«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



бет1/14
Дата16.06.2016
өлшемі1.34 Mb.
#139315
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы

30 маусымдағы № 235

қаулысымен бекітілген


«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


1. «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету) «Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11047 болып тіркелген) бекітілген «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес әзірленген, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес арнайы білім беру ұйымдары, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшаға сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетеді.

Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: арнайы білім беру ұйымына немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылданғаны туралы бұйрық.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде қызмет

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимылы тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының ата-анасынан (заңды өкілінен) құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) қабылдауы болып табылады:

1) қызмет алушының ата-анасының (заңды өкілінің) арнайы білім беру ұйымына, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы (еркін нысанда) өтініші;

2) қызмет алушының ата-анасының (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаты;

3) қызмет алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы);

4) қызмет алушының дамуындағы психофизикалық бұзылысының бар екендігін дәлелдейтін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) қызмет берушінің кеңсесі қызмет алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, оларды журналда тіркейді, 3 (үш) минут ішінде. Қызмет берушінің басшылығына береді, 2 (екі) минут ішінде;

2) қызмет берушінің басшылығы құжаттар топтамасымен танысады, қызмет берушінің жауапты орындаушысын айқындайды, құжаттар топтамасына тиісті бұрыштаманы қойып, қызмет берушінің жауапты орындаушысына береді, 5 (бес) минут ішінде;



  1. қызмет берушінің жауапты орындаушысы қызмет алушының құжаттар топтамасын зерделейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды:

арнайы білім беру ұйымына, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін – 30 тамыздан кешіктірмей;

бірінші сыныпқа – 1 маусымнан бастап 30 тамыз аралығында.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын қызмет берушінің басшылығына қол қою үшін береді, 5 (бес) минут ішінде;


  1. қызмет берушінің басшылығы шешім қабылдап, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет берушінің кеңсесіне береді, 3 (үш) минут ішінде;

  2. қызмет берушінің кеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет алушыға береді, 2 (екі) минут ішінде.

7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) құжаттар топтамасын тіркеу;

2) қызмет беруші басшылығының бұрыштамасы;

3 мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасы;

4) қызмет беруші басшылығының мемлекеттік қызмет көрсету

нәтижесінің жобасына қол қоюы;

5) қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі, оны қызмет алушыға беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде қызмет

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау


8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) қызмет берушінің кеңсесі;

2) қызмет берушінің басшылығы;

3) қызмет берушінің жауапты орындаушысы.

9. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы:

1) қызмет берушінің кеңсесі қызмет алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, оларды журналда тіркейді, 3 (үш) минут ішінде. Қызмет берушінің басшылығына береді, 2 (екі) минут ішінде;

2) қызмет берушінің басшылығы құжаттар топтамасымен танысады, қызмет берушінің жауапты орындаушысын айқындайды, құжаттар топтамасына тиісті бұрыштаманы қойып, қызмет берушінің жауапты орындаушысына береді, 5 (бес) минут ішінде;

3) қызмет берушінің жауапты орындаушысы қызмет алушының құжаттар топтамасын зерделейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды:

арнайы білім беру ұйымына, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін – 30 тамыздан кешіктірмей;

бірінші сыныпқа – 1 маусымнан бастап 30 тамыз аралығында.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын қызмет берушінің басшылығына қол қою үшін береді, 5 (бес) минут ішінде;


  1. қызмет берушінің басшылығы шешім қабылдап, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет берушінің кеңсесіне береді, 3 (үш) минут ішінде;

  2. қызмет берушінің кеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет алушыға береді, 2 (екі) минут ішінде.

Рәсімдерді (іс-қимылдарды) сипаттау реттілігі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне

1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысының

арнайы білім беру ұйымдарының тізімі






Қызмет беруші атауы

Қызмет беруші орналасқан

жердің мекенжайы



Мемлекеттік көрсетілетін қызмет уақыты

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Чкалов арнайы (түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҚО, Тайынша ауданы,

Чкалово селосы


Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,

сағат 9-дан

18-ге дейін, түскі үзіліс

сағат


13-тен

14-ке дейін



2

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің


«Даму мүмкіндігі шектеулі

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шөптікөл арнайы (түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Солтүстік Қазақстан облысы,

Ғабит Мүсірепов

атындағы ауданы,

Шөптікөл ауылы




Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,

сағат 9-дан

18-ге дейін, түскі үзіліс

сағат


13-тен

14-ке дейін



3

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің


«Даму мүмкіндігі шектеулі

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Соколов арнайы (түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы,

Соколовка селосы,

Школьная көшесі, 1


Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,

сағат 9-дан

18-ге дейін, түскі үзіліс

сағат


13-тен

14-ке дейін



4

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған


№ 1 арнайы (түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,

Шухов көшесі, 40

Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,

сағат 9-дан

18-ге дейін, түскі үзіліс

сағат


13-тен

14-ке дейін



5

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігінің


Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған № 2 арнайы (түзету) мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,

314 Стрелковой Дивизиясы көшесі, 158


Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,

сағат 9-дан

18-ге дейін, түскі үзіліс

сағат


13-тен

14-ке дейін



6

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

«Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Ломоносов арнайы (түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Солтүстік Қазақстан облысы,

Ғабит Мүсірепов

атындағы ауданы,

Ломоносовка селосы


Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,

сағат 9-дан

18-ге дейін, түскі үзіліс

сағат


13-тен

14-ке дейін



7

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету)

мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Солтүстік Қазақстан облысы,

Петропавл қаласы,

Ы. Алтынсарин көшесі, 223

Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін,

сағат 9-дан

18-ге дейін, түскі үзіліс

сағат


13-тен

14-ке дейін




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет