Қарулы шабуыл кезіндегі туындайтын жағдайларда кеңес



Дата03.01.2022
өлшемі25.97 Kb.
#451691
ШабуылКезінТуындПр



Қарулы шабуыл кезіндегі туындайтын жағдайларда кеңес
Егер өзіңізге қауіп төнсе: абыржып, үрейленіп есіңізді жоғалтпаңыз. Ашу-ызаңызды қылмыскерге көрсетпеуге тырысыңыз. Егер қылмыскер сіздің әмияныңызға, асыл дүниеңізге ғана көз салса, қарсыласпай бере беріңіз. Тонау қанды оқиғаға айналып кетпесін.

Қару-жарақты, суық қаруды сақтау, оны қолдану, тіпті қорғану кезінде де, заңмен қудаланады. Мас күйде көшеге шықпағаныңыз жөн. Таксиге отырарда нөміріне

Көңіл аударыңыз. Заттарыңызды аз уақытқа шыққанның өзінде таксиде қалдырмаңыз. Машинаны жүргізуші арттан итеріңізші деп өтінгеніне де затты тастап, машинадан шықпау керек. Үлкен сомадағы ақшаңыз болса, жүргізушіге көрсетпеңіз.

Егер сізді полиция қызметкерлері тоқтатса, құжатын көрсетуді талап етіңіз. Бөлімшеге алып жүретін болса, абай болғаныңыз жөн. Егер іс-әрекеттері күдікті болса, онда көшедегі адамдардан көмек сұраңыз.



1-ші кеңес. Кезенген қаруды көрсеңіз саспай абыржымай тыныш тұруға тырысыңыз. Жағдайды барлап, түсіну керек. Қарулы қарақшы – ол қатерлі, рақымсыз жау. Қарақшының пышағынан немесе пистолетінен козіңізді ала алмай, озіңізді жоғалтып алмаңыз. Қаруға қарамауға тырысыңыз. Одан да қарақшыңың сыртқы белгілерін (түр-түсі, киімі, жасы, үлты т.с.с.) есіңізде сақтауыңыз керек. Егер қарсылық корсетпесеңіз, тонаушы сізге зиян келтіре қоймайды. Тонаушының мақсаты – тонау екендігін естен шы-ғармаңыз. Олардың көбісі көп жылдарға сотталып кетпеуі үшін, көбінесе кісі өліміне бара бермейді.

2-ші кеңес. Қарулы тонаушының айтқанын істеген дұрыс. Қолыңызды жасырмаңыз, қалтаға салуға тырыспаңыз. Кенеттен қалт қимыл жасамаңыз, қозғалысыңыз жай болсын. Сізге бұйрық берсе, орындайтындығыңызды айтып, оны сендіруге тырысыңыз. Онымен сыпайы, нық сөйлескеніңіз жөн.

Егер оның бұйрығын орындай алмайтын болсаңыз, онда неге орындай алмайтындығыңызды салмақты, сыпайы әрі сенімді етіп түсіндіруге тырысыңыз.



3-ші кеңес. Тонаушыға ешқашан қарсы келмеңіз, сол сияқты, оны алдауға тырыспаңыз. Ол бұл уақытта есірткі тартып немесе ішіп алған болуы мүмкін, соны естен шығармағаныңыз жөн. Кішкене ғана қарсыласу, оны тепе-теңдігінен шығарып, қару жұмсауына мәжбүр етуі мүмкін. Егер өзіңізге сенімді болмасаңыз, онда тонаушыға қарсы қару жұмсауға тырыспаңыз. Сізге пистолет төніп тұрса, онда кез келген кездейсоқтық сізге қарсы жұмыс істемек.

Жалғыз ғана өміріңіз бар, соны қорғауға күш салыңыз!



4-ші кеңес. Тонау кезінде дабыл соқсаңыз, белгіні байқатпай беруге тырысыңыз. Егер белгі беріп тұрғаныңызды тонаушы байқап қалса, ол сізге қару жұмсауы мүмкін.

5-ші кеңес. Тонаушыны болуы мүмкін кездейсоқтар туралы ескертіңіз, мысалы, жақын арада біреудің келетінін. Оны алда не күтіп тұрғанын айтамын деп, асыра айтып жібермеңіз. Егер бір қозғалыс жасағыңыз келсе, оны да тонаушыға айту керек. Мысалы: Мен төменгі тартпадан ақша алайын деп едім.

6-шы кеңес. Тонаушының ұзап кетуіне мүмкіндік беру керек. Егер тонаушы қарулы болса, ол өзін куып келе жатқан кісілерге қару жұмсауы мүмкін. Сондықтан артынан іле-шала айқайлап қууға болмайды. Егер сізге 5 минут орныңда тұр деген болса, онда да тонаушыға кетуге мұрша беріңіз. Содан соң полицияға хабарлауға тырысыңыз.

7-ші кеңес. Егер атыс басталып, сізді кепілге алған болса, қарақшының айтқанын бұлжытпай орындауға тырысыңыз. Көбірек естіп, көбірек тыңдауға тырысыңыз. Кепілге алғанда қарақшымен ынтымақтастықта болуға тырысу керек. Оның жұмсаған, айтқан жақтарына өз еркіңізбен барыңыз, машинаға мінгізсе, төмен отыруға тырысыңыз.

8-ші кеңес. Тонаушыны қалай сипаттап беру керек? Тонау кезінде тонаушыны жақсылап бақылап алыңыз. Оның ұлты кім, бойы, салмағы, жасы қандай, айрықша белгілері бар ма? Мұртын, сақалын, киімін, оңқай ма, солақай ма, көзін, оның түсін, бет-әлпетін, қаруының түр-түсін, типін, даусын, сөйлеу тілін, акцентін, аяқ-киімін, машинасын т.с.с. айрықша белгілерін есте сақтауға тырысқаныңыз жөн. Бұл әрекетіңіз полицияға көп көмегін тигізеді.

9-шы кеңес. Тонау кезіндегі тонаушының әдісін, әдетін есіңізде сақтаңыз: заттарды қалай іздеді, тапты, қалай сөйледі, қандай сөздерді пайдаланады т.с.с.

Сұрақтар:

  1. Қарулы шабуыл кезіндегі туындайтын жағдайларда жалпы қандай кеңес берер едіңіз?

  2. Адамға қауіп төнген жағдайда не істеуі керек?

  3. Қарулы шабуыл кезіндегі туындайтын жағдайларда бірінші кеңес?

  4. Қарулы шабуыл кезіндегі туындайтын жағдайларда екінші кеңес?

  5. Қарулы шабуыл кезіндегі туындайтын жағдайларда үшінші кеңес?

  6. Қарулы шабуыл кезіндегі туындайтын жағдайларда төртінші кеңес?

  7. Қарулы шабуыл кезіндегі туындайтын жағдайларда бесінші кеңес?

  8. Қарулы шабуыл кезіндегі туындайтын жағдайларда алтыншы кеңес?

  9. Қарулы шабуыл кезіндегі туындайтын жағдайларда жетінші кеңес?

  10. Қарулы шабуыл кезіндегі туындайтын жағдайларда сегізінші кеңес?

  11. Қарулы шабуыл кезіндегі туындайтын жағдайларда тоғызыншы кеңес?


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет