Арнайы экономикалық аймақтын аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
Арнайы экономикалық аумағының аймағында қызмет түріне байланысты салық төлеушілерді тіркеу Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі)150 бабында қарастырылған тәртіппен жүзеге асады, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:
1) арнайы экономикалық аймақтың аумағында салық органы болған кезде заңды тұлға онда орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде тіркелсе;
2) заңды тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылса;
3) заңды тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тысқары жерлерде құрылымдық бөлiмшелерi жоқ болса;
4) арнайы экономикалық аймағының қатысушысы болып табылатын заңды тұлға үшін мынадай шарттар сақталған жағдайда, жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстар құраса.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» занының 11 бабына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың басқару органы – астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесіне өтініш беруші қызметтің басым түрлеріне өтінім берген кезде:
1) өтінімді ол берілген күні өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді;
2) ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
3) берілген құжаттар белгіленген тізбеге сәйкес келмеген жағдайда өтінімді ол берілген күні қарамастан қайтарады. Өтінімді қайтару өтініш берушіні жіберілген кемшіліктерді жойғаннан кейін қайтадан өтінім бере отырып, басқару органына жүгіну құқығынан айырмайды.
Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының қызметі қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, арнайы экономикалық аймақтың басқару органы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалғанан кейін екі жұмыс күні ішінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, бұл жөнінде салықтық қызмет және кедендік органдарға хабарлайды.
Өз кезегінде салықтық орган Арнайы экономикалық аймақ қатысушысын Салық кодексінің 150 бабында қарастырылған тәртіппен салық төлеуші ретінде және оны тіркеу есебіне тұрғызады.
Қызметiн «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуі кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:
жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
«Астана – жаңа қала» мемлекеттік кірістер
басқармасының бөлім басшысы Н.Т.Оспанов
Достарыңызбен бөлісу: |