Балданова Марал Бекболатқызы
Есет батыр атындағы
Ақтөбе облыстық мамандандырылған
көпсалалы лицей – интернатының
биология пәні мұғалімі
Пәні: биология
Класы: 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі. Тістің күтімі. Астың корытылуында сілекейдің маңызы. Жұту. Зертханалық жұмыс №13. Сілекей ферменттерінің крахмалға әсерін зерттеу.
Мақсаты:
-
Білімділік: ауыз қуысындағы астың өзгерістерін түсіндіру,тіс құрылысы мен қызметін,сілекей құрамымен таныстыру;
-
Дамытушылық: Оқушыларды топпен жұмыс жасату арқылы ұйымшылдыққа баулу,тірек-сызбалар жасауға, салыстыру және ой қорытындылауға үйрету, танымдық деңгейін көтеріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
-
Тәрбиелілік: Ас қорыту жүйесіндегі тіс пен сілекейдің маңызын айту, салауатты өмір сүруге баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы суреттері, интерактивті тақта, астың қорытылуына арналған тірек-сызбалар, тіс пасталары, тіс тазалағыш, слайдтар, бейне таспалар, зертханалық жұмыс құралдары.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру
-
Үй тапсырмасын сұрау
-
Жаңа сабақты түсіндіру
-
Қызығушылықты ояту
-
Мағынаны тану
-
Ой – толғаныс
-
Үйге тапсырма
-
Бағалау
-
Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Класты түгелдеу. Үйге қандай тапсырма берілгенін сұрау.
-
Үй тапсырмасын сұрау.
-
Электрондық оқулық арқылы еске түсіру;
-
Сұрақтар:
-
Асқорыту жүйесі қандай мүшелерден тұрады?
-
Ауыз қуысының құрылысы қандай?
-
Тіл қандай қызмет атқарады?
-
Жұтқыншақтың құрылысы қандай?
-
Өңеш қандай мүше, қайда орналасады, құрылысы қандай?
-
Асқазан құрылысының қандай ерекшеліктері бар?
-
Аш ішек қандай бөлімдерден тұрады?
-
Тоқ ішектің құрылысы қандай?
-
Асқорыту бездерін ата.
-
Ағзада бауырдың атқаратын рөлі қандай?
-
Қандай бездердің өзектері ұлтабарға ашылады? Өт өайда болады? Асты қорытуда өттің қызметі қандай?
-
Ұйқы безі неліктен аралас бездерге жатады және асқорытуға қандай қатысы бар?
-
Жаңа сабақты түсіндіру
-
Қызығушылықты ояту.
Жұмбақтар
1. Бір таудың алпыс екі саласы бар,
Он екі жанында қаласы бар.
Бау –бақша, түрлі өсімдіктер,
Барлығын билеп тұрған анасы бар.
2. Қызыл түлкі ықпайды,
Өз інінен шықпайды.
3. 32 қайрақ,
Бірін-бірі шыңдайды.
-
Мағынаны тану
-
Электорндық оқулық
-
Мәтінмен жұмыс
І топ - Тістің құрылысы, шайнау (бейне таспа-тіс күтімі)
ІІ топ - Сілекей бездері.
ІІI топ - Сілекей бөлінуінің реттелуі, жұту.
I топ- Тістің құрылысы, шайнау
Астың қорытылуы ауыз қуысында басталады. Шайнау, яғни механикалық өңдеу барысында тағам ұнтақталып, оның дәмдік сапасы анықталады, сілекейсен шыланып, ас түйіртпегі қалыптасады. Шайнау – рефлексті әрекет. Адамда шайнау аппараты жануарларға қарағанда нашар жетілген, себебі, адам, негізінен, аспаздық өңделген тағамды қабылдайды.
Тағамды тістер уатып, майдалайды. Пішіні мен қызметіне қарай тістерді: күрек тіс, ит тіс, үлкен және кіші азу тістер деп ажыратады. Ересек адамдағы тістің жалпы саны – 32. Үстіңгі және астыңғы жақ сүйектің әрбір жартысында 2 күрек тіс, 1 ит тіс, 2 кіші және 3 үлкен азу тістер орналасқан. Бұны екі жақ сүйектің бір жағындағы нөмірлеп белгіленген тіс формуласынан икөруге болады.:
8 7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8
8 7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8
Әрбір тістің ауыз қуысына қызыл иектен шығып тұратын қаптамасы, тіс мойыны, (қызылиек астында) және жақ сүйектің тіс қуысына кіріп тұратын тіс түбірі болады. Астыңғы жақ сүйектегі үлкен азу тістердің екі түбірі, ал үстіңгі жақ сүйекте үш түбірі, қалған тістерде бір түбірі болады. Түбір ішінде тіс қуысына қарай кеңейетін өзек өтеді. Өзек ішінде қан тамырлары және жүйке талшықтары болады. Тіс сүйекке ұқсас тығыз заттан – дентиннен құралған.тістің түбір аймағы цементпен, ал қаптама аймағы тісті үйкелуден және бактериялардың енуінен сақтайтын өте тығыз эмальмен жабылған. Адамда алдымен сүт тістер,кейін тұрақты тістер шығады. Сүт тістердің алмасуы 6-7 жаста басталып, 15 жасқа келгенде аяқталады.
II топ - Сілекей бездері
Сілекей бездерінде сілекей түзіледі. Адамда үш жұп сілекей бездерінен (екі шықшыт, екі жақ асты, екі тіл асты бездері) басқа көптеген ұсақ микроскопиялық бездер бар.
Шықшыт бездерінің өзегі ұрттың сілемейлі қабығына ашылады. Жақ асты және тіл асты бездері кішірек келеді, олардың өзектері тіл астына ашылады. Ірі, ұсақ және микроскопиялық бездердің өзегі ауыз қуысына ағады. Қабылдайтын тағамның құрамына байланысты тәулігіне 1,5-2 л сілекей бөлінеді.
Сілекей бездерінің іс – әрекетін зерттеу әдістемесі.
Сілекей бездерінің қызметін зерттеу үшін Павлов алдымен итке тәжірибе жасады. Ол иттің сілекей безінің өзегін тесік арқылы сыртқа шығарып, теріге тікті. Оған сілекей жинайтын шыны түтік бекітті. Енді итке тамақ бергенде, сілекей ауыздың ішіне емес, өзек тесігі арқылы сыртқа шығарылды. Бөлінген сілекейді жинап, оның құрамын, мөлшерін өлшеп зерттеді.
ІІ топ - Сілекей бөлінуінің реттелуі, жұту.
Әдетте, тағам ауызға түскенде, бірнеше секундтан кейін сілекей бөліне бастайды.
Өйткені тағам дәм сезу жүйкелерінің ұшын тітіркендіреді, оларда қозу пайда болады да, орталыққа тебетін жүйке арқылы сопақша миға, сілекей бөлу орталығына беріледі. Мұнда түзілген қозу импульстері сілекей бездеріне баратын орталықтан тебетін жүйкеге беріледі де, белгілі бір мөлшерде және нақты сапасы бар сілекей бөлінеді. Бұл сілекей шартсыз рефлекс болып табылады.
Алайда сілекей ауызға тағам түскенде ғана емес, оның иісіне немесе тағамды көргенде де бөлінеді. Бұл - да рефлекс, бірақ ерекше рефлекс. Павлов оны шартты рефлекс деп атады. Сілекейді шартты рефлексті бөлінуі тағам түрі, иісі немесе тәтті тағам туралы әңгіме бірнеше қайтара тамақ ішумен сәйкес келген болса ғана жүзеге асырылады.
Жұту
Жұту – рефлексті әрекет. Тағам түйірі тіл түбіріне ауысқанда, рефлексті түрде жұту қозғалысы пайда болады. Тіл түбірі рецепторларынан қозу сопақша мида орналасқан жұту орталығына өтеді. Ол жерден импульс жұтқыншақ бұлшықеттеріне барады. Жұтқыншақ бұлшықеттерінің жиырылуы нәтижесінде жұтылған тамақ өңеш арқылы өтіп, асқазанға түседі.
Тақырыбы: Сілекей ферменттерінің крахмалға әсерін зерттеу.
Мақсаты: Сілекейде крахмалды ыдырататын фермент бар екеніне көз жеткізу.
Керекті құрал-жабдықтар: крахмалданған құрғақ дәке, йодтың әлсіз ерітіндісі бар Петри тостағаншасы немесе ыдыс, басына мақта оралған сіріңке.
Жұмыс барысы:
1.Сіріңке мақтаны сілекейге батырып алып, крахмалданған дәкенің ортасына әріптер жазыңыздар.
2.Дәкені алақандарыңа алып, 2-3 минут қысып, содан кейін йод ерітіндісіне салыңдар.
3.Дәкенің қалай боялғанын бақылаңдар.
Тәжірибе нәтижесін түсіндіріңдер.
Сұрақ:
-
Бұл нәрсе өмірде адамға үш рет беріледі. Алғашқы екі рет тегін. Ал үшінші рет тағы керек болса ақша төлейсіз.
Бұл не?
-
Тіс туралы қызықты мәліметтер (бейне таспа-2)
-
Ой – толғаныс
-
Толықтыруды қажет ететін тест тапсырмалары
1. Дәм сезу рецепторлары …………….. орналасады
2. Ас қорыту және тыныс жолдары ………………………………..қиылысады.
3. Органикалық қосылыстардың қан мен лимфаға өтуі……………... жүйесі арқылы іске асады.
4. Ас қорыту мүшесі……………………………..……...... басталады.
5. 25см. Ішкі қуысы бұлшық етті.
6. ..............................................................5,5-6 метр болады.
7.Тіс.......................................... мойын, түбірі болады.
8. Тістің дентин затының бұзылуы...... ……………………деп аталады.
9. Ересек адамда…………………………………….... тіс болады.
10. Ең ірі сілекей безі-……………………..........
11. Ас қорыту мүшелерінің ішкі бөлігін зерттейтін құрал……………………………………………деп аталады.
12. Ең үлкен ас қорыту безі... …………………….
13. Бауырдың беріштенуі………………………... деп аталады.
-
«Сен-маған, мен-саған...».
Топтар бір-біріне жаңа сабақ бойынша сұрақтар қояды.
-
Үйге тапсырма: §44
-
Оқулықта берілген “Сәйкестігін көрсетіңдер” кестесін орындау.
-
Бағалау. Топ басшысы бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |