Арнайы зерттеу әдістері: оқырман формуляры, кітап формуляры



Дата26.09.2022
өлшемі13.32 Kb.
#461375
түріҚұрамы
Арнайы зерттеу әдістері оқырман формуляры кітап формуляры


Арнайы зерттеу әдістері: оқырман формуляры, кітап формуляры.
Оқырмандар мен абонеттерге қызмет көрсетудің бастапқы кітапханалық есеп құжаттарының құрамына оқырмандарды тіркеу карточкасы, кітпханааралық абонемент (КАА) абонентін тіркеу карточкасы, оқырман формуляры, оқырман талабы парағы жұмыс күнделігі жатады.
Оқырмандарды тіркеу карточкасы - ол туралы мәліметтерді қамтып, оның кітапхананы пайдалану кезіндегі есеп құжаты қызметін атқарады.
Ескерту: Құрылымдық бөлімшелері (абонемент, оқу залы кітап беру бөлімі)жоқ кітапханаларда тіркеу карточкасы жүргізілмейді.
Абонемент, оқу залы және басқа да бөлімшелері бар кітапханаларда оқырманға оның қанша бөлімшені пайдаланатынына қарамастан тек бір тіркеу карточкасы толтырылады. Тіркеу карточкасы, әдеттегідей абонементте жүргізіледі.
Оқырман формуляры оған берілген және қайтарылған баспа туындылары мен басқа да құжаттар туралы мәліметтер қамтылып, (жалпы орта білім беру, бастауыш және кәсіптік орта білім беретін ұйымдарда) әдебиет беру мен оқуды талдаудың есеп құжатының қызметін атқарады.
Оқырман формулярында оқырманның рет номері көрсетіледі, ол оқырман атында жыл соңына дейін сақталады.
Саралы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында формулярда оқырман тобының шартты таңбалары ( сиглдер, түрлі-түсті белгілер, рейтер және т.т) қойылуы мүмкін.
Оқырман формуляры бес жыл ішінде пайдалануға арналған. Қосымша беттер толтырылуына қарай оқырмандардың бастауыш және кәсіптік орта білім беретін ұйымдарда бірқатар жылдар бойы оқуын бақылауға мүмкіндік беретін жаңасымен алм астырылады немесе толықтырылады.
Жыл сайын 1 қыркүйектен бастап оқырмандарды қайта тіркеу басталады. Қайта тіркеу кезінде оқырман туралы анкеталық мәліметтер нақтыланып, өзгерістер енгізіледі. Формуляр мен оқырманды тіркеу карточкасында жаңа нөмір мен қайта тіркеу күні қойылады. Фамилиясы өзгерген жағдайда жаңа формуляр толтырылады.
Ескерту: Қайта тіркеу сол сәтте оқырман атына жазылған барлық басылымдарда толығымен өткізген кезде жүргізіледі.
Кітап формуляры оқырманға берілген және қайтарылған баспа туындысы немесе басқа да құжаттарды есепке алу мен бақылауға және оны пайдалануға арналған.
Оқырман талабы парағағы баспа туындылары мен басқа құжаттарды іздеу мен беруге, талаптар мен орындалмаған талаптарды есепке алу мен талдауға арналған.
Бақылау парағы оқырманның кітапхана бөлімшелеріне келуін есепке алуға, берілген және қайтарылған баспа туындыларын бақылауға арналған.
Кітапхананың жұмыс күнделігі оқырманға қызмет көрсетуді есепке алудың бастапқы құжатының нысаны болып табылады. Күнделік үш бөлімнен тұрады:
1. Оқырмандар құрамы мен келу есебі; 
2. Басылымдар мен басқа материалдарды беру есебі;
3. Көпшілік жұмыстар есебі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет