Тақырыбы: 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні. Логопед/практикант: Болатқызы Айдана 2022ж Білім беру саласы



бет1/3
Дата29.09.2024
өлшемі21.81 Kb.
#504106
  1   2   3
7май

«№143 сөйлеу және тірек-қозғалыс


аппаратының функциялары бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі
арнайы ұйымы»

Тақырыбы: 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні.

Логопед/практикант:Болатқызы Айдана


2022ж
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Сөйлеуді дамыту
Оқу қызметінің тақырыбы: 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні
Оқу қызметінің мақсаты: Балаларға 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Ұлы отан соғысының мазмұнын әңгімелеп осы соғыста ерлік көрсеткен барытлардың ерліктерін, жыл сайын жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, балалрды отан қорғауға, Ұлы отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге батыл да ержүрек болуға үрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің потриоты болуға тәрбиелеу.
Білімділік мақсаты: Қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру.
Түзетушілік мақсаты:Сөздік қорларын дамыту. Тіл байлығын дамыту, жетілдіру .Ойлау қабілетін, зейінін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Балалардың ақыл-ойын, қиялын, тілін, сөз байлығын дамыту.Балаларды ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке , елін, жерін сүйетін батыл азамат болуға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын.
Сөздік жұмыс: жеңіс
Билингвальды компонент: Отан-Родина
Көрнекіліктер: Тақырыпқа сай суреттер мее видиомен түсініктеме.
Кіріспе:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу
-Сәлеметсіңдерме балалар?
-Сәлеметсізбе!
-Көңіл күйлерің қалай?
-Жақсы!
Оқу қызметіне зейіндерін аудару.
Балалардың көңіл күйін көтеріп, ұйымдастырылған оқу іс әрекетін бастау
үшін балаларды орындарынан тұрғызып шаттық шеңберін айтқызу.
Шаттық шеңбері:
Күлімде, күн күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегіндей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін
Жарайсыздар балалар, енді орнымызға жайғасып отырайық.
Балалардың іс-әрекеті:Қимыл-қозғалыс арқылы шаттық шеңберін жасайды.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)
Көктем мезгілінде неше ай бар? (Үш ай бар)
-Көктем мезгілінің айларын атап берейікші? (наурыз,сәуір,мамыр)
-Қазір көктем мезгілінің қай айы? (Мамыр)
-Балалар бүгін ауа –райы қандай?(жылы)
Бір аптада неше күн бар? (Жеті күн)
Қанекей балалар бірге атайықшы (дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі)
Балабақшаға неше күн келеміз балалар(бес күн келеміз)
Балалар неше күн демаламыз (екі күн)
-Жарайсыңдар балалар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет