Науқастарды сұрастыру
Тақырыпты бастамас бұрын бауырдың қызметін білуіміз керек:
Бауыр– ас қорыту ағзаларындағы ең үлкен без, оң жақ қабырғаның астында орналасқан, салмағы 1,5 – 2 кг. Бауыр оң және сол бөліктен тұрады. Олардың ортаңғы бөлігінде өт қалтасы орналасқан. Оның сиымдылығы 50 мл.
Бауырдың негізгі қызметтері мына төмендегідей: метаболиттік, экскреторлық және қорғаныштық.
Бауыр белоктардың, көмір сутегінің, липидтердің, ферменттердің, судың, витаминдердің, минералдардың, пигменттердің алмасуына және өттің бөлінуіне қатысады.
Пигменттік алмасу. Билирубин ретикулоэндотелиалды клеткаларда гемоглобиннің ыдырауы кезінде түзіледі. Бауыр билирубиннің алмасуында үш түрлі маңызды қызмет атқарады: бауыр клеткалары билирубинді ұстап алады, оны глюкурон қышқылымен біріктіреді және байланысқан билирубинді гепатоциттерден өз капиллярларына шығарады. Өт жолдарына шыққан билирубин глюкуронидтың бір бөлігі уробилиногенге дейін өзгереді, алайда, зақымданған бауыр бұл қызметін ойдағыдай атқара алмайды. Уробилинурия бауырдың функционалдық жетіспеушілігінің ең ерте пайда болатын және сезімтал белгісі болып есептелінеді. Билирубиннің қалған көп бөлігі ішекте стеркобилинге айналады. Стеркобилиногеннің негізгі мөлшері тік ішекте және ауамен жарықтың әсерінен стеркобилинге (нәжістің әдеттегі түсін беретін пигмент) айналады. Стеркобилиногеннің аз ғана көлемі ішекте сіңіріліп, қанға түседі, кейін зәрмен шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |