Қаршығалы селолық округінің әкімі А.Шәкенұлының атқарылған жұмыстар мен міндеттер туралы есебі
Қаршығалы селолық округ әкімі аппаратына 2013 жылы бюджеттен 14344,0 мың теңге қаражат қаралған. Оның 1438,0 мың теңгесіне Республикалық бюджет арқылы өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 2 балалар ойын алаңы орнатылып, қаражаты толық игерілді, жергілікті бюджеттен елді-мекендерді абаттандыру және көгалдандыруға қарастырылған – 100,0 мың теңгесіне билбордтар, жарықтандыру жобасы бойынша бөлінген - 470,0 мың теңге қаражыға Көктас елді- мекені, Новая көшесіне 8 нүктеге - 170,0 мың теңгесіне жарық шамдары орнатылып, қалған – 300,0 мың теңгесі көше шамдарына жұмсалған электр жарығының пайдалану шығындарын жабу үшін жұмсалды. Қыс айларында елді-мекен ішіндегі жолдарды қалыпты ұстауға (қардан тазалауға) -192,0 мың теңге қарастырылып, қаражаты өз мақсатында игерілудің арқасында өткен қыстағы ауа-райының қаталдығына қарамастан көлік қозғалысында іркіліс болған жоқ, тұрғындардың жүріп-тұруына барынша жағдай жасалды. Қалған - 12144,0 мың теңге қаражат әкім аппаратының материалдық –техникалық базасын нығайтуға, жалпы аппараты ұстауға бөлініп тиісті мақсаттарға жұмсалып толығымен игерілді. Селолық округ әкімі аппараты бойынша 2013 жылы тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету Облыс әкімінің Қаулысымен бекітілген регламентке сәйкес, жеке қосалқы шаруашылығы туралы-155, ветеринарлық -287 анықтамалар ауылшаруашылығы малдарына -1000 куәліктері ұсынылды. Селолық округ әкімі аппаратына 2013 жылы жеке тұлғалардан 29 арыз-шағымдар түсіп, 21 жергілікті деңгейде шешіліп, қалған 8 жоғары тұрған мекемелер арқылы қанағаттандырылып, өтініш иелеріне жауаптары заң талаптарына сәйкес уақытында берілді. 2013 жылы ауыл тұрғындарының қатысуымен әр – түрлі тақырыптарда 9 рет кездесулер өткізіліп, айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру мақсатында біраз жұмыстар атқарылды,Селолық округ әкімінің 9 айдың қорытынды есебіндегі кездесуде Жаңажол,Саумалкөл ауылының тұрғындары тарапынан қысқы уақытта жолдарды қалыпты ұстау туралы өтініш жасалған.Бүгінгі күні бұл мәселе шешімін тауып,жол тазалайтын мердігері анықталды. Әлі де осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Жалпы тұрғындардың ұсыныстары,өтініштері ауыл әкімінің үнемі назарында, бақылаудан тыс қалмайды.
Әлеуметтік және инфрақұрылымдық обьектілер бойынша Көктас елді-мекенінде «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су құбыры тартылып, қолданысқа берілген. Тұрғындар таза ауыз суды іркіліссіз пайдаланып отыр. Бұл жерде айта кететін бір мәселе: су құбыры тартылған үй иелері тез арада қолдарыңызға таратылып берілген су есептегіш құралын орнаттырыңыздар, неге десеңіздер ертең пайдаланған суға есеп айырысу кезінде түсініспеушіліктер болады.Су құбырының төл құжаттары (жер актісі) әлі біткен жоқ дайындалу үстінде бұл жұмыстар бітпей біз бұл нысанды Әділет басқармасынан тіркеуден өткізе алмай, сенімді басқаруға бере алмай отырмыз. Таяу күндері аталған жұмыстардың құжаттары заңдастырылып жеке кәсіпкерге келісім-шартпен беріліп бірқалыпты жұмыс жасаймыз деп жоспарлап отырмыз.Округ елді-мекендеріндегі электр желілері, тоқ тарату қондырғылары, көше жарықтарының шамдары, жылу қазандықтары, телефон байланыс жүйесі қалыпты жұмыс жасап тұр. Көктас елді-мекені ішкі тас жолдарының тозығы жеткен, дәл жақын арада жөнделеді деп айту қиын, қаражатты көп қажет етеді. Аудандағы елді-мекендерді көктемгі, күзгі тазарту көркейту және көгалдандыру санитарлық жұмыстарды жүргізу туралы Қарқаралы ауданы әкімінің 2013 жылғы 18 наурыздағы № 1/21, 2013 жылғы 9 қыркүйектегі № 1/66 өкімдерін орындау мақсатында селолық округ әкімінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 23, 2013 жылғы 9 қыркүйектегі № 59 өкімімен «Таза бейсенбі» күндері ұйымдастырылып, тұрғындармен кездесулер өткізіліп, аулымыздың тазалығы адам денсаулығына қандай пайдасы болатындығы туралы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, осындай ортақ іске бір кісідей ат салысып, ауылдың келешегі үшін жұмыс жасау туралы мәміле болған, өкінішке орай, айтылған іске көпшілік тұрғындар үлкен жауапкершілікпен ат салысса, кейбір адамдар біле-тұра өз ауласынан шыққан күл-қоқысты кез-келген жерге төгіп, ойлаған жерін ластап, тастап кете беру фактілері жетіп артылады.
Округ бойынша аудандық салық басқармасында 2012 жылы 50 кәсіпкер тіркелсе, 2013 жылы оның саны 54-ге жетті. Яғни 4 кәсіпкерге артты. Аталған кәсіпкерлік саласында бүгінгі күні 156 адам жұмыс жасап,еңбек етуде. . Бұл округтегі экономикалық белсенді халықтың 13 % пайызын құрайды. «Кәсіпкерлердің құқығын қорғау», «Салықтық қызмет көрсету стандарттары» туралы ауданда семинарлар өткізіліп, мағлұматтар беріліп тұрады. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу 2-бағыты бойынша 7 адам 14500,0 теңге көлемінде несие алып, бизнес – жоспарларына сәйкес өз ісін ашып, барлары істерін кеңейтумен айналысуда. Селолық округ әкімі аппараты мен 3 жеке кәсіпкер арасында бағаның орынсыз өсуіне жол бермеу мақсатында меморандумдар жасалды. Меморандум мақсаты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қажетті мөлшерде әкеліп, халыққа қолжетімді бағамен ұсыну. Соның айғағы 2013 жылы бағасы арзандатылған 6 тонна әлеуметтік ұн халыққа таратылып берілді. Жыл басынан Астана, Қарағанды, Қарқаралы қалаларына тұрғындардың ауылшарушылығы тауарларын сату жәрмеңкелері ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарының 10 бас ірі қара , 4 бас жылқы,10 бас қой малдары, 150 кг құрт-майы, сүт, ірімшіктері,150 литр қымызы өткізілді. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табады деген үміттеміз.
Округтегі барлық меншік түрлері бойынша 2014 жылдың 1 қаңтарына қалған мүйізді ірі қара малы 2350 бас,аналығы 1220 бас, қой-ешкі 3212 бас,аналығы 2041 бас, жылқы 940 бас, аналығы 415 бас , құс тауық 1200 бас.
Өткен 2013 жылмен салыстырғанда өсу динамикасы байқалады. Атап айтқанда мүйізді ірі қара өсім 1.09 пайыз 187 басқа, аналығы өсім 1,02 пайыз 26 басқа, қой-ешкі өсім 1,11 пайыз 319 басқа, аналығы өсім 1,08 пайыз 144 басқа артса, құс 40 пайызға 800 басқа кеміді. 2013 жылғы ауылшаруашылығы өнімдері бойынша ет 260 тн, сүт 960 тн, жүн 5 тн. Округтегі барлық меншік түріндегі ауылшаруашылығы малдары мал дәрігерінің аурудың алдын алу шаралары, бірдейлендіру жұмыстары Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заң талаптарына сәйкес, жоспарлы түрде жүргізіледі. 2013 жылға эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқару үшін бөлінген қаражат толығымен игерілді. Барлық мал-түліктері сібір жарасына, үй құстары жоғары зардапты құс тұмауына, ірі қара, ұсақ малдар бурцулез, туберкулез, жылқы малдары маңқаға қарсы егіліп, аллергиялық тексерістен өткізіліп, бруцеллез ауруы анықталған малдар уақытында жойылып, актілері жасалған. Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан 2013 жылы осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында мал дәрігері мамандарына арнайы көлік, қан сақтайтын тоңазытқыш, мал егетін тор (раскол), компьютерлермен қамтамасыз етілді, отыратын орны (ғимарат) шешілген қазіргі уақытта мамандарға толыққанды жұмыс жасауға барлық жағдай жасалған. 2013 жылғы мал-түліктерінен туған төлдер, қой-ешкі малдары бірдейлендіріліп, компьютерлік дерекқорға енгізілді. Ауылшаруашылығы малдарын ірілендіру және асылдандыру бағытында облыстық ауыл шаруашылығы Департаменті арқылы қаржы бөлініп, арнайы 1 маман Республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы «Скобр» акционерлік қоғамымен келісім-шарт арқылы ірі қара малдарын қолдан ұрықтандыру жұмысымен 5 жыл бойы қалыпты жұмыс жасауда .Келешекте жеке меншіктің ірі қара малдарына асыл тұқымды аталық малын қосудың жолын қарастырудамыз. Округтегі «Жандос», «Димар» шаруа қожалықтары 3 жыл бойы асыл тұқымды аталық ірі қара малдарын алып, малдарын асылдандыру бағытында жемісті жұмыс жасауда, соның арқасында Үкімет тарапынан берілетін субсидияға қол жеткізіп отыр. Қалған шаруа қожалықтары да осы бағытта жұмыс жасау керек. Егін шаруашылығы бойынша шаруа қожалықтары 2013 жылы жалпы көлемі 2850 га жерге бидай, 500 га жерге арпа, ауыл тұрғындары өз аулаларына тағамдық өнімдерден жалпы көлемі 15 га жерге картоп егіп, тиісінше шаруа қожалықтары бидайдан 3420 тн, арпадан 500 тн, ауыл тұрғындары картоптан 423 тн өнім алып, көлемі 2012 жылмен салыстырсақ едәуір өсу динамикасы байқалады. Бидай 2173 тн, 1.58 пайызға арпа 300 тн, 1,66 пайызға картоп 225 тн, 1,88 пайызға артқан. 3 шаруа қожалығы 500 га сепкен арпаға субсидиясын алды. Келешекте шаруа қожалығы басшылары өндіріске озық технологияны енгізу – алынатын өнім көлемін арттыруға, оның сапасын жақсартуға, нарықтағы сұранысқа ие жобалармен жұмыс жасауға, сонымен қатар шаруа қожалығы басшылары бос жатқан егістік жерлерді игеретін уақыттың жеткендігін түсінулері қажет. Үкімет тарапынан аталған бағыттарға жұмыс жасауға ниет білдірген «Жандос», «Көктас» шаруа қожалықтары көпжылдық шөптің тұқымын әкеліп, 150 га жерге сеуіп, жем-шөп қорының әлеуетін арттыруға бет бұрып отырғанын айтып кеткен жөн.
«Жандос» шаруа қожалығы ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры көмегі арқылы жаңадан МТЗ-82 тракторын алды. «Жұлдыз» шаруа қожалығы 2013 жылы өз қаражаты есебінен қыстақ басына электр желісін тартқызу жұмысын бастаған, қолданысқа беруді жоспарлап отыр. Округ бойынша шаруа қожалықтары көмегімен 2013 жылы 3620 тн мал азығы дайындалып, 2012 жылғы дайындалған 3050 тн 1,18 пайызға артып отыр.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 3 бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын құру жобасымен «Нұр», «Жаңажол», «Димар»,«Саржайлау» шаруа қожалықтары 8 адамды жұмысқа орналастырды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 7 адам тартылып, 224,0 мың теңге еңбек ақысы төленді. Тұрмыстық деңгейі төмен отбасыларының жағдайы әкім аппаратының үнемі назарында. Бұл отбасыларына мемлекет тарапынан белгіленген атаулы- әлеуметтік көмекті тағайындау жұмысы арнайы учаскелік комиссия арқылы олардың материалдық жағдайын тексеру бойынша жүзеге асырылады. 2013 жылы мемлекеттік атаулы көмек алушылар жыл басында комиссия шешімімен анықталған 2 отбасындағы, 8 адамға 102,0 мың теңге төленді. Балалар жәрдемақысын алуға өтініш жасаған 23 отбасындағы 75 балаға1 2830,0 мың теңге төленді. Жалпы әлеуметтік салада аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы бала күнінен мүгедек балаларға, 18 жастан асқан мүгедектер, жалғыз басты қарттарға 3 маман қызмет көрсетуші жұмысын абыроймен атқаруда. Бала жасынан мүгедек Свиридов Батыр Үкімет тарапынан мүгедектік коляскасымен қамтамасыз етілді. Келешекте біз әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарын басшылыққа алып, әлеуметтік көмекті тек бұған мұқтаж топтарға көрсетуге тиіспіз.
Округ бойынша «Саламатты Қазақстан – 2015» мемлекеттік бағдарламасы Бырыңғай Ұлттық Жүйесін жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. 2013 жылы ана мен бала өлімі тіркелген жоқ, психикалық, наркологиялық қатерлі ісік, сарып, қант диабеті ауруларының деңгейі алдыңғы жылдармен салыстырғанда төмендесе, қан айналымы жүйелері ауруының деңгейі өсіп келеді. Туберкулезбен ауыратын 4 адам анықталып, дер кезінде шаралар көргендіктің арқасында қазіргі уақытта Қарағанды қаласында тубдиспансериясында емделіп, дәрігерлердің бақылауында. Аталған ауру түрлері скриннингтік зерттеулердің жаппай жүргізілуінен анықталып отыр. 2013 жылы округ бойынша 24 нәресте дүниеге келді, 2012 жылғы осы уақыпен салыстырғанда 1 балаға артты.
Бүгінгі күні № 4 мектебінде-268 оқушы білім алады. Мектепте жаңа үлгідегі мультимедиялық , лингофон,физика,биология, екі иетерактивті тақта, компьютер кабинеттері жұмыс істеп тұр. Мектепте барлық пәндер бойынша мұғалімдер жеткілікті, маман қажеттілігі жоқ. Бір айта кетер жағдай мектеп 1982 жылы салынып пайдалануға берілген, содан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Бүгінгі күні заман талабына сай күрделі жөндеуді қажет етеді..
Жаңа жол елді мекеніндегі № 11 негізгі мектеп 2012 жылы жөндеу жұмыстары жасалып, жұмыс жасауда. Бұл ұжым да мұғалімдермен қамтамасыз етілген, балалардың білім алуына жағдай жасалған. Бұл жерде келешекте жұмыс жасаудың қиындығы, бала санының аздығы.
Әлеуметтік – саяси ахуалды дұрыс қалыптастыруда ақпараттық – баспасөз құралдарының да атқарар ролі ерекше екені белгілі. Пошта байланыс бөлімшесі арқылы тұрғындардың зейнетақылары, жәрдемақылары, еңбекақылары таратылып, әртүрлі төлемдер қабылданып, қызмет көрсету жоғарғы деңгейде жүргізілуде. 2014 жылға баспасөзге жазылу ұйымшылдықпен жүргізілді.
Мерзімдік баспалар аптасына үш рет жеткізіліп, халыққа дер кезінде таратылуда.
Алда тұрған міндеттер
1.Көктас елді-мекені ішіндегі 6 км тас жолдарға қаражат қарастырылып,жөндеу жұмыстары жүргізілсе.
2.№4 орта Мектеп ғимаратына қаражат қарастырылып жөндеу жұмыстары жүргізілсе.
3.Мәдениет үйінің шатырын айырбастауға қаражат қарастырылып,жөндеу жұмыстары жүргізілсе.
4.Көктас елді-мекеніндегі селолық округ әкімі аппараты ғимаратына қаражат қарастырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілсе.
Достарыңызбен бөлісу: |