Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!
Ас пен сусынның қалдығын тастауға болады ма?
Сұрақ: «Шәй мен кофенің қалдығын төгуге байланысты қандай қағидалар бар? Немесе сүт ашып кеткен жағдайда, оны төгуге болады ма?»
Жауап: Барлық мақтауға Аллаһ лайықты.
Ішіп-жеуге жарамды ас пен сусынды тастауға болмайды. Тұрақты Комитет (әл-Ләжна әд-Даима) ғалымдарының берген пәтуасында былай айтылған: «Астың қалдығын келесі [ас ішуге] қалдыру керек немесе мұқтаж адамдарға беру керек. Егер мұқтаж адамдар болмаса, тіпті ол ас құрғап қалғанның өзінде, шамасы келген адам оны жануарларға беру керек». Қараңыз: “Фатауа әл-Ләжна әд-даима” (22/341)
Шейх ибн Баз (Аллаһ оны мейіріміне бөлесін) былай айтты: «Нанды, етті және астың басқа түрлерін тастауға болмайды. Оны мұқтаж адамдарға тарату керек. Немесе оны бір адам өзінің малына (үй-жануарына) алып кетеді деген, немесе оны басқа жануарлар мен құстар жеп қояды деген үмірпен көрінетін жерге қойып қою керек. Астың қалдығын қоқыстың арасына, немесе таза емес (лас) жерге, немесе жолдың үстіне тастауға болмайды, өйткені бұл асқа ұқыпсыздық таныту болып табылады, және асты жолдың үстіне тастау, сол жолды қолданып жүргендер жақтан наразылық туғызады». Қараңыз: “Фатауа Исламия”, 3/633
Шейх Салих әл-Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деді: «Асты таза емес және лас жерге, мысалы қоқыс тастайтын жерге тастауға болмайды, өйткені бұл ысырапшылдық, берекеге дұрыс емес қарау және Аллаһтың жақсылығын бағаламау болып табылады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолдан бір құрма тауып алып: «Егер мен бұны зекеттен [болып қалуы мүмкін] деп қорықпағанымда, жеп қояр едім» (әл-Бухари),- деп айтты. Және ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тамақтанғаннан кейін саусақтарды жумастан немесе сүртпестен бұрын, оларды жалау керектігін бұйырды, және ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) егер ас құлап қалған жағдайда, оны көтеріп, лас болып қалған жерлерін алып тастап жеп қоюды айтты. Бұл жайттар асты, құрманы немесе басқа да тағам түрлерін, таза емес немесе лас жерге тастауға болмайтынына меңзейді. Берекеге ұқыптылық көрсету керек және оны сақтау керек, өйткені бұл сол үшін шүкіршілік етуің және бұл береке мұқтаж адамдарға берілуі мүмкін, және ол, тіпті болмаса жануарлар оны жеп қояды. Сол себепті асты қоқыс тастайтын жерге тастауға тыйым салынған».
Құртылған және ішіп-жеуге жарамсыз ас пен сусынға, мысалы шәй және кофе қалдықтарына келетін болсақ, оны тастауда еш жамандық жоқ.
Шейх ибн Усайминнен (Аллаһ оны мейіріміне бөлесін) «Ас пен сусынның қалдықтарын тастайтын студенттерге не айтуға болда?» деп сұрағанда, ол былай жауап берді:
«Желінбейтін, мысалы апельсиннің, алманың, бананның қабығы секілді нәрселерге келетін болсақ, оны [тастауда] еш жамандық жоқ, өйткені олардың құндылығы жоқ. Бірақ, жеуге болатын нәрселер, мысалы нан, дәмдеуіш (тұздық) және басқа да осы сияқты нәрселерді тастауға болмайды. Ал егер қоқыс тастайтын жерге тастау қажеттілігі болған жағдайда, қоқыс тазалаушылар (таза екенін) біліп, асқа ұқыптылық таныту үшін оларды әр түрлі қапшықтарға салу керек». Қараңыз: “Фәтәуә Нур ‘алә әл-Дарб”, 6/205
Сөзіміздің соңында, барлық мақтауды Аллаһқа айтамыз!
Аударып дайындаған: kz.islamic.kz сайты
Достарыңызбен бөлісу: |