп пайдалануға болады. Өзіңіздің пәніңізге қатысты кейбір кітаптарды,арнайы мамандыққа қатысы бар журналдардың электронды көшірмесін қолдануға болады.
Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық технологиялардың маңызы зор. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ізденіс жүргізіп, студенттерге жан-жақты қызықты мәлеметтермен ынталарын оятып, білім беруіміз міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |