Ас қорыту жүйесі мүшелерінің анатомиясы
Дәріс жоспары:
Ас қорыту жүйесінің анатомиялық құрылысы.
Ауыз қуысының анатомиясы.
Жұтқыншақ, өңеш, асқазанның анатомиясы.
Ас қорыту ағзаларының құрылысы қоректенетін тамақ ерекшеліктеріне қарай түзілген. Мəселен, тек өсімдік пен не етпен қоректенетін жануарлардың ас қорыту ағзаларының құрылысы ерекше. Ал адам тағамның əр түрін қабылдағаннан кейін оның ас қорыту ағзаларында белгілі бір та-ғамға бейімделген ерекшелігі болмайды.
Ас қорыту жүйесінің əрбір бөлігі түрлі қызмет атқаратындықтан құрылысы мен пішіні де түрліше болады. Оның жалпы ұзындығы 8-10 метрге дейін жетеді. Тағамды мұқият майдалау, шайнау ауыз куысының қызметі болып есептеледі. Осыған байланысты ас қорыту ағзаларының ішінде тек осы бөлігінің негізі сүйектен түзілген.
Ас қорыту агзаларының көбі қуысты, олардың кенересі үш қабаттан түзілген Олар: кілегейлі, бірыңғай салалы ет жəне сірі қабаттары.
1.Кілегейлі қабаты барлық ас қорыту ағзаларының ішкі бетін астарлап, асты қорыту жөне оны сіңіру қызметтерін атқарады. Сондықтан да кілегейлі қабат өте күрделі эпителий, жазық ет жəне кілегей асты қабаттардан түзілген. Мұндай құрылыс ішектің оңай созылып, кеңейіп тұруына, ішіндегі тағамның қорытылуына жағдай жасайды. Бұл қабатта қан, лимфа тамырлары мен жүйке талшықтары тарамдалып жатады. Кілегейлі қабаттар өздерінен сөл (секрет) шығарып тұратын бездерге де бай.
Эпителий кілегейлі қабаттың ішкі бетін жауып жатады. Бұл көп қабатты (ауыз қуысында, жұтқыншақта, өңеште) жəне бірқабатты эпителий (қарында, ішектерде) болып бөлінеді: кілегей қабатта бірыңғай салалы ет талшықтары да болады. Осы ет талшықтары арқылы эпителий қабаты кілегейасты қабатымен байланысып тұрады. Дəнекер тіннен түзілген кілегейлі қабат ет қабатына бос жабысып тұрғандықтан, оның қатпарлана жиырлып жатуына себепші болады. Егер осы қабат болмаса, кілегей қабат қимылсыз тегіс жатады (тіл, иек, қатты таңдай). Кілегейлі қабатта қарапайым түзілген бездер көп. Олар кілегей сұйықтық шығарады. Ас қорыту бездерінің кейбіреуі ас қорыту жүйесінен тыс орналасқан, бірақ өздерінің арнаулы түтіктері арқылы ас қорыту ағзаларымен тығыз байланыста болады. Мəселен, үш жұп сілекей, бауыр жəне қарынасты бездері шыққан сөлдерін арнаулы түтік өзектері арқылы ауыз қуысымен ұлтабарға құяды.
2.Ет қабаты кілегей жəне сірі қабаттарының аралығында орналасқан. Ас қорыту жүйесінің жоғарғы бөліктері ғана көлденең жолақты ет тінінен түзілсе, қалған бөліктері өңештің ортанғы бөлігі, қарын, аш ішек жəне тоқ ішек ағзаларының кабырғасы бірыңғай салалы ет тінінен түзілген. Бұл ағзалардың ет талшықгары негізінде екі бағытта орналасқан. Ішкі талшықтары - көлденең, сыртқы талшықтары - ұзына бойы жатады. Тағам осы ет талшықтарының жиырылуына байланысты жылжиды жəне механикалық түрде сөлдермен араласып қорытылады. Жалпақ ішек қимылын толқынды (перистальтикалы) қимыл дейді.
3.Сірі қабаты ішкі ағзалардың сырт жағын қоршап, қорғаныс қызметін атқарады. Оның ішінен қарынға, ішекке тамырлар мен жүйкелер өтеді. Бұл қабат кілегей бөліп, ағзаның сыртын ылғалдап түрады.
Ауыз куысы жоғарғы жағынан - тандаймен, төменгі жағынан - тіласты, жақасты еттерімен, екі бүйірінен - ұрт етімен, алдынан — ауыз қуысын жауып тұратын еріндерімен, ал арт жағынан - жұтқыншақ қуысына жалғасатын көмей тесігімен шектелген. Көмей (аран) тесігі үстіңгі жағында - жұмсақ тандай, бүйірінен - көмей доғасы, астынан тілдің түбірімен шектеліп тұрады.
Ауыз қуысының кіреберісі.
Ауыз қуысы ауыздың кіреберісі жəне өз куысы болып екіге бөлінеді. Ауыздың кіреберісінде тіс, қызыл иек пен ерін жəне ұрт еттері орналасқан. Ауыз кіреберісі ауыз тесігі арқылы ауыздың өз куысына жалғасады, онда тіл орналасқан.
Астыңғы жəне үстіңгі еріндер қалың ет тінінен түзілген, бұл екі еріннің жалғасқан жерін езу дейді. Еріндердің сыртқы беті терімен, ішкі беті кілегейлі қабықшамен астарланған. Еріннің қызғылт көрінуі қан тамырларының беткей орналасуына байланысты.
Ұрт сыртынан терімен, ішкі беті кілегейлі қабатпен қапталған. Осы екеуінің аралығында ұрт еттері орналасқан.
Таңдай негізі сүйектен, ал артқы жағы ет тінінен түзілген. Сол себептен оны қатты жəне жұмсақ тандай деп екіге бөледі. Таңдай сүйегінен тұратын қатты тандайдың бетін сүйек қабығымен бірігіп кеткен қалың тығыз кілегей қабат жауьш жатады. Тандайдың көлденең қатпарлары тамақтың жылжуына көмектеседі. Қатты тандайдың арт жағы жұмсақ тандайға жалғасады.
Жұмсақ таңдай еттен түзілген жəне кілегей қабатпен көмкерілген. Оның артқы жақ ортаңғы бөлігінде тілшесі, ал екі жағында тандай доғалары жатады. Жұтынған кезде жұмсақ таңдай еттері жиырылып, таңдайды көлденең көтеріп, жұтқыншақтың жоғарғы бөлігін ортаңғы бөлігінен бөліп, тамақтың төмен (өңешке) жүруін икемдейді. Егер жұмсақ еті сəл босап қалса, жұтынғанда тамақ мұрын жұтқыншығына еніп, хоана тесіктері арқылы мұрын қуысына өтіп кетуі мүмкін. Жұмсақ таңдайдың екі бүйірінде доғалары жатады, оның біріншісі тілдің түбінен басталатын тіл доғасы, екіншісі – жұтқыншақ қабырғасынан басталатын жұтқыншақ доғасы. Осы екі доға аралығында ойыс болады, ол ойыс лимфа безі бадамшасы жатады. Бұл бездің қабынып ауруын баспа деп атайды.
Тіл қимылды келген ағза. Оның үсті, екі бүйірі жəне астыңғы беті кілегейлі қабықшамен жабылған. Жүйке талшықтары мен қан қан тамырларына бай. Тіл шайнау процесімен бірге дəм сезу жəне сөйлеу қызметіне де қатысады. Тіл үш бөлікке бөлінеді. Оның артқы тіласты сүйегіне бекіген жерін – тіл түбірі, алдыңғы бөлігін – тіл ұшы, үстіңгі бетін – тіл арқасы деп атайды.
Тіл арқасы дəм емізікшелеріне өте бай. Бұларға жүйке ұштары түйісіп, дəм сезу процесін жүргізеді. Олар жіпше, саңырауқұлақ тəрізді, жапырақша жəне орлы емізікшелер.
Жіпше емізікшелер өте көп. Олар тіл арқасын тұтас жауып жатады. Сондықтан тіл үсті мақпалға ұқсайды. Олардың арасында саңырауқұлақ тəрізді емізікшелер шашыраңқы орналасқан. Орлы емізікшелер тілдің түбінде орын тепкен, олардың саны 7-11 дейін жетеді. Жапырақша емізікшелер тілдің екі жиегінде айқын көрініп жатады. Олардың соңғы үшеуі дəм сезу қызметін атқарса, жіпше емізікшелері жалпы сезу қызметін атқарады. Тіл түбірінде лимфа түйіндері де шоғырлана жатады.
Тіл етгері екі топқа бөлінеді, оның біріншісіне - бас сүйектерінің əр жерінен басталып, тілге тіркелетін еттер жатса, екіншісіне - тілдің меншікті еттері жатады. Тілге тіркелген еттерге: иекасты, тіласты, біз өсінді еттері жатады. Иекасты еті ауыз куысыньщ астыңғы диафрагмасын түзеді. Тіласты еті жиырылғанда тілді артқа жəне төмен тартады. Біз өсінді еттері тілді артқа тартып жəне жоғары көтеріп тұрады.
Тілдің меншікті еттері тіл қалыңын түзеді. Оларға мыналар жатады: жоғарғы жəне төменгі ұзына бой еттері, көлденең жəне тік еттер. Бұл еттердің ет талшықтарының бағыты аттарына сай келеді. Олар адам еркімен жиырылатын көлденең жолақты ет тінінен түзілген. Осы еттердің жиырылуы нəтижесінде тіл пішіні жəне ауыз қуысында жатқан жағдайы өзгереді.
Тіс ауыз куысының жоғарғы жəне төменгі тіс ұяларында орналасқан. Тіс сүт тістер жəне тұрақты тістер болып бөлінеді. Ересектерде тұрақты тіс саны 32. Жоғарғы жақ сүйегінде 16, төменгі жақ сүйегінде 16 тістен, ортадан оң, не солға карай санасақ, 8 тістен орналаскан. Оларды екі күрек тіс, бір үшкір тіс, екі кіші азу тіс, үш үлкен азу тіс деп атайды. Сол себептен тіс формуласы былайша жазылады:
2+1+2+3
2+1+2+3
Ең соңғы азу тіс ақыл тіс деп аталады. Ол басқа тістерден соң шығап, ерте түсуі, тіпті мүлдем шықпай калуы да мүмкін. Жаңа туған балаларда тіс болмайды. Тіс жаруы алты айлығынан басталып, екі жасқа толғанға дейін созылады. Бірінші шыкқан 20 тіс сүт тістер деп аталады. Егер ортадан оңға немесе солға қарай санасақ, екеуін күрек тіс, біреуін үшкір тіс жəне екеуін азу тіс дейді. Олардың бір жағының формуласы:
2+1+2
2+1+2
Бұл формуладан үш үлкен азу тістерінің жоқтығын байқаймыз. Баланың алты жасынан бастап, он бес жасына дейін сүт тістері біртіндеп түседі де олардың орнына тұрақты тістер шығады.
Тіс сауытынан, түбірінен жəне жіңішке мойнынан тұрады. Төменгі азу тістері екі түбір, ал жоғарғы азу тістері үш түбір, қалғандары бір түбірден түзіледі. Тіс куысындағы дəнекер тінінің арасында қан тамырлары жеке талшықтары көп, олар тіс түбіріндегі тесік аркылы тіс ішіне енеді. Тіс сауыты жақтан шығып, мойыны қызыл иекпен жабыльш, ал түбірі жақтың тіс ұяларына орналасқан. Тіс негізі дентин деген тіс затынан құралған, оның сауыт бөлігі кіреукемен жабыльш, түбірі цементпен жаққа бірігіп жатады. Кіреуке тісті бұзылудан сақтап тұрады, қатты заттарды тістеуден, ыстық-суықтан кіреуке жарылса, тіс бұзылады. Бұзылған тіс қызыл иек пен жақ сүйегін қабындырьш, бүкіл организмді ауруға шалдықтыруы мүмкін. Тістер қызметіне, кұрылысына қарай əртүрлі.
Күрек тістер -8, олардьщ сауыты күрек тəрізді, жүзі өткір, алды дөңес. Үстіңгі күрек тістер төменгі күрек тістерден ірі. Олар тістеу, үзіп алу қызметін атқарады.
Үшкір тістер əр қатарда екеуден күрек тістермен қатар орналасқан. Оның тіс сауыты басқаларға қарағанда үшкір, түбірі конус тəрізді.
Кіші азу тістер үшкір тістен кейін орналасқан, адамда бұлардың саны сегіз. Кіші азу тістердің шайнау беттерінде екі төмпешіктен болады. Оның ішкісін тіл төмпешігі, бүйірдегісін ұрт төмпешігі дейді. Бұл қос төмпешік саймен бөлініп тұрады.
Үлкен азу тістер кіші азу тістен кейін орналаскан, жалпы саны 12. Тіс сауытының пішіні шаршы тəрізді. Шайнау беттерінде төрт төмпешігі бар. Бұл жағдай азу тістердің қызметіне, тамақты майдалауына байланысты.
Төменгі жақ тістері ішке иіле келсе, жоғарғы жақ тістері азырақ сыртқа қарай орналасқан. Осының нəтижесінде тістегенде тек ақыл тістер бір-біріне тұспа-тұс болып келеді де, басқасы жапсарланып жатады.
Сілекей бездері үш жұп болады: шықшыт, тіласты, жақасты. Олардың шығаратын сөлін сілекей сөлі деп атайды. Ал олар өз аттарына сай жерде жатады.
Шықшыт безі сілекей бездерінің ішіндегі ең ірісі, пішіні үш бұрышты, сал-мағы 30 грамға жетеді. Ол тері астында, құлақ қалқанының алдыңғы жағында шайнау етінің біраз бөлігін жауып орналасқан. Бұл без сыртынан қатты қап-шықпен қапталған, оның өзегі ұрт етінен етіп, жоғарғы екінші үлкен азу тіс тұсынан ауыз қуысына ашылады. Шықшыт безінің сілекей сұйыктығы бе-локка бай. Сондықтан оны белок безі деп те атайды.
Тіласты безі ауыз қуысының кілегейлі қабатымен жабылып, тіл астында жатады. Салмағы 5 грамм. Оның сілекей жолдары тіл астындағы қатпарға
10 - 12 майда түтікшелер арқылы ашылады.
Жақасты безі. Салмағы 15 г. Ол жақасты етінің астында орналасқан. Осы жерден сілекей жолы басталып, ауыздың диафрагмасынан өтіп, тіл астына шығады.
Тіласты жəне жақасты сілекей бездері ауызға түскен тағам түріне қарай қою жəне сұйық сілекей сөлдерін шығарады. Бұл бездерден басқа да ауыз куысының майда бездері болады, олар кілегей кабықшада шашыраңқы орналасқан. Сілекей сөлі ауыз қуысындағы тағамды ылғалдап тұрады. Құрамындағы птиалин ферменті тағам құрамындағы көміртегіне əсер етіп, крахмалға айналдырады, сөйтіп, ас қорыту процесіне едəуір көмектеседі.
Ауыз қуысында уақталған, жұмсартылған тағам жұтқыншаққа өтеді. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ қуысын жалғап тұратын аралықты көмей тесігі дейміз.
2. Жұтқыншақ мойын омыртқаларының алдыңғы жағында орналасқан. Ол ауыз куысын өңешпен, мұрын қуысын көмекеймен жалғастырып, мұрын тұсынан, бас сүйегінің негізінен басталды да, IV мойын омыртқасының тұсынан өңешке жалғасады. Жұтқыншақ пен омыртқа жотасының аралығында болбыр, дəнекер тінге толы кеңістік болады. Ол жұтқыншақ пен өңештің тағам жұтқан кезде кеңеюіне жағдай жасайды.
Жұтқыншақтың қабырғасында көлденең жолақты ет тінінен тұратын жоғарғы, ортанғы жəне төменгі деп аталатын үш қысқыш (констрикторлары) болады. Осы ет қысқыштарының өзара кезектесіп жиырылуы нəтижесінде жұтыну процесі жүреді.
Жұтқыншақ мұрын, ауыз жəне көмекей қуыстарымен шектеліп жатуына байланысты мұрын, ауыз жəне көмекей бөлімдері дейтін үш бөлімге бөлінеді.
Жұтқыншақтың мұрын бөлігі жұтқыншақтың жоғарғы мұрын куысына тұтас келген күрделі құрылысты бөлігі. Ол хоана тесіктері арқылы мұрын қуысымен байланысып, ауыз қуысына жұмсақ тандай мен тілше арқылы бөлініп тұрады. Бұл бөлігінің екі бүйірінде ортаңғы құлақпен байланысты-рып жаткан екі (Евстахий) түтігінің тесігі болады.
Жұтқыншақтың ауыз бөлігі жұтқыншақтың орта бөліп, ол көмей тесігі арқылы ауыз қуысымен жалғасып тұрады. Оның артқы іргесі мойын омыртқаларына тұстас жатады.
Жұтқыншақтың көмекей бөлігі жұтқыншақтың төменгі бөлігі, жіңішкере барып, өңешке жалғасып кетеді. Мұның алдыңғы жағында көмекей тесігі жəне оның аузын жауып тұрған қақпақшасы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |