ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейдегі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042–14.1.04.01.20.95/02 -2009
|
ПОӘК
«Тауарларды кодтау негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
|
26.09.2008 ж.
№ 2 басылым
|
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»
мамандығының студенттеріне арналған
«Тауарларды кодтау негіздері» пәнінен ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2009
Мазмұны
1
|
Дәрістер
|
3
|
2
|
Тәжірибелік сабақтар
|
29
|
3
|
Студенттердің өздік жұмысы
|
33
|
|
|
|
1 ДӘРІСТЕР
№ 1 дәріс
Тақырыбы: Кіріспе. Кодтаудың даму тарихы
Дәріс жоспары:
1 Кіріспе
2 Әртүрлі елдерде кодтаудың дамуы
1 Ақпарат техниканың дамуына байланысты есептеу құрал-жабдықтардың кеңінен енгізілген көптеген кәсіпорындарға мынадай өткір сұрақ қояды. Өнімнің жедел және сенімді ақпарат енгізуі ЭЕМ алдына қойылған көптеген мақсаттарға сай бекітілген деректер келіп түскен, алынған, сату айналысының нұсқаулары соңғы өнімдерге және тауарларға тасымалданады. Өндірілген өнімнің қол жазба коды, құжат немесе алдын-ала дайындалған мәлімет технологиялық тасымалдаушыларға қажет етіледі және сол себепті қол жазба үлкен шығынға ұшырайды. Жоғарыда айтылып кеткен мәліметтер кейбір жағдайда теріс қателерге соқтырады және сол себепті осындай технологиялық ақпарат ЭЕМ-да автоматтандыру жүйесінде сирек кездесу барысында болып тұрады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдерде автоматтандыру жүйесі және төл құжаттарды анықтайтын ақпарат бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатыр, әртүрлі құжаттарда штрих код жазылады. Тауарларды бақылау құжаты, біріктірілген тауарлар, чектік кітапшалар және пластикалық карточкалар, магниттік тасымалдаушылар ақпаратты анықтайтынға жатады. Соған байланысты мынандай терминдер пайда болды: «Электронды хабарландыру», «Электронды ақша» және т.б.
Штрих код ашық және қою сызықшалар және әртүрлі жалпақтығы бойынша бір-бірінен ерекшелінеді. Қою сызықшыларды «штрих» деп атайды, ал ашықтарды «пробел» дейді, яғни аралық.
Соңғы кездері штрих код тек қана өнім және тауаралмасуында кең түрде пайдалануда ғана емес, басқа да өндірістік өнімдерде, технологияда, әртүрлі заттарда, орамдарда және іс-қағаздарында да қолданылады.
2 1932 жылы штрихты сәйкестендірудің негізі болған сызықтық код ойлап шығарылды. Осы кезде Гарвардтық бизнес мектебінде бұл тақырыпқа диссертациялық жұмыс қорғалған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен штрихты кодтарға ең алғаш патент берілді. Бірақ оны тәжірибе жүзінде тек қана есептеу машиналар пайда болғанда ғана қолданды. Тағам өндірісінде штрихты кодты бірінші рет Ұлыбританияда сызықтық кодтарды «Point of Sale» енгізген кезде пайдаланды. Бұл жаңалық саудада, кітапбаспаханаларында, буматүю салаларында кең таралды.
1960 жылы штрихты код АҚШ-та сәйкестендіруді жүргізген кезде теміржол көліктерінде енгізілді, бұл теміржол вагондарын оңай бір-бірінен ажырату үшін қажет болды.
1970 жылдың басында АҚШ-та әмбебап тауарлық код UPC (Universal Product Code) шығарылды, бұл кодты өнеркәсіпте және саудада қолдануға болды. Ең алғашқы түрі оның 12 разрядты код болды, яғни кодтық сөзі 12 сандық белгілерден тұрды, бұл белгілердің 11 ақпараттық және 1 белгісі – бақылаушы болды. Қазіргі кезде UPC коды АҚШ-та шыққан стандартты код деп саналады.
1977 жылы Еуропада Еуропалық кодтау жүйесі EAN бекітілді, ол кодтаудың Еуропалық стандарты деп саналды.
UPC коды алғашқы кезінде азық-түлік дүкендерінде сатылатын тауарларды таңбалауға арналған. Біраз соңыра барлық дүкендерде сатылатын барлық өнімдерге таралды. Уақыт өткен сайын кодтың жаңа түрлері пайда болды, олар 12 разрядты кодтың негізгі түріне қосалқы түрі ретінде жүрді.
Мысалы, А нұсқасы – кітаптар мен мерзімімен шығарылатын басылымдарды таңбалауға арналды, D нұсқасы – азық-түлік емес тауарларды таңбалауға арналңан болатын, Е нұсқасы қысқа болып келеді және мұнда тек қана 6 разряды бар.
UPC және EAN кодтарының ұқсастығы мынада: олардың екеуінде де кодтау үшін бірдей белгілер қолданылады және штрихтар мен пробелдардың белгілі жиынтығы сақталады. Бұл белгілер 0 ден 9 дейін сандар түрінде және 5 қосымша символдары болады. Белгінің бейнелеуі 2 штрих пен 2 пробелдан тұрады. Санды көрсететін белгінің ұзындығы 7 модулдерге тең болады. Қосымша белгілерінің 3 типтіөлшемдері бар: 3, 5 және 6 модуль.
Осы екі кодтың басты ерекшелігі - мұнда ұзындығы белгілі кодтық сөздер қолданалады.
Германияда өзінің кодтық жүйесі бар. Ол BAN деп аталады.
Бұл жүйе 1968 жылы енгізілді және бұрынғы ақпараттық жүйенің жетілдірілген нұсқасы болып есептеледі. Германдық осы жүйеде кодтың символы 8 саннан тұрады. Алғашқы төрт сан тауарларды түрлері, тауарлық және ассортименттік топтары бойынша жіктейді, ал кодтың 8 саны сынаманың нөмірі болып табылады.
Осы жүйе азық-түлік өнімдерін сәйкестендіру үшін құрылды, бірақ кейін оны Германияның өндірістерінің басқа да салаларында қолдануына рұқсат етілді. Ол үшін 10 белгілерден тұратын кодтық символдар қолданды.
Соңғы уақытта «екіөлшемді» штрихты код пайда болды, оның белгіленуі Code 49 және Code 16K.
Штрихты код қазіргі кезде әртүрлі шетелдік фирмаларымен шығарылатын өнімнің 99 пайызына салынады. Отандық өнеркәсіп толық болмаса да, штрихты кодты кейбір тауарларға салатын болды.
1997 жылы Халықаралық тауарларды кодтаудың ассоциациясы құрылды, ол Брюссель қаласында орналасты. Бұл ассоциацияның мүшесі болып 40 жуық мемлекет саналады, оның ішіне Ресей де кіреді. Ассоциацияның мемлекет-мүшелерінің тауарларды штрихты кодтау бойынша ұлттық стандарттары бар.
Еуропада EAN коды көбінесе дамыған елдерде – Францияда, Германияда, Испанияда, Ұлыбританияда, Швецияда, Италияда кеңінен қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
1 Штрих кодтарды қолданудың қажеттілігі неде?
2 АҚШ-та, Еуропада, Германияда кодтау қашан пайда болды және олардың өзіндік ерекшеліктері қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Федько В.П., Альбеков А.У. Маркировка и сертификация товаров и услуг: Учебное пособие.- Ростовн/Д: изд-во «Феникс», 1998. – 640с.:
2 Берновский Ю.Н. и др. Классификация и кодирование промышленной и сельскохозяйственной продукции. – М.: изд-во стандартов, 1988. – 294с.
№ 2 дәріс
Тақырыбы: Жіктеудің түрлері – иерархиялық, фасеттік
және олардың ерекшеліктері
Дәріс жоспары:
1 Нысандарды жіктеу
2 Нысандарды жіктеу әдістері
1 Жіктеу дегеніміз нысандарды жіктеу топтарына олардың бір-бірімен ұқсастығына және айырмашылығына қарай орнатылған ережелерге сай белгілі қасиеттердің негізінде бөлінуін айтады.
Әртүрлі нысандарды, құбылыстарды және қасиеттерді жіктеу, отандық және әлемдік тәжірибеде мәліметтерді жинау, өңдеу және ұсыну үшін кең қолданылады. Сонымен, жіктеу – бұл нысандарды жүйелеудің негізі болып табылады, яғни ол бірыңғайландыру және стандарттау жұмыстарының бірінші, ең негізгі сатысы болып саналады. Нысандарды жіктеу – ең алдымен мәліметтерді өңдеу кезінде қажет, яғни көптеген нысандардың ішінен нақты өзіне керек нысанды алу үшін. Мысалы, барлық өнім атаулары ондаған миллионнан асады: ұшақ және бидай, сораптар мен маталар, аяқ киімі, шамдар және т.с.с.
Өнімдер туралы мәліметтерді көптеген автоматтандырылған жүйеде өңдейді. Өнімдер туралы мәліметтерді мүмкіндігінше жіктеп, әрбір тұтынушы тек өзіне қажеттісін алуға жеңіл және оңай болу керек. Ең көп тараған нысандарға: тұрғындар туралы, өндіріс туралы, тұрғындарға көрсетілетін қызмет туралы және қызмет түрлері туралы ақпараттар, мәліметтер жатады.
2 Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпараттарда нысандарды жіктеудің негізгі әдістері болып, иерархиялық және фасеттік әдіс табылады.
Жіктеудің иерархиялық әдісінде нысандардың көпшілігі көпшілік астына (жіктеушілік топтарға), олар өз кезегінде – көпшілік астыға және т.б. бөлінеді.
Сонымен, нысандардың көпшілігі «жалпыдан жекеге қарай» принципі бойынша бұл нысандарды сипаттайтын негізгі белгілері бойынша класқа, топқа, түрге және т.б. бөлінеді. Яғни, әрбір топ таңдалып алынған белгілеріне сәйкес, тағы да бірнеше топтарға бөлінеді, олардың әрбіреуі басқа да белгілері бойынша тәуелді топтарға бөлінеді және т.б. Сонымен, жіктеушілік топтар арасында тәуелділік қатынасы (иерархия) пайда болады.
Нысандардың иерархиялық жіктеудің құрылуы, келесі тәртіпте жүреді:
1) нақты тапсырманы шешу үшін (адамдар, кәсіпорындар, процестер) жіктеу қажетті нысандардың көпшілігін анықтайды;
2) көпшілікті көпшілік астыға бөлу үшін негізгі белгілері бөлінеді (қасиеттері, көрсеткіштері, параметрлері);
3) белгілердің тәртібі таңдалады – бөлінудің деңгейі және оның саны.
Иерархиялық жіктеуді құру кезінде ең маңызды ережелерді қадағалау қажет:
1) көпшілікті көпшілік астына бөлу, әрбір деңгейде тек бір белгісі бойынша бөлумен анықталады;
2) әрбір деңгейдегі топтардың бөліну нәтижесінен алынғандар тек бір жағында тұрған топтарға жатады және қиылыспайды, яғни қайталанбайды;
3) жіктеу пайда болған көпшілік асты қосындысы бөлінетін көпшілік болу керек.
Иерархиялық жіктеудің негізгі артықшылықтарына оның логикалықтылығы, тізбектілігі және ақпаратты қолмен өңдеуге бейімделуі жатады.
Фасеттік жіктеу деп көптеген нысандарды бір-бірінен тәуелсіз жіктеу топшаларына қатар бөлінуін айтады.
Фасеттік жіктеуді құру тізбектілігі иерархиялық әдісті құру тізбектілігіне ұқсас, яғни нысандардың көптеген түрлері анықталады, негізгі қасиеттері мен осы қасиеттерінің топтары бөлініп алынады және қасиеттер сипаттамаларының құрылуы тәртібі таңдалады.
Көптеген нысандардан белгілі қасиеттері бар негізгі қасиеттер – сипаттамаларды бөліп алуы керек, яғни бұл қасиеттер нысанды жан-жағынан сипаттап, оның сәйкестендіруін қамтамасыз ету керек, біртектілік принципі бойынша топшаларға бөліп, оларға код беру, көптеген түрлерін шығаруға қажетті фасеттік формулалар анықтап алу керек.
Сонымен фасеттік әдістің ерекшелігі мынада: көптеген түрлері «жекеден жалпыға» принципі бойынша қалыптасады, яғни нысанның әртүрлі нақты сипаттамалардың негізінде нақты түрлері қалыптасады.
Мұнда жіктеудің объектілеріне статистикалық ақпарат жатады, оларға макроэкономикалық, қаржылық және құқықтықорғау қызметтерін, банктік істі, бухгалтерлік есепті, стандарттауды, сертификаттауды, өнімді өндіру, қызметтерді беру, кедендік іс, сауда және сыртқы экономикалық қызметтерді жатқызуға болады.
Бақылау сұрақтары:
1 Нысандардың жіктелуін қалай түсінесіз?
2 Жіктелудің нысандарын атаңыз?
3 Жіктелу не үшін қажет?
4 Жіктелу әдістерінің қанша түрін білесіз?
5 Жіктелудің иерархиялық әдісі немен сипатталады?
6 Иерархиялық жіктелу әдісін құру тәртібі қандай?
7 Фасеттік жіктелу әдісі немен сипатталады?
8 Фасеттік жіктелу әдісін құрастыру кезінде қандай ережелерді білу қажет?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Федько В.П., Альбеков А.У. Маркировка и сертификация товаров и услуг: Учебное пособие.- Ростовн/Д: изд-во «Феникс», 1998. – 640с.:
2 Берновский Ю.Н. и др. Классификация и кодирование промышленной и сельскохозяйственной продукции. – М.: изд-во стандартов, 1988. – 294с.
№ 3 дәріс
Тақырыбы: Жіктеуіштер. Жіктеуіштердің түрлері
және олардың белгіленуі
Дәріс жоспары:
1 Жіктеуіштердің түрлері
2 Мемлекеттік жіктеуіштерді жасау тәртібі
1 Технико-экономикалық және әлеуметік ақпараттардың жіктеуіштері бекіту деңгейі мен қолдану аймақтарына қарай келесі категорияларға бөлінеді:
а) мемлекеттік жіктеуіштер – МЖ;
б) салалық (ведомстволық) жіктеуіштер – СЖ;
в) бірлестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың жіктеуіштері (ары қарай – кәсіпорын жіктеуіштері).
Технико-экономикалық және әлеуметік ақпараттардың мемлекеттік жіктеуіштері техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен бекітіледі және тіркеледі.
Мемлекеттік жіктеуіштер құжаттамалардың бірыңғайланған жүйеге кіретін мемлекеттік маңызы бар салааралық (ведомстволық) құжаттардың формаларында тұратын ақпараттар кіреді.
Салалық (ведомстволық) жіктеуіштер ҚР министрліктері мен ведомстволарымен бекітіледі және тіркеледі.
Салалық жіктеуіштерде мемлекеттік жіктеуштерге кіргізілмеген ақпараттар немесе мемлекеттік жіктеуіштерден жіктеу нысандарымен немесе белгілі салаларға тән қасиеттермен толтырылған іріктемелер болады.
Осы категориядағы жіктеуіштер министрліктің, ведомствоның кәсіпорындары мен ұйымдары арасында ақпараттармен алмасу үшін қолданады.
Кәсіпорын жіктеуіштері кәсіпорын басқарушыларымен бекітіледі және оларды кәсіпорын ішінде ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру кезінде қолданылады.
Кәсіпорын жіктеуіштерінде мемлекеттік және салалық жіктеуіштеріне енгізілмеген ақпарат немесе жіктеу нысандарымен және осы кәсіпорынға тән қасиеттермен толтырылған басқа категориялы жіктеуіштерден іріктемелер кіреді.
Қазақстанда қолданылатын мемлекеттік жіктеуіштердің тізімі:
1 ҚР МЖ 01-99 Сабақтар (пәндер) жіктеуіштері
2 ҚР МЖ 02-99 Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіштері (ҚҰЖЖ)
3 ҚР МЖ 03-99 Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштері (ЭҚЖЖ)
4 ҚР МЖ 04-99 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіштері (ЭҚТӨЖ)
5 ҚР МЖ 05-2000 Бастапқы және орта кәсіптік білім мамандықтарының жіктеуіштері
6 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.0-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық бірліктерінің атауларын белгіленуге арналған кодтар. 1 бөлім. Мемлекеттердің коды
7 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.2-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық бірліктерінің атауларын белгіленуге арналған кодтар. 2 бөлім. Мемлекеттің әкімшілік-аймақтық бөлімшелерінің кодтары
8 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.3-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық бірліктерінің атауларын белгіленуге арналған кодтар. 3 бөлім. Бұрын қолданған мемлекеттердің атауларын белгілені кодтары
9 ҚР МЖ 07 (ИСО 4217-2001) Валюталар мен қорларды белгіленуге арналған кодтар
10 ҚР МЖ 08-2001 ҚР жоғары кәсіптік білім мамандықтарының және оларды дайындау бағыттарының жіктеуіштері
11 ҚР МЖ 09-2002 Төлемдерді тағайындаудың бірыңғай жіктеуіштері
12 ҚР МЖ 10-2002 ҚР білім деңгейлерінің мемлекеттік жіктеуіштері
2 Жіктеуіштерді жасау тәртібі:
Мемлекеттік жіктеуіштерді жасау кезінде жұмыстарды координациялау және бақылау мақсатымен және оларды енгізуге дайындау үшін жұмыстарды орындаудың келесі кезеңдері болады.
-жіктеуіштерді жасауды ұйымдастыру;
-жіктеуіштерді жасау әдістемелерін құру және бекіту;
-жіктеуіштердің жобасының бірінші редакциясын жасау;
-жіктеуіштердің жобасының соңғы редакциясын жасау;
-жіктеуіштерді бекіту және мемлекеттік тіркеу;
-жіктеуіштерді басып шығару;
-жіктеуіштерді енгізуді ұйымдастыру.
Бақылау сұрақтары:
1 Қазақстанда қандай жіктеуіштер қолданылады?
2 Әртүрлі категориялы жіктеуіштерді сипаттаңыз?
3 Жіктеуіштерді жасау тәртібін атаңыз?
4 Жіктеуіштерді жасау мен бекітуді қандай органдар жүргізеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Федько В.П., Альбеков А.У. Маркировка и сертификация товаров и услуг: Учебное пособие.- Ростовн/Д: изд-во «Феникс», 1998. – 640с.:
2 Берновский Ю.Н. и др. Классификация и кодирование промышленной и сельскохозяйственной продукции. – М.: изд-во стандартов, 1988. – 294с.
№ 4 дәріс
Тақырыбы: Кодтау жөнінде түсінік, белгіленуі мен қолданылуы
Дәріс сабағының мазмұны:
1 Нысандарды кодтау
1 Кодтау дегеніміз белгілі ережелер бойынша нысанға немесе нысандардың тобына кодтарды құру және оларды орнатуды айтады, бұл кодтар осы нысандардың атауларын бірнеше белгілермен алмастыруға мүмкіндік береді. Кодтардың көмегімен өте қысқа тәсілмен нысандардың сәйкестендіруі жүргізіледі, яғни белгілердің өте аз санымен.
Кодтық белгіленуі:
1 кодтың алфавитімен;
2 кодтың құрылымымен;
3 белгілердің санымен – кодтың ұзындығымен;
4 кодтау әдісімен сипатталады.
Кодтың алфавиті белгілі тәртіпте құрастырылған белгілердің жүйесін құрайды, оған сандар, әріптер және тағы басқа белгіленулер кіру мүмкін. Осыған байланысты кодтар сандық, әріптік және әріптік сандық болады.
Отандық, шетелдік және халықаралық тәжірибеде ақпаратты кодтаудың кеңінен таралған әдісіне сандық кодтар жатады.
Кодтың құрылымы бұл кодтың белгілерінің біртекті орналасуының график түріндегі бейнелеуі. Кодтағы білгілердің саны оның құрылымымен анықталады және ол бөлінудің әрбір деңгейінде түзілетін түрлердің құрамына кіретін нысандардың санына байланысты болады.
Кодтау әдістері түрлердің түр астындағы түрлерге бөліну әдістерімен байланыста болады.
Жоғарыда аталғандай, нысандарға реттік сандық нөмірлерді орнату әдісі нысандардың толық сәйкестендіруін қамтамасыз етеді, бірақ ақпаратты беру жағынан тиімсіз болып келеді, себебі олар түрлерге сай келетін қасиеттерді көрсетеді. Бұл әдіске қарағанда кодтаудың сәйкестендіру әдістері кодтар арқылы нысандардың сәйкестендіруін қамтамасыз етеді, бұл кодтар белгілі ережелер бойынша құрастырылған және олар осы нысандарды сипаттайтын бөлек қасиеттердің белгілі кодтар жиынынан тұрады.
Кодтар келесі негізгі талаптарды қанағаттандыру керек:
-
нысандарды немесе нысандардың топтарын бірмәнді сәйкестендіру керек, яғни сәйкестендіруші болуы қажет;
-
белгілердің минималды саны (минималды ұзындығы) болуы және бұл сан берілген түрлердің барлық нысандарын кодтау үшін жеткілікті болуы керек;
-
кодталатын түрлердің пайда болатын нысандарын кодтау үшін жеткілікті резервісі болуы қажет;
-
адамға қолдануға және кодталған ақпаратты компьютермен өңдеу үшін ыңғайлы болуы шарт;
-
компьютерлік жүйелерге енгізу кезінде қателіктерді автомат түрінде бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Кодтаудың жіктеу әдістері екі типке бөлінеді: тізбектес және қатарлас.
Тізбектес әдіс жіктеудің иерархиялық әдісі кезінде қолданылады. Бұл әдіс бойынша көптеген түрлер түр астындағы түрлерге керекті тізбекте бөлінеді, мұндағы кодтық белгіленуі берілген құрылым бойынша құрылады. Осы әдістің басты кемшілігі орнатылған құру ережелерінен кодтың байланысы, қасиеттердің құрамы мен санын өзгерпеу мүмкіндігі.
Қатарынан (тәуелсіз) әдісі көбінесе нысандарды фасеттік жіктеу кезінде қолданылады, мұнда кодтар фасеттрге және қасиеттерге орнатылады. Осындай жағдайда кодтық белгіленудің құрылымы фасеттік формуласымен анықталады. Мұнда атап кететін жағдай бар, екі әдіс бойынша кодтауды жүргізу кезінде реттік нөмірлерді орнату арқылы жүргізіледі. Қатарынан әдіс жіктеудің иерархиялық әдісі кезінде қолданыла алады, яғни бірдей кодтармен бөліну деңгейі бір, бірақ әртүрлі түр астындағы түрлерде оаналасқан бірдей нысандар (қасиеттер) кодталады.
Бақылау сұрақтары:
1 Кодтау дегеніміз не?
2 Нысандарды кодтау не үшін жүргізіледі?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Федько В.П., Альбеков А.У. Маркировка и сертификация товаров и услуг: Учебное пособие.- Ростовн/Д: изд-во «Феникс», 1998. – 640с.:
2 Берновский Ю.Н. и др. Классификация и кодирование промышленной и сельскохозяйственной продукции. – М.: изд-во стандартов, 1988. – 294с.
Дәріс № 6 (2 сағат )
Тақырыбы: Штрихты кодтау
Штрих код (ШК) - тауар туралы ақпаратты есепке алу және автоматтандырылған сәйкестендіру үшін арналған сандар мен штрихтар түрінде кодталған белгі.
Штрих кодты енгізу қажеттілігі өндіріс және сауда саласына ЕЭМ-нің кең енуі мен информациялық технологияның дамуымен байланысты туындады. Нәтижесінде тауарлардың түсуін, оларды тиеу және сатуды есепке алуды автоматтандыру есебінен тауар қозғалысын тездетуге және оның әртүрлі кезеңдерінде құжаттарды рәсімдеуді жеңілдетуге мүмкіндік туды. Құжаттарды қолмен толтыру, қоймада қажетті тауарды табу көп уақыт пен еңбекті қажет етеді және ол операцияларды орындағанда қателіктер пайда болады.
Штрих кодтар екі түрге бөлінеді: европалық - ЕАN және америкалық -UРС. UРС кодының ЕАN кодынан сыртқы айырмашылығы UРС кодында алдыңғы және соңғы цифрлары қалғандарына қарағанда кішірек, сонымен катар соңғысы шетте "зебрадан" тыс орналасқан. Штрих кодтардың құрылымы 1-кестеде келтірілген.
1-кесте - Штрих кодтардың құрылымы
|
|
|
Код құрылымы
|
Белгінін реттік нөмірі
|
|
ЕАN-8
|
ЕАN -13
|
ЕАN -14
|
Штрих код жайында мәліметтер жинағы бар мемлекет
|
1,2 (3*)
|
1,2 (3*)
|
1,2(3*)
|
Өндіруші ұйым немесе сатушы
|
3-5
|
3-7
|
3-7
|
Тауар жайлы мәлімет
|
(4-5)
|
(4-7**)
|
(4-7**)
|
Тауар каптамасынын коды
|
-
|
-
|
9-13
|
Бакылау саны
|
8
|
13
|
14
|
Алғашқы екі цифр өндірушіні, оның тауарын тіркеген және оларға реттік нөмірін бекіткен ұйым орналасқан мемлекет кодын білдіреді.
Штрих кодтағы мемлекет коды тауарды шығаратын мемлекет кодымен сәйкес келмеуі мүмкін, себебі өндіруші немесе сатушы отандық мәліметтер банкісінде емес, шет елде де тіркелуіне құқығы бар.
Әрбір мемлекетте ЕАN ассоциациясы орталықтандырып код диапазонын береді. Кодтар әдетте екі орынды (Франция - 30-37, АҚШ пен Канада -00-09, Жапония - 45-49), бірақ кейде өндіруші кодының бір белгіге қысқаруына байланысты үш орынды (ТМД - 460-469) болады.
Өндірушіге кодты (келесі 3-5 цифр) ЮНИКСАН ассоциациясы тағайындайды, ол ЕАN Халықаралық ассоциациясында өз мүшелерін
қолдайды.
ЕАN-8 және ЕАN-13 кодтарының келесі цифрлары тауар туралы мәлімет береді, оны өндіруші ұйым немесе сатушының өзі өзінің кәсіпорны шегінде тіркеу нөмірі ретінде белгілейді.
Осы цифрлар көмегімен сәйкестендіру үшін қажет тауар туралы мәліметтер кодталады: аталуы, сорты, салмағы және т.б. мәліметтер. Тауарға енгізілетін және сәйкестендіруге әсер ететін кез-келген өзгерістер штрих кодты қайта кодтауды талап етеді. Тек бағаның өзгеруі штрих кодтың өзгеруіне ықпал етпейді.
ЕАN-14 кодындағы 9-дан 13-ке дейінгі цифрлар тауар қаптамасы жайлы мәлімет береді.
Соңғы код (8,13 немесе 14) - бақылау саны, штрих кодты сканер көмегімен ЕАN алгоритмінде оқуға арналған.
ЕАN-8 кішігірім өлшемді қаптама және (немесе) тауарды маркілеу үшін қолданады; ЕАN-13 кез-келген қаптама және (немесе) тауарға белгіленеді. ЕАN-14 тек тасымалдаушы қаптамаға ғана қолданылады.
ЕАN-13 кодының құрылымы 1-суретте көрсетілген. Штрих код ені әр түрлі қою түсті (штрих) және ашық (пробел) сызықшалардың алмасып орналасқан. Енінің бірлігі ретінде модуль алынады. Модуль - ең жіңішке штрих немесе пробел (ені-0,33 мм). Әрбір цифр екі штрих пен екі пробелге топтастырылған жеті модульмен кодталады. Мысалы, 4 саны 1011100 түрінде келтірілген (жеті модуль, бірақ екі штрих және екі пробел). Штрихтардың және пробелдардың ені 1-ден 3 модульге дейін.
Штрих кодтау коммерциялық тауарлық ақпаратқа жатады және ең алдымен тауарға төлеу және есептеуді компьютерлендіру үшін арналған, себебі кодты ашу тұтынушыға белгісіз.
Тауардың түпнұсқалығын штрих кодтың бақылау цифрларын есептеуден кейін анықтауға болады. Есептеу төмендегідей жүргізіледі:
Штрих кодтың жұп орындарында тұрған цифрларды қосу:
1) (7290000494616): 2+0+0+4+4+1=11
2) Шыққан санды 3-ке көбейту: 11x3=33
3) Штрих кодта тақ орындарында тұрған цифрларды бақылау цифрынан баска қосып шығу: 7+9+0+0+9+6=31
4) 2 және 3 пункте есептелген сандарды қосу: 33+31=64
5) Шыққан саннан ондықтарды алып тастау: 4-ке тең болды.
6) 10-нан 5 пункте шыққан санды алып тастау: 10-4=6.
Егер есептеуден кейін шыққан сан (6 пунктегі) штрих кодтағы бақылау цифрымен сәйкес келмесе, тауар заңсыз шығарылғанын көрсетеді және оның сапасы кепілді емес.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Федько В.П., Альбеков А.У. Маркировка и сертификация товаров и услуг: Учебное пособие.- Ростовн/Д: изд-во «Феникс», 1998. – 640с.:
2 Берновский Ю.Н. и др. Классификация и кодирование промышленной и сельскохозяйственной продукции. – М.: изд-во стандартов, 1988. – 294с.
2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
№1 тәжірибелік сабақ (2 сағат)
Тақырыбы: Кодтау. Кодтаудың даму тарихы
Сабақтың мақсаты: Кодтаудың даму кезеңдерін оқып меңгеру
Мазмұны
-
Шет елдерде кодтаудың даму кезеңдерімен танысу.
-
Казақстандағы кодтаудың дамуын оқып меңгеру.
-
Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Әдістемелік ұсыныстар:
Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдерде автоматтандыру жүйесі және төл құжаттарды анықтайтын ақпарат бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатыр, әртүрлі құжаттарда штрих код жазылады. Тауарларды бақылау құжаты, біріктірілген тауарлар, чектік кітапшалар және пластикалық карточкалар, магниттік тасымалдаушылар ақпаратты анықтайтынға жатады. Соңғы кездері штрих код тек қана өнім және тауаралмасуында кең түрде пайдалануда ғана емес, басқа да өндірістік өнімдерде, технологияда, әртүрлі заттарда, орамдарда және іс-қағаздарында да қолданылады.
1932 жылы штрихты сәйкестендірудің негізі болған сызықтық код ойлап шығарылды. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен штрихты кодтарға ең алғаш патент берілді. Бірақ оны тәжірибе жүзінде тек қана есептеу машиналар пайда болғанда ғана қолданды. 1970 жылдың басында АҚШ-та әмбебап тауарлық код UPC (Universal Product Code) шығарылды, бұл кодты өнеркәсіпте және саудада қолдануға болды. Ең алғашқы түрі оның 12 разрядты код болды, яғни кодтық сөзі 12 сандық белгілерден тұрды, бұл белгілердің 11 ақпараттық және 1 белгісі – бақылаушы болды.
Бақылау сұрақтары:
-
АҚШ-та әмбебап тауарлық код қашан енгізілді?
-
Сызықтық код қашан әзірленді?
-
Әмбебап тауарлық код UPC қайда және қашан әзірленді?
-
UPC және EAN кодтарының ұқсастығы неде?
-
BAN кодтық жүйенің мәні неде?
-
«Екіөлшемді» штрих кодының белгіленулері қандай?
-
EAN штрих коды қандай мемлекеттерде жиі қолданылады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Федько В.П., Альбеков А.У. Маркировка и сертификация товаров и услуг: Учебное пособие. – Ростов на Дону: издательство «Феникс», 1998. – 640 с.: ил.
2 Берновский Ю.Н. и др. Классификация и кодирование промышленной и сельскохозяйственной продукции. – М.: изд-во стандартов, 1988. – 294с.
№2 тәжірибелік сабақ (2 сағат)
Тақырыбы: Жіктеудің түрлері
Сабақтың мақсаты: Теориялық білімді тереңдету және нысандардың жіктелуі бойынша тәжірибелік дағдыларға ие болу
Мазмұны:
1 Жіктелу әдістерін оқу
2 Оқытушы берген вариант бойынша нысанға сай келетін жіктелу әдісін сипаттау
Әдістемелік ұсыныстар:
Әртүрлі нысандарды, құбылыстарды және қасиеттерді жіктеу, отандық және әлемдік тәжірибедегі мәліметтерді жинау, өңдеу және ұсыну үшін кең қолданылады. Сонымен, жіктеу деп нысандарды жүйелеуді айтады, яғни ол унификаттау және стандарттау жұмыстарының бірінші, ең негізгі кезеңі болып саналады. Нысандарды жіктеу ең алдымен көптеген нысандардың ішінен нақты өзіне керек нысанды алу үшін мәліметтерді өңдеу кезінде қажет. Мысалы, барлық өнім атаулары ондаған миллионнан асады: ұшақ және бидай, сораптар мен маталар, аяқ киімдер, лампочкалар. Өнімдер туралы мәліметтерді көптеген автоматтандырылған жүйелерде өңделеді.
Өнімдер туралы мәліметтерді мүмкіндігінше жіктеп, әрбір тұтынушы тек өзіне қажеттісін алуға жеңіл және оңай болу керек. Ең көп тараған нысандарға: тұрғындар туралы, кәсіпорындар мен ұйымдар туралы, тұрғындарға көрсетілетін қызмет туралы ақпараттар мен мәліметтер жатады.
Бақылау сұрақтары:
1 Нысандардың жіктелуін қалай түсінесіз?
2 Жіктелудің нысандарын атаңыз?
3 Жіктелу не үшін қажет?
4 Жіктелу әдістерінің қанша түрін білесіз?
5 Жіктелудің иерархиялық әдісі немен сипатталады?
6 Иерархиялық жіктелу әдісін құру тәртібі қандай?
7 Фасеттік жіктелу әдісі немен сипатталады?
8 Фасеттік жіктелу әдісін құрастыру кезінде қандай ережелерді білу қажет?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов / В.А. Швандар, В.П. Панов, Е.М. Купряков и другие под редакцией В.А. Швандара. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. - 487 с.
№3 тәжірибелік сабақ (2 сағат)
Тақырыбы: Мемлекеттік жіктеуіштер. Жіктеуіштердің түрлері
Сабақтың мақсаты: ҚР МЖ 01-99-ҚР МЖ 04-99 жіктеуіштермен жұмыс істеуде тәжірибелік дағдыларға ие болу
Мазмұны:
1 Жіктеуіштердің түрлерін оқу
2 ҚР МЖ 01-99 - ҚР МЖ 04-99 жіктеуіштердің құрылымын оқып меңгеру
3 Оқытушының тапсырмасы бойынша біртекті өнімдер топтарының жіктелуімен танысу
Әдістемелік ұсыныстар:
ЭҚТӨЖ жіктеуінің негізгі принципі өндірістік тектес принципі болып табылады. ЭҚТЖЖ қызмет түрі анықтап келісілген негізінде өнім сипаттамасын жасау үшін әрбір тауар қызмет түрі бойынша жіктеледі. Қызмет түрі бойынша жіктеудің мұндай толық қатынасы ЭҚТӨЖ жіктеуішінде ЭҚТЖЖ қарағанда үлкен кодтау жүйесі туындайды.
Жіктеуіштерді енгізу эталонды және жіктеуішінің бақылаушы данасын құруды, сенімділігін растау мақсатында және ондағы мәліметтердің толық болу үшін оларға өзгертулер енгізу, жаңа өнімдерді жіктеу және кодтау қарастырады. Жіктеу данасының эталонын Статистика бойынша ҚР Агенттілігі жүргізеді.
Бақылаушы данасын ҚР Мемстандарты жүргізеді. Өзгерістерді дайындау статистика бойынша ҚР Агенттілігімен ҚР Мемстандарт қызметтеріне сәйкес келісісімен жүзеге асырылады.
Статистика бойынша ҚР Агенттілігі жіктеуіштің эталонды данасына өзгерістер енгізуді және қолданушыны енгізілген өзгерістер, тәртіптер және олардың күшіне енген мерзімімен таныстыруды жүргізеді.
Бақылаушы данасына өзгерістер енгізу ҚР Мемстандартымен жүзеге асырылады.
Экономикалық қызметтердің түрлері бойынша өнім жіктеуіші (КПВЭД) статистика жөніндегі ҚР Агенттілігімен енгізілген.
Бақылау сұрақтары:
1 Жіктеуіштердің қандай категориялары сізге белгілі?
2 Қазақстанда қолданылатын мемлекеттік жіктеуіштерін атаңыз?
3 Жіктеуіш неше құрылымдық блоктардан тұрады?
4 Кодтау үшін неше белгі қолданылады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов / В.А. Швандар, В.П. Панов, Е.М. Купряков и другие под редакцией В.А. Швандара. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. - 487 с.
2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие по редакцией Тазабекова. Алматы. 2003 г. – 450 с.
3 ҚР МЖ 01-99 Сабақтар (пәндер) жіктеуіштері
4 ҚР МЖ 02-99 Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіштері (ҚҰЖЖ)
5 ҚР МЖ 03-99 Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштері (ЭҚЖЖ)
6 ҚР МЖ 04-99 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің мемлекеттік жіктеуіші
7 ҚР СТ 5.0-2005 Технико-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және кодтаудың бірыңғай жүйесі. Негізгі ережелері
8 ҚР СТ 5.1-2005 Технико-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және кодтаудың бірыңғай жүйесі. Технико-экономикалық және әлеуметтік ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерді жасау тәртібі
№4 тәжірибелік сабақ (2 сағат)
Тақырыбы: Мемлекеттік жіктеуіштер. Жіктеуіштердің түрлері
Сабақтың мақсаты: ҚР МЖ 05-2000-ҚР МЖ 06-2001 жіктеуіштермен жұмыс істеуде тәжірибелік дағдыларға ие болу
Мазмұны:
1 Жіктеуіштердің түрлерін оқу
2 ҚР МЖ 05-2000-ҚР МЖ 06-2001 жіктеуіштердің құрылымын оқып меңгеру
Әдістемелік ұсыныстар:
Технико-экономикалық және әлеуметік ақпараттардың мемлекеттік жіктеуіштері техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен бекітіледі және тіркеледі.
Мемлекеттік жіктеуіштер құжаттамалардың бірыңғайланған жүйеге кіретін мемлекеттік маңызы бар салааралық (ведомстволық) құжаттардың формаларында тұратын ақпараттар кіреді.
Салалық (ведомстволық) жіктеуіштер ҚР министрліктері мен ведомстволарымен бекітіледі және тіркеледі.
Салалық жіктеуіштерде мемлекеттік жіктеуштерге кіргізілмеген ақпараттар немесе мемлекеттік жіктеуіштерден жіктеу нысандарымен немесе белгілі салаларға тән қасиеттермен толтырылған іріктемелер болады.
Осы категориядағы жіктеуіштер министрліктің, ведомствоның кәсіпорындары мен ұйымдары арасында ақпараттармен алмасу үшін қолданады.
Кәсіпорын жіктеуіштері кәсіпорын басқарушыларымен бекітіледі және оларды кәсіпорын ішінде ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру кезінде қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
1 Жіктеуіштердің қандай категориялары сізге белгілі?
2 Қазақстанда қолданылатын мемлекеттік жіктеуіштерін атаңыз?
3 Жіктеуіш неше құрылымдық блоктардан тұрады?
4 Кодтау үшін неше белгі қолданылады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов / В.А. Швандар, В.П. Панов, Е.М. Купряков и другие под редакцией В.А. Швандара. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. - 487 с.
2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие по редакцией Тазабекова. Алматы. 2003 г. – 450 с.
3 ҚР МЖ 05-2000 Бастапқы және орта кәсіптік білім мамандықтарының жіктеуіштері
4 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.0-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық бірліктерінің атауларын белгіленуге арналған кодтар. 1 бөлім. Мемлекеттердің коды
5 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.2-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық бірліктерінің атауларын белгіленуге арналған кодтар. 2 бөлім. Мемлекеттің әкімшілік-аймақтық бөлімшелерінің кодтары
6 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.3-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық бірліктерінің атауларын белгіленуге арналған кодтар. 3 бөлім. Бұрын қолданған мемлекеттердің атауларын белгілені кодтары
№5 тәжірибелік сабақ (2 сағат)
Тақырыбы: Мемлекеттік жіктеуіштер. Жіктеуіштердің түрлері
Сабақтың мақсаты: ҚР МЖ 07-2001-ҚР МЖ 10-2001 жіктеуіштермен жұмыс істеуде тәжірибелік дағдыларға ие болу
Мазмұны:
1 ҚР жоғары кәсіптік білім мамандықтарының және оларды дайындау бағыттарының жіктеуіштерін оқып меңгеру
2 ҚР білім деңгейлерінің мемлекеттік жіктеуіштерін оқып меңгеру
3 Оқытушының тапсырмасы бойынша бір саладағы кәсіпорындардың сәйкестендіру кодтарын анықтау
Әдістемелік ұсыныстар:
Ұйымдар мен кәсіпорындардың жалпы жіктеуіштері заңды тұлғаларды және ҚР аймағында тіркелген олардың филиалдары мен әкімшіліктерін кодтауға арналған. КҰЖЖ жіктеуіші ҚР аймағында тіркелген, әрбір бірлік үшін ерекше кодты қолдану негізінде бірдей ақпараттық кеңістіктің құрылуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік жіктеуіштерді жасау кезінде жұмыстарды координациялау және бақылау мақсатымен және оларды енгізуге дайындау үшін жұмыстарды орындаудың келесі кезеңдері болады.
-жіктеуіштерді жасауды ұйымдастыру;
-жіктеуіштерді жасау әдістемелерін құру және бекіту;
-жіктеуіштердің жобасының бірінші редакциясын жасау;
-жіктеуіштердің жобасының соңғы редакциясын жасау;
-жіктеуіштерді бекіту және мемлекеттік тіркеу;
-жіктеуіштерді басып шығару;
-жіктеуіштерді енгізуді ұйымдастыру.
Бақылау сұрақтары:
1 ҚР МЖ 07-2001 жіктеуішінің нысаны болып не табылады?
2 ҚР МЖ 08-99 жіктеуішінің құрылымы қандай?
3 Жіктеуіштің құрылымына қандай блоктар кіреді?
4 Сәйкестендіру коды неше белгіден тұрады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 ҚР МЖ 07 (ИСО 4217-2001) Валюталар мен қорларды белгіленуге арналған кодтар
2 ҚР МЖ 08-2001 ҚР жоғары кәсіптік білім мамандықтарының және оларды дайындау бағыттарының жіктеуіштері
3 ҚР МЖ 09-2002 Төлемдерді тағайындаудың бірыңғай жіктеуіштері
4 ҚР МЖ 10-2002 ҚР білім деңгейлерінің мемлекеттік жіктеуіштері
3 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
3.1 Курс бойынша өзіндік жұмысты келесі тәртіпте жүргізіп тұруы қажет. Курстың әрбір тақырыбы бойынша ұсынылатын әдебиетті оқып, теориясына көп тоқталмай, оқылатын сұрақтардың мәніне ғана тоқталып, түсініксіз жерлерін белгілеу керек.
Содан кейін материалды мұқиятты түрде игеру қажет, яғни теориялық ережелерді, керекті негізгі мәліметтерді арнайы дәптерге жазып тұрады.
Курсты оқу барысында студент СӨЖО мен СӨЖ реферат немесе үй тапсырмасы түрінде орындайды, оның басты мақсаты өткен тақырыпты толық меңгеру үшін.
Студенттердің өзіндік жұмысы тақырыптарының тізімі:
1 АҚШ пен Еуропалық кодтаудың даму тарихын оқып меңгеру.
3 Сапаны басқару мен тауарлардың ассортиментінде жіктеудің маңызы.
4 Жіктеудің деңгейлері.
5 Бір тауар. Тауар-топ. Тауар-нысан. Тауар-бағдарлама.
6 Иерархиялық жіктеудің бірінші деңгейінің кластары.
7 Жіктеудің екінші деңгейінің класішіліктері.
8 Штрихты кодтаудың дамуы. Кодтаудың қазіргі кездегі жүйелері.
9 EAN-86 кодының құрылымы.
10 Екіөлшемді кодтау. Aztec Code: «Compact» және «Full-Ranqe», PDF 417 символдарының пішіндері.
11 EAN-88 кодының құрылымы.
4.3 Оқу - әдістемелік әдебиеттердің тізімі:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное Берновский Ю.Н. и др. Классификация и кодирование промышленной и сельскохозяйственной продукции. – М.: изд-во стандартов, 1988. – 294с.
2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии. – М.: «Аудит», издательское объединение «Юнити», 1998. – 455с.
3 Коммерческое товароведение и экспертиза: учебное пособие для вузов / Г.А. Васильев, Л.А. Ибрагимов, Н.А. Нагапетьянц. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1997. – 135с.
4 Николаева М.А., Карташова Л.В., Полотишникова М.А. Средства информации о товарах: Товарный справочник. – М.: Экономика, 1997. – 176с.
5 Саков А.А. Общероссийские классификаторы: состав, содержание, особенности построения // Стандарты и качество. – 1995. - № 10. – 20с.
6 Федько В.П., Альбеков А.У. Маркировка и сертификация товаров и услуг: Учебное пособие.- Ростовн/Д: изд-во «Феникс», 1998. – 640с.:
7 Берновский Ю.Н. и др. Классификация и кодирование промышленной и сельскохозяйственной продукции. – М.: изд-во стандартов, 1988. – 294с.
8 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии. – М.: «Аудит», издательское объединение «Юнити», 1998. – 455с.
9 Николаева М.А., Карташова Л.В., Полотишникова М.А. Средства информации о товарах: Товарный справочник. – М.: Экономика, 1997. – 176с.
10 Саков А.А. Общероссийские классификаторы: состав, содержание, особенности построения // Стандарты и качество. – 1995. - № 10. – 20с.
11 Википедия - свободная энциклопедия: http: // ru. wikipedia. org / wiki / %D0%A8%D1%82%D1%80%D0%B8%D1%85%D0%BA%D0%BE%D0%B4
Доступ: свободный
12 Штрих-М - торговое оборудование:
http: // www. shtrih-m. ru / production / produce_0_267. html
Доступ: свободны
Достарыңызбен бөлісу: |